ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НЕПЗП ТҮРЛЕРІ
1. Акционерлік қогамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралыжалпы ережелер.
Жарғылықкапиталықұрьштайшьиардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) белінген коммерциялық ұйымшаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматғық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың
118
қызметі 1998 жылы 10шілдедеқабылданған Қазақстан Республикасьшың «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен және 1995 жылы 2мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Презвдентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң құші бар жарлығымен реттеледі. Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардын жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесінін, ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін,1 ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сайкелуітиіс.
Азаматғықкодексте шаруашылықсеріктестігінің төмевдегідей түрлерін құру мүмкіндігі кдрастырылған: 1) толық серіктестік;
2)жауапкершілігішектеулісеріктестік; 3) қосымшажауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім (коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейінкатысушы мәртебесін алады. Шаруашылык, серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.
Толык, серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам кұрған, жарғылық капиталы құрылтай қүжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігішектеулі серіктесііккеқатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарыныңқүнышегіндетәуекел етеді. Қатысушылары серіктестік міндетгемелері бойынша өздерінің жарғылық кагшталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) косым
1 Шектеулі жөне қосымша жауапквршілігі бар серіктестіктерін құру мсн оның қызметі 1998 жылы 22 сөуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктср туралы» заңьшен реттеледі.
6-тақырып. Мемлекеттік кәсіпкерлік формалары.
Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік – құқықтың формаларына тіршілік мінездемесі мемлекеттік заңды тұлғалардың басқа түрлерімен кәсіпкерлік қызметтің іске асырылу мүмкіндіктері. Мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың кәсіпкерлігінің мәселелік сұрақтары.
Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс — кәсіпкерлік құқық субъектілері
1. Мемлекеттің және әкімшілік-аумақтық бөліністің кәсіпкерлік құқық субъектілігінің ерекшеліктері
Мемлекет қоғамдық қатынастарға билік субъектісі немесе кәсіпкерлік-қүкықтық қатынастарға қатысушы-меншік иесі ретінде араласады, бүл жайларды нақты айыра білу керек. Мысалы, заң актілерін шығара отырып, мемлекет өзінің билікжүргізу функцияларын жүзеге асырады, ал мемлекеттік заем облигацияларын шығару арқыны — кәсіпкерлік айналымның басқалармен тең қатысушысы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, мемлекет қоғамдық қатынастарға өзінің органдары арқылы араласады, олар да бір жағдайларда билік субъектілері ретінде, келесі жағдайларда — азамаггық-құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде әрекет етеді. Совдықтан субъектінің құқықтық мәртебесін анықтаумен қатар, бүл органдардың қай кезде өз атынан, қай кезде — мемлекет атъшан әрекет ететінін айьфа білу маңызды болады. Мөселен, Қаржы министрлігінің қазынашынығы мемлекет атынан мемлекеттік бюджетке есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ал өзінің пайдалануына арналған жиһазды өз атынан — мемлекеттік мекеме қүқығында сатып алады. Солай бола түрса да, мемлекеттік заңды тұлғалар үшін міндетті нүсқамалар шығара отырып, қазына-шылық өзінің билік жүргізу функцияларын жүзеге асырады және мемлекеттік орган ретівде әрекет етеді.
Түтас алғавда, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс жеке жөне заңдьі тұлғалармен қатар, кәсіпкерлік құқық субъектшері бола алады. Мемлекеттің азаматғық құқық субъекіілігі теориясы пікірталасты мәселе болын табылады. Мамавдардың бір тобы мемлекетті заңды тұлғалардың бір түрі деп есептейді, келесі тобы — бүл пікірімен келіспейді. Кез келген жағдайда мемлекеттің құқық субъектілігшің шектелген завдық формальдыпығын есте үстау керек. Мемлекеттік меншіктің меншік иесі біреу — мемлекет болатынына қарамастан, мүліктік құқықтық қатынаста Қазақстан Республшсасы, әкімшілікаумақтьіқ бөлініс немесе мемлекеттік заңды тұлға субъект болады. Кәсіпкерлік айналымда Қазақстан Республикасы және екімшілікаумақтық бөлініс үшін олардың оргавдары — жеке-дара немесе алқалық органдары өкілдік етеді.
Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік зандармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларынен тең негіздерде кіреді (АК-ның 111-бабының 1-тармағы), бүл, жаляы ереже бойынша, өр түрлі субъектілердің құқықтық мөртебесінде басымдықтардың болмайтынын жөне сот үшін Қазақстан Республикасының қатысуымен дауларды шешуде басымдықтардьщ болмайтынын білдіреді. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік құқықтық қатынастарда өзінің билік жүргізу өкілеттіктерін пайдаланбайтындықтан, оған кәсіпкерлік зандардың нормалары толық көлемде таралады. Ол, ерекше субъекг ретівде азамат-тық құқықтық қатынастар субъектісінің барлық құқықтарын иеленеді жөне өзі қабылдаған заңдар арқылы ғана құқық субъекгшігіңде шектеулі болады. Мәселен, АК-ның 58-бабының 3тармағына сейкес, мемлекет толық жөне сенім серіктестіктерінде толық серік бола алмайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқару оргавдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң қүжаттарында, ережелерде және өзге де қүжаттарда белгіленетін қүзіреті шегінде Қазақстан Республикасы атынан өз ерекеттері арқыны мүліктік жөне мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады. Зандарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасының арнайы тапсыр-масымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, занды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-ның 111-бабының 2-тармағы). Мысалы, мемлекеттің қатысуыңцағы акционерлік қоғамға мемлекеттің атынан акционермемлекеттің функциясын атқаратын уөкілетті тұлға тағайындалады.
Кәсіпкерлік қүқыктық қатынастарға Қазақстан Республикасы атынан бүған заң арқылы тікелей уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар ғана араласа алады. Республика атынан кәсіпкерлік айналымға қатысу қүқығы бар билік және басқару органдарына, бірінші кезекте Парламент, Президент, Үкімет, атқарушы биліктің республикалық органдары (министрліктер, мемлекеттік комитеттер) жатады. Мемлекеттік билік жөне басқару органдарының мекеме мәртебесі болады, бүл АК-ның 34-бабының 3-1-тармағынан туындайды. Соңцықтан олардың қай кезде өз атынан, ал қай кезде — Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік билік және басқару органдары ретінде әрекет ететшін айыра білу қажет. Екі жағдайда да олардың құқық қабілеттілігі арнаулы болады және олардың қүзіретімен айқындалады.
Уәкілеттігі жоқ органның мемлекет атынан жасаған мөмілесі жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасы үшін мүлһсгік міндеттемелер туғызбайды. Зандарда белгіленген реттерде әкімшілік-аумақтық бөлініс кәсіпкерлік құқықтық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ете алады (АК-ның 112-бабының 3-тармағы).
Мемлекеттік заңцы тұлғаның балансына бекітілген мүлікке қатысты жасалған мәміледе мемлекет оның бір тарабы бола алмайды. Қазынаның мүлкі, мемлекеттің ерекше меншігіндегі объектілер жөне мүліктік құқықтармен байланысты оның мүліктік емес құқықтары, соңцай-ақ жекешелендіру туралы заңдарда көзделген арнаулы объектілер мемгаекеттің қатысуымен жасалатын мәмілелердің объектісі болуы мүмкін.
Жекешелендіру кезінде мемлекет, түтас алғанда кесіпорынның, таратылған кәсіпорын акцияларының немесе мүлкінің мемлекеттік пакетінің дербес немесе мемлекеттік орган уөкілеттік берген сатушысы ретінде әрекет ете алады. Мүндай кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жекешелендіру туралы зандармен айқыңцалады.
Жалпы ереже бойынша, Қазақстан Республикасы қатысатын дауларды мемлекеттік соттар қарайды. Алайда, тараптардың қалауы бойынша не Заңның іікелей нүсқауына байланысты дау төрелік (аралық) сотта қаралуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады да, мемлекеттік соттармен қамтамасыз етіледі.
Түтас алғанда, мемлекет секілді, әкімшілік-аумақтық бөлініс кәсіпкерлік заңцармен реттелетін қатынастарға бүл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде кіреді және құқық субъектілігі қолданыстағы зандармен ғана шектеледі (АК-ның 112-бабының 1тармағы). Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың басқа субъекгілерімен қатынастардағы тең негіздер, жалпы ереже бойынша, ер түрлі субъектілердің құқықтық мәртебесіңце басымдықтардың болмайтынын жөне әкімшілік-аумақтық бөліністің қатысуымен дауларды шешуде соттар үшш басымдықтардың болмайтынын білдіреді. Әкімшілік-аумақтық бөлініс кәсіпкерлік құқықтық қатынастарда өзінің билік жүргізу өкшеттіктерін пайдаланбайды және кәсіпкерлік заңцардың нормалары оларға толық көлемде таралады.
Жергілікті өкідді және атқарушы оргаңдар осы органдардың мәрте-бесіін айқындайтын заң қүжаттарында, ережелерінде және езге де қүжаттарында белгіленетін қүзіретті шеіінде өз өрекеттері арқылы әкім-шілік-аумақтық бөліністің атынан мүліктік жөне жеке мүліктік емес құқықтар мен міңдеттерді алын, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік етеді (АК-ның 112-бабының 2-тармағының 1-бөлігі). Әкімшілік-аумақтык; бөліністің атынан кәсіпкерлік айналымда өкілдік ету қүқығы бар билікжәне басқару органдарына, бірішпі кезекте, мәслихаттар, екім, әкімият, атқарушы биліктің аумақтық органдары (облыстық өділет бөліімдері, облыстық қаржы басқармалары, мемлекеттік мүліктерді баскзру жөніңдегі аумақтық комитеттер және т.с.с.) жатады. Мемлекеттік бшіік пен басқарудың жергілікіі оргавдары мекеме мөртебесін иеленеді.
Сондықтан олардың қай кезде өз атынан мекеме ретінде, ал қай кезде — өкімшілік-аумақтық бөліністің атынан мемлекеттік билік немесе басқару органы ретінде өкілдік ететінін айыра білу қажет. Екі жағдайда да олардың құқық қабілеттілігі арнаулы болып табылады жөне олардың қүзіретімен айқындалады.
Завдарда көзделген реттер мен төртіп бойынша арнаулы тапсырма-мен өкімшілік-аумақтық бөлініс атынан жергілікті мемлекеггік оргавдар өкіддікете алады (АК-ның 112-бабының 2-бөлігі).
Егер зандардан өзгеше жағдай туындамаса, өкімшілік-аумақтық бөлініс пен оның органдарына АК-ның тиісінше мемлекет пен оның органдарының кәсіпкерлік завдармен реттелетін қатынастарға қатысуы туралы ережелері қолданылады (АК-ның 112-бабының 4-тармағы).
Аталған объекгілердің бәрі коммуналдьщ меншікті құрайды, ал ол мемлекеттік меншіктің құрамдас белігі болып табылады. Мемлекеттік меншікгің келесі бөлігі — республикалық мешпік те әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында болуы мүмкін. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бүған қатысты өкілеттігін тек зандарға сәйкес және мемлекеттің атынан жүргізе алады.
Әкімшілік-аумақтьіқ бөліністің тиісгі мөслихат бекіткен бюджетінің негізінде әкім және оған бағынатын жергілікті атқарушы органдар өздерінің қүзіретіне сәйкес жергілікті қазынаға билік етуді жүзеге асырады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік қатысатын даулар, жалпы ереже бойын-ша, мемлекеттік соттарда қаралады. Алайда, тарагггардың қалауы бойын-ша ол төрелік (аралық) сотта қаралуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болады, ал орындалуын — мемлекеттік соттар қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы өз міндеттемелері бойынша мемлекеттік қазына мүлкімен жауап береді, ал өкімшілік-аумақтық бөлініс өз міндеттемелері бойынша жергілікті қазынаның мүлкімен жауап береді (АК-ның 113-бабының 1-тармағы). Қазақстан Республикасы мен өкімшілік-аумақтық бөлініс бір-бірінің міндеттемелері бойъшша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал азаматтар мен заңды тұлғалар АК-да және заң қүжат-тарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс мшдеттемелері бойынша жауап бермейді (АК-ның 113-бабының 2-тармағы). Сонымен қатар, бір екімшілік-аумақтық бөлініс екіншісінің борыштары бойынша жауап бермейді.
Қазақстан Республикасы немесе өкімшілік-аумақтық бөлініс осыңдай бөліністің, заңды тұлғаның, азаматіың міндеттемелері бойынша өзіне кепілдік (кепіл болушылық) алган кездегі не аталған субъекгілер Қазақстан Республикасының немесе өкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттемелері бойынша өздеріне кепілдік (кепіл болушылық) алған кездегі жағдайларға бүл ереже таралмайды. Бүл жағдайда
кепілдік (кепіл болушылық) ережелеріне сәйкес жауаптылық туады.
Республикалық қазыналық көсіпорында жөне мемлекепік мекемеде өз ақша қаражаттары жеткіліксіз болатын жағдайда олардың міндет-темелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі ортақ (қосымша) жауапты болады (АК-ның 44, 104 жөне 207-баптары). Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 44-бабының 3-тармағы).
Өз кезегінде, әкімшілік-аумақтық бөлініс, егер ол бүларда өз ақша қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда құрылтайшы рөлін атқарса, коммуналдық қазыналық кәсіпорын мен республикалық емес мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша ортақ (қосымша) жауапты болады (АК-ның 44, 104 жөне 207-баптары, сондай-ақ Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 44-бабының 3-тармағы). Республикалық емес мемлекеттік көсіпорынның ақшасы жеткіліксіз болатын жағдайда оның міддеттемелері бойынша оны құрған жергілікті атқарушы орган жауапты болады.
Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры жөне алмас қоры, мемлекеттің ерекше меншік объектілері және заң актілеріне сәйкес мемлекеттік республикалық занды тұлғаларға бекітілш берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік мемлекеттік қазына мүлкін құрайды (АК-ның 192-бабының 2-тармағының 2-бөлігі), Мемлекет осы мүліктің шегінде ғана жауапты болады. Жергілікгі бюджет қаражаты жөне мемле-кеттік заңцы тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммунаддық мүлік жергілікті қазынаны құрайды (АК-ның 192-бабының 3-тар-мағының 2-бөлігі). Әкімшілік-аумақтық бөліністің жауапкершілігі де, тиісінше, осы мүліктің шегівде ғана туады.
Құрылтайшылардың (уәкілетіж органдардың) іс-қимылына байланысты банкроттық туатын жағдайда, несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісінше шаруашылық жүргізу қүқығына негізделген республикалық жөне жергілікіі көсіпорывдардың міндеттемелері бойынша жауап береді (Мемлекет көсіпорын туралы жарлықтың 30-бабы). Мемлекет (өкім-піілік-аумақтық бөлініс) езі салымшысы (акционері) болып табылатын шаруашылық серіктестіктің немесе акционерлік қоғамның қызметі үшін өзіне тиесілі үлестің (акцшіның) қүны шеіінде жауапты болуы мүмкін.
Егер заң қүжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, мемлекетке жөне өкімшілік-аумақтық бөліністерге занды тұлғалардьщ кәсіпкерлік завдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар қолданылады (АК-ның 114-бабы). Басқаша айтқанда, Қазақстан Ресгіубликасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс занды тұлғалардың кәсіпкерлік айналымға қатысуын айқывдайтын кәсіпкерлік заң актілері мен АК нормалары шеңберінде кәсіпкерлік құқық субъек-тілері ретінде өрекет етеді. Бүл, ең аддымен, АК-ның шарттар жасасу тәртібі, зиян келтіргені үшін жауаптынық, меншік қүқығы туралы жалпы сипаттағы баптары болып табылады. Мүвдай жалпы ережеден ауытқушынықтар да кездеседі. Біріншіден, Қазақстан Республикасы мен өкімшілік-аумақтық бөліністің мәртебесі мен өкілеттігі көлемінің ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, занды тұлғаларды тіркеу туралы нормалар мемлекетке жөне әкімшшк-аумақтық бөлініске таралмайды. Бүл субъектілер Конституцияның және конституциялық заңцардың негізінде белгілі бір есептік тіркеусіз қызмет ете береді. Екіншіден, АК-ның өзіндегі бірқатар баптардың Қазақстан Республикасы қатысатын құқықтық қатынастарға қатысы бар немесе оған беліілі бір кәсіпкерлік-құқықтық міндеттемелер жүктейді (мысалы, қараңыз, 9-баптың 5-тармағы, 104-баптың 6-тармағы, 266-бап).
§ 2. Мемлекеттің кәсіпкерлік айналымға қатысу нысандары
Мемлекет — меншік иесі. Мемлекет өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өзіне меншік қүқығында тиесілі мүлкін пайдаланады. Бүларға қазына қаражаттары, мемлекеттік заңцы тұлғаларға бекітіліл берілген мүлік жөне өзге мүліктер жатады. Мемлекет бүл мүлікке қатысты өзінің иелену, пайдалану және билік ету қүқығын жүзеге асырады. Мүнда мүлікгі нақ иеленуге және оған билік етуге баса назар аударылады, ал бүл мемлекеттщ қоғамдағы мақсатына сәйкес келеді. Мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліл берілген мүлікті өз атынан өкіддік ететін мемлекеттік завды тұлғаньщ өзі кәсіпкерлік айналымға тартады.
Меншік иесі ретінде мемлекет өз мүлкіне қатысты өз атынан мөміле жасап, өзіне құқықтар мен міндеттер қабыддаіі алады, өз атынан сотта өкілдік етіп, дербес мүліктік жауап бере алады. Қазақстан Республи-касындағы аса ірі меншік иесі ретівде мемлекет өз мүлкін винди-кацшшық (талап ету) және негаторлық (теріске шығаратын) талап қою арқылы қорғайды.
Көп ретте мемлекеттің атынан Үкімет және Қаржы мшшстрлігі өкілдік етеді. Үкімет ең маңызды мөселелер бойынша (мемлекеттік мүдцелер түрғысынан қарағанда) өкіддік етеді жөне мүлікке қатысты алғанда стратешялық маңызға ие болады. Мемлекет Қаржы министрлігі арқылы (90-жыддары) жекешелендіруді жүзеге асырды, негізгі қаржы төлем-дерін жүргізді және қазына қаражаты арқылы материалдық жауап береді.
Үкімет — мемлекет бүлар арқылы өзінің меншік иесі функіщяларын жүзеге асыратын органдардың бірі. «Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы» 1995 ж. 18желтоқсандағы Конституциялық заңның 9-бабының 8-тармақшасына сөйкес, Үкімет «мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пақдалану жөніндегі шараларды жасап, жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік меншік қүқығын қорғауды қамтамасыз етеді».
Мемлекеттік мүлікті есепке алу және барынша тиімді пайдалану мақсатында оны үйымдастыру — Үкіметтің аса маңызды функцияларының бірі. Оны жүзеге асыру мақсатында үкімет 1997 ж. 1 тамызда «Мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру туралы» қаулы қабылдап, онда Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуындағы шаруашылық серіктестіктер тізілімі туралы Ережені бекітті. Тізілімді жасау жекешелендіру барысында мемлекеттік мүлінің қозғалысын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Өзге қүжаттармен қатар, тізілім мемлекеттік көсіпорындардың, шаруашылық серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың балансына берілген мемлекеттік меншіктің объектілік құрамын кврсететін формальды қүжат болып табылады. Бүл мүлік жөнінде Үкімет мемлекет атынан өкіддік етеді. Солай бола түрса да, басқару жөне шаруашынық жүргізу функцияларын ажырату мақсатыңда Үкімет төмен түрған мемлекеттік атқарушы органдарға мемлекетті меншік иесі ретінде үсыну жөніндегі өз өкілеттіктерін беруі мүмкін.
Кәсіпкерлік айналымда Қаржы министрлігіне маңызды орын беріледі. Қаржы министрлігі квлемінде занды тұлға құқықтарын иеленген бөлімшелер бар, олар, өз кезегінде кәсіпкерлік айналымда мемлекет атынан өкілдік ете алады. Кәсіпкерлік құқық субъекгісі ретіндегі мемлекеттің негізгі қаржылық қызметі мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Қазынашылығы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мүлікті жөне жекешелендіруді басқару — Қаржы министрлігінің келесі маңызды функциясы. Бүл министрлік (оның тиісті бөлімшелері) Қазақстан Республикасының мүлкіне қатысты мемлекеттің мүдделерін білдіруге жөне Қазақстан Республикасының мемлекепік меншігін (Қазақстан Республикасыньщ ерекше меншіііндегі объектілерден басқа) иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілетіііш жүзеге асыруға уәкілетті орган болын табылады. Өз кезеіінде, Қаржы министрлігі (тиісті бөлімшелері) мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану жөне оған билік ету қүқығын республика аумағындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік оргаңцар мен шаруашылык, жүргізуші субъектілерге бере алады. Қаржы министрлігінің (тиісті бөлімшелерінің) мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану жөне оған билік ету мөселелері бойынша өзінің қүзіреті шегінде қабылдаған шешімдері барлық деңгейдегі басқару органдары мен шаруашынық жүргізуші субъектілер үшін міндетті болып табылады. Қаржы министрлігі (тиісті бөлімшесі) мемлекеттік кәсіпорындар мен үйым-дардағы мүліктің меншік иесінің, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер мүлкіндегі мемлекеттік үлестің өкілеттігін жүзеге асырады.
Қаржы министрлігі (тиісті бөлімшесі) мемлекеттік меншіктің бірден-эір сатушысы ретіндегі Қазақстан Республикасының мүдцелерін білдіруге және оған сату үшін мемлекеттік мүлікке билік ету өкілдігі бар мемлекеттік орган мен барлық деңгейдегі әкімдер берген республикалық жөне коммуналдық меншікке билік ету қүқығын жүзеге асыруға уөкілетті болады. Министрліктің (тиісті бөлімшелерінің) жекешелендіру саласындағы негізіі міндеттері мыналар болып саналады:
— мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі мемлекеггік саясатты жасауға және жүзеге асыруға қатысу;
— мемлекеттің үлесін, акционерлік қоғамдардың уәкілетті органдар сату үшін берген акциялар пакетін олар сатылатын сәтке дейін бас-қаруды қамтамасыз ету, акционерлік қоғамдардың басқару оргаңдарыңда мемлекеттің мүдделерін білдіру;
— сатып алу-сату шарттарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету, жекешелендіру туралы зандарды сақтау жөне т.с.с.
Жекешелендіру бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік секторды азайту — мемлекеттік меншік дамуының бірден-бір болмаса да, негізгі бағыты. Мемлекет өз мүлкіндегі жаңа объектілерге (өндіру, кіріс түсіру, төл алу нәтижесінде) өзінің меншік иесі қүқығын таратады, сондай-ақ әр түрлі мәмілелердің негізінде мүлік сатып алады. Мемлекет меншік иесі ретінде өз мүлкін басқарып, қорғап, иеліктен шығарып қана қой-мастан, соңдай-ақ АК-ның 242-бабында (иесіз заттар), 243-бабында (меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттар), 244-бабында (өз бетімен салынған құрылыс), 245-бабында (олжа), 246бабында (қараусыз жануарлар), 247-бабында (көмбе), 253-бабында (реквизициялау), 254-бабында (тәркілеу), 256-бабында (күтімсіз қалған мөдени және тарихи қазыналарды сатып алу) көзделген негіздер бойынша мүлікке жеке меншік қүқығы (оның ішінде мәжбүрлі) тоқтатылғавда, сондай-ақ езге де жағдайларда меншік иесі болады.
Мүлік мемлекетке мүраға қалу тәртібімен де өтеді. Егер мүра қалдырушы өсиетшде оны мүрагер ретінде көрсеткен болса, мемлекет мүрагерлік қатынастарда тараптардың бірі болып табылады. Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мүрагерлер болмаса не мүрагерлердің ешқайсысының мүра алуға қүқығы болмаса (АК-ның 1045-бабы), не олардың бөрі мүрадан бас тартса (АК-ның 1074-бабы), мүра иесіз қалған деп танылады. Иесіз қалған мүра оның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *