Карталардың жіктемесі. Картографиялық жинақтау.
Картаны жіктеудің басты белгілеріне мазмұны, аумақты қамтуы, атқаратын қызметі, масштабы, пайдалану əдістері, шыққан жылы жəне т.б. жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары картаның масштабы, мазмұны мен қызметі оның сипатын айқындайды. Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, тақырыптық немесе, арнайы болып бөлінеді. Зерттелетін аумақты жалпы шолып танысу мүмкіндігі жалпы географиялық карталарда қамтылған, онда аумақтың негізгі физикалықгеографиялық жəне əлеуметтік-экономикалық элементтерінің алуан түрлі сипаттары кескінделеді. Бірде-бір құрамдас бөлігі ерекшеленбейтін жалпы географиялық картаның мазмұнының құрамына су нысандары, жер бедері, елді мекендер, жол тораптары, əр түрлі шекаралар, топырақ пен өсімдік жамылығысының кейбір элементтері енгізілген. Бір, екі, сирек жағдайда өзара байланысы бар бірнеше табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық элементтері тереңдетіліп нақты көрсетілетін жəне олардың бірі тақырыбын айқындайтын карталарды тақырыптық карталар дейміз. Арнайы немесе тақырыптық карталардың қатарына төменде көрсетілген карталар жатады.
1.Жалпы географиялық карталардың бірнеше элементтері енгенімен солардың бірі басым болатын карталар, оған гипсометриялық карта жатады. Өйткені оның басты мазмұны жер бедері болып саналады.
2. Белгілі бір құбылыстарды сипаттау арқылы жалпы географиялық картаның элементтерінен басқа арнайы деректер берілген карталар. Ондай карталарға экономикалық, климаттық топырақ карталары жатады. Арнайы тақырыптық карталарда жалпы географиялық элементтері толық берілмейді. Жіктеу тұрғысынан алғанда арнайы карталар үш топқа бөлінеді. Олар: физикалық-географиялық, əлеуметтік-экономикалық жəне техникалық карталар.
Аумақты қамтуына қарай географиялық карталар төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. Дүние жүзінің картасы; 2. Жартышарлар картасы (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік); 3. Материктер мен мұхиттардың картасы; 4. Мемлекеттер тобының картасы (Орталық Азия, Балқан жəне т.б.) 5. Мемлекеттің жəне оның жеке бөліктерінің картасы.
Қызметіне қарай белгілі бір қажеттілікті өтеп, міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін оқу, əскери, навигациялық, теңіздік, жол жəне туристік карталарға бөлінеді. Географиялық карталар көп мақсатты қызмет атқаратындықтан жіктеудің бұл түрі шашыраңқы болуымен көзге түседі. Пайдалану əдістеріне қарай қабырға карталары, стол карталары; бояуының сипаты мен бетінің санына қарай бір бояулы жəне көп бояулы, бір бетті, көп бетті болып бөлінеді.
Масштабына қарай жіктеу масштабы картаның мазмұны мен аумақты қамтуына, картографиялық торына əсеріне негізделіп анықталады.
Барлық географиялық карталар масштабына қарай ірі масштабты (1:200 000 жəне оданда ірі), орта масштабты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1 000 000 ұсақ) болып бөлінеді. Ірі масштабты жалпы географиялық шолу карталары топографиялық карталар, ал ұсақмасштабтылары шолу карталары деп аталады. Картографиялық өнімдерге географиялық карталардан басқа географиялық атластар, глобустар, жер бедерінің карталары, көлденең қима-сызбалар, блок-диаграммалар жатады.
Жер бетінің толық немесе оның кез-келген бөлігінің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алынған кескінін (үлгісін) географиялық карта дейміз. Болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасанды кескінді үлгі (модель) дейміз. Белгілі бір себеппен нысанды зерттеу мүмкіндігі болмай немесе қиын болған жағдайда оның үлгісі жасалады. Географиялық карталар жер бетінің кеңістіктік бейнелі – шартты белгілі үлгісіне жатады. Картографиялық үлгінің қатарына жататын географиялық карталардың өзіне тəн ерекшеліктері бар. Біріншіден, географиялық картада жер қыртысының көп бөлігін, гидросфера мен атмосфераны, биосфераны қамтитын географиялық қабықтағы барлық құбылыстар мен нысандар қамтылады. Екіншіден, адамның өмірі мен қызметіне байланысты əлеу мет тік-экономикалық, сонымен қатар, жер бетіне жақын орналасқан барлық құбылыстар қамтылған картографиялық үлгіде үйлестірілгендіктен картадан кез-келген насынның географиялық орнын, алып жатқан ауданын анықтауға болады.
Атқаратын қызметіне сəйкес карталар белгілі бір математикалық ережелерге сүйеніп, картографиялық құбылыстарды іріктеп жинақтау негізінде құрылады.
Біршама күрделі үрдістің бірі кескінделетін құбылыстарды іріктеу мен жинақтауды картографиялық жинақтау қамтамасыз етеді. Картографиялық жинақтаудың нəтижелі болуы бір аумақ кескінделген масштабы əр түрлі карталарды бір-бірімен салыстыру барысында айқын байқалады. Қамтылатын аумақ артып масштабы кішірейген сайын кескінделетін жергілікті жердің суреті де кішірейіп оқуға қиындық тудыра бастайды.
Көрнекілігін сақтап, мағынасын арттыру үшін картаның масштабына сəйкес қосалқы нысандарды алып тастау арқылы жинақтау қажет. Жинақтаудың бағыты мен дəрежесі картаның атқаратын қызметіне сай жүргізіледі. Картографиялық жинақтаудың бағыты мен дəрежесі картаның тақырыбы мен онда кескінделетін құбылыстарды, шартты белгілердің нақтылығын айқындайтын қызметіне тікелей байланысты болады. Қорыта айтқанда, картографиялық жинақтау нəтижесінде картаның мазмұнын ашып, оны оқуды жеңілдету үшін тек тəжірибелік жəне теориялық тұрғыдан маңызы бар басты нысандарды қосалқылардан ажыратып, оларға тəн белгілерді анықтап дерексіздедіруге мүмкіндік беретін негізгі құбылыстар ғана іріктеліп алынады. Картографиялық үлгілердің маңызды қасиеттеріне қамтылған нысандардың орнын, жоғары математикалық дəлдікпен нақты көрсетілуін, көрнекілігі мен шолулығын жатқызуға болады. Картографиялық өнімнің шолулық қасиеті арқылы географиялық картада кескінделген құбылыстардың негізгі ерекшеліктері мен өзара байланысын дайындығы бар оқырман бір көргеннен шолып өте алады. Оны кез-келген картадағы құбылыстар мен нысандардың сандық жəне сапалық қасиеттерінің іріктеліп жинақталып алынуы жеңілдетеді. Географиялық карта мен глобустарға тəн жоғарыда аталған қасиеттер аэрофото кескіндеу, ғарыштық кескіндеу, мате ма ти — калық үлгілеу сияқты жер бетінің ешбір үлгісінде кездеспейді. Сондықтан географиялық шындықты танып білуде карта лардың маңызы зор. Картографиялық үлгі ретінде карталар коммуникативтілік, жеделдік, танымдық, болжамдық қызмет атқарады.
Географиялық картаны дерек көзі ретінде пайдалана отырып ақпараттың берілуін жүзеге асыруды географиялық картаның коммуникативтілік қызметі дейміз. Географиялық картаның көмегімен навигациялық, жол құрылысын салу басқа да тəжірибелік есептер шығару мүмкіндігін жеделдік қызметі дейміз. Оқып үйренетін құбылыстардың болашақтағы дамуын анықтау мүмкіндігін географиялық картаның болжамдық қызметі дейміз.
Өндіріс пен ғылымның əр түрлі салаларында жəне мектеп оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында пайдалануды географиялық картаның танымдық қызметі дейміз. Белгілі бір құбылыстарды картаға талдау жасау негізінде оқыпүйренуді картографиялық зерттеу əдісі дейміз. Бұл əдісті құру қазіргі картографияның басты міндеті болып табылатын картада кескінделген құбылыстарды танып білу мəселелерін қарастыратын пəннің ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Географиялық карталар территорияларына, маңызына, мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.
Территориясына қарай: материктік, мұхиттық жеке мемлекет
Маңызына қарай: оқулық карталар, ғылыми — анықтамалық, әскерлік, туристік және т.б.
Мазмұнына қарай: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.
Масштабына қарай: ірі масштаб, орта масштаб, ұсақ масштаб.
Бұл масштабтар жалпы географиялық және тематикалық карталарға тән. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды – топографиялық карталар, орта масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы карталар деп атайды.
Бір немесе бірнеше табиғат компоненттері немесе экономикалық-географиялық элементтер кескінделетін карталарды тақырып тық карталар дейміз. Оның жалпы географиялық карта дан айыр машылығы картаның тақырыбында жазылып қам тылатын аума ғы негізгі тақырыптың мазмұны ашылады. Тақы рыптық кар таларда кескінделген құбылыстардың ерекше ліктері өлшену, терең дігі мен сандық сипатының жинақталу дəре жесіне қарай алуан түрлі болады. Көрсеткіштердің жинақталу дə ре жесіне қарай тақырыптық карталар синтездік жəне талдау кар таларына бөлі неді.