ШАШ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ
Әз Жәнібек бір жақтан келе жатып, бір адамға кездеседі. Ол кісінің шашы қара, сақалы ақ екен. Қасында бірге келе жатқандардан:
– Былай болуының себебін тауып айтыңдаршы!- деп сұрапты.
Олар тауып айта алмайды. Сонда Жәнібек:
– Ал, шешенім, кезек саған келді. Сен айтшы:
– Шашының қара, сақалының ағы қалай?- дегенде, бөгелместен Жиренше:
– Түзде кебінген, үйде күйінген, аты шабан, қатыны жаман бір байғұс шығар!- депті.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы