ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕУРАЗИЯ ГЕОСАЯСАТЫ ЖƏНЕ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕУРАЗИЯ ГЕОСАЯСАТЫ ЖƏНЕ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

ƏБДІУАҚАП ҚАРА — Мимар Синан көркем өнер университетіні доценті, тарих ғылымдарыны докторы (Түркия)

Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырағаннан жəне бұрынғы Кеңестік түркі республикалары тəуелсіздіктерін жариялағаннан кейін Түркияда түркі дүниесі деген ұғым пайда болды. Мұндағы мақсат — бұрынғы Кеңестік бес түркі республикасымен Түркияның мəдени, экономикалық жəне саяси салаларда ынтымақтаса отырып күш біріктіруі еді. Алайда, бұл мақсатты қысқа мерзімде жүзеге асыратын экономикалық жəне технологиялық күш жəне мүмкіншіліктердің жеткілікті емес екендігі бірнеше жылдан кейін айқын сезіле бастады. 1950жылдардан бастап дамыған Еуропа елдерімен одақтасуға бағытталған саяси іс-шараларалына қарамастан қаншама жылдар өтсе де Еуропалық одаққа толық мүшелік қабылданбай келе жатқан Түркия үшін туысқан елдермен ынтымақтасу жаңа бір балама саясат сияқты болып көрінді. Дегенмен Түркияны қырғи-қабақ салқын соғыс кезінде Кеңес Одағын өзіне қауіпқатер санап одаққа мүше елдермен байланысының шектеулі болуы, тіпті ол елдер туралы мамандарының болмауы, атап айтқанда, Кеңес Одағының ыдырауына “дайындықсыз” тап болуы оның бастапқы кезде бұрынғы Кеңестік елдер мен байланыстарын ойдағыдай жолға қоя алмауына себеп болды. Екінші жақтан, Қазақстанның көпвекторлі саясат жүргізуі жəне 1994 жылы Еуразиялық одақ идеясының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан алғаш рет ортаға салынуы Түркияда да назардан тыс қалған жоқ. Еуразияшылдық туралы пікірлерді Түркияда кейбір саясаткерлер 1996 жылдан бастап тілге тиек ете бастады. Осы бағытта əсіресе Ресейлік саясаткер жəне ойшыл Александр Дугиннің пікірлерінің 2000жылдардың басынан бастап Түркияда əсерлі болғаны көзделді. Қазіргі таңда Ресейлік саясаткерлер мен ойшылдарының Еуразияшылдық пікірлері туралы қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Мəселен, кейбір зиялылар Еуразияшылдықтың негізінде Ататүріктің идеяларымен қабысатынын, тіпті Ататүріктің өзінің еуразияшыл бағытта болғанын алға тартса, басқалары мұның қате пікір екенін, Ататүріктің ешқашан еуразияшыл болмағанын, оның тек Түркияның тəуелсіздігін жақтаушы лидер болғанын айтуда. Алайда түрік зиялылары мен саясаткерлері арасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ туралы пікірлерінің өзгеше мəнге ие болып отырғаны да назардан тыс қалмауда. Бірақ біз түрік ғалымдарының Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ туралы пікірлеріне бұл мақалада емес, басқа бір мақаламызда арнайы тоқталуды жөн көріп отырмыз.
Еуразия əлемдік күш күресінің орталығы
Əлемде үстемдік орнатуда жағрапияның орны жəне маңызын талдаған геосаясат ғылымының пайда болып дамуымен Еуразия құрылығының стратегиялық маңызы ортаға шықты. Осы орайда ағылшын ғалымы Макиндер1914жылы жазған еңбегінде Еуразияны өзек аймақ ретінде бағалап Сібір мен Орталық Азияны бақылаған күштердің əлемге билік жүргізе білетінін атап өткенді.
Кейін, атап айтқанда, «қырғи-қабақ салқын соғыс» кезінде Америкалық Спайкмен осы теорияны одан əрі дамытып “шетбелбеу” теориясын шығарды. Оның пікірі бойынша, жоғары аталған өзек аймақты қоршаған территорияларды қолға түсірген, өзек аймаққа билік етеді, өзек аймаққа билік еткен бүкіл əлемге үстемдік етеді деу қорытындылауға болады.
Еуразия аймағының АҚШ үшін маңыздылығын белгілі Америкалық стратег Бржезинский былай деп көрсетуде: “Америка үшін ең маңызды стратегиялық олжа Еуразия. Ғасырлар бойы əлемдік мəселелерді еуразиялық күштер жəне аймақтық күш үшін бір-бірімен күрескен сондайақ жаһандық билікке ие болуға тырысқан еуразиялық қайраткерлер реттеді. Бұдан былай еуразиялық болмаған күш Еуразиядағы үстем күш болып табылады жəне Американың жаһандық билігі тікелей Еуразия құрылығындағы үстемдігі қанша уақыт жəне қандай ықпалдығы болатындығына тікелей байланысты”[1]. Міне, осы пікірден нақты байқалғанындай жаһандық биліктің негізгі майданы бұдан былай Еуразия болатын көрінеді.
Түрік ғалымы Сейфеттін Ерол 11 қыркүйектен кейін АҚШ-тың Ауғанстанға орналасуымен басталған түрлі-түсті төңкерістік əрекеттермен нақты бой көрсеткен Еуразия аймағындағы күш күресінің 2008 жылы 8 тамыз күні Ресей мен Грузия арасында басталған соғыспен жаңа бір кезеңге кіргенін айтуда. Оның пікірінше, осы күш күресінің айналасында Еуразияшылдық пікір таластары да күн тəртібіне енді.
АҚШ Еуразияны өзіне олжа ретінде бағаласа Ресей еуразияшылдық идеясын Атланти-калық шабуылдаушылыққа қарсы қорған болатын аса маңызды геосаяси табан тіреу ретінде көруде. Қытай мен Иранда Еуразия бағытында конъюнктуралық мүмкіншіліктерді негізге алған саясаттар қарастыруда.
Сонымен, ХІХ-ХХ ғасырларда Ресей патшалығымен Ұлыбритания арасында Орталық Азия жөнінде болған “Үлкен ойыннан” кейін ХХІ ғасырда Еуразия геосаясаты туралы “Жаңа үлкен ойын” басталды.
Осы орайда 44 млрд км² жер аумағымен əлемнің ең ірі құрылығы болып отырған Азияның орта батыс бөлегінде орын тепкен жəне 3.994.400км² жер аумағымен Азияның 9 пайызын құраған жағрапиялық позициясы, сондай-ақ геосаяси маңызы жəне энергия көздерімен əлемнің ең маңызды аймағына айналған Орталық Азия мен Кавказ кенет осындай керістік, күрес жəне бақталастықтың ішіне түсіп кетті [2].
Ерол “Жаһандық күш күресінде Еуразия геосаясаты жəне түрік Еуразиясы” атты мақаласында атап өтуінше, Еуразияда негізінен алғанда екі күрес бой көрсетуде. Біріншісі, АҚШ-тың аймақтағы мүдделері үшін аймақтық елдермен жүргізген күресі; екіншісі, Еуразиялық елдердің өзара үстемдік жəне əсер ықпал ету, жетекші болу күресі. Жаһандық гегемониясын осы аймақтағы күш бəсекесіне негіздеген АҚШ тұрғысынан Қытай ең ірі бəсекелік күш болуда жəне осы орайда Орталық Азия мен Кавказ аймақтары АҚШ тұрғысынан стратегиялық басымдылық ретінде алға шығуда. Екінші жақтан, АҚШ кең тараған ұғым бойынша, Еуразиядағы ресурстарға ие болған күш АҚШ қауіп төндіре біледі. Мəселеге Ресей тұрғысынан қарайтын болсақ, ел тұтастығының сақталуы, жақын елдердегі əсер-ықпалының жалғасуы, энергия көздері жəне маршруттарындағы салмағының ұласуы, аймақтағы орыс болмасының сақталуы, төңкерістік əрекеттерге жол бермеу сынды тарихи, социопсихологиялық, экономикалық, саяси жəне стратегиялық тұрғылардан бақылауға алынуға тиіс. Қытай тұрғысынан болса, Еуразияға баратын ең төте жəне арзан жол болуымен қатар ішкі қауіпсіздік жəне тұтастық, көбейген энергия зəрулігі, аймақ елдеріне Батыс елдерінің əсерықпалын болдырмау жəне солтүстік басты шеқараларының қауіпсіздігі тұрғыларынан стратегиялық құны жоғары болған Орталық Азияда күш күресіне араласып отыр [3].
Түркия жəне Еуразияшылдық идеясы
Фатих Акгүл Еуразия аймағының Түркия үшін тек əлемдік биліктің негізгі
майданы ретінде ғана емес, сонымен қатар табиғи байлықтары мен де маңызды екенін көрсетуде. Оның “Ресей мен Түркияда Еуразияшылдық” кітабында атап өтуінше, Еуразия өтміште болғанындай қазіргі таңда да геополитикалық күш саясатының негізгі жағрапиясы. Еуразияның əлем саясатындағы орны бүгін Түркияны қызықтармауы мүмкін емес. Өйткені
“Еуразия балқандары” деп аталған Түркия Орталық Азия жəне Таяу Шығыс бағытын алға шығаруда. Осы жаңа бағыт геосаяси ерекшеліктерімен қатар жер асты байлықтары жəне энергия көздерімен əлемнің ең маңызды аймағы ретінде бағалануда.Жаһандық бəсекелестіктің маңызды актері АҚШ геополитикалық саясатын Еуразиямен байланыстырып “құрылық егемендігі” теориясымен сабақтастырған көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда АҚШ-тың Ауғанстан мен Ираққа бағытталған саясаттарын Қаратеңіз, Каспий аймағы жəне Орталық Азияға қаратылған саясаттарын Збигнев Бжезинский алға тартқан АҚШ Еуразияшылдығын іске асыру қадамдары ретінде бағалауға болады. Ресейлік геополитика мамандары болса пост-кеңестік дəуірде Еуразиядағы жаңа көріністің, қарсы шықпаған жағдайда жаһандық Атланти-калық империяның Еуразиядағы ықтималды егемендігі, “теңіздің жаһандық жеңісі жəне құрылықтың жеңілісі” болуы мүмкін [4].
Түркияда еуразияшылдық идеясы 2003 жылы Түркия мен АҚШ арасында Ирак мəселесінен шыққан дағдарыстан кейін күн тəртібіне енді. 2003 жылы Наурыз айында Түркия парламенті АҚШ армиясының Иракқа Түркиядан өтуіне рұқсат етпеуінен кейін екі елдің байланыстарында дағдарыс пайда болған еді. Сонымен қатар Еуроодақтың Кипр мəселесінде Греция пайдасына қысым көрсетуі Түркияда батысқа қарсы қоғамдық пікірдің күшеюіне түрткі болған еді. Міне, осындай жағдайда Түркияда зиялылар жəне азаматтық саяси ұйымдар Ресеймен ынтымақтастықты күшейту жолдарын ойластыра бастады. Бұл жағдай бір жағынан Түркі дүниесінің ынтымақтастығын еуразияшылдықпен қамтамасыз етуді күн тəртібіне енгізіп жатқанда, екінші жақтан жаңа бір түрік еуразияшылдығы арқылы жаһандануға қарсы аймақтасу жолымен ұлттық мемлекетті жəне ұлттық ерекшеліктерді сақтау жолдары қарастырыла бастады.
Əйткенмен, түрік еуразияшылдығы идеясы да дамумен бірге орыс еуразияшылдығы сияқ-ты біркелкі пікірдің қалыптаспағаны назардан тыс қалмауда. Оның саяси жəне жағрапиялық кеңістігі де əртүрлі айтылуда. Жағрапиялық мағынада түрік еуразияшылдығы кейде Адриа-тик теңізінен Қытай теңізіне дейін түркі дүниесі, кейде тек Орталық Азия, ал кейде Иран мен Кытайды да қамтыған құрылықтарды біріктіргені байқалады. Осы орайда түрік зиялылары да, орыс зиялылары сияқты, Еуродаққа балама Еуразиялық одаққа Ресейді алу керек пе деген сұрақты талқылауда. Соңғы уақыттарда Ресейді де қамтыған еуразиялық ой күшейіп келе жатқаны байқалады. Түрік зиялыларын еуразияшылдық туралы ойлары жалпы алғанда Еуразия құрылығындағы елдердің мемлекеттері мен мəдениеттерін сақтау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарулары болып табылады [5].
Түркияда еуразияшылдық идеясының пайда болу тарихы
Еролдың пікірінше, еуразияшылдық ұғымы туралы, аймақта түрлі кезеңдерде жетекшілік ролдері болған екі мемлекет, атап айтқанда, Ресей мен Түркияда екі басқа түсініліп, екі басқа тұжырымдар жасалуда.
Мəселен, “орыс еуразияшылдығы” империалистік мақсаттармен, “түрік еуразияшылдығы” туысқан түркі мемлекеттерді көбірек ынтамақтасуды алға шығаруда. Алайда, бұл жерде, еуразияшылдық ұғымының əлі толық пісіліп жетілмегенін, аймақтағы елдер арасында толық қабылданбағанын ескерген жөн [6].
Түркияда “Еуразия” сөзін ел көлемінде алғаш рет қолданған Мəдениет министрі Намық Кемал Зейбек болған. Ол Түркияның мемлекеттік теледидары 1992 жылы жаңа тəуелсіз бол-ған түркі тілдес республикаларға арналған жана бір арна ашатын болғанда, сол арнаға “Еуразия” есімінің берілуін ұсыныс еткен. Зейбек “сол телеарнаға “Түркі дүниесі” деп атауға да болар еді, бірақ түрік тілдес болмаған елдерді де қамтуды көздегендіктен оған “Еуразия” деп ат беруді жөн көрдік”, — дейді[7].
Түркияда еуразияшылдықты идея ретінде алғаш рет тілге тиек еткен Жұмысшы
Партиясының төрағасы Доғұ Перинчек болды. Мехмет Перинчектің “Еуразияшылдық Түркиядағы теориясы жəне практикасы” атты кітабында келтіруінше, ол 1996 жылы жариялаған “Еуразия таңдауы, Түркия үшін тəуелсіз сыртқы саясат” кітабында еуразияшылдық туралы ойларын ортаға салды. Оның айтуынша бір поларлы əлемде АҚШ əлемді дағдарысқа жетелейді, сондықтан Еуразия жағрапиясындағы елдердің күш біріктіріп оған қарсы тұру-лары жəне революциялық күрес жүргізулері қажет [8].
Доғұ Перинчектің өзінің Еуразия идеясында Дугинмен бірге əрекет жасағаны байқалады. 2003 жылы Дугин жетекшілігінде құрылған Халықаралық Еуразия қозғалысының жина-лысына қатысып оның жоғарғы кеңесіне сайланды [9]. Осыдан кейін осы қозғалыстың Түркиядағы жиналыстарын ұйымдастырып Ыстамбұл, Анқара, Солтүстік Кипр жəне Түрік Республикасында Еуразия туралы конференциялар өткізілді. Перинчек 2004 жылы 3-4 желтоқсанда Анқарада Ғази университетінде өткізілген конференцияда жаһандану дəуірінде əлемнің кішірейгенін, кішірейген əлемде отандардың да кішірейгенін айта келіп “Түркия бізідің кіші отанымыз, Еуразия болса ұлы отанымыз” деді. Ол сонымен қатар түріктердің Еуразияның балалары екенін жəне əрбір түрік тектінің Еуразиялық екенін, əр Еуразиялының да біраз түрік текті екенін атап өтті [10].
Еуразияшылдық туралы Перинчектің бұл бастамасы қолдау тапты. Президент Сүлеймен
Демирелдің қамқоршылығында өтікізілген аталған жиналысқа Солтүстік Кипр Түрік Республикасының бұрынғы төрағасы Рауф Денкташ, Халықаралық Еуразия Қозғалысының төрағасы Александр Дугин, Еуразия елдері елшілері, саясеткерлер, ғалымдар жане түрік армиясының мүшелері қатысты[11].
Дегенмен, Перинчектің бұл бастамасына қарсы пікір білдіргендер де болмай қойған жоқ. Осы жиналыс туралы пікірін ортаға салған Түркияның Ұлтшыл Қозғалыс Партиясының төрағасы Дəулет Бахчалы еуразияшылдық идеясының Ресейдің əсер ықпал аймағын күшейтуінен басқа ештеңе емес екеніне меңзеп, оның еуразияшылдық емес “еуроссия-шылдық” екеніне көрсетті. Сонымен қатар Түркияның социалист түрікшіл төңіректері де еуразияшылдыққа қарсы екендіктері жөнінде тұжырымдар жасады [12].
Еуразияшылдық пікірлері туралы зерттеулерімен танымал ғалым В.Иманов
«Перинчектің пікірлерін үңіліп қарағанда оның еуразияшылдықпен жалпы алғанда тек Америкаға қарсы тұрушылықты басшылыққа алғанын» айтуда. Перинчектің Еуразия ұғымы екі мұхит арасындағы аймақ, яғни Тынық мұхитымен Атлант мұхитына дейін Азия мен Еуропа құрылығын тұтастай қамтиды. Онда Орталық Азия Еуразияның жүрегі жəне бүгінгі əлемдік бақталастықтың орталығы ретінде қабылдануда [13].
Түркияның алда келген саясаттанушыларынан жəне белгілі авторларынан Аттила Илхан еуразияшылдық идеясына күшті қолдау көрсетті. Ол көптеген мақаларында осы пікірге көңіл бөлді. Илхан бір мақаласында былай дейді: “Түркия, Ресей жəне Иран Еуразия жағрапия-сының мемлекеттік дəстүрі ғасырлар қойнауында жатқан жəне өзара көптеген халықаралық келісімдерге қол қойған елдер. Айталық, Қара теңіз Экономикалық Ынтымақтастық келісімі, Азиядағы түркі республикалардың қосылуымен күшейген жəне кеңейген Экономикалық Ынтымақтастық Келісімі, сонымен қатар қазақ, түрікмен, Азербайжан жəне Иран мұнайлары аймақтың меншігі болып есептеледі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні алуа жасау үшін қажетті ұн, май, секер жəне ирмік бар; алуаның аты болса “Еуразия полары”. Өзге үш полар мұндай жаңа бір полардың бой көтеруін қалай ма? Əлбетте қаламайды. Олар аймақтағы елдердің өзара тату тəтті болуларын қаламайды. Сондықтан оған қарсы шығады. Осылай, олай болмаса империализм дегеніміз не? Бұдан басқа ештеңе де емес!” Əйткенмен Илхан орталығында Дугин болған Еуразия пікіріне күдікпен қарауда. Ол түркі əлеміне көбірек мəн берілуін қалайды жəне Ататүрік бастаған принциптер мен реформалардың сақталуының маңызды екенін алға тартуда [14].
Еуразияшылдық пікірі Түркияда кең көлемде алғаш рет 2002 жылы 7-8 наурыз күндері Соғыс академиялары қолбасшылығында өтікізілген “Түркияның айналасында бейбітшілік белбеуі қалай қамтамасыз етіледі?” тақырыбындағы симпозиумнан кейін сөз бола бастады. Осында сөз сөйлеген сол кездегі Түркияның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хатшысы, зейнеттегі генерал Тұнжер Кылынч Ресей мен Иран ішінде болған жаңа бір құрылымның қажет екенін атап өтіп Түрік қарулы күштерінің осы мəселедегі сезімталдығына баса назар аударды. Симпозиумда айтылған осы сөздер кейін Түркияда үлкен таластарға түрткі болды. Бас министр Бюлент Ежевит “əрқандай бір ізденіс үстінде емес екендіктерін” атап өтсе, Бас министрдің орынбасары Месұт Йылмаз оны “қорқынышты түс ценариі” деп сипаттады. Экономикадан жауапты мемлекеттік министр Кемал Деруіш Түркияның Эуроодақ мүшелі-гінің маңыздылығын көрсетті [15].
Халықаралық Еуразия Қозғалысы
Мəскеуде 2003 жылы 20 қарашада дүниеге келген Халықаралық Еуразия Қозғалысына əу бастан Түркиялық кейбір саяси қайраткерлер де қолдау көрсеткен. Еуразия Партиясының төрағасы Александр Дугин ұйымдастырған Халықаралық Еуразия Қозғалысын құрылу конференциясына 22 елден жəне Ресейдің 20 аймағынан өкілдер қатысты. Бұл жиналыста Түркиядан Жұмысшы Партиясының мүшелері Өзжан Буземен Мехмет Перинчек орын алды.
Осы конференцияда Халықаралық Еуразия Қозғалысының төрағалығына Дугин сайланды. Қозғалыстың жоғарғы кеңесіне Түркиядан Жұмысшы Партиясының төрағасы Доғұ Перинчек сайланды.
Конференцияның бір күн өткеннен соң Түркиялық Жұмысшы Партиясының өкілдері Қозғалыс Төрағасы Дугинмен кездесті. Кездесуде Дугин Еуразияшылдық идеясында Түркияның маңызын мына сөздермен түсіндірді: “Еуразия идеясының екі негізгі бағыты бар. Түрік бағыты жəне Ресей бағыты. Бұлар бір-біріне балама емес, қайта бірін-бірі толықтыратын жəне бірігуі қажетті ағымдар болып табылады. Ресейде еуразияшылдық туралы жұмыс істеген екі ұйым бар. Біреуі Еуразияшыл Ресей Партиясы. Бұлар фундаменталист Уаһабисттердің өкілдері. Тайип Ердуанмен байланыстары бар. Бірақ Еуразияның емес, АҚШ-тың Еуразия саясаттарын қолдайды. Екіншісі болса біздің партиямыз. Айта кетерлік бір жəйт Путин де Ресейдің Еуразияның ішінде екенін бір қанша мəрте атап өтті. Қазақстанда болса еуразияшылдық біздің түсінігіміз бойынша ресми идеология. Сондықтан Түркия мен Ресей-дің қатарында үшінші Еуразия динамикасы ретінде Қазақстанды да қосқан жөн. Ресейдегі биліктің сыртқы саясатына əсер еткен үш ағым бар: Біріншісі əсіре американшылар, екіншісі жаңа пайда болып келе жатқан ұлтшыл мектеп, яғни ұлтшыл-шовинист ағым. Үшіншісі болса, еуразияшылар. Примаковты есепке алмағанда Ельцин уақытында басым болғандар əсіре американшылар еді. Бірақ қазіргі таңда бұл бағыт нашарлап келеді. Екінші жəне үшінші бағыттар күшейіп келеді”
[16].
Жұмысшы партиясы Халықаралық Еуразия Қозғалысының өкілдерін Түркияға шақырды. Александр Дугин, Альберт Чернишев, Анатолий Зайцев, Калерия Белова 2003 жылы 9 желтоқсан күні Ыстамбұлға келді. Ертеніңе, яғни 10 желтоқсан күні өткізілген баспасөз конференциясында Түркия мен Ресей байланыстары, Кипр мəселесіне қатысты көптеген пікір ортаға салынды.
Баспасөз конференциясында Дугин еуразияшылдықтың негізі Түркияның Ресейдің ішіне енуі емес екеніне көрсете келіп былай деді: “Ол өзінің егемендігін, тəуелсіздігін жəне мəдени ерекшеліктерін сақтау болып табылады. Көп поларлы əлем құрылып жатқанда біз Ресей-Түркия ынтымақтастығына зəру болып отырмыз. Құрылықта көптеген мəселелер бар. Кавказ, Кипр, Ирак, Грузия… Өте күрделі мəселелер. Бірақ күш қолданбастан тек Еуразия мемлекеттерінің бірігуімен осы мəселелерді реттейміз. Мəлім болғанындай, Ресейдің Грециямен жақсы қарым-қатынастары баршылық. Дегенмен, еуразияшылдық тұрғысынан Түркия Ресей үшін Грециядан көбірек маңызды. Сол үшін еуразияшылдық қозғалысында Мəскеу-Анқара бағыты ең маңызды бағыттардан бірі. Орыс түрік жақындасуы үшінші бір елге қауіп төндіретін жақындасу емес. Түркияның Еуропа жолы ұзын, жіңішке жəне қиын бір жол. Оған қарағанда Мəскеу мен Анқара арасындағы жол төте болып табылады.
Еуразияшылдық геосаяси шеңберде Түркияның өзінің егемендігін нығайтып баянды етіп дамуы үшін үлкен бір мүмкіншілік. Өйткені барлығымыз жаһанданудың қауіп-қатері астындамыз. Ресей аймақтық мəселелерінің көбісін Түркиямен ынтымақтаса отырып шеше алады. Біздің осында келуіміз, негізгі геосаяси тенденцияларды зерттеу үшін.” [17].
Ертеңіне, атап айтқанда 2003 жылы 10 желтоқсан күні Ресейлік делегациямен Жұмысшы
Партиясы арасында болған кездесуде, Жұмысшы Партиясының төрағасы Доғұ Перинчек Еуразияны бір идеология ретінде емес, бір стратегия ретінде көріп отырғандықтарын атап өтіп былай деді: “Біз Еуразиялық идеяға идеология дейтін болсақ, бірқатар мəселелермен бетпе-бет келеміз. Өйткені Еуразия қозғалысында коммунист те, социалист те болады, ұлтшыл да, консерватив те болады. Идеология деп атамағаннан кейін Дугиннің айтқандарын кез-келген адам қабылдайды. Бізді АҚШ-тың дара поларлы əлемдік жоспарына, неолиберал-дық идеология қарсы болу біріктіріп оты” [18].
Дугин ертеңіне, атап айтқанда 2003 жылы 11 желтоқсан күні Ыстамбұл университетінде “Еуразия тұрғысынан Кипир жəне Ирак” тақырыбында конференцияда сөйледі. Онда Түркияның, басқа түркі халықтарының еуразияшылдық идеясындағы маңызды орнына тоқталды. Ол былай деді: “Əскери, саяси жəне экономикалық блоктар ұйымдастыру керек. Егемендікті сақтау үшін Еуразия маңызды болып отыр. Менің “Ресейдің геосаясаты” атты кітабымда атап көрсеткенімдей, Түркияның геостратегиясына да дараполарлы əлем ынғайлы келмейді. Яғни, Түркияның дараполарлы əлемде орны жоқ. Збигнев Бжезинский пікірінше, Ресейдің бірнеше бөлшекке бөлінуі тиіс. Осындай ойды Түркия үшін де айтқандар бар. Олардың əлемінде Түркияға орын жоқ. ХХІ ғасырдың шындығы ретінде көпполарлы бір əлемде өмір сүріп келеміз. Еуразия бағыты күн өткен сайын көпполарлылықты көбірек ортаға салуда… Тек Түркиямен Ресей біріккенде ғана осы күшке қарсы позиция ала біледі. Түркия мен Ресей Еуразияда стратегиялық əріптес болуы керек. Біз басқа елдердің де болмыстарын сақтауына жəне ұлттық мемлекеттерін қорғауына көмектесе аламыз. Бұл пікір тек Түркия мен Ресейді ғана емес, бұрынғы Кеңестік мемлекеттерді де қызықтыруда. Еуразия елдері бірігу үшін қимылдауда. Түркия мен Ресей арасында Еуразия стратегиялық ынтымақтастығының құрыл-уы қажет.
Осы жоспарға ТМД елдерінің көбі кіреді. Қазақстан үлкен маңызға ие. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия жобасын түсінген, маңызды жетекші. Бұрынғы Кеңестік елдердің барлығы Түркияның Еуразия одағы мəселесінде белсенді роль ойнауына маңыз беруде… Түркия бұл жобаға қатыспаған жағдайда, Еуразия жобасы кем болып қалады. Еуразия үдерісі, өзіне бағытталған қауіптерге жауап береді. Еуразия мен Атлантика арасында ымыраға келмес қайшылықтар баршылық. Еуразияға бағытталған қауіп-қатерлерді аяқтау үшін түрік-славян одағы қажет19]. Дугин Түркияда қоғамның көптеген өкілдері арасында еуразияшылдық идеясының кең қолдау тауып келе жатқанына меңзеуде. Бұл идеяны қолдаушылар арасында Доғұ Перинчектің Жұмышсы Партиясы мен басқа коммунисттерді қамтыған солшылдар, дін мен мемлекет ісін бір-бірінен бөліп қараған зайырлы ұлтшылдар (армия генералдерыы), үкіметтік қызметте болғандар (Бас министр Режеп Таййип Ердуанның кеңесшілер), «Заман газетінің» төңірегіндегі консерватив демократтар, зиялылар, стратегия мамандары баршылық. Түркияның атақты жазушысы Аттила Илхан бір теледидар арнасында еуразияшылдық жəне Халықаралық Еурази қозғалысының Түркияға барған сапары туралы алты сағаттық бір бағдарлама жасағанын айтуда
[20].
Доғұ Перинчек пен Александр Дугин еуразияшылдық пікірлерде тізе қоса отырып жұмыс істегендерімен, олардың пікірлері арасында мазмұн тұрғысынан айырмашылықтар болғаны байқалуда. Иманов екі саяси қайраткердің пікірлері салыстырылғанда, əсіресе Перинчектің пікірлерінің Дугиннің алға тартқан еуразияшылдық пікірлеріне қабыспайтын жақтары болғанына көрсетуде. Атап айтқанда Перинчектің жағрапиялық түсінігі, тарихи ұғымы, мадениет пен өркениет көзқарасы жəне қазірге дейін қорғап келген ойлау жүйесінің Дугиннің пікірлерімен ешқандай сабақтастығының жоқ екенін алға тартуда. Мəселен, Перинчек ұлттық мемлекет өлшемімен, Дугин болса империялық көзқараспен ойлауда; біріншісі Түркияның соңғы жүз елу жылдағы батыстық реформалау үдерісін қабылдап оның аяқталуын қалауда, екіншісі Ресейдің осы бағыттағы іс-шараларын қабылдау түгіл, оған терең талдау жасап елдің құрылымын бұзғанын алға тартуда. Сонымен қатар Жұмысшы Партиясы мен Перинчектің дінге қарсы бағыты да, дінқорлықты жоғары мəн берген еуразияшылдыққа жəне Дугиннің сеніміне қайшы келеді[21]. Перинчек еуразияшылдық идеология емес, стратегия десе, Дугин еуразияшылдық идеология болып табылады, ол тек экономикалық одақ емес, сонымен қатар стратегиялық мемлекеттік одақ деуде [22].
Еуразия ұғымы туралы түрік зиялыларының түсініктері
Кейбір түрік саясеткерлері мен зиялылары еуразияшылдық ұғымымен түркі дүниесінің ынтымақтастығына меңзегендіктерін айтуда. Мəселен, Түркияда “Еуразия” сөзін алғаш рет қоғамға таратқанын айтқан Намык Кемал Зейбек 2004 жылы қазан айтында сөйлеген сөзінде Еуразия ұғымымен түркі бірлігін қамтамасыз етуді ойлағандықтарын көрсетуде. Осы орайда ол былай деуде: “Еуразия ұғымы, менін ойымша, түркі Еуразиясы болып табылады. Мұның негізі де түркі одағы болуға тиіс. Бұл бір. Екіншісі Еуропамен Азияның қол жетуге болатын барлық жеріне жетуге тиіспіз. Атап айтқанда, Азияның ереңдіктерінде қайда қолымыз жетсе соған баруға тиіспіз. Басқа сөзбен айтқанда, біз есігімізді сыртқа ашық қылып орнатуымыз керек. Жағдай нені қажет етсе соны істейміз. Осы екіншіге мен Еуразия серіктестігі деймін. Біріншіге Еуразия одағы деймін. Ол одақ мəңгілік болуға тиіс. Ол біздің арманымыз болуға тиіс. Бірақ серіктестік ұғымы уақытқа қарай өзгеретін бір ұғым. Иə, Ресей мен Еуразия серіктестігінде бірге болуымыз керек.” [23].
Түркияда «еуразияшылдық пікірінің атасы» деп аталған белгілі ақын жəне жазушы Аттила Илхан (1925-2005жж.) Еуразия туралы пікірлерді күн тəртібіне əкелуімен танылған. Оның еуразияшылдық ұғымы да түркі дүниесіне бағытталған. Тіпті ол “Еуразия” ұғымымен “тұран” ұғымын бір деп есептеуде. Бірақ Еуразияның негізгі элементі ретінде Түркиямен Ресейді көруде. Кейде бұған Иран, Балқан елдері, Қытаймен Үндістанды да қосқаны байқалуда. Оның түсінігінде Ататүріктің ұлт-азаттық күресінде гректер мен ағылшындарға қарсы Больше-виктік Ресеймен одақтасу саясаты “Еуразия саясаты”, бұрынғы Ресей Патшалығындағы түркі-лер болса “Еуразия түркілері” ретінде сипатталуда.
Илханның Түркияның 1919-1923 жылдарындағы ұлт-азаттық күресінен сөз қозғағанда Сұлтан Галиев, Молланұр Вахидов жəне Нериман Нериманов сынды қайраткерлерге көбірек тоқталғаны байқалады. Əсіресе Галиевтың “Тұран социалистік республикасы” мен “езілген халықтар” тезистеріне көбірек мəн беруде. Осы райда ол былай деуде: “Мен неліктен Сұлтан Галиевке көп мəн беремін? Өйткені Галиев қорытқы күш, түрікшілдік пен коммунистіктің қорытқысы. Галиев пен Вахидов тікелей түркі халықтарының азаттығы үшін күрескен екі коммунист, бұл ашық жəне нақты факт.” [24].
Геостратегиялық зерттеулерімен танымал маман Суат Илхан Еуразиялық одақ идеясы-нынң Түркия үшін аса маңызды екенін мойындауда, бірақ Дугиннің алға тартқан еуразия-шылдық пікіріне күдікпен қарауда. Ол еуразияшылдық пікірінде түркі əлеміне өз деңгейінде маңыз берілуінін жəне Ататүрік бастаған реформалардың сақталу керектігіне назар аударуда. Аныл Шешен империалистердің Еуразия жоспарларына қарсы Түркия, Иран, Ресей келе-шекте бір аймақтық құрылымда тізе қосуларының əрі осы аймақтағы соғыс қаупін аластата-тыны, əрі империалистердің аймаққа кірулеріне кедергі болатынын айтуда. Ол сонымен қатар осы құрылымның келешекте Еуразия федерациясы немесе Еуразиялық одақ айнала білетініне көрсетуде [25].
Еуразияшылдық тақырыбында докторлық диссертация қорғаған Иманов түрік зиялылары мен саяси қайраткерлерінің Еуразия туралы пікірлерінің таяз екендігін алға тартуда. Оның “Еуразияшылдық Ресейдің ұлттық ерекшеліктері туралы ізденісі” атты кітабында атап өтуінше, олар Еуразия жағрапиясын, тарихын, мəдениетін жəне философиясын терең зерттемеген. Осы орайда олар орыс зиялыларының да еуразияшылдық туралы идеяларын жəне жазған негізгі еңбектерімен де жіті таныспаған. Ең сорақысы Түркияда Еуразия мəселе-сінде ой қорытып теория шығарып стратегиялар белгілеуге тырысқандар сол стратегияларын аталған аймақтың тарих пен жағрапиясына, халықтарының тілдеріне, мəдениеттеріне жəне дəстүрлерін жіті меңгермей жасап жатқандары. [26].
Түркияда еуразияшылдық ұғымы жайында зерттеулер жасаған Ихсан Шомақ та осындай пікір айтуда. Онын атап өтуінше, Түркияда еуразияшылдық идеясы туралы тың пікір айтатын маман жоқ. Ол Түркияда еуразияшылдықтың теориясын жасаушылар болмағанын ен үлкен кемшілік ретінде көруде. Ол Савицки немесе Дугин деңгейінде ойшылдың болмағанына назар аударуда. Оның пікірінше теориясы болмаған бір идеяның қозғалысқа айналуы, тым болмағанда, теориялық тұрғыдан мүмкін емес. Міне, осы себептен Түркияда еуразияшылдықтың барар жері белгісіз, тіпті алаңдатушы бір идея ретінде көруге болады. Шомақтың пікірінше, теориялық шекаралары белгіленбеген еуразия түсінігімен түрік сыртқы саясатына бағыт-бағдар беруге тырысу Еуразияда сəтсіздіктерге жəне елдің бет беделін жоғалтуына себеп бола біледі. Сонымен тек тарихи мүмкіншіліктерден жұрдай болып қана қалмай, сонымен бірге келешекте іске асырылуы ықтимал ұзақ мерзімді жəне əбден ойластырылған саясаттардың іске асуына бөгет жасалған болады [27].
Түрік ғалымдарыныңРесейдіңЕуразия саясаты туралы пікірлері
Сейфеттін Еролдың айтуынша, Кеңес Одағының ыдырауынан кейін аймақта қайта əсер ықпалын қалпына келтіруді ойлаған Мəскеудің қолында осы орайда екі негізгі құрал баршылық. Біріншісі, энергия көздері жəне қарулар. Ал идеологиялық тұрғыдан қолында күшті қаруы болмаған Мəскеу үшін еуразияшылдыққа осындай бір миссия жүктеу ыңғайлы көрінеді. Сондықтан еуразияшылдық бұрынғы Кеңестік дəуірдегі əсер-ықпал аймағын АҚШ-тың қолына өтуіне жол бермеуге тырысқан Ресей Федерациясының қайта күшейу идеоло-гиясы ретінде
1990 жылдарда кең қолдау таба бастады.
Осы орайда Дугин аты əлемге танымал идеолог болды. Сонымен қатар оның Еуразия қозғалысы Путин билік басына келгеннен кейін ықпалды бола бастады. Путиннің Ресейді қайта империалистік поларға айналдыруға тырысуы Дугиннің пікірлерімен тоқайласты. Сондықтан Дугин Путин уақтында əрі Думада, əрі Ресей армия бас штабында кеңесшілік қызмет атқаратын болды. Сонымен Ресейдегі еуразияшылдық іс-шаралары Мəскеудің сыртқы саясатының негізгі ұғымына айналуда. Сол себептен Мəскеу еуразияшылдық идеясын Ресей ықпалы аймақтарындағы елдерде, Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Иран жəне Түркияда басым болуына күш жұмсауда [28].
Орыс еуразияшылдығы бастапқы кезде еуразияшылдық ұғымының тек Ресейге тиесілі екенін алға тартты. Түркия мен түрік мəдениеті оның тысында қалады деп есептелді. Бірақ кейін еуразияшылдық ұғымының аясы кеңейтілді. Бір кездері Кавказ бен Орталық Азияда Түркияның мүдделерін ескермеген, тіпті Ресей мүддесіне қайшы келеді деп тұжырымдаған Дугиннің өзі соңғы жылдарда Ресей мен Түркияның егемендігі мен тəуелсіздіктерін сақтаулары үшін Еуразия аймағында стратегиялық ынтымақтастық құру қажеттігін тілге тиек ете бастады. Бұл болса, орыс еуразияшылдығында “бөлісуші, ортақ пайдаланушы” бір кезеңнің басталғанын, Ресейдің Түркияға деген көзқарасының өзгергендігінің ишараларын байқатуда. Бір кезде Кеңес Одағының Түркиядағы елшісі қызметін атқарған жəне Халықаралық Еуразия қозғалысының белді мүшесі А.Чернишев “Ресей мен Түркия Еуразия интеграциясында локомотив екі ел болуы қажет”,- деуде [29].
Ресей мен Түркия арасында жақындасу барысында 2001 жылы нақты қадамдар басыла бастады. 2001 жылы 16 қарашада Нью-Йорк қаласында Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Исмаил Жеммен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Игор Иванов “Түркия мен Ресей Федерациясы арасында Еуразия ынтымақтастық іс-шаралары жоспары (екі жақты ынтымақтастықтан көп қырлы серіктестікке” деген хаттамаға қол қойды. Сөйтіп екі ел еуразияшылдық турасында маңызды бір зияткерлік ізденіске бастағандарын көрсетті [30].
Түрік зерттеушілері жалпы алғанда Ресейде Еуразияшылдық туралы төрт ағым болғандығын көрсетуде.
1. Байсалды жəне тұрақты еуразияшылдық. Қорғанысты Реализм немесе прагматикалық еуразияшылдық деп аталған бұл бағытта Ресей даму үшін модерн болу үшін батысқа бет бұруы қажет емес. Өйткені Ресей басшылыққа алуға тиіс дəстүрлі құндылықтары жəне коллективист мұрасы Батыстың индивидуалистік жəне автоном қоғамдарына қайшы келеді. Дегенмен батыс пен жақсы қарым-қатынаста болып демократиялық жол ұстану көзделеді. Осы бағыттағылар Ресейге қауіптің батыстан емес, жақын аймақтардан келетініне сенеді. Сондықтан Ресей негізгі қауіпсіздігінің саяси жүйе мен тұрақтылықты сақтаудан гөрі экономикалық жəне əлеуметтік дамуды қорғауда. Олар аймақтың тұрақтылығының маңызды-лығына сенеді. Бұл топқа Владимир Лукин мен Сергей Станкевич кіреді.
2. Əсірешіл еуразияшылдық: шабуылдаушы реализм деп те аталған əсірешіл еуразияшылдықта Еуразияның жүрек тұсы жаһандық бір батысқа қарсы əрекет үшін бастау нүктесі ретінде бағаланады. Бұл бағытты ұстанғандардың мақсады Еуразиядан Атлантиканың əсер ықпалын түбегейлі жою. Идеологы Дугин болған бұл топқа Александр Проханов, Шамил Сжлтанов, Зюганов пен Жириновский сынды есімдер кіреді.
3. Демократиялық мемлекетшілдік: бұлар батыстық кейбір ғалымдар тарапынан байсалды жəне тұрақты еуразияшылдық тобына жаткызылады. Дегенмен, Грэм Смит батысшыл либерализм мен орыс ұлтшылдығының қоспасы ретінде одан бөлек қарастырылу керектігін айтады. Демократиялық мемлекетшілдік бойынша Ресей мүдделеріне қайшы келмеген жағдайда Батыс елдерімен ынтымақтастықта болуы керек. Бұл бағыт кейбіреулердің пікірінше Примаков пен Путин доктринасының өзегін құрауда.
4. Славянист еуразияшылдық: еуразияшыл жобаның алғашқы қадамы ретінде бағаланған осы бағытта Ресейдің Батыс, Шығыс өркениеттерінен өзіндік айырмашылығы бар екенін, оның осы өркениеттің дəл ортасында тұрғанын алға тартады. Осы тұрғыдан алғанда Ресей табиғи жəне рухани бір теңбелеу элементі жəне əлемдегі қуат тепе-тендігін қамтамасыз етуші болып табылады. Əсірешіл Еуразияшылдарға жақын тұрған славянистер Ресейді бір империя ретінде атаудан жəне империяны қайта құрудан тартынбайды, сонымен қатар жақын аймақтағы орыстарды қорғау барысында күш қолдануға дейін бара біледі. Бұл бағыттың көрнекті өкілі Александр Солженицин.
Бұлардан тыс жаңа еуразияшылдықтың қазіргі таңда Ресейде екі негізгі бағытта жүргізілгені туралы да пікірлер баршылық. Олардың бірі Кеңестік кезеңде Гумилев тарапы-нан насихатталған, қазір Дугин тарапынан қолданған бағыт. Екіншісі бұрынғы Компартия Орталық Комитет мүшесі Эдуард Баграмов тарапынан алға тартылған, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан “Еуразия мемлекеттер одағы” құру формасында алға тартылған түркіславян бауырластығы. Осы шеңберде басқа еуразияшылдық бағыттарының ешбір жаңалық болмағаны, жалпылай Гумилевтің пікірлерінен пайдалана отырып Ресей үшін Еуразиялық шешім табу болып табылады [31].
Түркияда Еуразияшылдық идеясына қолдау білдірген топтар
Кеңес Одағының тарқауынан кейін түркі дүниесінде өзара ынтымақтастықты күшейту барысында бір қатар пікірлер ортаға салына бастаған еді. Солардың бірі Еуразия негізге алған түрік еуразияшылдығы, яғни түрік Еуразиясы болып табылады [32].
Түркияда Еуразия мен түркі республикаларға жалпы алғанда үш негізгі көзқарас баршылық. 1. Консервативтік көзқарас 2. Ұлтшыл көзқарас 3. Социалистік көзқарас.
Консевативтік көзқарас негізінен Ресей мен түркі республикаларда оқулар, қорлар жəне газеттер аша отырып түрік-ислам синтезі аясында мəдени жəне экономикалық байланыстардың күшейтілуіне негізделген. Ахмет Дəуітоғлы тарапынан шекаралары белгіленген жəне жарым жартылай биліктегі үкіметтің сыртқы саясатына бағыт-бағдар бергені байқалған “жаңа османшылдық” консептіне жақын келіп еуродаққа мүшеліктен жəне АҚШ-пен стратегиялық серіктестік саясаттарынан бас тартпастан Ресейдің слав-ортодокс еуразияшылдығы шеңберінде Кипр, Армения, Иран одағына қарсы батыстың қолдауын алуды көздеуде.
Ұлтшыл көзқараста болса діннен бұрын түркілік негізінде бір ынтымақтасу ойластыр-ылуда, осы орайда көбіне түркі республикаларында университеттерде жəне мəдени ұйым-дарда жұмыс істелуде. Шаруашылық байланыстар мен мəдени жақындасудың сақталуын қолдаған бұл көзқарас тұраншылдық немесе пантюркизмнің бүгінгі таңдағы заманауи бағыты ретінде көргендер де баршылық. Екінші жақтан, тез арада дəстүрлі тұраншылдық идеясының іске аспайтынына сенгендер де өтпелі кезең ретінде Ресеймен байланыстардың нығайтылуын, сондай-ақ Еуразиялық одағын құру жобасына жылы қарауда.
Социалистік көзқарас Еуразия идеясын Ататүрікшіл ойлау жүйесі шеңберінде қолға алуда, сонымен бірге социалистік пікірлерге де орын беруде [33]. Иманов Кеңес Одағындағы социализмнің күйреуінен кейін Түркиядағы солшылдардың “пікір бостығына ” түскендерін, сол бостықтың орнын толтыру үшін Еуразиялық идеяға ойысқандарын айтуда[34]. Осы көзқарастың негізінде ұлттық мемлекеттік құрылымдарды сақтай отырып Еуразияда күш одағының құрылуын, сөйтіп əлемде көп поларлылықты қамтамасыз етуді көздеуде. Бұл көзқарасты қолдаушылар Атлантиканың ар жағынан серіктестер іздеудің орнына өз аймағында прагматикалық жəне байсалды сыртқы саясат шеңберінде аймақтық ұйымдасуларға баруды ойлауда [35].
Зерттеушілер Түркиядағы еуразияшылдық пікірлерінде біркелкілік болмағанын көрсетуде. Түркияда тілге тиек етілген Еуразия ұғымының жағрапиялық шекаралары, мазмұны жəне ерекшеліктері ұдайы өзгеруде жəне əрбір өзгерістің бір-біріне қайшы келген тұстары да баршылық. Алайда бүкіл еуразияшылдық ұғымдары Түркиядан орталық немесе шешуші болған аймақ ретінде сөз қозғауда. Бұл кейде ұлтшылдық, кейде түркі бірлігі, кейде бұрынғы Осман патшалығының жағрапиясы, кейде социалистік төнкерістердің қорғаны ретінде бой көрсетуде. Негізінде Түркияда Еуразия ұғымын пайдаланғандардың пікірлерін ортаға салмауда. Олар өздерінің бұрынғы пікірлерін өңін өзгерту қайталауда. Сонымен қатар олар да Еуразия ұғымы негізгі пікір ретінде емес, көмекші пікір ретінде орын алуда. Атап айтқанда бұл ұғым сол пікірлерден аршылып алынып тасталса Түркияда еуразияшылдық бұрынғы ұлтшыл түрікшіл немесе тұраншыл, ұлтшыл солшыл пікірлері сол қалпында ортаға шығады[36].
Сонымен қорыта айтар болсақ, жалпы алғанда түрік зиялыларының еуразияшылдық идеясына түркі халықтарының ынтымақтасуы тұрғысынан қарағаны байқалуда. Сонымен қатар бұл идея туралы ой-пікірлерде қайшылықтармен үстірт қараушылықтардың болғаны да назардан тыс қалмауда.
Сондықтан бұл мəселе Түркияда алдағы жылдарда жасалатын зерттеулер мен талдау-ларды тереңдетуді қажет етуде.

1. Brzezinski, Z. Büyük Satranç Tahtası Amerika’nın Küresel Üstünlüğü ve Bunun Jeostratejik Gereklilikleri. İstanbul, 2005, 75-bet.
2. Erol, S. Küresel güç mücadelesinde Avrasya jeopolitiği ve Türk Avrasyası // Avrasya’nın değişen jeopoltiği yeni büyük oyun. Ankara, 2009, 10-12- better.
3. Erol, S. Küresel güç mücadelesinde Avrasya jeopolitiği ve Türk Avrasyası // Avrasya’nın değişen jeopoltiği yeni büyük oyun. Ankara, 2009, 11- better.
4. Akgül, F. Rusya ve Türkiye’de Avrasyacılık, İstanbul, 2009, b. 9.
5. Akgül, F. Rusya uve Türkiye’de Avrasyacılık, İstanbul, 2009, b. 163-164.
6. Erol, S. Küresel güç mücadelesinde Avrasya jeopolitiği ve Türk Avrasyası // Avrasya’nın değişen jeopoltiği yeni büyük oyun. Ankara, 2009, 20-21- better.
7. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 317- bet. 8. Perinçek, M. Avrasyacılık Türkiye’deki Teori ve Pratiği, İstanbul, 2006, 76- bet.
9. Perinçek, M. Avrasyacılık Türkiye’deki Teori ve Pratiği, İstanbul, 2006, 82- bet.
10. Atagenc,O.Dünya ve Türkiye jeopolitiğinde Avrasyacılık. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.
11. Perinçek, M. Avrasyacılık Türkiye’deki Teori ve Pratiği, İstanbul, 2006, 101-103- bet.
12. http://www.habervitrini.com/haber.asp?id=155090, (25.10.2011)
13. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 313- bet.
14. Atagenc, O. Dünya ve Türkiye jeopolitiğinde Avrasyacılık. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.
15. Atagenc, O. Dünya ve Türkiye jeopolitiğinde Avrasyacılık. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки..
16. Perinçek, M. Avrasyacılık Türkiye’deki Teori ve Pratiği, İstanbul, 2006, 82-85- bet.
17. Perinçek, M. Avrasyacılık Türkiye’deki Teori ve Pratiği, İstanbul, 2006, 153-154- bet.
18. Perinçek, M. Avrasyacılık Türkiye’deki Teori ve Pratiği, İstanbul, 2006, 157-158- bet.
19. Perinçek, M. Avrasyacılık Türkiye’deki Teori ve Pratiği, İstanbul, 2006, 7159-160 bet.
20. Dugin, A., Nursultan Nazarbayev’in Avrasya Misyonu, (Avdarğan Lazzat Urakova – Nehriban Gençkal), Ankara, 2006, 114-bet.
21. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 314- bet.
22. Dugin, A., Nursultan Nazarbayev’in Avrasya Misyonu, (Avdarğan Lazzat Urakova – Nehriban Gençkal), Ankara, 2006, 158-bet.
23. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 318- bet.
24. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 344-345- bet.
25. Atagenc, O. Dünya ve Türkiye jeopolitiğinde Avrasyacılık. http://www.jeopolsar.com/ sakla/makaleler/makale.asp?id=15http://www.jeopolsar.com/sakla/makaleler/makale.asp?id=15
26. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 373- bet.
27. İhsan Çomak, http://www.usakgundem.com/haber/102/t%C3%BCrkiye%E2%80%99de-avrasyacilik-
%C3%BCzerine.html,
28. Erol, S. Küresel güç mücadelesinde Avrasya jeopolitiği ve Türk Avrasyası // Avrasya’nın değişen jeopoltiği yeni büyük oyun. Ankara, 2009, 27-29- better.
29. Erol, S. Küresel güç mücadelesinde Avrasya jeopolitiği ve Türk Avrasyası // Avrasya’nın değişen jeopoltiği yeni büyük oyun. Ankara, 2009, 34-35- better.
30. Erol, S. Küresel güç mücadelesinde Avrasya jeopolitiği ve Türk Avrasyası // Avrasya’nın değişen jeopoltiği yeni büyük oyun. Ankara, 2009, 37- bet.
31. Akgül, F. Rusya uve Türkiye’de Auvrasyacılık, İstanbul, 2009, b. 39-43.
32. Erol, S. Küresel güç mücadelesinde Avrasya jeopolitiği ve Türk Avrasyası // Avrasya’nın değişen jeopoltiği yeni büyük oyun. Ankara, 2009, 38-39- better.
33. Akgül, F. Rusya ve Türkiye’de Avrasyacılık, İstanbul, 2009, b. 164-165.
34. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 292- bet.
35. Akgül, F. Rusya ve Türkiye’de Avrasyacılık, İstanbul, 2009, b. 164-165.
36. İmanov, Vügar, Avrasyacılık Rusya’nın Kimlik Arayışı, İstanbul, 2008, 292-293 better.

Резюме
Статья посвящена исследованию идеи евразийства с позиции турецкой интеллигенции. В ходе изучения данной проблематики выявлены различные позиции ученых, которые, с одной стороны, подтверждают общность платформы «идеи евразийства» с другой-высказывают диаметрально противоположные точки зрения на некоторые моменты. В связи с этим дальнейшее исследование данного вопроса представляется актуальным и перспективным.
Summary
The article deals with the idea of Eurasianism from the position of Turkish intellectuals. In a study of this problem, different positions of scientists who, on the one hand, confirm the common platform «idea of Eurasianism» on the other hand, have expressed diametrically opposite views on some points. In this regard, further investigation of the matter is urgent and promising.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *