Автомобиль көлігінде жүктерді тасымалдаудың жалпы шартары

 

Автомобиль көлігінде жүктерді тасымалдаудың жалпы шартары.
Жүктердің автомобиль тасымалдары — автомобиль жолдары бойынша жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жүктер тасымалдары.
Жүктің автомобиль тасымалы шарттарын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі. Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негізінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға қатысты қосымша қызметтерді орындайды.
Жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелі пунктіне жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті тұлғаға (жүк алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді. Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау шартты тараптарының бірі екінші тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныспен, осындай өтініш үшін негіз болатын себептерді көрсету арқылы хабарласуы мүмкін. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған адресат келіп түскен ұсынысты онкүндік мерзімде қарауы және ұсыныстың қабылданғаны туралы, не оның қабылданбағаны туралы хабарлама жіберуі тиіс.
Тараптар шарттың талаптарын өзгерту туралы немесе оны бұзу туралы келісімге қол жеткізген кезде, шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім де шарттың нысанында жасалады.
Жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі. Жүктерді жүк жөнелтушіден қабылдауды тасымалдаушы тауар-көлік жүкқұжаты мен жүкке ілеспе құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Жүк жөнелтуші автомобиль тиелуге келгенге дейін жүкті тасымалдауға дайындауы (ыдысқа салу, буып-түю, жүк жөнелтушілер бойынша топтау), тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарды, ал қажет жағдайда, жүктер тиелетін орынға өту құқығына арналған рұқсат қағазын дайындауы тиіс.Жүкті жүк жөнелтуші буылып-түйілген, ыдысқа салынған, пломбаланған, таңбаланған түрде, санын, тура салмағын (көлемін) көрсетіп тапсырады.Тасымалдауға тапсырылатын жүктің орамасында бүтіндігін бұзушылықтар немесе жүктің зақымдалған іздері (аққан, жыртылған, майысқан жерлер және тағы басқа) болмауы тиіс.Ыдысты қажет ететін жүктер, оларды тасымалдау кезінде жоғалудан, жетіспеуден, бұзылудан және зақымдалудан сақтау үшін тасымалдауға мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жарамды ыдыспен ұсынылуы тиіс.
Егер тасымалдауға ұсынылатын жүктің ыдысын немесе орамасын сырттай тексеру кезінде жүктің сақталуы үшін қауіп туғызатын кемшіліктер байқалатын болса, онда жүк жөнелтуші тасымалдаушының талап етуі бойынша байқалған кемшіліктерді жояды, жүк жөнелтуші әрекет жасамаған жағдайда тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарына тиісті белгі жасалады. Тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген себептерден туындаған келтірілген зиянды (тасымалдау кезінде жүктің жетіспеуі, бұзылуы және зақымдалуы) тасымалдаушы өтемейді.Автокөлік құралдарымен тасымалдау үшін ресімделмеген жүктер осы Ереженің талаптарына сәйкес тасымалдауға жіберілмейді.Жүк жүк жөнелтуші (жүк алушы) экспедиторының алып баруымен тасымалданатын жағдайларда, соңғысы жүкті жүк жөнелтушінің (жүк алушының) экспедиторы алып бара жатқаны туралы тауар-көлік жүкқұжатында белгі жасайды, сондай-ақ оның тегін, атын және әкесінің атын көрсетеді. Жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде экспедитор немесе экспедитор-жүргізуші жүк жөнелтушіге жеке басын куәландыратын құжат пен тасымалдаушы растаған жолдама парақты көрсетеді.
Тауар сипаты жоқ жүктердің саны жүк жөнелтуші (жүк алушы) тасымалдаушымен бірге жасаған өлшеу актілері немесе таразыға тарту актілері бойынша белгіленеді. Топырақты тасымалдау кезінде оның мөлшерін белгілеу геодезиялық өлшеу арқылы жүргізілуі мүмкін.
Таразыға тарту актісі 5-10 автокөлік құралдарының бақылау өлшенуі негізінде жасалады, содан кейін тиісті маркалы бір автокөлік құралындағы жүктің орташа салмағы белгіленеді.
Жүктің мөлшерін геодезиялық өлшеу арқылы белгілеу кезінде жүктің жалпы салмағы геодезиялық өлшеудің көлемдік көрсеткіштерін зертханалық әдіспен анықталған жүктің жалпы салмағына көбейту арқылы белгіленеді.
Жүктің сипаты өзгерген немесе басқа тасымалдау жағдайлары кезінде жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының, тасымалдаушысының талабы бойынша жүктің жаңа бақылау өлшенуі немесе көлемдік салмағын белгілеу жүргізіледі.
Тасымалдаушы барлық жағдайларда тасымалданатын тауар сипаты жоқ жүктердің мөлшерін немесе салмағын қосымша тексеруді талап етуі мүмкін. Тексеру нәтижелері тауар-көлік жүкқұжатына жазылуы тиіс.
Жүктерді таңбалау тәртібі. Жүктерді ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктерді ұсақ жөнелтімдермен тапсыру кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк орнын мемлекеттік стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиіс. Таңбада:
1. жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы;
2. бару орны мен пункті;
3. жүк бірлігінің салмағы (брутто және нетто) көрсетілуі тиіс.
Тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жүкті тапсыру кезінде жүк жөнелтуші барлық багаж орындарына: «ҮСТІ», «ШЫНЫ», «АБАЙЛАҢЫЗ», «ТӨҢКЕРІЛМЕСІН», «СУЫҚҚА ТӨЗІМСІЗ» деген арнайы таңба қоюы; жүкке арналған құжаттар буылып-түйілген орындарды «ҚҰЖАТТАР» деген арнайы таңбамен белгілеуі тиіс. Жапсырмаларға таңба төмендегідей тәсілдердің бірімен қойылуы тиіс:
1) типографиялық;
2) машинкамен басу;
3) трафарет бойынша штемпельдеу;
4) жаншу.
Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желіммен бекітілуі тиіс.
Матадан жасалған жапсырмалар тігілуі тиіс.
Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұрандашегелермен, шегелермен бекітілуі тиіс.
Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшіктерге қағуға рұқсат етілмейді.
Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекітуге, басқа бекіту тәсілі мүмкін болмағанда рұқсат етіледі.
Металл шыбықтар, құбырлар, қолайсыз немесе ұзын саптары бар сайман және тағы басқа сияқты жүктерді бірнеше жүк алушының атына тасымалдау кезінде, майлы бояумен шеттерін бояу арқылы таңба жасауға рұқсат етіледі, ол бойынша олардың бір партияға жататынын оңай анықтауға болады.
Жүктерді пломбалау тәртібі.Бір жүк алушыға баратын тиелген жабық жүк автомобильдерін, тіркемелерді, автокөлік құралдарының жеке секцияларын, контейнерлерді және цистерналарды жүк жөнелтуші пломбалауы тиіс, ал жәшіктердегі, қораптардағы және басқа ыдыстағы майда даралы тауарларды пломбаланбаған автокөлік құралымен немесе контейнерлермен тасымалдау кезінде пломбалануы немесе бандерольденуі тиіс.Жүкті пломбалау кезінде тауар-көлік жүкқұжатында пломбаның бар екенін көрсетіп белгі жасалады.Бірнеше мекен-жай бойынша тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету үшін фургон-шанақтың ішіне тасымалдаушы шанақты жеке пломбаланатын секцияларға бөлуге мүмкіндік беретін қоршаулар орнатуы мүмкін. Жүк жөнелтушінің пломбаларында жүк жөнелтушінің қысқартылған атауы және бақылау белгілері (сауда белгілері немесе қысқыштың нөмірлері) болуы тиіс.
Тасымалдаушы пломбалаған кезде, пломбаларда тасымалдаушының атауы және қысқыштардың нөмірі болуы тиіс.
Пломбалар:
1) фургондарда немесе автокөлік құралдың секцияларында — барлық есіктерге бір пломбадан;
2) контейнерлерде — есіктерге бір пломбадан;
3) цистерналарда — люктің қақпағы мен құйып алу саңылауына бір пломбадан;
4) жүк орнында — бірден төрт пломбаға дейін жиектеу жолақтарының немесе басқа байлау материалдарының түйіскен нүктелеріне ілінеді.
Пломбалау кезінде есік жапсырмасының (цистерна қалпағының қақпағы) көзі мен пломбаның арасында пайда болған ілгек 25 мм аспауы тиіс.
Пломбалар бедері екі жағынан анық және айқын шығатындай, ал сымды пломбадан суыруға болмайтындай етіп қысылады. Қысқышпен қысылғаннан кейін әрбір пломба мұқият тексерілуі тиіс және ақау табылған жағдайда (қысқыш таңбалары сандарының анық еместігі, таңбалардың кесілуі және тағы басқа) басқасымен ауыстырылады.
Тасымал құжаттарын ресімдеу. Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделуі тиіс, ал үйіп (бос) тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін.
Автокөлік құралдарды уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен жасалады) автокөлік құралдың жүрісін және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында болған уақытын, жүргізушінің түскі үзіліс уақытын шегеріп жолдама парақта N 4-п нысаны бойынша жазумен ресімделеді (5-қосымша).
Автокөлік құралдарды, олардың жұмысын кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшін жасалады) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама параққа N 4-с нысан бойынша жазуымен ресімделеді.
Жүктің берілуі. Тасымалдаушы бару пунктінде жүкті тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген жүк алушыға береді. Жүк жөнелтуші жүк алушыны келесі жүктің әкелетіні туралы хабардар етеді.
Жүк алушы жүктің қабылдануын және жүк алушының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін келген автокөлік құралдарының түсірілуін қамтамасыз етеді. Тасымалдаушының жүктерді бару пунктінде жүк алушыға салмағы және орындар саны бойынша беруі, жүк жөнелтушіден жүкті қабылдаған тәртіппен жүргізіледі (таразыға тарту, өлшеу, орындарды санау және т.б.).
Жарамды автокөлік құралдарда, автокөлік құралының жеке секцияларында, контейнерлерде және цистерналарда жүк жөнелтушінің зақымдалмаған пломбаларымен келген жүктер жүк алушыға жүктің салмағы мен жай-күйі және жүк орындарының саны тексерілмей беріледі.
Топырақты үйіндіге, қарды және басқа, олар бойынша қоймалық есеп жүргізілмейтін жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдаушылар шарттың талаптары бойынша жүкті жүк алушыға тапсырудан босатылуы мүмкін.Жүктің мөлшерін таразыға тарту арқылы анықтаған кезде, жүктің жүк жөнелтушілердің тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген салмағы мен жүктің нақты салмағы арасындағы айырмашылық:
1) жүк салмағының табиғи азаю нормасынан;
2) таразы көрсеткіштеріндегі айырмашылық нормасынан немесе жүкті өлшеу дәлдігі нормасынан аспауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *