Топографиялық карталардың географиялық мазмұны

Топографиялық карталардың географиялық мазмұны

Топографиялық карта (Топографическая карта) — шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті, кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы үшін де қажет.Топографиялық карта көмегімен орындалатын міндеттердің сан алуандығы өр түрлі масштабтағы карталардың болуын керек етеді.
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін,батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаныңөндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.
Карта арқылы жол бойымен жүру (Движение по дорогам с помощью карты). Алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуі қиын тұстардың орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айырығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Сонан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар тандалынып алынып, іріктеледі. Бүкіл марштурттың ұзындығы мен тандалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады. Қозғалыс уақытында карта бағдарланған болуы тиіс. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеп, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру, жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез келген нүктеде таңдап алынған бағдарларға қатысты маршрутта өз тұрған жеріңді және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет.
Карта арқылы жолдан тыс жермен жүру. (Движение вне дорог с помошью карты). Ол үшін жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарлары көрсетіле отырып, картада маршрут белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері т.б.) тұзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеу кезінде, жүріп өткен жолды карта бойынша жиі бағдарлап, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отыру керек.
Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу. (Изучение рельефа местности по карте) — жазықтықтың горизонтальдық суреті бойынша ой жүгірте отырып, жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету және бедер (ылди құлдилығы, нүктелер биіктігі және т.б.) сипатын анықтау бойынша есептеу мен өлшеу жүргізу. Бедердің жалпы сипаттамасы горизантальдардың пішіні мен жиілігі бойынша үстірт шолумен анықталады. Осы белгілерді пайдалана отырып, бірінші кезекте негізгі су айырықтары (жоталар), аңғарлар мен сайлар нақтыланады. Бедер сипатымен жалпы таныстықтан соң, жүктелген міндетке сәйкес оны толықтай зерделеуге кіріседі, сондай-ақ қажетгі өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі. Карта бойынша жер бетінің абсолюттік биіктік нүктесін горизонтальдар мен белгілер бойынша анықтауға болады. Горизонтальда жатқан нукте биіктігі осы горизонтальдың белгісіне сәйкес келеді. Егер нүкте горизонтальдар арасында орналасқан болса, онда оған жакын теменгі горизонтальдың биіктігін табады және осы көлемге горизонталь үстіндегі осы нүктенің артық шамасын қосады. Бұл артық шама әдетте көзбен интерполяциялау жолымен анықталады. Салыстырмалы артықтық (салыстырмалы биіктік) олардың абсолюттік биіктіктерінін айырмашылығы ретінде есептеледі. Ылди құлдилығы арнайы графика — жатыс шкаласы арқылы анықталады. Ол карта жақтауының оң жақ астына, сызықтық масштабтың оң жағына таман орналасады.
Карта боиынша жергілікті жерде бағдарлану. (Ориентирование на местности по карте) — жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі. Карта бойынша бағдарлану картаны бағдарлаудан, ондағы нүктені анықтау мен жергілікті жермен картаны беттестіруден тұрады.
Карта масштабы. (Масштаб карты). Карталардың масштабы 1:10000, 1:25000, 1:50000 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 болып шығарылады. Кіші бөлімдердің командирлері өз міндеттерін орындау үшін ұрыста көбінесе 1:50000 және 1:100000 масштабы карталарды қолданады. Ал масштабы 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 карталар ірі штабтардын жұмысында, сонымен қатар арнаулы міндеттерді орындау үшін қолданылады.
Картаға нүктені түсіру. (Нанесение точки на карту) — координаттары бойынша нүкте орналасуы тиіс шаршыны анықтап, оған нүктені түсіру. Табылған шаршының оңтүстік сызығынан оның бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол шаршының төменгі жағы мен X нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққа шаршының батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол шаршы сол жағымен У нүктесінің айырымына сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.
Картада пункттін орналасу орнын жуықтап көрсету. (Приближенное указание местоположения пункта на карте). Картадағы нүктенің орнын жуықтап көрсету үшін ол орналасқанкоординаттық тор шаршыны атау жеткілікті. Бірінші абсцисса х шаршының оңтүстік жағы, ордината у оның батыс жағы деп аталады. Жеке парақты картамен жұмыс істегенде абсцисса мен ордината әдетте екі санмен көрсетіледі (ондық және бірлік километрлері картаның ішкі жақтауының сыртында үлкен санмен берілген).
Картадағы өзі тұрған жер нүктесі. (Точка своего стояния на карте) — жергілікті заттар, бедерге тән пішін мен бөлшектердің картада бейнеленуі бойынша, көз мөлшерімен жүріп өткен қашықтық пен бағдар бойынша белгілеулермен анықтау тәсілі.
Карталар масштабы. (Масштаб карты) — картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык
Әдебиеттер тізімі:  1. Тоқпанов Е.А., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері. — Алматы, 2012
2. Уварова А.К. Топография негіздері және жергілікті жерде бағдарлау. — Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 51 б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *