ЖИРЕНШЕ МЕН ҚЫЗЫЛЫМ

ЖИРЕНШЕ МЕН ҚЫЗЫЛЫМ
Бір жолы Қызылым карт Жиреншеге жолығып:
– Шешен, сізден бір сұрайын деген сөзім бар еді, — дейді.
– Сұраңыз,- дейді.
– Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідер жоғалттым. Осыған құлақтас болыңызшы!- дейді.
Жиренше:
– Ақсақал, тоғызыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз. Он бес жас — құйын қуған желмен, жиырма бес — дауыл ұрған перімен, отыз бес жас — ағып жатқан селмен тең. Қырық бес — аю аспас белмен, елу бес — ерттеп қойған атпен, алпыс бес — арқандап қойған атпен тең. Жетпіс бесте – көңілің — жермен тең, сексенде — селкілдеген шал боласың, тоқсанда — толық миың орта түсер, жүзде — күдеріңді үзе бер: өлмесең де, өліден кем боларсың!- дейді.
– Әттеген-ай, өзім жиырма бестегі жігіттей едім! Көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер-ақ сұраған екенмін!- деп, Қызылым қарт жантая кеткен екен.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *