ҚАЙЫМ МҰХАМЕТХАНҰЛЫ – АБАЙТАНУШЫ
Аннотация
Мақалада белгілі абайтанушы Қайым Мұхаметхановтың шығармашылық лабораториясы көрсетіледі. Қ.Мұхаметханов Мұхтар Əуезовтың шəкірті болған. Ол өз еңбектерінде Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін зерттейді. Абайдың ақын шəкірттері Шəкəрім Құдайбердіұлының, Көкбайдың, Тұрағұлдың, Əріптің, Кəктайдың еңбектерін зерттеп, олардың мол мұраларына зейін қояды. Абайдың ақын шəкірттері қазақ əдебиеті мен поэзиясының дамуына өз үлестерін қосқан ірі тұлғалар болатын.
Түйін сөздер: дискуссия, ақын-шəкірттер, коммунистік идеология, тоталитаризм, ақиқат, шындық.
В статье раскрываются особенности творческой лаборатории известного абаеведа Каюма Мухаметханова, ученика Мухтара Ауезова, внесшего значительный вклад в исследование поэтической школы Абая. Яркими представителями этой школы были также Шакарим Кудайбердиев, Кокбай Жанатаев, Турагул Кунанбаев и другие, которые внесли свою лепту в развитие казахской поэзии.
Ключевые слова: дискуссия, поэты-последователи, коммунистическая идеология, тоталитаризм, истина, правда.
This article reveals the discussions in Kazakh literature among the poets-followers of Abaya at the dawn of creative development of Kayum Mukhametkhanuly – Abai studier. Keywords: Abai stady, follower, creative development, to reveal.
Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Əкесі Мұхамедхан ауқатты жəне көзі ашық сауатты адам болған. Сол кездегі қазақ зиялылары Қайымның əкесімен араласып тұрады. Бұл туралы Қайым Мұхамедханұлы былай дейді:
«Бір кезде кезде Сұлтанмахмұт біздің үйде тұрыпты. Шаһкəрім, Көкбай ақындар Семейге келген кездерінде біздің үйде жатып та жүрген. Жас шағымда ШаҺкəрімді де, Көкбайды да көрдім.
Семей семинариясында оқып жүрген кезінен бастап Мұхтар (Əуезов) əкеммен жақсы таныс болып, туған інісіндей боп кеткен. Пьесаларын сахнаға даярлау кезінде репетицияларын үнемі біздің үйде өткізген.
Мұхтармен бірге: Жүсіпбек Аймауытов, Иса ақын, Əміре, Əлмағамбет əншілер де біздің үйде талай болған.
Бала кезімнен бастап көріп өскен шындықтың шет жағасын ашып айтуға енді еркіндік ала бастадық» – дейді. Міне, осындай қазақтың игі жақсыларының өнегесін Қайым
Мұхамед ханұлы өзіне үлгі етеді.
Мұхтар Əуезов Абайдың айналасында бір ге болып оған шəкірт болған ақындардың шығармаларын зерттеуді қолға алып, Қайымға да зерттеу жөнінде тапсырма береді. Мұхтар Əуезов «Абай шəкірттері туралы» атты мақаласында:
«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде əншілер, композиторлар, халық фольклорын жырлаушылар, əнші ақындар, орыс мəдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар əр быуннан шыққан болатын. Іштерінде жас жағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа, Бейсембай ақын сияқтыларынан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия жəне інісі – Кəкітай сияқты көп адамдар болады» – дейді. Мұхтар Əуезовтың Абайдың шəкірттері туралы айтқан пікірлері Қайым Мұхаметханұлының осы тақырыпты ары қарай зерттеуіне ықпал етеді.
Абайтану ғылымында алғашқылардың бірі болып, Абайдың ақын шəкірттерінің қазақ əдебиетіндегі орнын талдап, өз бағасын берген Қайым Мұхаметханұлы. Кеңес жүйесінде əдебиетке таптық принцип тұрғысынан қарау, коммунистік идеологияның басымдылығы ғылым ды саясаттандырып жіберді. Бұл талапқа сыймағандар қоғамның жаулары ретінде саналды. Кеңестік қоғамда халық са насын кедей таптың өкілдерін дəріптеу арқылы басқару тиімді деп есептелді. Абайдың ақын шəкірттері коммунистік жүйеге сыймайтын, жалпы халықтық мүдделер деңгейіндегі, жанжақты жетілген тұлғалар болатын. Осындай тұлғалардың шығармашылығын сол дəуірде зерттеп, олар жайында диссерттация қорғау рухани ерлікке тең болатын. Осы ауыр жүкті көтеріп жүзеге асырған Қайым Мұхаметқанұлы.
Абайдың ақындық мектебінің Х1Х ғасырдың екінші жартысындағы ролін, оның қазақтың рухани мəдениетін алға жылжытуға қосқан үлесін анықтап, баға беруде Қайым Мұхаметханұлы аянбай еңбек етті.
Қазақ мəдениетіндегі бұл мектепті Абайдың классикалык əдебиеттен үлгі-өнеге алып, соның негізінде қалыптасқан мектеп деп түсінуге болады,-дейді зерттеуші. Ғалым бұл ойын нақты дəйекті дəлелдермен түсіндіреді. Осы мектептегі Абайдың ақындық үлгі өнегесі қандай болды. Осы ойды нақтылап, оған баға беру жəне ғылыми тұжы рымдау Қ.Мұхаметханұлының негізгі мақсаты болды. Абай шəкірттерінің өмірін, шығармашылықтарын зерттеп, оларға əдеби талдау жасап, өзінің дербес пікірлерін анық білдіріп отырады. Бұл талдаулар, көзқарастар, сол дəуірдегі тоталитарлық жүйе түсінік танымына қайшы келетін,кеңестік идеологияға жат ұғым ретінде қабылданды.
Абай мектебі сол дəуірдегі қазақ қоғамы ның рухани дамуына əсер етті. Озық ойлы ақын шəкірттер қазақтың жазба əдебиетіне идеялық мазмұн көркемдік түр мен жаңа лықтар əкелді. Осы мəселеге Қайым Мұхамед ханұлы өз зерттеуінде ерекше көңіл бөліп, олардың қазақ əдебиетіндегі орындарын анық тап берді.
Абай мектебінің шəкірттерін зерттеуші екі топқа бөліп қарайды: Ақындар тобы − Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Əріп, Əсет т.б.
Əнші-композитор, жыршылар-ертегішілер Мұқа, Мұқаметжан, Əлмағамбет, Бейсембай, Байма ғамбет т.б.
Олардың əрқайсының шығармашылығына жекелей тоқталып, талдаулар жасалынады. Абайдың шəкірттеріне қойған талап тары мен шарттарын, ұсынған тақырыпта рын жəне ақынның шəкірттеріне рухани жол көрсетуін, зерттеуші жан-жақты анықтайды. Шəкірттеріне зор талаптар қоя отыра, олар ға тақырыпты ұстаз өзі ұсынып отыра ды. Шəкірттерінің шығармашылығын жіті қадаға лап, оларға сын айтып, өз бақы лауына алып отырады. Олардың шығар машылықтары үнемі талқыға салынып отырған. Осы мəліметтердің барлығын Қайым Мұхаметханұлы деректер арқылы, нақты жазылған естеліктер мен архив құжаттардан да жинақтап отырған.
Абай мектебінің эстетикалық талғамын, принциптерін өзіндік ерекшеліктерін зерттеп еңбегінде ашып көрсетеді. Олардың поэзияға жанр,стиль жағынан енгізген жаңалықтары да ғалым назарынан тыс қалмайды. Абайдың ақын шəкірттерінің шығармашылықтарынан ұстаз ықпалымен жазылғандығы жəне олардан жаңа сарын, жаңа тақырыптар айқын көрі ніп тұрады.
Абай туралы ақын шəкірттерінің естеліктері мол деректер береді. Осыларды жинақтап, əрқайсысының ұстаз жайлы айтқан ой пікірлерін де өз еңбегінде тоқталып, зерт теуші ақын мектебінің ролін айқындап отыра ды. Қайым Мұхаметханұлы диссертация қорғағаннан кейін жазушы Мұхтар Əуезовты көре алмайтын ғалымдар мен жазушылар Қайым еңбегіне шабуылын бастайды.
Қайым Мұқаметханұлы 1951 жылы 7
сəуір де «Абайдың əдебиет мектебі» атты канди даттық диссертация қорғайды. Бұл еңбегінде Абайдың ақын шəкірттерінің, Абай мектебінің тарихын зерттеп, тың деректерге толы мəліметтер ұсынады. М.Əуезовтың жетекшілігімен жазылған еңбектің құндылығы жəне маңыздылығы жоғары. Алайда, сол кезде бұл жұмысты қатты талқыға сала ды. Солақай саясаттың санаға салған сал мағынан уланған түсінік пен таным еңбек тің маңыздылығын жоққа шығаруға ты рысты. Диссертация қорғау қызу айтыс, талас жағдайында өтеді. Абайдың ақын шəкірттерінің əрқайсысының ақындығы мен еңбектерін зерттеу жұмысында ғалым терең ізденістерге барады. Олардың Абай əдеби мектебінің өкілі ретіндегі орнын нақтылап, дəйекті дəлелдер мен тұжырымдар келтіреді. Абайдың ықпалымен жаңаша бағыттармен жұмыс жасап, қазақ мəдениетіне, əдебиетіне айрықша із қалдырған шəкірттердің мұраларын жарыққа шығарып, таныту зор еңбектің нəтижесінде жүзеге асады.
Сол кездегі Қайым Мұхаметханұлы қорға ған диссертацияның маңында өрбіген даудамайдың, жаланың шындығы төмендегідей еді: 1951жылы 15 маусымда Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институты мен Қазақстан Совет Жазушылар Одағы бірлесіп өткізген «Абайдың əдеби мұрасы мəселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс» өткізілді. «Абайдың əдебиет мектебі жəне оның шəкірттері» — деген тақырыпта С. Мұқанов, «Абай мұраларын танудағы кейбір талас мəселелер» — С. Нұрышев, «Абай творчествосының идеялық арналары туралы» — М.Сильченко, «Абай мұрасын танудағы жетістіктер мен кемшіліктер» — Мұхтар Əуезов баяндама жасады.
Баяндамалар бойынша жарыссөзде филология ғылымдарының кандидаттары: З. Ахме тов, М. Ғабдуллин, Қ. Тұрғанбаев, Қ. Мұхаметханов, профессор Қ. Жұмалиев, тарих ғылымының кандидаттары: Ғ. Мүсірепов, Қ. Жармағамбетов, Ə.Əбішев жəне басқалар,барлығы –18 адам шығып сөйледі. Айтыс стенограммаға жазылған. Осы талқы лауға қатысқан, баяндама жасаған адамдардың ішінде С. Мұқановтың баяндамасында Абайдың ақын шəкірттері туралы сыңаржақ пікір білдіреді: «Аталған тізімдегі адамдардың ішінен үш кісінің шығармаларын талдауды орынсыз көрдік. Бірінші − Шəкəрім Құдайбердиев. Бұл адам Революцияға дейін діншілдік-ұлтшылдық бағытта жазған адам. 1917 жылы революцияға қарсы ұйымдасқан «Алашорда» партиясының Семейдегі облыстық сьезін «Алаш ақсақалы» боп ашқан адам, революцияға қарсы бағыттағы «Абай» журналымен «Сарыарқа» газетіне Октябрь революциясына қарсы мақалалар жазған адам: 1929 жылы бай-кулактарды бастап, Шыңғыстау ауданында Совет өкіметіне қарсы құралды көтеріліс жасап, жазықсыз талай адамды өлтіріп, өзі атыста оққа ұшқа адам. Бұндай бандитті, ол атылып өлгеннен кейін де, Мұхтар Əуезов жолдастың 1934 жылы да, 1940 жылы да «Абай шəкірттерінің» тізіміне қосып мақтауы ойға сыймайды. Əуезов жолдастың, Шəкерім бандит боп өлгеннен кейін де, оған мейірімді көзбен қарауы, ең жеңіл
тілмен айтқанда ұят.»
Осыдан кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының Президумы мен Қазақстан Совет Жазушылары Одағының президумы: «Қазақ əдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосын ғылыми жолмен зерттеу жөніндегі айтыстың қортындысы туралы»,-деген қаулы қабылдап, ол қаулыда былай деген: «…Соңғы уақытқа дейін Қазақстанның жеке əдебиетшілері «Абайдың ақындық мектебі» дейтін ғылымға қарсы, бур жуазиялық обьективтік концепцияны уағыз дап, өрескел саяси қате жіберіп келді. Тарихи шындыққа қайшы келетін жəне ойдан шығарылған бұл жалған концепцияның зияндылығы сол − Абайдың ықпалын халық қаламаған шалағай ақындардың, соның ішінде тіпті буржуазияшыл ұлтшылдардың да (Шəкерім жəне Тұрағұл) болмашы тобынан əрі асырмай, шынында, қазақ əдебиетінің тарихынан Абайдың өзінен жəне дəстүрінің ролін төмендетті.» (Абай. 1992. №4. 57-70-б)
Абайдың «Абайдың ақындық мектебінің» ірі өкілі Шəкəрім туралы жəне де басқа шəкірттерін қаралайтын қате пікірлер олардың мұраларын жарыққа шығуына жəне халық арасына насихатталуына осындай тосқауылдар қойған еді.
Бірақта түптің түбінде шындық жеңді. Сталинизмнің қатал саясаты бəсеңсігеннен кейін-ақ Қайымның зерттеулерінің қазақтың əдеби процесінің даму бағыттарын дұрыс талдағаны дəлелденеді. Абайдың ақындық мектебінің болғандығы жəне оның озық өкілдері Абайдан соң қазақ əдебиеті мен поэзиясын жаңа биікке көтергендігі белгігі болды. Осы зор маңызы бар тақырыптты ашып қазақ халқына мұра етіп қалдыруы Қайымның жасаған ғылыми ерлігі болды. Мұхтар Əуезовтен кейін қазақ əдебиетінде абайтану іліміне зор үлесін қосып кеткен, абайтануды биік деңгейге көтерген Қайым болды. Оның азаматтық ерлігі өз ұстазы Мұхтар Əуезовты сатпауында. «Байшыл-буржуазияшыл көзқарас тарға Əуезовтың ықпалымен бардым», — десе Қайым қылышынан қан тамған Кеңестік жүйесінің реприясынан құтылатын еді, топты бала-шағасымен қауышатын еді. Алайда, Қайым шындықты, ақиқатты таңдады. Ұстазын НКВД-ға ұстап бермей өзі жазған еңбектеріне өзі жауап берді. Қорқыту, зор лық-зомбылық оны жаныштай алмады. Қайым 25 жылға түрмеге айдалып кете барды. Түрме мен зона оны сындыра алмады. Сталин өлгеннен кейін 5 жыл отырған соң Қайым ақталып шықты. Оның ғылыми жəне азаматтық ерлігі əрбір қазаққа үлгі екендігі ақиқат. Ар алдында, қазақ ұлты алдында Қайым ерлік үлгісін көрсетті. Оның ұзақ жылдардағы қазақ əдебиетіне сінірген еңбегі ұшан теңіз. Қайымның ерлік үлгісі қазақ халқымен бірге жəне де ұрпақтар санасында сақталады деп білеміз.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Мұхаметқанұлы Қ. Абайдың ақын шəкірт тері. Т.1-4, Алматы: Дəуір, 1995. 2 Абай.1992, − №4. 57-70 б.
Ю.А. БОНДАРЕНКО