Теңіз көлігінде көліктік құжаттар

 

Теңіз көлігінде көліктік құжаттар.
Коносамент беру. Тасымалдаушы немесе нақты тасымалдаушы жүкті өз қарамағына қабылдағанда, жүкжөнелтушінің талабы бойынша тасымалдаушы жүкжөнелтушіге коносамент беруі тиіс. Коносаментке тасымалдаушы өкілеттік берген тұлға қол қоя алады. Жүк тасымалданатын кеме капитаны қол қойған коносамент тасымалдаушы атынан қол қойылған болып есептеледі. Коносаменттегі қол, егер бұл коносаментті беретін елдің заңына қайшы келмесе қолмен жасалуы, факсимиле түрінде басылуы, перфорациялануы, мөртаңба көмегімен, белгілер түрінде немесе өзге де механикалық немесе электрондық құралдардың көмегімен қойылуы мүмкін.
Коносаменттің мазмұны. Коносаментке атап айтқанда мынадай деректер енгізілуі тиіс:
а) жүктің жалпы сипаты, жүкті біріздендіру үшін қажет негізгі маркалар, тиісті жағдайларда жүктің қауіпті сипаты туралы тікелей нұсқау, орындар немесе заттар саны және өзге әдіспен белгіленген жүктің салмағы мен оның саны, әрі бұл деректердің барлығы жүкжөнелтуші ұсынғандай болып көрсетіледі;
b) жүктің сыртқы жай-күйі;
с) тасымалдаушының атауы және оның коммерциялық кәсіпорны орналасқан жер;
d) жүкжөнелтушінің атауы;
е) егер оны жүкжөнелтуші көрсетсе, жүкжөнелтушінің атауы;
f) теңіз арқылы тасымалдау шартына сәйкес тиеу порты және тасымалдаушының жүкті тиеу портында қабылдау күні;
g) теңіз арқылы тасымалдау шартына сәйкес түсіру порты;
h) егер олар бірден артық болса, коносамент түпнұсқаларының саны;
і) коносаментті беру орны;
j) тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет ететін тұлғаның қолы;
k) жүкжөнелтуші төлеуге жататын мөлшердегі жалдау ақысы немесе жалдау ақысын ол төлеуі тиіс екендігіне өзге де нұсқау;
m) тиісті жағдайларда жүк палубада тасымалдануы тиіс немесе мүмкін екендігі туралы нұсқау;
n) егер олар талаптармен тікелей келісілсе, жүкті түсіру портында тапсыру күні немесе кезеңі; және
Жүк бортқа тиелгеннен соң, жүкжөнелтуші талап етсе тасымалдаушы жүкжөнелтушіге «борттық» коносамент беруі тиіс, онда осы баптың 1-тармағына сәйкес талап етілетін деректерге қосымша жүк белгілі бір кеменің немесе кемелердің бортында болатындығы, сондай-ақ тиеу күні немесе күндері көрсетілуі тиіс. Егер тасымалдаушы бұрын жүкжөнелтушіге коносаментті немесе тауарға иелік етудің осы жүкке қатысы бар өзге құжатын берген болса, онда тасымалдаушының өтініші бойынша жүкжөнелтуші осындай құжатты «борттық» коносаментке айырбас ретінде қайтаруы тиіс. Тасымалдаушы жүкжөнелтушінің «борттық» коносаментке қатысты өтінішін бұрын берілген кез келген құжатты толықтыру арқылы, осылай толықтырылған құжат «борттық» коносаментте болуы тиіс барлық деректерді қамтиды деген шартпен қанағаттандыра алады.
Коносаменттер: ескертпелер және дәлелдік күш. Егер коносаментте жүктің жалпы сипатына, негізгі маркаларына, орындар мен заттар санына, салмағы немесе санына қатысты деректер болса, тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент беретін тұлға олардың шын мәнінде қабылданғанға, ал «борттық» коносамент берген жағдайда — тиелген жүкке сәйкес келмейтіндігін білсе немесе күдіктенуге жеткілікті негізі болса, не осындай деректерді тексеруге оның орынды мүмкіндігі болмаса, тасымалдаушы немесе осындай басқа тұлға осы дәлсіздіктерді, күдіктену негіздерін немесе тексеруге орынды мүмкіндіктердің болмауын көрсететін ескертпені коносаментке енгізуі тиіс.Егер тасымалдаушы немесе оның атынан коносаментті беретін басқа тұлға коносаментте жүктің сыртқы жай-күйін көрсетпесе, ол коносаментте жүктің сыртқы жай-күйін жақсы деп көрсетті деп есептеледі.
Жалдау ақысына нұсқау немесе жалдау ақысын жүк алушы төлеуі тиіс екендігіне нұсқау енгізілмеген, немесе тиеу портында туындаған жүк алушы төлеуге жататын демерредж көрсетілмеген коносамент жүк алушының ешқандай да жалдау ақысын немесе демерреджді төлеуі тиіс емес екендігінің дәлелдемесі болып табылады. Дегенмен, егер коносамент онда көрсетілген кез келген осындай нұсқаудың болмауына сүйене отырып адал әрекет еткен үшінші тарапқа, жүк алушыны қоса алғанда, берілсе тасымалдаушының керіні дәлелдеуіне жол берілмейді.
Жүкжөнелтушінің кепілдіктері. Жүктің жалпы сипатына, оның маркаларына, орын санына, салмағы мен санына қатысты коносаментке енгізу үшін тасымалдаушы ұсынған деректердің нақтылығына жүкжөнелтуші кепілдік береді деп есептеледі. Жүкжөнелтуші тасымалдаушыға осы деректердің нақты болмауы нәтижесіндегі залалды өтеуі тиіс. Жүкжөнелтуші, ол коносаментті берген жағдайда да жауапты болып қалады. Тасымалдаушының осындай өтеуге ие болу құқығы, оның жүкжөнелтушіден өзге тұлға алдындағы теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша жауапкершілігін ешқандай да шектемейді. Тасымалдаушының немесе оның атынан әрекет ететін тұлғаның коносаментке енгізу үшін жүкжөнелтуші ұсынған деректерге қатысты ескертпесіз коносамент беруінен туындайтын залалды жүкжөнелтушінің тасымалдаушыға өтеуін міндеттейтін кез келген кепілдік хат немесе келісім, осы коносамент берілген кез келген үшінші тарапқа, жүк алушыны қоса алғанда, қатысты жарамсыз болып табылады. Егер тасымалдаушы немесе оның атынан әрекет ететін тұлға айтылған ескертпені жасамай, жүктің коносаментте берілген сипаттамасына сүйене отырып әрекет ететін үшінші тарапты, жүк алушыны қоса алғанда, алдауға ниеттенбесе ғана, осындай кепілдік хат немесе келісім жүкжөнелтушіге қатысты жарамды болып табылады. Осы көрсетілген қасақана алдау жағдайында тасымалдаушы осы Конвенцияда көзделген жауапкершілікті шектеу құқығын пайдаланбай, ол жүктің коносаментте берілген сипаттамасына сүйене отырып әрекет еткендіктен үшінші тарап, жүк алушыны қоса алғанда, тартқан залал үшін жауапты болады.
Талаптар мен талап-қуынымдар. Осындай жоғалту немесе зақымданудың жалпы сипатын нақты көрсететін жоғалту немесе зақымдану туралы хабарламаны жүк алушы тасымалдаушыға, жүкті жүк алушыға тапсыру күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда жасамаса, осындай тапсыру тасымалдаушының жүкті көліктік құжаттардағы сипаттамаға сәйкес prima facie немесе осындай құжат берілмесе, жақсы жай-күйде тапсырғандығының дәлелі болып табылады.Егер жоғалту немесе зақымдану айқын болып табылмаса, осы баптың 1-тармағының ережелері тиісінше қолданылады, егер жүк алушыға жүк тапсырылған күннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде хабарлама жазбаша нысанда жасалмаса.Егер тапсыру кезінде жүкті тараптар бірлесіп қараса немесе тексерсе, осындай қарау немесе тексеру уақытында анықталған жоғалту немесе зақымдануға қатысты жазбаша нысандағы хабарлама талап етілмейді.Нақты немесе болжанатын қандай да болмасын жоғалту немесе зақымдану жағдайында тасымалдаушы мен жүк алушы бір-біріне жүкті тексеру мен санау үшін барлық орынды мүмкіндіктерді ұсынады.Егер жүк алушыға жүк тапсырылған күннен кейін 60 күнтізбелік күн ішінде тасымалдаушыға жазбаша нысанда хабарлама жасалмаса, тапсырудағы кідіртуден туындаған залал үшін ешқандай да өтемақы төленуге жатпайды.Егер жүкті нақты тасымалдаушы тапсырса, осы баптың негізінде оған жасалған кез келген хабарламаның, ол тасымалдаушыға жасалғандай күші болады, және де тасымалдаушыға жасалған кез келген хабарламаның, ол нақты тасымалдаушыға жасалғандай күші болады.
Заңдық құзыры. Осы Конвенция негізінде жүк тасымалдаумен байланысты сот ісі жүргізілген жағдайда талапкер өз қалауы бойынша сот мемлекетінің заңына сәйкес құзыретті болып табылатын және мына орындардың бірі:
а) негізгі коммерциялық кәсіпорны немесе осындай болмағанда, тасымалдаушының тұрақты тұратын орны, немесе
b) жауапкердің онда коммерциялық кәсіпорны, бөлімшесі немесе агенттігі болған, шарт сол арқылы жасалған жағдайда, шартты жасасу орны, немесе
с) тиеу порты немесе түсіру порты, немесе
d) осы мақсатта теңіз арқылы тасымалдау шартында көрсетілген кез келген қосымша орын соның заңдық иелігі шегінде болатын сотқа арыздана алады. Жүкті тасымалдаған кеме немесе сол меншік иесінің кез келген басқа кемесі Уағдаласушы мемлекет құқығының немесе халықаралық құқықтың қолданылатын нормаларына сәйкес тұтқындалуы мүмкін, осы мемлекеттің кез келген портының немесе орнының соттарында талап-қуыным берілуі мүмкін. Дегенмен осындай жағдайда жауапкердің өтінуі бойынша талапты ұсынатын тұлға талап-қуынымды өз қалауы бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген соттардың біріне ауыстыруы тиіс; дегенмен талап-қуыным осындай ауыстыруға дейін жауапкер сот шешімін төлеуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті кепілдіктерді ұсынуы тиіс, ол кейіннен осы талап-қуыным бойынша талапты мәлімдеген тұлғаның пайдасына шығарылуы мүмкін; қамтамасыз етудің жеткіліктілігіне немесе басқа да тұрғысына қатысты барлық мәселелерді порт соты немесе тұтқындау орны белгілейді.
Төрелік анықтау. Чартерде онымен байланысты даулар төрелік сотқа берілуге жататындығы туралы ереже болса, ал чартерге сәйкес берілген коносаментте осындай ереженің коносамент ұстаушы үшін міндетті екендігі туралы арнайы белгі болмаса, тасымалдаушы осындай ережені осы коносаментті адал сатып алған ұстаушыға қарсы қолдана алмайды.
3. Төрелік анықтау өтініш берушінің қалауы бойынша мына орындардың бірінде:
а) аумағында мыналар:
і) жауапкердің негізгі коммерциялық кәсіпорны немесе осындай болмаған кезде жауапкердің тұрақты мекен-жайы; немесе
іі) жауапкердің онда сол арқылы шарт жасалған коммерциялық кәсіпорны, бөлімшесі немесе агенттігі бар болған жағдайда, шарт жасалған орын; немесе
ііі) тиеу порты немесе түсіру порты орналасқан мемлекеттің кез келген орнында;
b) осы мақсатпен төрелік сот ескертпесінде немесе келісімде көрсетілген кез келген орында жүргізіледі. Төреші немесе төрелік сот осы Конвенцияның ережелерін қолдануға міндетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *