Жалпы географиялық жəне тақырыптық карталардың мазмұны
Физикалық географиялық тақырыптық карталардың негіз гі түрлері. Тақырыптық карталар мазмұны мен қызметіне сəй — кес физикалық жəне экономикалық карталарға топтастырылады. Геологиялық карталар аумақтың геологиялық құрылысын жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Онда тау жыныстарының жасы, петрографиялық құрамы, жатыс бағыты ның жағдайы, жер қыртысының құрылысы мен қозғалысы кескінделеді. Меншікті геологиялық карталарда түзетін тау жыныс тарының кешенін жастарына сəйкес біріктіру қағидасын еске ріп, бейнелеу жолымен жер қыртысының құрылысы кескінделеді. Əртүрлі геологиялық кезеңде түзілген тау жыныс тары жасына сай Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде қабыл данған стандартты сапалық түс əдісімен көрсетіледі. Əртүрлі жастағы тау жыныстары бояумен қатар геологиялық жасын, түзілген эрасы мен дəуірін көрсететін əріптік белгілермен бейне ленеді. Кейбір меншікті геолгиялық карталарда магмалық жыныстардың жер бетіне шығып жатқан орындарды арнайы белгімен бөліп көрсетеді. Жарылыс түріндегі əртүрлі тектоникалық бұзылу лар, көтерулер мен ығысулар геологиялық карталарда сызықтық белгілермен беріледі. Ірі масштабты геологиялық карталарда географиялық негіздің элементтерінің ішінде топографиялық картаның масштабына сəйкес жер бедерінің горизонтальдармен кескінделуін көруге болады. Ұсақ масштабты геологиялық карталарда жатыс бағыты мен созылған бағытына сəйкес келетін геологиялық қимасызбалармен ғана шектеледі. Оларда изосызықтар болмайды. Аталған карталарға қарама-қарсы сипатта құрылатын карталар ға геологиялық карталардың ерекше тобы тектоникалық карталар жатады. Ол карталарда жер қыртысы платформалар мен əртүрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға бөлінеді. Екі картада да негізгі кескіндеу əдісі сапалық түс əдісі болып табылады. Жер бедерінің ерекшелігі кескінделетін карталардың қатарына гипсометриялық жəне геоморфологиялық карталар жатады. Гипсометриялық карталарда жер бедері гипсометриялық əдісті қолдана отырып, изогипстің көмегімен кескінделеді.
Аталған карталарда масштаб ұсақ болуына қарамастан жер бедерінің ерекшеліктері жоғары дəлдікпен беріледі. Изогипстің көмегімен жер бедерінің негізгі пішіндері мен түрлері кескінделіп, олардың үйлесімділігі сақталады. Онда жер бетінің ерекшелігі кескінделгенімен, олардың шығу тегі көрсетілмейді. Ол міндетті геоморфологиялық карталар атқарады. Бұл карталар атауын жер бедері туралы ғылымнан алды.
Геоморфологиялық карталарда жер бедерінің сыртқы көрінісі, шығу тегі, жасы, көбінесе, жер бедерін кескіндеудің перспективті жəне сапалық түс əдістерінің көмегімен беріледі. Климаттық карталарда белгілі бір аумақтың климаттық ерекшеліктері көрсетіледі. Онда көбінесе температура, атмосфералық қысым, булану тағы басқа көрсеткіштер климаттық изосызықтармен, сапалық түс əдісімен кескінделеді. Олардың қатарына метеорологиялық құбылыстарды көрсететін изотермалар, изогиеттер, изобарлар, тағы басқалары жатады. Карталарда аумақ ты климаттық аудандастыру кең таралған.
Синоптикалық карталарда жеке диаграмма əдісімен жəне сандық жазулармен метеорологиялық бекеттер торында жүргізілген бақылаулардың нəтижелері кескінделеді. Бұл карталарда атмосфералық қысым, əртүрлі ауа массаларын бір-бірінен бөліп тұрған атмосфералық шептер немесе шекаралар сызықтық шартты белгілермен бейнеленеді.
Синоптикалық карталар кең көлемді аумақтағы атмосфераның төменгі қабатын бақылауға, ауа райын болжауға мүмкіндік беретін негізгі материал болып табылады. Топырақ карталарында жер бетіндегі топырақтың таралу ерекшеліктері сапалық түс əдісімен кескінделеді. Топырақтың əртүрлі типтері мен тип тармақтары таралған аумақтар сол түспен жəне əріптік индекспен көрсетіледі. Кей жағдайда ауылшаруашылық құрылымдарына арнап топырақ түзуші жыныстары берілген агроөнеркəсіптік маңызы бар топырақ типтерінің картасы шығарылады. Онда топырақтың құнарлылығын арттыру жолдары əртүрлі тəсілмен беріледі.
Өсімдіктер (геоботаникалық) картасы. Жер бетіндегі өсімдіктер бірлестіктері кескінделетін жалпы геоботаникалық карталарды құру үшін көбінесе сапалық түс тəсілі қолданылады.
Мұндай карталардың мазмұны өсімдік жамылғысын табиғи жіктеуге негізделіп құрылады. Масштабы біршама ірі ормандардың, батпақтардың сонымен қатар жекелеген өсімдік түрлерінің флоралық карталары да болады. Флоралық карталарда ареал əдісімен өсімдіктердің жеке түрлерінің таралған аумақтары кескінделеді.
