Бұрышсызықтық түсірімдер (көзмөлшерлі). Биіктік түсірімдері (геометриялық ниверлирлеу, физикалық нивелирлеу)

Бұрышсызықтық түсірімдер (көзмөлшерлі). Биіктік түсірімдері (геометриялық ниверлирлеу, физикалық нивелирлеу).

Жергілікті жердің топографиялық бетінің биіктік сипатын анықтау мақсатындағы кешенді түсіру жұмыстарын нивелирлеу дейді.
Мемлекеттік жəне түсіру торларының тірек нүктелерінің биіктігін анықтау, жергілікті жердегі түсіру, жол құрылысы, су, газ, мұнай құбырларын, азаматтық жəне өндірістік құрылыстарды салу барысында міндетті түрде нивелирлеу жұмыстары жүргізіледі.
Нивелирлік түсірудің негізгі əдістеріне геометриялық, тригонометриялық жəне барометрлік нивелирлеу жатады.
Нивелирлік түсіру жұмыстарын жүргізу үшін əртүрлі конструкциядағы нивелирлер мен оны орнататын үш аяқты штатив, екі нивелирлік жолақты тақтайша жəне нивелирлік табандар қажет. Қазіргі нивелирлер конструкциясының ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді. Олар цилиндрлі деңгейлі жəне қозғалмалы призмалардың көмегімен нысананы автоматты түрде көлденең түзу жағдайға келтіретін компенсаторлы нивелирлер.
Цилиндрлі деңгейлілер тобына бітеу НВ-1 техникалық нивелирі жатады. Оның көру түтігі мен цилиндрлі деңгейі бірбірімен бітеу бекітілген. Екінші тобына көлбеу бұрыштардың компенсаторы мен лимбасы бар Н-10КЛ нивелирлері жатады.
Екі нүктенің бір-бірінен биіктік айырмасын анықтау үшін бір бекеттен жүргізілетін нивелирлеу қарапайым деп аталады. Бір-бірінен алыс орналасқан немесе салыстырмалы түрде тік бет кейлерде бірнеше бекет құрып, бір нүктеден екінші нүктеге жүр іп барып, нивелирлік өлшеулер жүргізуді кезекті нивелирлеу дей міз. Бір-бірімен байланысатын екі нүктені пикеттер, екі нүктеге де ортақ нивелир орналасқан нүктені бекет деп атайды. Нивелирлік жолды түсіру кезінде өлшеу жұмыстарын жүргізетін жолдың бойына бекет пен пикеттік нүктенің орындарына қазық қағып пикетаж жүргізеді.
Физикалық нивелирлеу теңіз деңгейінен биіктеген сайын атмосфералық қысымның өзгеру заңдылықтарына негізделген. Нивелирлеу барысында атмосфералық қысымды өлшеу мəліметтері бойынша екі нүктенің бір-бірінен өзара биіктігі анықталады, бұл барометрлік нивелирлеу деп аталады. Барометрлік нивелирлеу жергілікті жердегі нүктелердің абсолют тік биіктігін жылдам анықтауға, сонымен қатар таулы аймақтарда жəне өте қатты тілімденген жер бедерін түсіруге мүмкіндік бе ре ді. Метеорологиялық жағдайды ескере отырып, атмосфералық қысым айырмасына сəйкес бір-бірінен онша қашық емес екі нүктенің биіктік айырмасын анықтауға болады. Бұл мақсатта барометрлік биіктік сатыларды немесе биіктік бойынша екі нүктенің метр есебімен алынған арақашықтығы қолданады. Өйткені ауаның сиреуіне сəйкес теңіз деңгейінен əр 10 метр биіктеген сайын атмосфералық қысым 1 мм төмендейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *