Авиациялық тарифтер. Конвенциялар және азаматық авиацияның халықаралық ұйымдары.

 

Авиациялық тарифтер. Конвенциялар және азаматық авиацияның халықаралық ұйымдары.
Көлік тарифі – көлік қызметі үшін төленетін төлемақы мөлшерінің жүйесі. Ол темір жол, теңіз, өзен, автомобиль және әуе көлігімен тасымалдауда қолданылады. Темір жол-мен жүк тасымалдауға арналған Көлік тарифі тасымал қашықтығын, жылжымалы құрамның тұрпатын, жөнелтілетін жүктің мөлшерін ескере отырып жасалады. Көлік тарифінің деңгейі тасымалдыңқашықтығына (км есебімен), вагонға тиелген жүктің салмағына (тонна есебімен) қарай сараланады. Темір жол. көлігінде мемл. тарифтермен қатар, прейскурантта көзделгендегіден гөрі неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсетілетіні үшін (жеткізілу мерзіміне, вагондардың жаңа тұрпаттарына, т.б. қарай) еркін (нарықтық) тарифтер де қолданылады. Көлік тарифіқұрылымына қарай: 1) вагондармен (әмбебап және арнаулы вагондармен); 2) ұсақ жөнелтімдер тәртібімен; 3) контейнерлермен жөнелтілгені үшін төленетін төлемақылар болып, төлемнің негізгі үш түріне бөлінеді. Теңіз тасымалындағы Көлік тарифіпароход кәсіпшілігі және теңіз айдындары бойынша сараланған. Онда табиғат-климат факторлары, теңіз қатынасы маусымының мерзімі және флоттың мамандандырылуы ескеріледі. Әуе көлігіндегі тариф тасымал қашықтығы мен тарифтік класқа қарай, ал, автомобиль көлігінде тарифтік тәсімдерді ескере отырып белгіленген. Әуе және автомобиль көлігінде тарифтер тараптардың уағдаласуы бойынша, табыстың шекті нормасын ескере отырып белгіленеді. Қала маңына қатынайтын Темір жол. көлігімен, автомобиль көлігімен тасымалдауда, жергілікті әуе желілерінде, жергілікті өзен көлігі тасымалында Көлік тарифін реттеу құқығы жергілікті атқарушы билік органдарына берілген.
Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ӘКХА)- барлық халықаралық әуе тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. Ассоциация үкіметтік емес ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан. Женева қаласы- Ұйымның Еуропалық орталығы. ӘКХА-ның әлем бойынша 100-ден аса өкілдігі бар.
Алғаш рет ұйымның негізі 1919 жылы 28 тамызда Гаага қаласында қаланған. ІІ дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін, 1945 жылы Гавана қаласында ұйым қайта құрылған. ӘКХА – халықаралық рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы болып табылады. Оның басты қызметі – халықаралық коммерциялық авиациялық хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ережелер мен тәртіптерді енгізу және халықаралық маршруттарда жолаушылар авиатасымалдарына келісімді тарифтерді орнату.
ӘКХА қызметі 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
a) халықаралық сұраныстарды құрастыру және азаматтық авиация саласында әуе тасымалдаушыларына кеңес беру;
b) Ұйымға мүше әуе компанияларына мүмкіндігінше барлық қызметтерді көрсету;
c) Жаңа технологиялар енгізілген жағдайда әуе компаниясының қызметкерлеріне олардың жұмыс істеу технологиясын түсіндіру;
ӘКХА –ның жоғарғы органы – президент және атқарушы комитет сайланатын-жыл сайынғы Бас Ассамблея болып табылады.
ӘКХА мақсаты – Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ICAO) жүргізіп отырған саясатты жүзеге асыру.
ӘКХА әуе тораптары маршруттарының әртүрлі комбинацияларын пайдалана отырып, бір елден екінші елге адамдарды, пошталарды және жүктерді жеткізуге әрекет жасайды. ӘКХА көліктік конференциясында тек билеттерге қатысты ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк құжаттарына да қатысты резолюциялар қабылданады. Бұл резолюциялар есептеу процедураларын реттей отырып, брондауды тез жүргізуге және әуе компанияларының арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Соған қоса, ұйым тарифтер мен маршруттардың қатаң тізімін жасаған. Сол арқылы көптеген жеке әуекомпанияларға тиесілі әуе трассалары бір жүйеге келтірілді.
Тарифтерді орнату — ӘКХА жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Ұйымға мүше барлық әуекомпаниялар арасында келісілген тарифтерді белгілеу қажеттілігі – бір жағынан саясат, бір жағынан тәжіребие болып табылады, себебі, халықаралық әуекомпаниялардың тарифтері әуекомпанияның егесі болып табылатын мемлекет үкіметімен бақыланып отырады. Әрбір ел — өзінің әуе кеңістігінің иесі болғандықтан, өз территориясына кіруге рұқсат етуіне немесе тыйым салуына және өзіне ыңғайлы шарттарды қоюына болады.
Ұйымға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қандай әуе тасымалдаушысына өз территориясында қызмет етуге рұқсат беру өздеріне тиімді болатынын шешкеннен кейін, ӘКХА конференциясы өтеді. ӘКХА көліктік конференциялары оған мүше мемлекеттер үшін өте маңызды. Ассоциация қойған барлық ережелер ұйымға мүше-мемлекеттер басшыларымен расталуы міндетті болып табылады.
ӘКХА өз қызметі аясында бүкіл жер шарының аумағын 3 үлкен аймаққа немесе конференцияға бөліп қарастырады, сонымен бірге әр аймақтың өз ішінде және аймақтар арасында келісілген тарифтерді және көрсетілетін қызметтерге қойылатын стандарттарды реттеп отырады:
I. Солтүстік және Онтүстік Америка, Тынық мұхитының батыс бөлігі;
II. Еуропа, Африка және Таяу Шығыс;
III. Азия, Австралия және Тынық мұхитының шығыс бөлігі.
ӘКХА құрамына әлем бойынша халықаралық әуе сапарларын жасайтын 265 әуекомпания кіреді. Халықаралық тұрақты хабарламалардың 95 %-на жуығы осы әуекомпанияларының үлесіне тиесілі.
ӘКХА – ның мүшесі және конференцияның қатысушысы болу үшін, мүшелікке талаптанған әуе компаниясында оның тасымал жүйесі үнемі жүргізіліп тұрғандығын растайтын Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) мүше бола алатын мемлекет үкіметі ғана бере алатын сертификат болуы керек. ӘКХА (IATA) Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) мүше болып табылады.
Туристік агенттіктерді аккредитациялау қызметін Ассоциация ішінде Жолаушылар қызметінің корпорациясы (Passenger Network Services Corporation – PNS) атқарады.
Туристік агенттіктер ӘКХА қызметіне оның арнайы бөлімшесі – Әуекомпаниялары агенттерінің халықаралық ұйымы (International Airlines Travel Agents Network -IATAN) арқылы қатысады. Аккредитация процедурасынан өткен және тиісті талаптарға сәйкес келетін әрбір турагенттікке – әуе компаниясымен және саланың басқада қатысушыларымен есеп айырысуды жүзеге асырғанда визиттік картаның қызметін атқаратын белгілі бір номер беріледі.
ӘАХҰ (IATAN) туристік агенттіктер мен ӘКХА-ға мүше әуе компанияларының арасында байланыс орнатушы қызметін атқарады және халықаралық әуе рейстеріне билеттер сататын туристік агенттіктерге қатысты бірегей қаржылық ереженің, қызмет көрсету стандарттары мен ережелерінің сақталуын бақылап отырады.
Билет жолаушыны әуеде тасымалдау келісімі мен шарттары жасалғанын растайтын, атаулы шартты құжат болып табылады. Жолаушы Тасымалдаушы немесе оның агенті тиісті дәрежеде толтырып берген жарамды билеті болғанда ғана тасымалдауға жіберіледі.
Жолаушы, егер ол көрсеткен билетте Тасымалдаушы немесе оның агентінен басқа адамдар енгізген түзетулер немесе өзгерістер болса тасымалдауға жіберілмейді. Билет онда көрсетілген қызмет бағыты мен класы бойынша, жолаушы мен оның багажын жіберу пунктінен жету пунктіне дейін тасымалдау үшін жарамды болып табылады. Әрбір ұшу купоны немесе тексеру талоны жолаушы мен оның багажын брондалған орынға, онда көрсетілген бағыт участогы, қызмет көрсету класы, күні мен рейсі бойынша ғана жарамды. Егер билет брондау белгісінсіз (ұшудың ашық қалдырған күнімен) берілсе,онда орын жолаушы тілегіне сәйкес, сұрау салынған рейсте бос орындарының болуына қарай брондалады. Билет сатылған жері мен күні оның барлық купондарында көрсетілуі тиіс.
Қалыпты тариф бойынша ашық ұшу күнімен тасымалдауға берілген билет, жолаушылар мен оның багажын тасымалдау үшін, тасымал басталған күннен бастап жарамды, ал егер бірде бір ұшу купоны пайдаланылмаса, онда билет берілген күннен бастап және онда Тасымалдаушы немесе оның өкілі рейстің ұшу күні мен нөмірін қойғаннан кейін ұшуға хақысы бар.
Арнайы тариф бойынша тасымалдауға берілген билет осы тарифты қолдану ережелері белгіленген мерзімде ғана жолаушы оның багажын тасымалдауға жарамды.
Билеттің жарамдылық мерзімі, егер жолаушы мына жағдайларда билет жарамдылығы мерзімі ішінде ұша алмай қалса, бастапқыда төленген тарифке сәйкес келетін сол қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар, Тасымалдаушының ең жақын рейсіне дейін ұзартылады:
1) билетте көрсетілген рейсті кейінге қалдыру немесе кешігу;
2) билетте көрсетілген әуежайда әуе кемесі қона алмаса;
3) жолаушыға билетінде көрсетілген рейс пен күнінде орын тауып бере алмау себебінен, жібере алмау;
4) рейсті орындамаған әуе кемесінің жіберу әуежайына қайтып оралуы;
5) жолаушы жолай қонуға тиіс әуежайға келетін әуе кемесінің кешігу немесе рейсті кейінге қалдыру себебінен, билетте көрсетілген, рейспен жолай қону әуежайынан жолаушының жібермеуі;
6) ұшу кестесінде көрсетілген әуе кемесі типінің өзгертілуі;
7) билетте көрсетілген қызмет ету класы ұсынылмаса;
8) әуе кемесі амалсыз қону себебінен рейстік үзіліс жасайды;
9) жолаушының немесе әуе кемесінде бірге ұшуға тиіс отбасы мүшесінің ауырып қалуы;
10) Тасымалдаушы билетті дұрыс толтырмауы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *