Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі.
Заңды тұлғаның кәсіпкерлік құқықтың негізгі ұйымдастырушылық – құқықтық формалары, олардың құқықтық мінездемесі, айырым белгілері. Шағын кәсіпкерліксубъектілері. Анықтау критерийлері. Ұғым және корпоративтік құқықтық негізгі анықтамалары.
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтык айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады».
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айкындайды: 1) ұйымдаскандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның. ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі кұрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң кұжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен катар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондайак құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарьшда белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалыкқұқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айкындайтын қүжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44бабының 1тармағы 2бөлігіне сәйкес әз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатапен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (косымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтык кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардын тиісті серіктестіктердің міндетгемелері бойынша жауапкершілігі (АКтін 63бабының 1тармағы, 72бабының 1тармағы); 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АКтің 96бабының. 3тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылташының жауапкершілігі (АКтің 44бабының 3тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойыншанегізгі ұйымның (АКтің 94бабының 2тармағының 2нгі бөлігі), сондайақ негізгі шаруашылык серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АКтің 94бабының 2бөлігінің 3тармаш); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АКтің 77бабының 1тармағының 2бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдыкқұқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ІЛІМДЕР (ТЕОРИЯЛАР)
Заңды тұлға азаматтық құкықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде қүрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқык ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда кандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мәнмағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий «мемлекеттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан; «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзіменөзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.
Академик А. В. Венедиктов «ұжым ілімін» алғатартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат» теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихиэкономикалық заңдылығын басшылыкқа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К. Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі», А.А. Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі», Е. А. Сухановтың «мақсатты мүлік» тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға «адамдардың қатысы» жәнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасырын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи «фикция теориясының» негізін қалады. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртьшда оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғаның мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдык фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, «органикалық теорияның» тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның қүрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.
3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы заңьшың 2бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34бабының 2тармағына сәйкес коммерциялык, ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.
Коммерциялың емес ұйым — заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооператаві, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысаныңдағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1)коммерциялык емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (катысушылары) арасыңда бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міңдеттемелік құқығы
жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы
жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап калатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу кұқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандыктан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АКтің 36бабының 4тармағы). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі «коммерциялық емес ұйым» заң қүжаттарында көзделген өзге де нысандарда қүрылуы мүмкін (АКтің 34бабының 3тармағы).
4. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРУ
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылык жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай қүжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды. Азаматтық кодекстің 41бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң кұжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін — меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінін) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін — құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін — жарғы болып табылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның21бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы ушін міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарамақайшылық болған жағданда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың колданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен катынасы үшін мадызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтык кодекстің 41бабының 3тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың кызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда Азаматтык кодекстің 41бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5тармағында камтылған. Жарғының мівдетті шартының тізбесіңде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жүмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара карымқатынастарды және т.б. енгізу қажеттігін міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарамақайшылық туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатыстыболса, құрылтайшы шарты;
2) егер олардың қодданылуы заңды тұлғаның үшіншітұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адаэддар жарғымен танысуға құқылы.
5. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ
ҚАЙТА
ТІРКЕУ
1. Заңды тұлғаларды мемлекетгік тіркеу тәртібі Азаматтык кодекстен баска, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17сәуірде шығарған «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң құші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеудің кұқыктық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот төртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42бабының 6тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1) акционерлік қоғамның жарғылык капиталының және жарияланған жарғылық капиталының’ мөлшері азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік коғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде кайта тіркеледі. Құрылтай қүжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретге заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.