ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ШАҚЫРУ ИЕДЯСЫНЫҢ ТУЫНДАУЫ, ЖҮЗЕГІ АСУЫ
Қ.Т.БАЙЖИЕНОВА — Қазақстан тарихы кафедрасыны аға оқытушы,
«Астана медицина университеті» А
Кез келген халық егемендікке қол жеткізгеннен кейін, оны сақтап қалуға қажетті мемлекеттік құрылымды нығайтып, ең басты құндылықтарды қалпына келтіруді, қолға алары сөзсіз. Қазақстан мемлекеті үшін де тəуелсіздігін алғаннан кейінгі ең өзекті мəселе осы тəуелсіздікті сақтап қалудың тетігі бола алатын құндылықтарды айқындау болды. Ол үшін бірінші кезекте Қазақстан Республикасында өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстардың татулығын, береке бірлігін сақтау, барлық ұлттарды тең көру, олардың өз тілдерін, мəдениеттерін, салт-дəстүрлерін сақтап қалуына жағдай жасау мəселесі тұрса, екінші кезекте мемлекеттің негізіне айналған байырғы, негізгі ұлт — қазақтардың мүддесін қорғау, кеңестік кезде нақты болмысынан айрылып қалған, дінін, тілін, жоғалтып мəңгүрттене бастаған халықтың рухын көтеру боды. Тек кеңестік дəуірдегі отаршылдық саясаты ғана емес, дүниежүзілік сипаттағы əлеуметтік кеңестің біртұтас интеграциясы жаһандану үрдісінің одан бетер үдете түскен бүгінгі дəуірде ұлтымыз өзіндік этникалық келбетін жоғалтпай, рухын биік ұстап, ұлттық болмысын толықтай қалпына келтіру жолында іс қимылдарды күшейтудің маңызы зор екені анық. Мұндай мақсатқа қол жеткізудің ішкі мүмкіндігі ұлттық идеологияны қалыптастырып, халқымыздың рухын көтеру, ұлттық табиғи өсімін жеделдететін демографиялық жағдайлар жасау, шаралар белгілеу, маңызын жоғалтып бара жатқан тілін, дінін, ділін, əдет-ғұрпын қалпына келтіру, ол үшін мемлекеттік тіл мəртебесін көтерумен қатар сыртқы мүмкіндік қазақ диаспорасын өзіне тарту болды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы дүниенің əр түпкіріне тарыдай шашылып кеткен қандастарына өз есігін айқара ашып, «Қайт, қазақ,
Отаныңа!»,- деп Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі бастап жар салды [1, 2.]
Бүгінгі күнге дейін шетелдегі қазақтар, əсіресе, Қытайдағы, Түркиядағы, Монғолиядағы, Ауғанстандағы, Ирандағы қазақтар атажұртын, ондағы қалған ағайындарды бір көруге зар болып келген еді. Сондықтан да, шетелдегі қазақтардың да аңсары Қазақстанға ауған болатын.
Шетелдегі қандастарымыздың тарихи отанына шақырылуы біріншіден, Тəуелсіз Қазақстанның адам факторы, ұлт мəселесі, экономикалық қуатты мемлекет болу үшін адам ресурстары тапшылығының болдырмауы жолы болса, екіншіден, тағдырдың тəлкегімен əлемнің əр шалғайына шашылған қандастарымызға қамқорлық жасау идеясы болды. Бұл Елбасы идеясынан туындаған, бұл егеменді елге, оның шетте жүрген өкілдеріне деген əділділікті қалпына келтіру болып табылатындығында сөз жоқ.
Бұл ретте ұлтымызды сақтап қалудың ішкі мүмкіндігі бірінші орында тұруы заңдылық. Əрине, соңғы 300 жылға жалғасқан отарлау саясаты, 70 жыл санамызды улаған кеңестік коммунистік иделогия қазақ халқының ұлттық рухын, əдет-ғұрпын, тілі мен дінін санамыздан өшіру үшін барлық шара қолдансада дегеніне жете алмады. Ғасырларға жалғасқан отаршылық саясат заманында да халқымыздың ұлттық рухы өлген жоқ. Өзгеге тəуелді болса да, атажұртында отырған қабырғасы қалың ел күні ертең бар қазақтың басы қосылып, тəуелсіз тұрғыдан бір шаңырақ астына жиналатын күннің туарына сенді.
Дегенмен, идеологияның көзге көрінбейтін темір шымылдығы шетелдегі қандастарымызбен еркін араласуға мүмкіндік бермек түгілі, қатаң тыйым салса да, халықтың зиялы тобы алыстағы ағайындардан қолдарын біржолата үзіп, көз жазып қалмады. Соның бір көрінісі шетелдегі қазақ диаспорасымен ақпараттық азын-аулақ байланыс жасау еді. Сондықтан шетелде тұрып жатқан қазақтарды Қазақтанға шақыру туралы тəуелсіздіктен кейінгі туындаған идеяның түп тамыры кеңестік кезеңнен бастау алды. Оған дəлел, қайда да мемлекеттің «төртінші билігі» болып табылатын (бейресми түрде) баспасөздің ықпалы тоталитарлық Кеңестер Одағы кезінде де белгілі бір үстемдік дəрежеде болған. Бұл ретте қазақ баспасөзі, əуелгі кезде, біртіндеп құрып бара жатқан қазақ тілін қорғауға өзінің зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы шетелдегі қандастардына қазақ тілінде шығатын газет-журналдарын тарата алды. Бірақ, бұл кезеңдегі баспасөз коммунистік идеяны дəріптеді. Бұл тұста жалпы кеңестік баспасөзбен бірдей қазақ баспасөзі де «Таптық-партиялық методология мəселесінің зерттеу нысанын да, тарихи деректі де өз саясаты мен идеологиясына икемдеп отырғандықтан коммунистік партияның «қызыл сызығынан» асып пікір білдіру мүмкіндігі болмады» [2,54 б.]. Алайда, қазақтың ұлттық болмысын партия саясатына икемдеп, асыра мақтауын шетелдегі қазақ диаспорасы шындық деп ұқты. Сондықтан да Қазақстан қазақтарының тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру салтын асыра сілтеп мақтағандықтан, шетелдегі қазақтарға қазақтардың Отаны бар, ол Қазақстан, əрі ұлттың бітім болмысын толық сақтап келеді деген ұғым туғызды. Ол өз кезегінде патриоттық сезімге айналып жатты. Кеңес заманында қазақ баспасөзі арқылы сана-сезімі қалыптасқандықтан шетелдегі қандастарымыз, Қазақстан тəуелсіздігін алды дегенді ести сала, ақ жүрек, адал ниеттерімен бірден атажұртқа шақыруды күтіп, көш бастауды асыға күтті. Əсіресе, 1990 жылы Қазақстан егемендігін жариялай сала тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алыста жүрген ағайындарға ақ тілек»[3,1 б.] — деген хаты жарыққа шықты. Бұл бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған оқиға еді. Сөйтіп, шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отанына шақыру идеясы Елбасының бастауымен қолға алына бастады.
Осылайша, кеңестік дəуірден тамырын үзбей жалғасқан ұлт болып ұю, бір шаңырақ астына топтасу идеясы еліміздің тəуелсіздік алған соң шетелде тұрып жатқан қазақтарды Қазақстанға шақыруна негіз болды. Бұл тұста ел билігін өз қолында ұстаған Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қазақ диаспорасында өмір сүріп жатқан қандастарымыздың тарихын терең білетіндігін, бүгінгі жай-күйіне қанық екендігін танытты. Ол «Қазақтар бет-бетімен тартылып, бір халық, бір ұлт, бір ел екенін атымен ұмытқандай күйге жетті. Жер бетінде отаршылық көрмеген халық кемде кем болғанмен, бір ғасырда осыншама көп реформаға ілініп, тоз-тоз болып тəлкекке ұшыраған халық ешқайда жоқ шығар?» [4,1 б.] — деп туған халқының бастан кешкен нəубаттаріне шынымен қабырғасы қайысып, қайғыратынын əртүрлі мəнерде сөйлеген сөзінде ұлт өкілдері алдында ашық айтты. Тек өз елімізбен шектелмей, қазақтар тұратын мемлекеттерге жасаған ресми сапарларында сол елдердің басшыларына қазақ диаспорасының қал-жағдайына көңіл бөлуді, Қазақстанмен байланыс жасауды, тіпті байырғы отанына ораламын деушілерге кедергі келтірмеуді тапсырып, олардың да оң жауабын ала білді. Мұндай жебеуге арқа сүйенген ұлтжанды азаматтар Қазақстан көлемінде де, шетелдегі қандастарымыз ортасынан да табылып, Н.Ə.Назарбаевтың идеясын іске асыруға кірісті.
1992 жылдың басында Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назрбаевтың шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған «Алыста жүрген ағайындарға ақ тілек»[4, 2.б.] — деген əйгілі хаты əуелі шетелдегі хабар тарату радиодан үндеу ретінде таратылып, ертеңіне бірқатар қазақ газеттерінде жарияланды. Хатта тəуелсіздікке жеткен күн қазақ елі үшін алтын əріппен жазылып қалатыны, еліміздің саяси ұстанымының жаңаша сипат алғанын, тəуелсіздік арқасында тарихи тұлғаларымыз — Абылайға, Қабанбайға, Бөгенбайға, Төле биге, Исатайға, Махамбетке, Сыпатайға ас беріліп, бүкілхалықтық құрмет көрсетіліп, жоғалып бара жатқан салт-дəстүрлеріміз қайта жаңғырғанын айта келіп, шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи отандарына шақырып былайша үндеу тастады: «Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған, Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба?»- деген сұрақта алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. «Туған жердің түтіні ыстық», — дейді халқымыз. Сондықтан атамекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. «Ата-баба аруағы алдары-ңыздан жарылқасын!», — деп жазды. Атажұрқа ораламын деушілерге əрқашанда ниетіміз түзулігін білдірді. Сонымен бірге бұл хат өз халқымыздың да, шетелдегі қандастарымыздың да ұлттық, ұлысым деген ой санасын оятты, рухын көтерді.
Жер жерде шет елдегі қандастарымызды ата-жұртына шақыру идеясы өріс алып, қоғам-дық ұйымдар құрылды. Басқа да мүмкіндіктерді пайдаланып, қандастарымызбен қарым-қатынас күшейді. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам құқығы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан үкіметі «Басқа республикалардан жəне шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тəртібі мен шарттары» туралы арнайы қаулы қабылдады.
Дегенмен, бұрын да қандастарымыз легімен атажұртқа оралған ұлы көш болғанын білеміз. Ол 1950-1960 жылдардың басында Қытай қазақтарының түрлі қысымға шыдамай, Қазақстан шекарасын асып үдере көшуі еді, 200 мыңнан астам қандастарымыз атажұртына қайта оралған бұл көш «Ұлы көш» ретінде тарихта қалғаны белгілі. Енді міне тарихтың тағы бір толқынымен екінші «Ұлы көш» басталатын мүмкіндік пайда болып, тек қозғаушы күштің іске кірісуін күтіп тұр еді. Əрине, қозғаушы күш Қазақстан мемлекеті, оның алысты болжар басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев болды.
Алыстағы ағайындарды атажұртқа шақыру жалпы халықтық қолдау тауып, мұнан соң «Дүниежүзілік қазақтары қауымдастығы» құрылды. Іштегі, сырттағы қазақтардың санасын дүр сілкіндіріп оятқан осындай оқиғалардан кейін Дүниежүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайы 1992 жылы 29 қыркүйекте шақырылды. Оның мақсаты қазақ деген халықтың сан ғасырдан соң тəуелсіздігін жариялап ешкімге көз алартпайтын бейбіт қатар өмір сүруді мұрат еткен, Қазақстан атты дербес, егеменді мемлекет құрғанын əлемнің 40-тай еліне тарыдай шашылып кеткен қазақ этностарының назарына толық іліндіру, атажұртқа ораламын деушілерге Қазақстанның əркезде есігі ашық екендігін жеткізу, осы саладағы Қазақстан Республикасының ұстанған бағыт-бағдарын айқындау болды. Мұндай батыл бастама, игілікті шара жер иесі, ел иесі жергілікті байырғы ұлт — қазақтардың да, əлемнің əр түкпіріндегі қазақ диаспорасындағы қандастарымыздың да рухын көтерді, ширақ қадам танытуға мұрындық болды.
Ал, Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы, араға 10 жыл салып барып 2002 жылдың
23-24 қыркүйегінде Түркістан қаласында болып өткені белгілі. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Н.Ə.Назарбаев сөз сөйлеп, Қазақстанның соңғы 10 жылда жеткен жетістіктері мен келешегі, шетелдегі қандастарымызбен байланысын тереңдету жолында қолға алынып отырған игі шаралар жөніндегі істерге толығынан тоқталды. Баяндамада шетелдерде тұратын қазақ-тардың негізгі топтарын атап айтқанда Қытайда, Монғолияда, Өзбекстанда, Ресейде тұратын қазақтардың ерекшелігіне тоқтала келіп, əрқайсындағы өзекті мəселелерді қозғады.
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев мəселенің ең бастысы, əр елдегі дүниежүзі қазақтарының дамуына, қазақтардың əртүрлі əліпби қолданып отырғаны қарым-қатынасқа, атажұртына оралған қандастарымыздың жаңа ортаға тез сіңісіп кетуіне, жұмыс-қызметке орналасуына кедергі келтіріп отырғанын мəселелерді ерекше атады. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарынан жыл сайын арнайы квота бөлінетінін, олардың ата-мекенде қалып, білім алуының, белгілі бір мамандықты игерудің барлық мүмкіндіктерін, жолдарын қарастырып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар шетелдегі диаспоралармен байланыс туралы ғана емес, байырғы Отанына ораламын дейтін қандастарымызға жасалатын қолдау, көмек, қамқорлық жайлы да атап көрсетті. Елбасы «Аман болсақ біздің елге оралған қандастарымызға Германия мен Израильдей көмек жасармыз. Оған да жетерміз, қазір істеп жатқандарымыз осы істің баста-масы деп саналу керек»,- деді. [5, 2 б.].
Енді 2005 жылы 29 қыркүйекте Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайында бас қосуға қатысқан жалпы өкілдер əлем халықтарының бірлесуінің биік белесі болды деп бағалағаны белгілі. Əрине, Қазақстан бүгінде əлемнің əр түкпіріне тарап кеткен қандастарымызды тарихи отанына оралуымен жүйелі айналысып, мемлекеттен əр жыл сайын қомақты қаржы бөліп отырғаны еліміздің экономикалық зор мүмкіндігі мен Елбасының тікелей басшылығының ұлт тағдырына айрықша көңіл бөліп отырғанының нəтижесі екені шынайы шындық болмақ.
Былғы жылдың 25 мамырында Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Елбасы-Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы басталды. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының соңғы бес жылда атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттері айқындалатын болады. Құрылтайға əлемнің таяу жəне алыс шетелдерінен, барлығы 35 мемлекеттен 380 делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкілдер қатысуда. 700-ге жуық делегаттың қатарында шығармашылық, ғылым, педагогика, зияткерлік, бизнес, спорт, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
IV Құрылтайдың басты ерекшелігі – ел тəуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатқандығында. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі – оған жастар көп келіп отыр, бұған дейінгі басқосуларға қарағанда бұл жолы Қазақстандағы жəне басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көшбасшылары көптеп келіп отыр. Делегат-тардың 60 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Бүгінде əлемнің əр қиырындағы 40 шақты елінде 5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Отандастарымыздың 1 миллионнан астамы Ресейде өмір сүріп жатса, Өзбекстан елінде 1,5 миллион қазақ бар. Дəл осыншама қазақ Қытайда ғұмыр кешуде. Моңғолия, Иран, Ауғанстан елдерінде де мыңдаған қандастарымыз бар. Ресми мəліметтер бойынша, соңғы 20 жылда тарихи Отанына 800 мың қазақ көшіп келді. Осының айғағы 20 жыл ішінде Қазақстанмен көршілес мемлекеттерді қойып, сонау алыстағы Сауд Арабиясынан, Түркиядан, іргелес болса да саяси жағдайы ауыр Ауғаныстаннан да қандастарымыздың көптеп көшіп келуде.
Демек, шетелдегі қазақ диаспорасын тарихи Отанына шақыру идеясы осылайша бүкіл қазақ ұлтының жүрегіне жол тапты. Ата-бабаларының заман өзгеріп, жақсылық күн туса, атажұртқа ұрпақтарымызды жеткізіңдер деген өсиет, аманаты бойынша тарихи өлкесіне ат басын бұрудың қамына шұғыл кіріскендер əр елден табылды. Қазақстан Тəуелсіздік алғаннан соң шетелдегі қазақтардың елге оралуы бұрын болып көрмеген қарқын алып, жүзеге асты. Еліміздің егеменділік жағдайында шетелдегі қазақ диаспорасын көшіріп алу мəселесін ұлттық стратегиялық жоспары ретінде қарап, бұл істі мемлекеттік реттеу одан əрі жетілдірілді, ол «Нұрлы көш» бағдарламасы негізінде іске асты. Бүгінде Қазақстан Республикасының «Халықтың көш қоны туралы» заңы талаптарына сəйкес, оралмандардың атажұрқа келемін деушілерін елге оралтуы ұзақ мерзімді стратегиялық саясаттың құрамдас бөлігі болып отыр.
1. Назарбаев Н.E. «айт, )аза), отаны а». // Егемен аза)стан.-2008.-6 наурыз.-2 бет.
2. Мақат Д. Баспасөз: сталиншілдікті аза)стандағы орнығуы (1925-1956 жж.).- Астана: «Ана тілі -Ата тарих» 2007.-54 бет.
3. Назарбаев Н.E. «Алыста ж4рген ағайындарға а) тілек» //Егемен аза)стан.-2000.-4 шілде.-1,2 бет.
4. Назарбаев Н.E. БFл )Fрылтай — )аза) хал)ыны жа а мы жылды))а біртFтас Fлт ретінде ны) )адам бас)аны белгісі // Егемен аза)стан.-2002.-24 )азан.-1 бет.
5. Р Президенті Назарбаев Н.E. Д4ниеж4зі )аза)тары Fрылтайына )атысушыларды аза)станны жəне жер ж4зі халы)тарына, мемлекеттеріне жəне оларды 4кіметтеріне
Qндеуі //К@ш.-1992.-4-шілде.-2 бет.
6. аза)стан – д4ниедегі əр )аза)ты )астерлі )Fбылысы // Егемен аза)стан.-2011.-25 мамыр.-1 бет.
Резюме
В статье рассматривается исторические тенденции возвращения казахской диаспоры из-за границы на историческую родину. По мнению автора, в результате обретения независимости страны ускорилось возвращение этнических казахов. За двадцать лет в страну вернулось около миллиона соотечественников.
Summary
In clause is considered(examined) of the historical tendency of returning Kazakh диаспоры from abroad on a historical native land. As a result of a finding of independence of the country returning the ethnic Kazakhs home was sped up. For twenty years to the country has returned about one million compatriots.