Мемлекеттілік және халықарлық құқықтың ара қатынасы

Мемлекеттілік және халықарлық құқықтың ара қатынасы

Халықаралық және мемлекеттің ішкі құқықтарының арақатынасы, әрекеттестік проблемасы бүгінгі күні халықаралық жалпы құқықтағы ең бір маңызды және күрделі проблема болып табылады. Адамның негізгі құқықтары халықаралық құқық нормаларымен анықталатынын еске түсірсекте жетеді. Өкінішке орай, барлық елдерде құқық пен заң әдебиеттерінің көп бөлігі ұлттық шектелуде.
Осы тұрғыда дәрістің мақсаты – халықаралық құқық пен ішкі құқық арақатынасының проблемаларын зерттеу, осы сұрақтарға қатысты құқық доктринасын қарап шығу болып табылады және әр түрлі мемлекеттердің заңнамасындағы арақатынасты шешу мақсатында зерттеулер жүргізу.
Осы тақырып ерекше өзекті болып табылады, себебі, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және құқықтық демократиалық мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықпен ықпалдасуды алдына мақсат етіп қойып отыр. Халықаралық құқық халықаралық жүйенің шегінде қызмет атқарады, өйткені халықаралық және мемлекеттік ішкі құқықтарының арақатынасы мен әрекеттестігі халықаралық жүйе мен ішкі мемлекеттік жүйенің арақатынасы мен әрекеттестігінің жеке бір түрі ретінде сипатталады. Яғни, одан туындайтын мәселе, қоғамдық қатынастар мемлекетпен байланысына қатысты ішкі мемлекеттік, мемлекетаралық және мемлекеттік емес сипаттағы халықаралық қатынастар болып бөлінеді. Жоғарыда айтылған барлық қоғамдық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді, бірақ та мемлекетаралық қатынастар халықаралық құқықпен, ал ішкі мемлекеттік және мемлекеттік сипатқа ие болмайтын халықаралық қоғамдық қатынастар ішкі заңнамамен реттелгенімен, қатынастарды зерттеу барысында халықаралық құқық ішкі мемлекеттік құқықтардың белсенді қарқынды араласуын байқауға болады.
Қоғамдық қатынастарыдың түрлі жүйелерінің арасында тығыз байланыс орын алады, яғни сәйкес құқықтық жүйелердің өзара әрекеттестігінің түрткісі болып табылатын халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықттардың реттеу пәндерінің арасында.
Тараптары жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар болып табылатын биліктік емес сипаттағы халықаралық қатынастар,әдетте тікелей халықаралық құқық нормаларымен реттеу бірқатар қиыншылықтарды тудырады, өйткені олар көбіне-көп белгілі бір мемлекеттің ерекше юрисдикциясына жатпайды және соның негізінде әр түрлі мемлекеттердің құқық нормаларының арасында шиеленістер пайда болады. Бұл шиеленістерді шешу ұлттық-құқықтық нормалардың өзара әрекеттесуіне әкеліп қана қоймайды (халықаралық жеке құқықтық «байланыстар», сілтемелер т.б. арқылы),сонымен қатар биліктік емес сипаттағы халықаралық қатынастарды реттеу жөніндегі мемлекетаралық қатынастарды және нормаларды тудырады.
Дипломатиялық және консулдық өкілдіктер мен олардың персоналдарының құқықтық жағдайы, тек халықаралық нормалармен ғана реттеліп қоймай,сонымен қоса ішкі заңдармен де реттеліп отырады. Ішкі заңдар,көбінесе халықаралық құқық нормаларының көшірмесі,көрініс сияқты болып келеді,бірақ та кейбір қатынастардың шешіліуі ережелерін өзі де белгілей алады және осы құқық институттарынын халықаралық құқық жеткен деңгейге дейін жеткізуге күш салып отырады. Мұндай ішкі құқық пен халықаралық құқықтық реттеу объектілерінің бір-біріне ұқсауы және сәйкес келуі аз кездесетін ерекше жағдай деуге негіз бар.
Мемлекеттердің егемендік теңдігі қағидатына сәйкес әр мемлекет өзінің құқық жүйесін дербес анықтайды және соған сәйкес халықаралық құқықпен өзара әрекеттесу ерекшелігін шешеді өз негізінде бұл қағида бойынша мемлекет өзіне алған міндеттемелерді адал әрі толығымен орындап отыруы керек.
Мемлекеттің өзіне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидатына сәйкес,өзінің егемендік құқығын жүзеге асыру,өз заңдарын шығару және әкімшілік ережелерді белгілеуде мемлекет халықаралық міндеттемелермен үйлестіріліп-сәйкестендіріледі. Халықаралық құқыққа сәйкес халықаралық міндеттемелер мен ішкі заңдардың арасында сәйкессіздік пайда болса, онда мемлекет өз міндеттемесінің орындалмауының сылтауы ретінде ішкі заңдарға сілтеме жасай алмайды.
Мемлекет ішіндегі құқық халықаралық құқыққа екі сипатта ықпал етеді.
1. Біріншіден,ұлттық құқық нормалары мазмұнының халықаралық құқық нормаларының мазмұнына ықпалы.
Мұндай ықпалды материалды деп атауға болады.
2.Екіншіден, халықаралық құқық нормаларын құрастыру тәртібіне қатысты мемлекет ішіндегі құқық нормаларының (халықаралық шарттарды жасау) алдыңғысының нақтылығына ықпалы.
Ұлттық құқықтың халықаралық құқққа ықпал етудің бұл аспектісі,халықаралық құқық нормасын құрастыру процесіне қарасты нормалармен байланысты болғандықтан. Оны іс жүргізушілік ықпал деп атауға болады.
Ұлттық құқық нормаларының құрастырылуына және дамуына ең алдымен, мемлекеттің сыртқы саясатының қағидаттары, сонымен қатар мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін жүзеге асыруға байланысты әр түрлі сұрақтарды реттейтін ішкі құқықтың нормалары ықпал етеді. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге,халықаралық шарттардың жасалу тәртібіне,мемлекеттің және оның меншігінің иммунитетіне қатысты мемлекеттің ішкі заңдары халықаралық құқыққа ықпал етті және әлі күнге дейін ықпеалын тигізіп келеді.
Адамның азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар саласындағы алға дамыған заңнама көп жағдайларда адам құқығын қорғау саласындағы тиісті шарттарды жасау барысында мысал бола алады.

Халықаралқ және мемлекеттің ішкі (ұлттық) құқықтары арақатынасы жайндағы мәселеде ғылым негізгі 3 бағытты құрастырып шығарды: бір дуалистік және екі монистік.
Бастапқы кезде халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа әсері болмады. Бұл мәселеге ХІХ ғасырдың аяғында ғана көңіл бөліне бастады.Г.Гегельдің көзқарасына сәйкес,бірқатар неміс заңгерлері ұлттық құқықтық басымдылық атын құрастырады(примат), ал ол Германияның дүние жүзін бөлу жөніндегі саясатына сай келеді.
Ал А.Цорн халықаралық құқықты «мемлекеттің сыртқы құқығы» деп атауды ұсынды. Бұл тұжырым нигилисттік сипатта,сондықтан да халықаралық құқықтың барын заңды тұрғыда жоққа шығарып оытр.Мысалы, А.Я. Вышинский «ұлттық құқықтың теориясын» дәлелдегісі келеді.
Монистік тұжырымдаманың мәні – оның атауынан да көрініп отыр,яғни ол тұжырымдама бойынша халықаралық құқықта мемлекеттің ішкі құқығы да біртұтас құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі дейді.Осы тұжырымдаманы қолдаушылардың бірі ішкі мемлекеттің құқығы басылымдыққа ие болу керек деп ойласа,екіншілері халықаралық құқықтың басым болуы қажет деген ойды айтты.
Ішкі құқықтың басылымдылығы теориясын жақтаушылар халықаралық құқықты әр мемлекеттің сыртқы құқықтарының жинағы деп келді.
ХІХ ғасырдың соңында дуализм тұжырымдамасы құрастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес халықаралық құқық та, ұлттық құқық та өз алдына дербес салаларды реттейді және бір-бірінен басылымдылығы жоқ. Доктринада дуализм концепциясы қолдау тапты.
Оны жақтаушылар қазіргі уақытқа дейін халықаралық құқық пен ұлттық құқық формальді түрде бір-біріне қайшы болмайды деген ойды ұсынуда. Дуализмнің тұжырымдамалары ХХ ғасырдың ортасында пайда бола бастады. Оның бір тармағы ретінде нормативизм бағытын айтуға болады,оның өкілі Г.Кельзен (АҚШ), Кунц, Фердросс сияқты ғалымдар болды. Екінші бағыт солидаризм бағыты, ол бағыт нормативизм бағытымен ұштасып,халықаралық құқықты ұлттық құқытан жоғары қояды (француз Ж.Ссель). Дуализм мәні мынада,яғни халықаралық және ұлттық құқық әр түрлі екі құқықтық тәртіп ретінде қарастырылады. Алайда,бұл дуалисттердің халықаралық құқықтың мемлекет ішіндегі құқыпен байланысын көрмей,олардың тәуелсіздігін абсолюттендіріліп отырғандығын білдірмейді.Олар халықаралық құқық өзінің мақсаттарын орындай алу үшін ұдайы ішкі құқыққа жүгіну керектігін,олай болмаған күнде оның көптеген қатынастарды күшсіз болып қалатындығын мойындайды (Трипель,Анцилотты және т.б.). Болгар заңгері П.Радойнов реалитік дуализм тұжырымдамасын ұсынады,оған сәйкес коллизиялар түптеп келгенде халықаралық құқықтың үлесіне шешіледі дегенге негізделу керек,өйткені басқадай көзқарас оны мүлдем теріске шығаруды білдірер еді.
Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың өзара қатынасы туралы қарастырылып отырған тұжырымдамалар кездейсоқ пайда болған жоқ.Олар белгілі бір авторлардың жекелеген көзқарастарын ғана білдірмейді,сонымен бірге қандай да болмасын мемлекеттердің нақты мүдделерін де көрсетеді.Бұл жерден жалпы үрдісті де аңғаруға болады:халықаралық құқытың басымдығын жақтаушылар мықты державалардың мүдделерін білдірді,себебі аталмыш мемлекеттер ұзақ уақыт бойы халықаралық құқытың дамуына әсер етуі арқасында белгілі бір тұрғыдан халықаралық заң шығарушылар болып табылады. Оларға алдымен АҚШ және елеулі дәрежеде Ұлыбритания,Франциязаңгерлері жатады.
Екі монистік теориян да егеменді мемлекеттердің тіршілік етуінің объективті нақтылығына сәйкес келмейді деп бағалай отырып,тығыз байланыс процесінде белгілі бір құқық жүйесінің артықшылық мәнінің болуы мүмкіндігінн де теріске шығармау қажет.
Қазіргі кездегі көптеген авторлардың пікірінше,бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың халықаралық құқытың басымдығын тану керек,басқасын айтпағанда оның жазылымдарының ұлттық құқық нормаларымен үйлеспеуі орын алған жағдайда.Ескере кетер мәселе – халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы халықаралық құқықтың тиімді қызмет етуінің қажетті шарты болып табылады. Мемлекет ішіндегі құқық халықаралық құқыққа сәйкес болуы керек.Өйткені, халықаралық құқық – бұл мемлкееттерге мәжбүрленіп берілген нәрсе емес.Бұл – еріктерді үйлестірудің нәтижесі,ұжымдық даналық пен жалпы адамзаттық құндылықтардың көрінісі.
Халықаралық құқықтың ішкі құқытан басымдылығы – жалпы адамзатртық құндылықтардың және мүдделерідің өзге құндылықтар мен мүдделерден жоғарылығы.
Ұлттық құқық халықаралық құқыпен әрекеттесу мәселелерін шешуге үнемелі көңіл бөледі. Сонымен қатар халықаралық міндеттемелерді жүзеге асыру әдістерін ұлттық деңгейде анықтау мемлекеттің құзыретіне жататындығын мойындайды. Өзара әрекеттестіктің нгеіздері конституциялық құқыпен анықталады. Бұл құқықты және оның қолдану тәжірибесін саралау мынаны нықтайды, яғни ұлттық құқықтың әрекет ету тетігінің халықаралық құқық та қоғам ішіндегі қарым-қатынастарды реттеуге жарамсыз болып табылады. Сондықтан да «халықаралық құқық нормаларының тікелей іс-әрекеті»деген түсінік елдің құқытық жүйесінде шартты сипатқа ие болады және бұл нормалардағы ережелер ұлттық құқық тарапынан тиісті заңды күш берілгеннен кейін ғана тікелей қолданып жатады дегенді білдіреді.
Сонымен, жеке және заңды тұлғалар қатысатын қарым—қатынастарды реттей алу үшін халықаралық құқық белгіленген тәртіппен тиісті елдің құқықтық жүйесіне енуі қажет. Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан жаңартылуын ескере отырып,бұл процесті әдетте трансформация деп атайды.Іс жүзінде норма жаңартылмайды,ол өзінің мәртебесін сақтап қалады.Ал оның мазмұнына,ережесіне ұлттық құқық нормасының мәртебесі беріледі. Шын мәнінде, әңгіме ұлттық құқықтық көмегімен халықаралық норманың имплементациялануы туралы болып отыр.Сонымен «трансформация»термині шартты болып табылады.Трансформация жалпы және жеке болуы мүмкін. Жалпысында — өзі қабылдаған халықаралық құқық нормаларының барлығының немесе тек белгілі бір түрлерінің елдің құқықғының бір бөлігі болып табылатынын мемлекет бекітеді.Жекеде — әрбір жағдайда арнайы актіні қолдана отырып,халықаралық норманы елдің құқығына енгізу қажет.Кейбір елдерде,мысалы, Ұлыбританияда,әдеттегі халықаралық құқыққа қатысты жалпы трансформация қолданылады.
Трансформация тікелей және жанамалы болуы мүмкін.
Біріншісінде – бекіту актісінің немесе шартты қабылдаудың өзге түрін сәйкес шарттың ережелері ұлттық құқықтық ұқсас ережелерді тудырады. Көп жағдайда бұл инкорпорация,яғни қосу деп аталады.Жанамада – шарт нгеізінде шарттың мазмұнын белгілі бір дәрежеде сипаттайтын ұлттық нормативті акт қабылданады.
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарға арнайы тоқталған жөн. Нақ осы аяда халықаралық нормалар осы уақытқа дейін мемлекеттің ішкі ерекше құзіреті делініп келген істерге тереңірек араласады. Жалпы еуропалық процесс шеңберінде қабылданған құжаттардың,әсіресе Копенгаген келісөздің СБСЕ-нің адамзаттық өлшем жөніндегі Конференциясы құжаттарының нормалары,тұлғаның нақты құқықтары мен босандықтарын анықтап қана қоймайды,демократияның өлшемдерін,көппартиялылықты т.б. қарастырады. Сонымен,индивидтің халықаралық құқық субъективтілігінің көлемі ұлғая түсуде.
Алайда,адам құқығы жөніндегі халықаралық нормалардың басым көпшілігінің имплементациясы тиісті ішкі мемлекеттік заңнамалық актілердің қабылдануын талап етеді,яғни олар табиғатынан өздігінен орындалатын болып келмейді.Мысалы,азаматтық және саяси құқытар туралы Халықаралық пактіде белгіленген өмір сүру,бостандық, жеке басқа тиіспеушілік құығын т.б. қамтамасыз ету,тиісті құқықтар мен бостандықтарды ұлттық заңнамада нақтыламастан,оларды бұзғаны үшін жаза анықтамастан мүмкін болмаған болар еді.
Нақты айта кету қажет, яғни ел ішіндегі адам құүқытары жөніндегі халықаралық нормаларды өздігінен орындалмайтын деп жарияланғанына қарамастан,көбіне-көп олар ішкі нормаларды халықаралық дәрежеге сәйкес талқылауға тырысады.
Дәстүрлік халықаралық құқықты ел құқығының бөлігі ретінде тани отырып,мемлекеттер олардың құқық жүйесіндегі орнын әр түрлі анықтайды. АҚШ-та соттар халқаралық шарттар болмаған кезде,соттар тарапынан қолдан үшін халықаралық құқықты ел құқығының бөлігі ретінде қарастыру ережесін ұстанады.
Аталмыш мәселе Еуропаның жаңа құқықтық жүйелерінде өзгеше шешіледі. Германияда жалпы халықаралық құқық нормалары ел құқығына енгізіліп қана қоймаған,сонымен қатар заңдар алдында басымдылық күшті иеленген.
Голландияда дәстүрлі халықаралық құқықтың барлық нормалары қолдануға жатады.
Шарттарға қатысты айтар болсақ, оны шешудің 2 тәсілі белгілі:
1) шарттық ережелері тек арнайы заң шығару нәижесінде ғана ұлттық құқықтың күші ие болады. (Ұлыбритания, Үндістан, Нигерия);
2) тиісті түрде бекітілген және ресми жарияланған шарттың ережелері тікелей ұлттық құқық нормасының күшіне ие болады. Көптеген жағдайларда ұлттық құқық мұндай нормалардың басымдылығын белгілей (Франция,Германия,Испания).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *