Картография топография негіздерімен пәнінің мақсат-міндеттері.
Картография топография негіздерімен – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда атластар мен глобустарда көрініс тапқан.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы өте кең. Қоғамдық ғылымдардан экономикалық жəне əлеуметтік география, тарих тағы басқа салалармен тығыз байланысты. Жаратылыстану ғылымдарынан — табиғатты зерттейтін физикалық география, геология, ландшафтану, топырақтану, метеорология жəне климатология сияқты салалық ғылымдармен, нақты ғылымдардың ішінде математика, геодезия (Жердің пішіні мен өлшемі, жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы ғылым), кибернетика, статистикамен тығыз байланысты. Астрономиялық-геодезиялық өлшеу жұмыстарының нəтижесінде картография жердің пішіні мен өлшемі, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны жөнінде маңызды деректер алады.
Географиялық карталар, атластар тағы басқа картографиялық өнімдер жасау арқылы картография халық шаруашылығы мен адамның мəдени қажеттілігін өтеуде. Географиялық карталар аумақты игеру жəне оны түрлендіру, шаруашылық салаларын дамытып, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту, адамзаттың жер табиғаты мен қоғамның əлеуметтік ұйымдасуы туралы ақ парат тар жинау қызметін атқаратын қуатты құрал болып табылады. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына сəйкес картография жəне топография негіздері пəнін оқытудың міндеті – болашақ география пəнінің мұғалімдерін карто — гра фия ғылымының негіздерімен, бірінші кезекте картатану, математикалық картографиямен, картометриямен жəне топо графиямен таныстыру. Пəнді оқыту барысында басты назар студенттердің географиялық картаны дұрыс пайдаланып, талдай білу дағ ды ларын қалыптастыруға аударылады. Осы дағдылар география пəндерін оқыту барысында қолданылып, білімдері одан əрі жетілдіріледі.
Картаны ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолдану əдістерін жасау, қазіргі картографияның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Карталар шағын аумақтан бастап бүкіл жер шарын тұтас қамтып шолу жасай алатын бірден-бір оқыту құралы болып табылады. Ол кескінделген құбылыстардың кеңістіктік кескінін жасап, қажетті мөлшерде сандық жəне сапалық сипаттарын сақтайтындықтан, қамтылған нысандардың координатын, ұзындығын, ауданын, көлемін, биіктігін, олардың үйлесімділігін, бір-бірімен өзара байланысын, ерекшеліктері мен таралу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған қасиеттер картаның маңызы мен құндылығын анықтайды. Сондықтан географиялық карталарды іс жүзінде пайдаланудың төмендегі басты бағыттарын атап көрсетуге болады: – жергілікті жерге, ауданға, елге бармастан олармен картаның көмегімен жалпы танысу; – жергілікті жерде, құрлық пен мұхит бетінде əскери құра малардың қозғалу барысында, туристік жорықтарда, навигация мен моторлы көліктер үшін картаның көмегімен бағдарлау арқылы оны жолбасшы ретінде қолдану; – картаны көліктік, энергетикалық, өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылық, құрылыстарды инженерлік жобалау, сонымен қатар, аудандық жоспарлау, экономика мен мəдениетті дамытуды жоспарлау, ең тиімді автомобиль мен темір жолдар, құбырлар құрылыстарын салу барысында пайдалану; – картаны орта мектептер мен жоғары оқу орындарында білім көзі, сонымен қатар, ғылыми білімді насихаттау, халықты туған елімен, басқа мемлекеттермен таныстыру, жалпы мəдениетін көтеру құралы ретінде қолдану.
Картография құрылымы жағынан күрделі пəндер жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамдас бөліктеріне – картатану, картография тарихы, математикалық картография, картометрия, картографиялық ақпарат тану, картаны жобалау жəне құру, картографиялық семиотика, картаны безендіру (картографиялық дизайн), картографиялық өндірістің экономикасы мен ұйымдастырылуы, картаны шығару, картографиялық зерттеу əдістері, картографиялық деректану, картографиялық топонимика пəндері кіреді.