
«Тәуелсіз Қазақстан» ертеңгілік
Мақсаты: Балаларды өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Балалар музыка әуенімен музыка залына кіріп белгіленген орындарына тұрады
Сахнаға жүргізуші шығады
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Жұлдыз» шағын орталығының «Тәуелсіз Қазақстан» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады
Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларға берейік. Ортаға тәуелсіздік туралы тақпақтарын оқуға балаларды шақырамыз.
Алтынай:
Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән мен күй жырымыз.
Азиза:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігін бөлеп тербеткен,
Отаным Қазақстаным.
Ислам:
Отан менің ата-анам,
Отан досым бауырым.
Отан өлкем бауырым,
Отан туған ауылым.
Алинур:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың ,елдігің.
Ән: «Тәуелсіздің ұланымыз»
Жүргізуші: Балалар рәміздерге байланысты тақпақтарын айтайайық.
Алтынай:
Елтаңбасы елмнің,
Неткен әйбәт елімнің.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Сара:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Балнұр:
Анаң сенің жүрегің,
Әкең сенің тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың.
Би «Жаса Қазақстан»
Бүркіт:
Тәуелсіздік тірегім,
Тәуелсіздік тілегім.
Ертеңі деп елімнің
Дүрсілдейді жүрегім.
Ортаға ұлттық ойынымыз «Қол күреске» шақырамыз.
Әмір:
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір, —
О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!
Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!
Осымен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты «шағын ертеңгілігіліміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Тасыбаева Рымгуль Манаповна