Темір жолдың іс әрекетін реттейтін халықаралық ұйымдар мен Конвенциялар

 

Темір жолдың іс әрекетін реттейтін халықаралық ұйымдар мен Конвенциялар.
Халықаралық теміржол тасымалы. Хадықаралық теміржол тасымалдары туралы ең жанжақты көп жақты келісімдердің бірі жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалы туралы өткен ғасырдың соңында бірнеше еуропалық елдер арасында келісілген Берн конвенциялары болып табылады. Кейіннен олар бірнеше рет қаралды. Қазіргі уақытта 1980 жылдан теміржол тасымалы туралы Берн конвенциясының біріккен мәтінінен тұратын бірыңғай Конвенция қолданыста. Берн конвенциясының қатысушылары болып көптеген еуропалық және біраз азия мен африка елдері табылады.
Ресей және ТМД елдері бұл конвенцияға қатысы жоқ, сондықтан теміржол хабарламаларында бұл елдермен Ресей және ТМД теміржолдарымен халықаралық келісімдері жоқ. КСРО, соның ішінде Ресей және шығыс-еуропалық елдер 1974 жылдан өздерінің халықаралық жүк жолдары мен халықаралық жолаушылар жолдары туралы Келісімдері болды. Бұл келісімде Азия елдері де (Қытай, Солт.Корея, Монголия, Вьетнам) болды. 1991 жылы Келісімнен еуропалқы елдерден шығып кетті, бірақ бұрынғы КСРО елдері территориясында жүк жөнелтпе тасымалының формасы сақталып қалды. Ресейдің Австрия, Иран, Турциямен көліктік келісімдері бар. Батыс елдерге жүкті жеткізу мен қайтару туралы келісімге шекаралық теміржол бекеттерінде қайта рәсімдеу арқылы іске асады.
СМГС тасымалдауға арналған жүкті қабылдау мен оларды алушыға беру тәртібін бекітеді. Тасымалдаудың, теміржолдың коммерциялық реквизиттерінің келісімшартын бекіту, жүкті жеткізу мерзім, ерекше шартта жүк тасу (ұзақ, ауыр, қауіпті, химиялық, тез бұзылатын, тірі) ережелерін бекітеді.
Халықаралық тасымалдардың эффектісін жоғарылату үшін 1959 жылы халықаралық тасымалдар кітабы МДП бойынша кедендік конвенция шығарылып кіргізілген,және оған кеден пломбысы соғылған. TIR конвенциясы халықаралық тарнзитті жүйені, сауданы және халықаралық автомобиль тасымалын жеңілдету үшін орнатады. Ол кеден процестерінің қолайлы және қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етеді,сондай-ақ транзиттік жүйеге бақылау жүргізу , минимум шарттар және талаптар орнату жолымен,жүйе мүшелерімен орыналуы тиіс. (TIR корнетінің басшысы кеден процедуралары дұрыс орындалмаған жағдайда,кеденде бүтіндей және толықтай жауапты болып қалады.) Қазіргі күнде 3 млн.-нан астам халықаралық көлік құралдарының тасымалы осы конвенция бойынша жүзеге асырылады.
Кепіл жүйесі(кепіл тізбегі) ұлттық кепіл бірлестіктерінен тұрады.Қазақстанда ол АСМАП.Егер тасымалдаушы жүк тасымалы үшін төлемесе немесе толық төлемеген болса,кеден органдары «МДП кепіл мақсатына » сәйкес жетпеген қарызды талап етуге құқылы.
Қазақстанда МДП кітабы МСАТ және Халықаралық сақтандыру пұлы АСМАП арқылы беруге құқылы.
МДП кітабын алғанда,тасымалдаушы МСАТ сақтандыру премиясын төлейді,сондай-ақ өзінің жауаптылығын сақтандыру ұйымдары арқылы сақтадырады.
Мемлекетте тасымалдаушыны ұсынатын әрбір гарант бірлестігі,МДП конвенциясы мүшесіне мемлекеттегі жинақтарға төлем төлеуге кепілдік береді,олар тасымал кезінде МДП кітабының қолданылуы бұзылса,ұлттық кеден заңы сол төлемді қайтарып береді.
МДП конвенциясы автомобиль көлігі үшін маңызды келісім,басқа көлік түрлерінің алдында «есіктен есікке » жүк тасымалының жылдамдығын қайта тиеусіз және транспорттау кезінде тауардың жоғары деңгейде сақталуына кепілдікті өз мойнына алады.
МДП конвенциясы сақтандыру заңымен құралады.Бүкіл әлемде қолданылатын сақтандыру заңына сәйкес,өз мүлкін сақтандырғысы немесе жауаптылық алғысы келеін тұлға,сақтандыру компаниясымен сәйкесінше қажетті қаржы мөлшерін төлеп келісімге отырады,ал келісімде қарастырыған жағдайдың бірі орын алса, сақтандыру компаниясы әрбір сақтандыру жағдайы бойынша шығынды өтейді.
АСМАП сақтандыру компаниясының автотасымалға жауапты серіктесі ТТ Клуб (Through Transport Mutual Insurance Association Ltd) болып табылады. ТТ Клубтың ерекшедігі ,ол өзі көлік ұйымының сақтандыру ассоциациясы болып табылады және өзара талапсыз ,яғни, кіріссіз сақтандырумен айналысады.
Соңғы 10 жылда автомобиль көлігімен атқарылатын халықаралық жүк тасымалы елімізде 10 есеге көбейді. Халықаралық автомобиль тасымалы сферасында 2,5 мың бірлестік,22 мың инвентор құрамды автопойыздар(олардың 8% ғана Евро-3 талаптарына сәйкес келеді)және 125 мың адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта бірлестіктердің үлкеюі қарастырылуда.50 автомобильден көп бірлестіктер саны 1,8% ға азайды;10жылжымалы құрам бірлестігі 70% -ті құрайды. Ірі бірлестіктер құрамына жалпы жылжымалы құрамның 25% -і кіреді.
Ресей саудасындағы халықаралық тасымалдардың жалпы көлемі 3 млрд. АҚШ долларымен есептеледі,олардың 1 млрд. ресей тасымалдаушыларының қалтасына түседі. 80 % халықаралық жүк тасымалы ресей тасымалдаушыларымен жүзеге асырылады. Қазақстан территориясында халықаралық тасымалды 50 ден астам мемлекет автомобильдері орындайды.1996 жылға дейін мемлекетте халықаралық автомобиль тасымалына қандай да бір бақылау жүйесі болған жоқ. 1996 жылы Ресей көлік инспекциясында есепке,халықаралық тасымалға анализ және бақылау жасау үшін бөлімше құрылды.
Теміржолда жүк тасымалдау мемлекеттік тасымалдау жоспары арқылы жүзеге асырылады. Жоспарланған жүк ағындарының мөлшері мен бағыты өндіріс және тұтыну аудандарының географиялық орналасуына, осы аудандардағы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерінің көліктік-экономикалық баланстарына және аудан аралық алмастырылуына байланысты болады. Көліктік-экономикалық баланстар әр ауданның әр түрлі өнімдер қорын және оның мұқтаждығын қанша мөлшерде алып келуге және алып кетуге тиіс екендігін көрсетеді.
Тасымалдау жоспары теміржол көлігі жұмыс жоспарының басқа бөлімдерін (пайдалану, құрылыс, жөндеу жұмыстары, қаржы мәселелері, т.б.) және теміржол тораптарының пайдалану жұиымтарының техникалық нормаларын жасауға негіз болады. Мысалы: тасымалдау жоспарының көрсеткіштері бойынша вагондар мен локомотивтердің жүру нормасын, олардың қажетті мөлшерін, теміржолдың бос вагондарды тапсыру тапсырмасын, т.б. белгілеуге болады.
Тасымалдау жоспарында көрсетілген жүк тасымалдау көлемінен теміржолда қаншама жанармай мен материалдар қоры, жұмысшылар контингенті, еңбекақы қоры болу керектігін білуге болады және пайдалану шығындары жоспары, еңбек өнімділігі, тасымалдаудың өзіндік құны осыған байланысты.
Жылдық жоспарда есептелетік көрсеткіштер: жүк айналымы, тәуліктік жүк тиеудің көлемі (вагон есебінде), пойыздың орташа салмағы, вагонға тиелетін жүктің статикалық салмағы, жүк тасымалдаудың орташа алыстығы, т.б. белгіленеді.
Тасымалдаудың айлық жоспарында жүк тиеу мен жөнелтудің мөлшері (тонна және вагон санымен) теміржол тарамдары бойынша анықталады. Осындай жоспарлар әр теміржол бөлімшесі, станса және жүк жөнелтетін кәсіпорын бойынша жасалады.
Шұғыл жоспарда да жылдық жоспардағыдай тиісті көрсеткіштер есептеледі. Аралас теміржол – су немесе теміржол – автомобиль тікелей қатынастарында жүктерді тасымалдау барлық жүру жолдарында бірыңғай көлік құжаты бойынша жүк жөнелтушінің жалпы тасымалдау жоспарының есебінен іске асырылады.
Халықаралық қатынастардағы жүк тасымалдау халықаралық теміржол қатынастарының келісімдері негізінде іске асырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *