ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖƏНЕ ОҚУ АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ДАМУЫ
М.М. МУРАТКАЗИН — т.ғ.к., Абай атындағы аз ПУ аға оқытушысы
Қоғам дамуының қай кезiнде болмасын, бiлiмнiң орны мен арқалар жүгi ерекше болған. Революцияға дейiн Қазақстанның Шығыс аймағындағы Семей, Өскемен, Зайсан, Аякөз, Көкпекті қалаларында халыққа бiлiм беру жəне халықтың сауаттылығы Қазақстанның басқа қалаларындағы сияқты төменгi жағдайда болды. Əсiресе мұсылмандардың арасында олардың iшiнде мұсылманша сауаттылары қазақтың басшы феодалдары жəне мұсылмандық əдетғұрыпты орындаушылар едi.
Шығыс Қазақстандағы халық ағарту iсi аталған кезеңде екi бағытта – дiни жəне азаматтық бiлiм алу бағытында дамыды. ХIХ ғасырдың екiншi жартысында қалалық училищелер, шiркеулiк училищелер, кəсiптiк гимназиялар, орыс-қазақ жəне орыс жергiлiктi халық училищелерi мен мектептерi, ауыл жəне бастапқы сауат ашу мектептерi ашылды.
Ресей бодандығын қабылдағаннан кейiн мектеп ашудың негiзгi екi мақсаты болды. Бiр жағынан, қалада орыс мектептерiн ашу жергiлiктi орыс тұрғындарын сауаттандыру болса, екiншiден, патша үкiметiне жергiлiктi халықтың əдет-ғұрпын, тiлiн бiлетiн адамдар қажет болды. Патша үкiметi Қазақстанда өзiнiң қанаушылық жəне əлеуметтiк аппараттарына жұмыс iстейтiн азаматтарға мұқтаж болды. Сондай-ақ мектептер ашудың тағы бiр қажеттiлiгi шаруашылық мақсат үшiн қажет болды. Тұрғындар балалары қажеттi орысша бiлiм алмай қарапайым жұмыстарды iстеуге ұсыныс бiлдiре алмайтын едi [1].
ХIХ ғасырдың 60-70 жылдарында мектептерде негiзiнен сауатты хатшылар, тағы басқа қызметке қажеттi адамдар дайындау мақсатында бiлiм берiлдi. Тек 1868 жылғы жəне 1875 жылғы мектеп реформалары негiзiнде казактарды Омбы мұғалiмдер семинариясына оқытуға жiберiлгеннен кейiн ауылдық жəне станицялық мектептер саны облыста бiртiндеп өстi.
Жергiлiктi, станициялық, поселкелiк жəне ауыл шаруашылықты мектептер отырықшы уездерде сауат ашудың басты көздерiнiң бiрi болып табылды. Облыстағы мектептер екi түрге бөлiндi. Бiрiншiсi – орыс тiлдi казак поселкелерiндегi мектептер, екiншiсi – мұхаммедтiк мектептер (қазақтарға, татарларға арналған мектептер). Ауыл шаруашылықты мектептердi қамтамасыз етуге 1887 жылы Семей облысы бойынша 23421 сом 28 тиын қаржы жұмсалған [2]. Шығыс өңірлерінде де алғашқы мектептер ашыла бастағанын білеміз. Мысалы 1865 жылы 4-қазанда Омбы қаласында Сібір қазақтары облыстық басқармасы жанынан қазақ балаларын оқытатын мектеп ашылды. Оған 8-14 жас аралығындағы балалар қабылданып, 6-7 жыл дəріс алатын болған. 1854 жылғы есеп бойынша аталған өлкеде барлығы 12 мектеп (оның ішінде қазақ-орыс, жеке мұсылман мектептері де кіреді) жұмыс істеген. Оларда 372 оқушы білім алған яғни жан басына шаққанда, аймақтағы əрбір 977 тұрғынға бір оқушыдан келіп отырды. Ал, 1861 жылғы есеп бойынша, барлығы 14 орыс–қазақ мектебі тіркелген, олардағы оқушылардың саны да өте аз болды [3].
Семей облысы əскери губернаторының 1872 жылы берген есебінде «облыстағы халыққа білім беру ісі өте төменгі дəрежеде тұр» — деп көрсетілген. Осы жылы Семей облысындағы əр түрлі 68 оқу орнында 2107 оқушы білім алса, олардың 438-і қыз балалар болған. Осы аз оқу орнының өзіне мұғалімдер жетіспеді. Мысалы, С.Марусин «Қырғыз даласындағы халық мектебі» мақаласында: «Қырғыздардың өз өлкелерінде тұрақты мектеп ашуы туралы тілегіне Өскемен уезі қырғыздардың өз ауылдарында орыс мектептерін ашу туралы жазған өтініші дəлел бола алады. Алайда орысша, татарша сауатты мұғалімдердің болмауынан олардың бұл өтініші қанағаттандырылмады» деп жазады. 1888 жылы № 67 «Сібір хабаршысы» газетіндегі «Семей облысы Өскемен уезіндегі халыққа білім беру жағдайы» — деген мақаласында «халыққа білім беру саласында Өскемен уезі қанағаттанғысыз жағдайда. Бүкіл уезді құрайтын 11 қазақ болысында бір ғана ауыл шаруашылық мектебі жұмыс істеді. Оқытушылар саны 8-10 –нан аспайды.Аталған мектепте ауыл шаруашылығы негіздерінен басқа негізгі пəндер оқытылмағандықтан қазақтар бұл мектепке балаларын бергісі келмейді» — деп жазады [3].
Сондай-ақ осы кезде Семей облысының Семей, Өскемен, Павлодар, Қарқаралы, Зайсан уездерінде ер жəне қыз балаларға арналған мектеп-интернаттар жұмыс істемеді.
Семей облыстық есептеу басқармасының мəліметі бойынша XIX ғасырдың аяғында осы облыстағы 814 мектепте 3219 шəкірт оқыған. Ал осы кезде аталған облыс тұрғындарының жалпы саны 685 197 адам болса, əрбір 213 тұрғынға 1-оқушыдан келген екен. Яғни, мектеп жасындағы 19-баланың біреуінің ғана оқуға мүмкіндігі болған, қалған 58449 бала немесе мектеп жасындағы барлық баланың 95%-ы оқи алмады. Бұл көрсеткіш XIX ғасырдың аяғы, нақтырақ айтатын болсақ 1898 жылғы есеп бойынша ешбір өзгеріссіз болған [5]. Мысалы: Семей облысындағы 82 – оқу орнында 3299 оқушы білім алса, олардың 85%-ы əскери оқу орындары мен шіркеулік мектептер болды. Ондағы оқушылар саны 2010 немесе барлық білім алушылар 62 %-ы құрайды. Яғни 84 259 адамға 1 мектептен келіп, 213 адамның тек біреуі ғана оқи алатын болған. Жалпы облыс халқының 0,5%-ы, ал 61668 мектеп жасындағы балалардың 3%-ы ғана оқуға тартылған. Сондай-ақ 58 449 бала ешқандай білім ала алмады. Демек барлық балалардың 95 %-ы, əсіресе қыз балаларының 98 %-ы мектептен тыс қалған [6].
ХІХ ғасырдың басында Аякөзде, Көкбектіде, Мақаншыда, Ұржарда, Өскеменде, Зайсанда бірнеше мектептер мен медреселер болған. Онда молдалар ескіше сабақ берген. Кейіннен осы аталған мектептердің ашылуы негізінде қалаларда қоғамдық кітапхана ашу ұйғарылған. 1913 жылы қаланың орыс-қазақ кітапханалары ашу жөнінде жөнінде “Дала генерал-губернаторымен Семей Казак атаманына өтініш берілген. Көкбекті уезінің тұрғындарынан да өтініш келіп түседі. Онда біздің осы өтінішті берген күнімізден, бір ай ішінде Көкпектілік кітапханалық қоғамын ашып берулеріңізді өтінеміз-деп жазған. Қоғамдық мақсаты жергілікті халық кітаптар мен мерзімді басылымдарды қолдануына жағдай жасау. Көкпектілік кітапхана қоғамы өз шығармашылығын Көкпекті станициясының болыстықтарына таратпақ болды.
Мұндай кітапханалар Аякөз қаласында да 1913 жылы ашылады. Ю. Насыров пен
И.Вербин 1913 жылы 8 мамыр күні губернаторға: 2 көкектегі № 8399 жəне 8600 жарлық бойынша Аякөздегі қоғамдық орыс-мұсылман кітапханасын бақару үшін көпес Ю. Насыровты, кітапханашы қызметіне демалыстағы подполковник А. Жеребьятевті бекітуіңізді сұраймыз” – деген өтініш жолдайды [7]. Осы өтініштердің негізінде Аякөз халқының сауатын ашуға талпынысы нəтижесінде, кітапхана қоғамы ашылып, қоғамдық-ағарту ісінде жергілікті халыққа игі қызмет атқарды.
Семей уезі 1880-жылдары қала жəне уез орталығы болғаннан кейін, қала халқының саны күннен-күнге өсіп, онда көптеген мектептер ашыла батайды. Бұл мектептерге оқу-құралдары қажет болады. Осы кезде уезде кітап сатумен айналысатын саудагерлер тобы шыға бастайды. Қалада жоғарғы бастауыш училищесі ашылады [8].
1911 жылы Семейде мектептер мен училищелерде журналдарға жазылу артқандығы байқалады. 3 класстық қалалық училище 1911 жылға “Вестник воспитания”,“Нива”, “Современный мир”,”Русская школа”, “Русский начальный учитель”, “Вестник Европы”,
“Родник” журналдарын жаздырып алып отырғандығын мұрағат деректеріндегі құжаттарда кездеседі [9].
1916 жылдарға қарай Семейде бірнеше кітапханалық қоғамдар – Семей уезінде жəне шіркеу қауымдығы Бахтыда болған. Бахты кедендік басқармасында Семейде орыс-қазақ кітапханасы жəне Семей қалалық басқармасының қоғамдық кітапханалары жұмыс атқарды
[10].
ХІХ ғасырдың аяғында Шығыс Қазақстандағы зерттеуші-этнограф жəне өлкетанушылардың бірі, 1846 жылы Шығыс Қазақстанда туылған Құрбанали Халиди болған. Ол Семей медреселерінің бірінде оқыған. Қазақ, татар тілдерін білген адам. Қ. Халиди бір уақыттарда Бахты бекінісінде тұрып, 1874 жылдан Шəуешек қалаларының біріне имам болып кеткен. Ол
Меккеге қажылыққа жəне таяу шығысқа, Түркияға, Еуропаға дейін барған. Сонымен қатар Н.Ф.Катанов, В.В. Радлов, А. Вамбери еңбектерімен таныс болған. Қ.Халиди Қазан қаласында өзінің – “Тарих-и Джарида-и Джадида” (жаңа тарихи хаттар, 1889 ж.); “Тауа-и хамса-и шарки” (бес шығыс халқының тарихи очеркі, 1910 ж.) – атты екі еңбегін жазған. “Өрнек” басылымынан шыққан екінші еңбегінде қазақ халқының тарихы, этногра-фиясы, мəдениеті ерекше орын алған.
Өз халқының жағдайын ойлаған Шығыс Қазақстандық Жұмахан Кудерин 1893 жылы ортадəулетті жанұяда дүниеге келген. Алайда, жұт жылдарында барлық малынан айырылған əкесі үлкен ұлы Жүніспен бірге батырақ болып, он жасар Жұмаханды байларға мал бағуға жалға береді. Ол 1903 жылы К.Мұсабековтың, 1904 жылы Е.Мұстафиннің, 1906 жылы М.Байжігітовтың малын бағады. 1907 жылы ауыл молдасы Мұқаш Бəкеновтің, 1909 жылы мұғалім Жабағытаевтың малын баға жүріп, сауатын ашқан. 1914 жылдың басында осында сабақ береді, мектеп құрылысын одан əрі жетілдіруге атсалысты.
Жұмахан Кудерин жұмыстан қолы бос кезінде “Əліппе” (1919 ж.) жазып, халық əдебиетінің жинағын, 5-сынып үшін хрестоматия құрастырады. 1926-1928 жылдары ғылыми зерттеу экспедициясының құрамында Қазақстанның өсімдік ресурстарын зерттеумен шұғылданады. Өсімдік тану жəне ботаника бөлімінде кітаптар мен кітапшалар, ауыл шаруашылық тақырыптарына мақалалар жазады. 1927 жылы оның Мəскеуде араб əріпімен «Өсімдік өмірі» атты кітабы шығады. Бұл қазақ тіліндегі алғашқы ботаника оқулығы еді. “Өсімдік өмірінің” екінші кітабы 1930 жылы латын əрпімен шықты. Осы жылдары оның “Кендір”, “Кенеп”, “Қой жəне жүн” кітаптары жарық көреді.
ХІХ ғасыр аяғындағы Шығыс Қазақстандағы мектеп жүйелерінің көпшілігі Уфа қаласындағы Ғалия медресесіне ұқсас ұйымдастырылған еді. Уфадан оқу жоспары алынып, мұғалімдер шақырылады. Бұндай мектептердің оқытуы негізінен діни тұрғыда өтетін еді. Оның алғашқы мұғалімдері Уфаның башқұрттары мен Қазанның татарлары еді. Мектепте оқитын қазақ балалары үшін интернат ұйымдастырылып, мұғалімдерге пəтер беріледі. Ал олардың жалақысын оқушылар төлейтін болған. Аталған санаттағы мектептер патшаның қазақ даласындағы мектептер санағынан құпия түрде тізімге ілінбей қалып отырған.
Семей уездінің шенеунігінің мектептер ашу мəселесінде болыстықтарда өткізілген съездер туралы Көкпектінің бөлімшелік приставына жолдаған рапортындағы баяндама нақты аударылған. Ол қазақ: «Мектеп салу, тақсыр, жақсы ой, бірақ дəл қазір ол бізге қатты қажет емес-ау. Біз əлі өзіміздің отырықшы немесе көшпелі болатынымызды білмейміз, алдағы 3-4 жылда қайда тұратынымыз да белгісіз. Отырықшылыққа көшу керектігін де көре алмай отырмыз: барлығымызға жерде жетпейтін шығар. Көшпелі болып қала беруіміз де қолымызда емес, шабындық та аз, бүгінгі барымызды ертең тартып алуы да мүмкін. Бір ғана малмен қайда барамыз. Қыс бойы біз малымызды жалға Қытай жерінде бақсақ, жазда да өз жерімізге ақы төлейміз. Бізден мемлекеттік бөлімшелер де, орыс шаруалары да, кімнің қолынан келсе, солардан салық алады. Барлығы заң негізінде талап етеді. Жайлауға көшкенше дейін, мемлекеттік жерге деп қаншама ақша төлейміз. Бұның барлығы біздің бір нəрсеге сенуімізге қорқыныш əкелді жəне өзіміздің келешегіміз не болатынын білмейміз», — деп жазған. (Бұл бір байдың немесе орташа жағдайдағы байдың арызы деп түсінеміз. С.А.)[11]. Бұл тарихи кезеңде отарлық саясаттың езгісінде болған қазақ халқының басына түскен жағдай еді. Дегенмен де, жоғарыда келтірілген деректерде Шығыс қалаларында мəдени мекемелердің жұмыс істеуі барысында уездер мен уездік қалалар халқының білім деңгейінің көтерілгендігін көрсетеді. Бірақ осы жетістіктердің өзі орталықтың тікелей араласуымен, олардың басым бағыттарымен жүзеге асырылды.
1. Касымбаев Ж. К. История города Семипалатинска (1718-1917 гг.). –Алматы: Dлке, 1998. – 276.
2. РОММ. 64 )., 1 т., 338-іс (102-104).
3. РОММ 369-)ор, 454 – іс, 160-170 беттер
4. Тəжібаев Т. Посвещения в школы Казахстана во второй половине 19 века. 1984 жыл, 42-280 б.
5. РОММ. )ор 144, тізбе 1, іс 41, п. 97
6. РОММ. )ор 44, тізбе 1, іс 1200, п. 17
7. Галиев В. З. Караванные тропы. – Алматы: Ата-мFра, 1994. С. 103-104.
8. Галиев В. З. Библиотека дореволюционного Семиречья. А., Нац. библ. РК. 2003. С. 3.
9. Асфендияров С. История Казахстана. – Алматы: аза) Университеті, 1993. — С. 281,282.
10. ЦГА РК фонд З, д. 696, С-32 Об открытие уездних училищу.
11. Торговля в Семепалатинске. II Сибиреная газеті 1888, №26)
Резюме
В этой статье рассматриваются состояние и развитие образовательной, просветительской деятельности в Восточном Казахстане во второй половине ХІХ века. Дается сравнительная степень культурно-просветительских деятельности в уездах, а также образовательный уровень населения.
Summary
In this article are taken development of education teaching state in the East Kazakhstan in the second part of the 19th century. It is given the comparative degree of cultural and educational level of population in uesds at that time.