Жүктің көлемін және массасын өлшейтін техникалық құралдар.

Жүктің көлемін және массасын өлшейтін техникалық құралдар.
Жүктердің вагонға тұра келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштерді жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары: жабық қоймаларда жүктерді жылжымалы салмақты өлшеуіштермен өлшенеді, олардың салмақ өлшегіштігі 0,5-тен 3 т-ға дейін және стационарды салмақ өлшегіштер жоғарғы немесе максималды салмақ көтергіштігі 5 т. Жұмысына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарлы, кранды, бункерлы және конвейерлі болып бөлінеді.
Таразылардың түрлері.Вагонды таразы. Электронды вагонды таразылар «Жүк қабылдағыш құрал» ұзындығы 3,5 м-ден 30 м-ге дейін және 100 т-дан 200 т-ға дейін тартылатын жүктерді өлшейді. Тензометрлік вагонды таразылар 50 т-дан 100 т-ға дейін өлшейді, әмбебап вагонды таразылар 4 және 6 ості вагондардың барлық түрін өлшейді. Вагонды таразылар статистикалық өлшеу және қозғалыс типі «Курс» өлшеулері статистикалық вагонды және тележкалы 4 ості, 6 ості және 8 ості теміржол вагондарын өлшеу мен теміржол транспортындағы тасымалданатын жүк массаларын өлшеу үшін қолданады. Берілген вагонды таразылар 100 т-дан 200 т-ға дейін салмаққа ие және 2 режимде өлшеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді: статистикалық және қозғалыстағы вагондарды өлшейді.
Автомобильдік таразы. Автомобильдің толық дұрыс салмағын алу статикада жүзеге асады. Себебі, коммерциялық санақта жүкті статикалық тензометрлік таразыменен өлшеген дұрыс. Автомобильді таразыларды өлшегенде 2 параметрді ескерген дұрыс. ӨҮШ (өлшеудің үлкен шегі) және платформа ұзындығы. Шығарылатын тензометрлі автомобильді Титан типіндегі таразылардың барлық модельдері әр түрлі модификацияға ие және ӨҮШ-да 10 т-дан 400 т-ға дейін платформа ұзындығы 0,8 м-ден 30 м-ге дейін жетеді.
Кранды таразылар ELC-CS: Электронды таразылар ELC — тарту үшін кран қармағына ілетін ілгектен, жоғары дәлді есептегіштен, аналогті сандық жасаушы мен дисплейден тұрады. Жоғары жарықты цифрлы дисплей 5 белгіден 40 мм биіктіктен тұрады. Ол нәтижені үлкен қашықтықтан қиындықсыз оқуға мүмкіндік береді. Кранды таразылар электронды фильтрациялы нәтиже жүйесімен қамтылған, соның септігінен жүктің аздаған тербеліспен толқулардан құтқарады және өлшеу нәтижесін 5 секундтан кешіктірмейді. Таразылар қоректендіруді аз қажет етілуімен батареяны жұмыс ұзақтығымен ерекшеленеді. Заряды толық батарея ЖК дисплейде үздіксіз 100 сағат бойы жұмыс істей алады.
Платформалы таразылар ELC-РS: Платформалы таразылар статистикалық өлшеумен әр түрлі платформада орналасқан жүктерді өлшеу үшін тағайындалған. Электронды платформалы таразылар өлшеуіш платформадан және салмақ өлшегіш құралдан тұрады. Өлшегіш платформа металл платформадан және тензометрлік салмақ өлшегіш көрсеткішінен тұрады. Тензометрлік көрсеткіштен салмақ өлшегіш құралмен қосылатын қораппен жалғасады. Салмақ өлшегіш құралдар 232 интерфейсімен жабдықталған, ол электронды құрылғылармен жалғану, қосылу үшін қажет, (мысалы, ЭЕМ, принтер, электронды тіркеуіш құрылғылар).
Таразылардың құрылымы. Жүктерді тиеу-түсіру кезінде салмақты өлшеу өте маңызды операция болып табылады, өйткені жүктердің сақталуына, тасымалдау кезіндегі істелген мөлшерін темір жол өз жауапкершілігіне алады. Жүктердің вагонға тура келуі, олардың жүк көтергіштігі осы салмақ өлшеуге байланысты. Темір жолдағы салмақ өлшеу шаруашылығы әртүрлі салмақ өлшегіш құрылғылармен жабдықталған. Олар: салмақ өлшеу бақылау құрылғылары, салмақ өлшеуіштердің жұмыс қабілеттілігін тексеретін құрылғылар және оларды жөндеу орындары. Тағайындалуына байланысты салмақ өлшеуіштер вагонды, автомобильді, товарды, кранды, бункерлі және конвейерлі болып бөлінеді. Салмақты өлшеуіштер мен құрылғылар мемлекеттік тексеруден міндетті түрде өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *