Топографиялық карталар мен пландардың атаужүйесі мен графтауы
Карталар номенклатурасы (Номенклатура карт) — көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.
Карталардың жіктелуі (Классификация карт; грек. chartes — жазуға арналған күлон (папирус) парағы не бумасы) — карталардың мазмұнына, мақсатына және маштабына қарай ор түрлі болып бөлінуі. Барлық картографиялық немесе жалпы географиялық және арнаулы карталар. Жалпы географиялық карталар масштабына карай топографиялық (масштабы 1:1000000 және одан да үлкен) және шолу (масштабы 1:1000000нан аз) картасы болып бөлінеді. Масштабы 1:10000; 1:25000 және 1:50000 топографиялық карталар ірі масштабты, ал масштабы 1:100000 және 1:200000 орта масштабты, масштабы 1:500000 және 1:1000000 — кіші масштабтытопографиялық карталар деп аталады.
Картамен сабақ өткізу (Занятие на картах) — оперативтік және тактикалық (тактикалық-арнайы) дайындық сабағы топтық жаттығу, оперативтік және тактикалық лездеме шешімі, штабтық дағдыландыру түрінде генералдармен және офицерлермен өткізіледі. Бұл сабақтар кез келген аймақта, ұрыс қимылдар театрының шетеддік бөлімдерінде оқу-жаттығу мәселелерін талдауға жағдай жасайды, функциялық міндеттерін орындауға кажетті дағдыларға машықтандырады.
Картаны бағдарлау (Ориентирование карты) — белгілі бір ауданда жұмыс істеу кезінде карта жақтауының солтүстік жағы солтүстікке, ал қалғандары — тиісінше оңтүстікке, шығыс пен батысқақаратылып орналастырылуы керек. Карта осылай орналасқан жағдайда тұрған нүктеден қоршаған жергілікті заттарға қарайғы бағыт бақылау картадағы осы бағыттарға сәйкес келеді, ал сол жерде орналасқан барлық заттардың өзара орналасуы мен олардың картадағы шартты белгілері ұқсас болып келеді. Картаны жуық мөлшерде бағдарлау көзбен жүргізілсе, неғұрлым дәл бағдарлау компас немесе визирлі (дәлдеуіш) сызғыштар арқылы жүргізіледі.
Картаны жергілікті жер сызықтары бойынша бағдарлау (Ориентирование карты по линиям местности) — түзу сызықты жергілікті заттар (жоддар, орлар, байланыс желілері) бар болған жағдайда қолданылатын бағдарлау. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып сызықтық заттың бейнесінің бағыты картадағы оның жергілікті жердегі бағытымен сәйкес келетіндей, ол одан оң және сол жақта орналасқан барлық басқаобъектілердің бейнелері картада сол жақта болатындай етіп картаны бұру қажет. Егер тұру нүктесі белгілі болып, сол орыннан көрінетін бағдарлар картада белгіленген болса, онда картаны бағдар бағытына қарай бағдарлайды. Сызғышты тұрған орнының нүктесімен қандай да бір бағдармен сәйкестендіреді. Тандалып алынған бағдар көздеу сызығында тұратындай етіп сызғыштың бойымен бірге картаны бұрады. Көздеу кезінде сызғыштың бағдарға қараған шетін өзінен кері ұстау керек.
Картаны компас бойынша бағдарлау (Ориентирование карты по компасу) — Картаны компас бойынша бағдарлау картаны дол бағдарлау үшін қолданылады. Картаны алдымен жуықтап бағдарлайды. Содан соң компасты қартаға, оның лимбісінің нөлдік диаметрі карта жақтауының бүйір жағымен сәйкес келетіндей етіп орналастырады. Егер компастың магнит меңзерінің бұрылуы бөлігі аз болса (3 градус), онда ол есепке алынбайды.
Әдебиеттер тізімі: 1. Тоқпанов Е.А., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері. — Алматы, 2012
2. Уварова А.К. Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау. — Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 51 б.