Ландшафтық карталарда картаға түсірілетін аумақтағы əртүрлі рангадағы табиғат кешендері көрсетіледі. Аумақты қамтуына, масштабына қарай кескінделетін шағын аумақ қамтылған ландшафтық ауданның картасында жергілікті жердің ландшафтары, қоныстар мен жұрттар, ал ландшафтық облыстың картасында географиялық зоналар тармағы мен зоналар, аудандар, қоныстар кешені кескінделеді. Ландшафтық картаның негізгі мазмұны кəдімгі сапалық түс əдісімен кескінделеді. Сонымен қатар, төменгі деңгейдегі ранга жоғарғы деңгейдегі сияқты түспен бояп, шекарасын жасап, тип тармақтарын əріппен, сандық немесе əріптік индекспен белгілейді.
Халықтың тығыздығының картасы көбінесе жинақталған түрде картограмма əдісімен құрылады. Халықтың елдімекендерде орналасуы белгілеу əдісімен беріледі. Кейде бұл əдіс картограммамен үйлеседі. Бұдан басқа халықтың еңбекпен қамтамасыз етілу картасы да бар. Бұл карталарда халықтың экономикалық қарқынды бөлігінің қоғамдық еңбекке тартылуы немесе халықтың кəсіби құрамы көрсетіледі.
Халықтың орналасуы тұрғындардың санын сипаттайтын елдімекендерді кескіндеумен тығыз байланысты. Сондықтан мұндай мазмұндағы карталар да жоғарыда көрсетілген карталар тобына жатады. Саяси жəне əкімшілік-аумақтық карталар ең кең таралған карталардың қатарына жатады. Онда мемлекеттің аумағы, əкімшілік-аумақтық бөлінісі, шекарасы көрсетіледі. Экономикалық карталарда шаруашылықтың жағдайы мен салалық құрамы кескінделеді. Бұл карталар тобының тақырыбының ауқымы өте кең. Олардың қатарына шаруашылықтың жеке салаларының, экономикалық аудандастыру мен жалпы экономикалық карталар жатады. Соңғысында шаруашылық біртұтас сала ретінде көрсетіледі. Оның өзі топ тармақтарына бөлінеді. Оларға өнеркəсіп, құрылыс, ағаш өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы көлік жəне коммуникация сияқты шаруашылықтың негізгі салаларының карталары жатады. Шаруашылықтың аталған топ тармақтары одан да шағын топшаларға жіктеліп кетуі мүмкін. Атап айтсақ, өнеркəсіп карталары барлық салаларын қамтитын жалпы өнеркəсіптік жəне металлургия, отын-энергетика, машинажасау, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі, тағы басқаларын қамтитын басты өнеркəсіп салаларының картасы болып бөлінеді.
Жалпы экономикалық карталарда өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, жəне көлік кешені кескінделеді, солардың ішінде өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығы жетекші орын алады. Ауыл шаруашылығы əр ауданның маманданған бағыттарының ерекшеліктерін синтетикалық өңдеу арқылы көрсетеді.
Ол үшін картада аудандардың етті-сүтті, сүтті мал шаруашылығы, астық, қант қызылшасын, мақта, көкөніс-бақша дақылдарын өсіру сияқты ауыл шаруашылығының маманданған əртүрлі салаларының шекарасы алдын-ала жүргізіледі. Ауыл шаруашылығының бағыттары картада сапалық түс əдісімен кескінделеді.
Өнеркəсіптің жеке салалары дөңгелек белгілеу түрінде көрсетіледі. Ауыл шаруашылық дақылдарының ареалдары шекарасы пунктирмен көрсетіледі. Əр сала белгілі бір түспен белгіленеді. Бір қалада өнеркəсіптің бірнеше саласы дамыған болса бір белгілеу бірнеше бөлікке бөлініп əртүрлі түспен беріледі. Белгі өлшемі өндіретін өнімнің мөлшері мен бағасын немесе өнеркəсіпті қалада тұратын халықтың санын көрсетеді. Ал белгілердің түсі сол қалада дамыған өнеркəсіп салаларын көрсетеді. Картографияда экономикалық карталардағы өнеркəсіп салаларын көрсететін түстердің шкаласы қолданылады. Егер өнеркəсіпті қалада бір емес бірнеше өндіріс саласы қатар дамыған болса белгілер бірнеше бөліктерге бөлініп қажетті түспен бояйды. Барлық белгілер штрихтау арқылы өнеркəсіптің маңызды жеке салаларын бөліп көрсетеді.
Ауыл шаруашылық салаларының карталарында ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптарының ауданы немесе қандайда бір дақылдың, үй жануарларының түрлерінің таралған ауданы кескінделеді. Бұл карталарда ареал, картограмма, картодиаграмма жəне нүктелік əдістер қолданылады.
Білім беру немесе мəдениеттің карталарында оқу орындары, олардың түрлері, олардағы оқушылардың саны, сауаттылық деңгейі туралы мағұлматтар беріледі. Жұлдызша əдісімен əрбір елдімекендегі мектептердің саны мен түрі белгіленеді.
Тарихи картада тарихи оқиғалар мен құбылыстар кескінделеді. Онда ежелгі мəдениет пен мемлекеттер, тап күресінің тарихы, революциялық мен ұлт-азаттық қозғалыстар бейнеленеді. Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетуде үгіт-насихат карталарының маңызы зор.