АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ МҰҢЫ
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып, жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені тамам болар.
О күнде қарындастан қайыр кетер,
Ханнан — күш, қарағайдан шайыр кетер.
Ұлың-қызың орысқа бодан болып,
Қайран есіл ел-жұртым сонда не етер?!
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы