ШЕТЕЛ САБАҒЫН ТАҢБАЛЫ-СИМВОЛДЫҚ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


ШЕТЕЛ САБАҒЫН ТАҢБАЛЫ-СИМВОЛДЫҚ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Тұлғаға-бағдарланған іс-əрекеттік тəсіл білім берудің жетекші парадигмасы болып саналады. Сол себепті білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың əдістемелік мəселелерін жаңа тұрғыдан қарастыру, бүгінгі таңда білім беру саласының басты мақсаттарының бірі болып отыр. Осы мақалада таңбалық-символдық көрнекі құралдарды оқыту үдерісінде пайдаланудың тиімділігі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылып, шетел тілін оқытуда таңбалық-символдық көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді екеніне көз жеткіземіз.
Түйін сөздер: тұлғаға-бағдарланған іс-əрекеттік тəсіл, білім беру парадигмасы, символдық көрнекі құралдар.
Личностно-ориентированный подход является ведущей парадигмой в образовании. Поэтому рассмотрение методических проблем на всех уровнях образования является самой главной целью на сегодняшний день. В этой статье рассматривается использование знаково-символических наглядных пособий эффективных с психолого-педагогической точки зрения.
Ключевые слова: личностно-ориентированный подход, парадигма в образовании, символический наглядных пособие.
Annotation
Student-centered approach is the leading paradigm in education. In this review of methodological issues at all levels of education to the next level is the most important goal today. This article focuses on the use of signs and symbolic visual aids that is effective from the psychological, pedagogical point of view.
Keywords: student-centered approach, paradigm in education, symbolic visual aids.
əуелсіз Қазақстан өркениет жолын- ғыт та лып жаңаруы, оқу – тəрбие үдерісін да өркениеттілік пен құндылықтар жаңар ту қажет тілігі жəне оның салалары
жүйесін құруда. Өркениетті дамудан білім беру жүйесінің бəсекеге қабілеттілікке баретін де, мазмұн құндылығының артуы туындайды.
Жас ұрпақтың бойына білімді таңбалықсимволдық көрнекіліктер арқылы сіңіру, оқу шылардың білім сапасын арттырып қана қой май, есте сақтау қабілетінің жақсаруына, білімді жылдам игеруіне көмектеседі. Бүгінгі күнде педагогика ғылымында «визуалды білім» деген термин пайда болып, ол дəстүрлі үйреншікті көрнекілік құралдарды ығыстырып шығаруда. XXI ғасырдың жас ұрпағы символдар, таңбалар сияқты шағын ұғымдарды пайдалануды жақсы білуі керек.
Таңба ұғымына көз жүгіртер болсақ оның тарихы сонау ежелден бастау алған. Жалпы адамзаттың өмір сүру тарихын алып қарайтын болсақ, таңба ұғымына қатысты көптеген мəліметтерді кездестіреміз. Мысал келтіретін болсақ, Ежелгі Грекия мен Қытай елдерінде «есте сақтау өнері» яғни «мнемоникон» деп аталатын өнер пайда болып, сол дəуірдегі адамдар, адамның есте сақтау қабілетін жақсарту, естің сиымдылығын арттыру сияқты мəселелерге баса назар аударып, сол өнерді дамыта түскен. Ал бұл өнер тікелей таңба, символ деген ұғымдармен байланысты болып, таңбалық-символдық көрнекіліктің дамуына белгілі бір үлесін қосқан.
Қазақ халқының өткен өміріне көз жүгіртер болсақ «таңба», «символ» деген ұғымдарды біздің ата — бабаларымыз сонау жаугершілік замандарда пайдаланып көптеген мəліметтерді тасқа ойып қалдырып отырған. Бұл ата-бабамыздан қалған нышан болғандықтан ол бала ның бойында ерте жастан қалыптасады. Қазақ жеріндегі ең алғаш рет тасқа салынған суреттер туралы мəліметтерді берген ғалымхорезмдік Əбурайхан əл-Беруни болып саналады. Бұдан басқа Ш. Уəлиханов, В.В. Радлов, И.Т. Пасловский деген атақты ғалымдар қазақ жеріндегі тасқа салынған суреттер туралы көптеген мəліметтер қалдырып кеткен. Айта кететін болсақ Ш. Уəлиханов өз еңбектерін суреттер арқылы беріп, түсіндіруге тырысты [1].
Бүгінгі күнде оқу үрдісінде көрнекі құралдар тек көмекші құрал ретінде пайдаланылып, оның оқушылар білім сапасын арттыру мүмкіндігіне көп мəн берілмеген.
Таңбалық-символдық көрнекіліктерді тере ңінен зерттейтін болсақ, оның оқушылар білімін арттырудағы мүмкіндігі өте зор.
Жалпы таңбалар «көмекші таңбалар» жəне «тілдік таңбалар» болып екіге бөлінеді. Тілдік таңбаларға тілдік бірліктер жатса, көмекші таңбалардың өзі мынадай түрге бөлінеді:
1. Графикалық таңбалар-математика, химия сабақтарында қолданылады.
2. Акустикалық таңбалар-музыкалық аспап тар таңбалары.
3. Заттық таңбалар-жол бойының таңба лары, əскери белгілер.
4. Ақша таңбалары-əр елдің ақша бірліктері.
5. Сəулелік таңбалар-жарық арқылы берілген белгілер.
6. Ымдау, нұсқау таңбалары-дене қимылдары.
Таңба, символ деген ұғымдарға анықтама берер болсақ, «символ» грекше «simbolon» таңба, белгі деген мағынаны білдіреді. Ал «таңба» дегеніміз өзіне ешқандай қатысы жоқ басқа бір мазмұнды білдіретін шартты бейне»деп сипатталған [2]. «Таңбалық-символдық көрнекілік» терминін Ю.С. Степановтың түсінігі бойынша «қоршаған ортаны танып білу үрдісіне кызмет етіп, ең əуелі көру мүшесі арқылы (визуалды) қабылданатын барлық таңбалар мен символдардың жиынтығы» деп түсіндірілген [5]. Белгілі педагог ғалым В.И.Евдокимовтың берген анықтамасы бойынша көрнекі құрал дегеніміз «оқыту барысында түрлі құбылыстар мен үрдістерді таныстыруға мүмкіндік жасайтын арнайы таңдап алынған заттар мен құрастырмалар» [6]. Психологиялық, педагогикалық əдебиеттерде таңба ұғымына əртүрлі анықтама берілген. Таңбалар зат, оқиға ретінде белгіленіп, ақпарат алмасу, ақпаратты жеткізу қыз метін атқарады. Таңба басқа бір заттың орнына жұмсалып, оның ең басты қасиеті, оның белгісінің болуы. А.Ф. Палтарацкий таңбаны адамның сезім мүшелері арқылы қабылдайтыны туралы жан-жақты зерттеп таңбаның екі қасиеті бар екенін айтты.
— біріншіден таңба жəне символдар сезім мүшелері арқылы қабылданса;
— екіншіден ол əрбір заттың қасиетін біл ді ретін ерекше белгі болып саналады [7]. Н.Г. Салмина таңбалық-символдық құралдардың бірнеше ерекше белгілері бар екенін атап көрсетті:
— шарттылығы, осыған сəйкес таңба мен таңбаланушы арасында қатынас орнайды;
— бағыттылығы, таңба атаулының белгілі бір формамен мазмұнның байланысына бағыт талады;
— жүйелілігі, синтакистік бірлік;
— ұзақтығы, таңбалық–символдық көрнекіліктерді қолдануда уақыттың созылуын көр сетеді [8]. Табиғаттағы таңбалар мен сим волдар қоғамның сұранысына жəне өзге ріп, дамуына байланысты өзгеріп, əр түр лі жағдайға бейімделіп отырады. Таңба жəне символ ұғымдары əрқашан көрне кілік ұғымдары мен тығыз байланысты. «Таң ба лық– символдық көрнекілік» терминін Б.С.Степановтың семиотикалық обьектілерді жіктеуі бой ынша, қоршаған ортаны танып білу үрді сіне қызмет етіп, ең əуелі көру мүшесі арқылы қабылданатын барлық таңбалар мен сим волдардың жиынтығы деп білеміз [9].
В.И. Евдокимовтың пікірі бойынша «Көрнекі құралдар» дегеніміз – оқыту барысында түрлі құбылыстармен үрдістерді таныстыруға мүмкіндік беретін арнайы таңдап алынған заттар мен құрастырмалар. Атап айтар болсақ олар;
— көрнекі құрал таным құралы, таным үрдісінде нақты заттарды, құбылыстарды олардың табиғи жəне өмір сүру жағдайын елестетуге мүмкіндік жасайды;
— көрнекі құрал нақты обьектінің, заттың, құбылыстың түрлендірілген формасы;
— оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыт ала құрастырылған кез келген заттық немесе идеалдық модель көрнекі құрал бола алады – деп қорытындылайды. В.И.Евдокимов таң балар мен символдық көрнекіліктерді басқа көрнекіліктерден бөлек өз алдына жеке көрнекілік ретінде қарастыру керектігін айтады. Ол «символдық көрнекілік қарас тырылып отырған заттың ішкі жəне сыртқы маңызды қатынастарын анықтайды жəне сол арқылы заттың ішкі өзгерістерін танып білу ге болады» деп айтады. В.И. Евдокимов таңбалық-символдық көрнекілікті оқу үрді сінде пайдаланудың маңыздылығын айтып, оның тиімділігін дəлелдейді [6]. Педагогика ғылымы саласында заттық, тілдікбейнелі, көркем жəне динамикалық түрлері көрнекіліктің ең маңызды түрлерінің бірі болып саналады. Сонымен таңбалық-символдық көрнекіліктердің тигізер пайдасына гөрі таңбалық-символдық көрнекіліктерді өз алдына бөлек қарастыру өте маңызды. Сөйтіп таң балық-символдық көрнекілік дегеніміз − табиғаттағы құбылыстарды заттық түрде бейнелейтін, кодтау жəне алмастыру қызметіне ие құралдар жүйесі. Атақты ғалым Д.С. Столярчук таңбалық-символдық көрне кіліктерді (ТСК)-оқушылардың білімін жүйелеу құралы ретінде қарастырып, ол ТСК-ге бірнеше талаптар қояды. Ғалымның пікірінше таңбалық-символдық көрнекілік (ТСК) оқу құралы ретінде бірнеше талаптарға сай келуі қажет.
— ықшамды болуы шарт, өйткені үлкен көлем дегі ақпараттарды алмастыру, оларды шешу өте маңызды рөлге ие болып табы лады;
— оқушылардың диалектикалық ойлау жүйе сін дамытып, білімнің жүйелілігін қамтамасыз етуі тиіс;
— қоршаған ортадағы құбылыстар мен обьектілердің мəн-мағынасын түсініге ықпал етуі, табиғат пен танысу үрдісінде құбылыстарды модельдеу туралы түсініктерді дамытып, модельдер мен олардың шынайы арақатынасын танып білуге жол ашуы керек;
— оқу материалының мазмұнын нақтылы бейнелеуі, оқу материалын терең де берік меңгеруге ықпал етуі жəне ғылыми дүниетанымды қалыптастыруы қажет [11].
Атақты ғалым Н.М. Силич таңбалықсимволдық көрнекіліктің (ТСК) ең маңызды сипаты оның бейнелеу қызметінде деп айтады. Оның пікірінше таңбалар мен символдардың өздері де материалдық зат бола тұра шынайылықты бейнелеу формасы ретінде қолданылады жəне таным құралы ретінде қызмет атқарады [12].
Д.Фолидің пікірі бойынша таңбалардың ең маңызды қызметі ол белгіленген графикалық бейнелерді қолдану арқылы адамдар арасында байланыс орнату болып табылады [11].
Педагог-ғалым Н.Г. Салмина өзінің бір қатар зерттеулерінде таңбалық-символдық көр не кіліктердің атқаратын қызметі туралы айтып өткен. Сонымен көптеген ғалымдардың айтқан ойларын жəне педагогикалық, психоло гиялық əдебиеттердегі таңба туралы ойларға тоқтала келе, таңбалық-символдық көрнекіліктердің мынандай қызметтерін көрсетуге болады:
— таңбалар мен символдар коммуникативтік қызмет атқарады, бір адамның екінші адамға екінші ақпататты айтуға, декодтауға көмек
көрсетеді;
— танымдық қызмет атқарады, яғни адамның іс-əрекетіндегі шындықты көрсетіп, дүние танымдық білімнің пайда болуын көрсетеді;
— қорытындылау қызметін атқарады, əрбір таңба білімді қорытындылауда жүйелеуге
көмектеседі;
— құрал қызметін атқарады, яғни бүгінгі күнде таңбалар адамның ойлау қызметінің құралы ретінде танылып, табиғаттағы обьектілерді білуге, оларды ақыл–оймен қайта түзетуге мүмкіндік береді [8].
Көрнекілік ұстанымы дидактика саласының негізгі ұстанымдарының бірі болып саналады. Бұл ұғымды алғаш рет педагогика ғылымында, атақты педагог ғалым Я.А. Коменский алғаш рет еңгізіп, өзінің «Ұлы Дидактика» еңбегінде «сезім түйсіктері арқылы қабылдауға болатын барлық нəрселер, көрінетін көзбен қабылданатын, естілетін − құлақпен есту, иістер –иіс сезу, дəмдер – дəм сезу. Түйсінуге болатын заттар түйсік арқылы қабылданады»- деп жаза келіп, «адамның санасында сезінуге болмайтын еш нəрсе жоқ» деген пікір айтты.
Мектепте оқыту процесіне көрнекілік құрал дарға тоқталып кететін болсақ, оларға мұға лімнің кітабы, анықтамалық əдебиеттер, оқушының оқулығы, мұғалімдерге арналған кітаптар, көрнекі құралдар, суреттер, кесте лер, сызбалар, пракаттар, ал техникалық құралдарға аудитивті, визуалды көрнекі құралдар жатады. Бүгінгі күнде оқыту процесінде əртүрлі көрнекілік жəне басқада техникалық құраларды соның ішінде интернетті, интерактивті тақтаны, бұқаралық ақпараттық құрал дардың материалдарың қолдану, əртүрлі көлемдегі видеофильмдерді пайдалану өте үлкен оң нəтижеге алып келеді. Осыған байланысты оқыту процесіндегі оқұраларды үлкен екі топқа бөлуге болады; негізгі жəне көмекші құралдар. Осы құралдарды ішін де негізгі құралдарға ең алдымен оқу лық жатады. Өйткені оқушы оқулықсыз еш қан дай білім алып, өз жұмысын тиімді ұйым дастыра алмайды. Жалпы бастауыш сынып тарда немесе орта буын сыныптарына оқы ту процесінде көрнекілік құралдарды көп пайдалану оқытуда көптеген көздеген мақ сат тарға жетуге болады, себебі кез келген көрнекілік құралдар өушылардың білім ден гейінің жоғарылауна, білім сапасының жақсаруына өз көмегін тигізеді. Ол материалдарды жылдам есте сақтауға, терең ойлауға, есту жəне көру сезімдерін дамытуға көмектеседі. Бұл көрнекіліктерге қабырғаға ілетін үлкен суреттер, сызбалар, стенттер, тақырыптық альбомдар, магнит тақталар, таратуға арналған мдидактикалық карталар жəне т.б. жатады. Көрнекілік принциптер туралы Ян Амос Каменский өзінің «Ұлы Дидактика» деген еңбегінде толық жазған. Бүгінгі күнде көптеген əдіскерлер өз зерттеулерінде көрнекіліктерге қойылатын талаптар туралы айтып өткен. Олар мыналар;
— біріншіден ол бағдарламаға сай жасалуы керек;
— екіншіден, ол оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет;
— үшіншіден, ойлауға, берік есте сақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге тартатын, шындыққа сай болу керек;
— оқушылардың белсенділігін арттыру керек;
— оқушылардың бойында білім алуға деген құштарлықты оятуы тиіс;
— оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне алғы шарт болуы тиіс [13].
Əр бір көрнекілік құралдар осы айтылған талаптарға сай жасалса, сабақ өте қызықты түрде өтір, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады.
Таңбалық-символдық көрнекіліктерді оқыту үдерісінде пайдаланудың ғылыми негіздеріне талдау жасау барысында келесідей ғалым дардың берген анықтамаларының мазмұндық жіктемесін кесте түрінде ұсынуды жөн көрдік.
«Таңба»- өзіне ешқандай қатысы жоқ басқа бір мазмұнды білдіретін шартты бейне;
«Таңбалық-символдық көрнекілік»– қорша ған ортаны танып білу үрдісіне кызмет етіп, ең əуелі көру мүшесі арқылы (визуалды) қабылданатын барлық таңбалар мен символдардың жиынтығы;
Көрнекі құралдар- оқыту барысында түрлі құбылыстармен үрдістерді таныстыруға мүмкіндік беретін арнайы таңдап алынған заттар
мен құрастырмалар;
«Визуалды білім» − адамның есте сақтау қабілетін жақсарту, естің сиымдылығын арттыру мəселелерін назарға ала отырып дами түскен ғылым.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Жұмағұлова Қ.Ə. Мектептің негізгі сатысындағы оқыту үрдісінде таңбалық-сим волдық көрнекілікті пайдалану арқылы оқу шылар білім сапасын арттыру. Дис.пед.ғыл.конд. − М., 2006., 134 б.
2 .Досмурзаев Изучаем казахский: просто и доступно. Методическое пособие. – Алматы, 2002. – С. 45-48.
3. Күлтегін. Тоныкөк: Ежелгі түрік руна жазбалары. Əдеби нұсқасын жазған Қадір Мырза Əли. – Алматы: Өлке, 2001. − 144 б.
4 .Гегель.Г. Сочинения. Госполитиздат. Т 3. – М., 1998. – 371 с.
5 .Семиотика. /Под.ред. Ю.С.Степанова. − М.:Радуга, 1983. − 636 с.
6. ЕвдокимовВ.И. Научные основы повышения эффеквивности обучения средствами наглядности: автореф.пед.наук:.13.00.01. − Киев,1990. – 30 с.
7. Палтарацкий А.Ф., Швырев В.С. Знак и деятельность. − М.: Политиздат, 1970. – 118 с.
8. Салмина Н.Г. Знак и символ в обучении. –М.:Педагогика,1988. − С. 80-90. 9 Семиотика. /Под.ред.Ю.С.Степанова. − М.:Радуга, 1983. − С. 45-80.
10. Евдокимов В.И. Научные основы повышения эффеквивности обучения средствами наглядности: автореф. пед. наук:.13.00.01. − Киев,1990. − 30 с.
11. Столярчук Д.С. Знакова – символическая наглядности как средство обобщения и систематизации знаний учащихся по физике в средней школе: автореф. канд.пед.наук. − Киев.1987. – 24 с.
12. Силич Н.М. Условия рационального использования схематической наглядности в обучении (5-8 классы общеобразавотельной школы): автореф. канд. наук:13.00.01. − Киев,1986. – 23 с.
13.Байсерке Л.А. Гуманизация школьной жизни. – А.: Ғылым, 1998. – 331 с.

Г.Б. КАМАЛОВА, Ж. ЖАКЕЕВА
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
г. Алматы Казахстан g_kamalova@mail.ru; zhanna_15_91@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *