ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТIК НЕГIЗI

ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТIК НЕГIЗI
Аннотация
Мақалада тұлға психологиясының əлеуметтік негізі мен адам мінезінің əлеуметтік типтері қарастырылған. Тұлға алдымен қоғамдық мəнге ие. Қоғамсыз, əлеуметтік жəне кəсіби топтарсыз адам тұлға бола алмайды, яғни адамды табиғат жаратқанымен, оны қоғам қалыптастырады. Тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жағы қоғамда, белгілі адамдар арасында өз рөлін ойнауға мүмкіндік жасайтын негізгі мінез сапаларынан көрініс табады.
Түйін сөздер: тұлға, тұлғаның əлеуметтік-психологиялық негізі, тұлғаның психологиялық құры лымы, қалыптасу факторлары: табиғи орта, іс-əрекет, əлеуметтік орта, əлеуметтік норма, əлеу меттік топтардың нормалары.
В данной статье рассматриваются вопросы социальной психологии, основы психологии личности и социальные типы характерные для человека. В личности выделяется прежде всего ее общественная сущность. Вне общества, вне социальной и профессиональной группы человек не может стать личностью, т.е. создает человека природа, а формирует его общество. Социально-психологическая сторона личности отражает основные ее качества и характеристики, позволяющие ей играть определенные роли в обществе, занимать определенное положение среди других людей.
Ключевые слова: личность, социально-психологические основы личности, психологическая структура личности, факторы формирования: природная среда, деятельность, социальная среда, социальная норма, нормы социальных групп.
Annotation
This article touches upon the issues of social psychology, personality psychology basics and specifi c types of social characteristic features of a person. A person is distinguished by his social nature. Out society, regardless of social and professional groups a person cannot become a personality. He is created by nature but formed by the society. Social and psychological sides of a personality refl ect his main qualities and that allows him to play a certain role in the society and to hold a certain position among others.
Keywords: personality, social and psychological foundations of personality, psychological structure of the personality factors of: the natural environment, activism, social media, social norms , norms of social groups.
Тұлға – индивидтiң əлеуметтiк мəндi қасиеттерiнiң жүйесi. Адам дайын қа-
бi леттермен, қызығушылықтармен, мiнез бен жəне т.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты əлеуметтiк жағдайлардағы адамның өмiр сүру кезiнде қалыптасады.
Адам организмнiң тұқымқуалаушылық не гiзi (генотип) оның анатомиялық-физиоло гия лық ерекшелiктерiн, жүйке жүйесiнiң негiзгi сапаларын, жүйке процестерiнiң динамикасын анықтайды.
Адам табиғатының биологиялық негiзiнде оның болашақтағы психикалық дамуының мүмкiншiлiктерi жинақталған. Бiрақ, адамзат тек қана əлеуметтiк тұқымқуалаушылықтың арқасында, яғни бiлiм, дəстүрлер, материалды жəне рухани мəдени заттар, қоғамдық қатынастар жүйесiнде орныққан əлеуметтiк тəжiрибенi меңгеру барысында адам болады.
Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы нақты бiр қоғамдық жағдайларда туады. Қоғамның талаптары адамдардың мiнез-құлқының моде лiн, ал бағалау белгiлерi оның мiнез-құл қын анықтайды.
Адамның табиғи қасиеттерi (мысалы, оның мiнезiнiң қырлары) болып көрiнетiндер шындығында, тұлғаның қоғамдық талаптары оның мiнез-құлқында бекiтiлуi болып табылады.
Тұлғаның өзегi (ядросы) оның маңызды психикалық қасиетi – руханилықпен байланысты. Руханилық – адам өмiрiнiң жоғары көрсеткiшi, оның адамзаттық, адамгершiлiк парыздарының iшкi құндылығы, адамның болмыстан да жоғары мəнге бағынуы болып табылады. Тұлғаның руханилығы – оның санадан да жоғарылығы, барлық опасыздықтарды тұрақты шеттетуге деген қажеттiлiгi, өзiнiң адамзаттық парызына, маңызды идеалына шексiз берiлу. Өзiңнiң парызыңды орындап көршi, — дедi Гегель, — өзiңнiң бағаңды бiлесiң!
Тұлға құрылымының негiзгi өзегi – құндылықтық-нормалық жүйенiң, тұлға бағыттылығының, оның əлеуметтiк мəнi бар объек тiлер мен құбылыстарға қатынасының қалыптасуы болып табылады. Құндылық – шындықтағы құбылыс, заттардың тұлғалық мəнi. Құбылыстың тұлғалық мəндiлiгi оның əлеуметтiк мəндiлiгiмен үйлесуi аса маңыз ды [1].
Жалпы негiзгi əлеуметтiк құндылықтар – адамгершiлiк, кез келген əлеуметтiк игiлiк, қауiпсiздiк жəне топтық құндылықтар – идеялық, саяси постулаттар, дiни сенiмдер, кəсiби бiлiмдер жəне т.б. деп бөлiнедi.
Интернализациялы (меншiк) тұлға құндылықтары оның мiнез-құлықтық бағдары, негiзгi өзiн-өзi бақылау болып табылады. Құн дылықтар негiзгi жəне құралдық болуы мүмкiн, яғни өмiрлiк мəселелердi сəттi шешу құралы, тұлғаның өзiн-өзi реттеу жəне өзiнөзi бекiту құралы.
Тұлғаның құндылықтар жүйесi негiзiнде оның нұсқау жүйесi қалыптасады – сəйкес типтiк жағдайда белгiлi бiр бейнеде əрекет етуге психикалық дайындық. Əсiресе тұлғаның əлеуметтiк нұсқаулары тұрақты. Олар əлеуметтiк объектiлермен өзара əрекетiнiң тұ рақты тəсiлдерiнiң қорын көрсетедi, яғни əлеумет тiк перцепция — əлеуметтiк объек тiлердiң стереортиптi бейнесi ретiнде көрiнедi. Этносаралық топтардың қатынасы сəйкес нұсқаулармен дəлме-дəл келедi.
Тұлғаға əлеуметтiң, əлеуметтiк орта əсерiнiң маңыздылығы соншалық, оның нəтижесi тұлғаның əлеуметтiк мiнезiнiң қалыптасуында көрiнедi [2].
Мiнездiң жеке қырларымен жəне қасиеттерiмен қатар əлеуметтiк ортаға тұлғаның бейiмделуiнiң жалпы тəсiлi – адам мiнезiнiң əлеуметтiк типтерi қалыптасады. Əлеуметтiк мiнездiң мынадай типтерiн бөлiп көрсетуге болады:
1. Гармониялық (үйлесiмдiлiк) бiртұтас тип – қарым-қатынасқа тұрақтылығымен жəне сонымен бiрге қоршаған ортаға тұлғаның жоғары түрде бейiмделгiштiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнез типi бар адамда iшкi конфликт болмайды, оның ниетi жасап жатқан iсiмен сəйкес келедi.
Ол көпшiл, ерiктi, принципшiл адам. Гармо ниялық бiртұтас типтегi адамдар өмiр дiң барлық қиын жағдайларында өзiнiң құн дылықтық жүйесiн сақтайды. Ол өзiнiң мұраттары мен принциптерi үшiн ерiктi күреседi. Бейiмделушiлiк емес, ақиқаттың өзгеруi өзiнiң мұратымен сəйкес – мұндай адамдардың бейiмделу тəсiлi осындай болады.
2. Iшкi конфликтiлi, бiрақ сыртқы ортамен гармониялық үйлесiмдi тип – iшкi қозу мен сыртқы мiнез-құлық арасындағы қарамақайшылықпен ерекшеленедi, ортаның талаптарымен келiсу үлкен қысыммен жүзеге асырылады.
Мұндай мiнез типтегi адам импульсивтi (албырт, қызба) əрекетке икем келедi, дегенмен олар өздерiн ерiк күштермен үнемi қамтып отырады. Оның қарым-қатынас жүйесi тұрақты, бiрақ коммуникативтiк қасиет терi жеткiлiктi дамымаған.
Мұндай типтегi адамдардың құндылықтық бағдарларының ақиқат шындық шарттарымен үйлесуi күрделi жүйеде болады.
Бұл адамдар сыртқы əлеммен келiспеушiлiктi iшкi тактикалық қайта құруды, өз құндылықтар жүйесiне сəйкес келмейтiн ағымдағы оқиғаларда құнсыздандыру, сыртқы ортаны, жағдайды белсендi өзгертуге ұмтылмай-ақ, негiзгi құндылықтарды сақтай отыра жеңедi. Бұл күнделiктi күрестен аулақ қана бақылаушы типi.
3. Бейiмдiлiгi төмен конфликтiлi тип. Оған эмоциялы талаптану мен əлеуметтiк талаптар арасындағы конфликтiлiк, ырықсыздық, жағымсыз эмоциялардың басымдылығы, коммуникативтiк қасиеттердiң жетiлмегендiгi, өзiндiк сана-сезiмнiң құрылымдық жетiспеушiлiгi тəн.
Бұл типтегi адамдардың дүниемен жеке байланысы жалпы мiнез-құлық жүйесiне енбе ген. Мұндай адамдардың өмiрi жеңiл сұлбада өтедi: олардың пiкiрi бойынша, құбылмалы ұмтылысы, ешқандай күш салмай-ақ тез қанағаттандырылуы керек.
Мұндай индивидтердiң психикасы өткен өмiрлiк тəжiрибеден қиындық көрмеген, оларды болашағы да ойландырмайды. Олар өмiр сүру үшiн күреске шынықпаған, балалық шағында сыртқы қоршаған адамдардың шектен тыс қамқорлығында (гиперопека) болған. Олар инфантильдiлiгiмен, өмiр қиындықтарын жеңуге икемсiздiлiгiмен ерекшеленедi. Индивидтердiң өмiр сүру əрекетiнiң негiзгi мотивi – қанағаттану (гедонизм) болып табылады.
Мұндай типтегi адамдар барлық жаңа жағдайларды конфликтiлi түрде қабылдайды жəне бейсаналы түрде психологиялық жалған қорғанысқа жүгiнедi – шындықты бұрмалап бейнелеу, қырсығу, бiр беткейлiк, қиял əлемiне жəне нəтижесiз арманның құшағында кету.
4. Мiнездiң вариативтi типi – тұрақсыздық позиция нəтижесiндегi ортаға сыртқы икемделу, принципшiл еместiк, тұлға дамуының төмен деңгейiн, мiнез-құлықтың тұрақты жалпы тəсiлiнiң болмауын көрсетедi. Мiнезсiздiк, əрқашанда бейiмделгiштiк – мiнез-құлық əсемдiлiгiнiң сапасы төмен (суррогат) болып табылады.
Мұндай типтегi адамдар iшкi дүниенiң немқұрайлығымен ерекшеленедi; олардың өмiр сүрудегi күресi тiке сызықты. Олар пайдакүнемдiк мақсатқа жетуде күдiк жəне тұрақсыздықты туғызбайды, ерекше iшкi кедергiлер болмайды. Оларға тек бiр ғана кедергiнiң түрi белгiлi – ол сыртқы кедергi.
Шындық оларға ңтехникалықң мiнездегi бiр сəттiк игiлiкке қалай жетуге болады деген сұрақ қояды. Бұл ңреалистерң типi: өзiнiң қажеттiлiктерiн мұндай адамдар шындықтағы мүмкiндiктермен толық қанағаттандыруға тырысады. Бейiмделу, үйлестiру, сыртқы жағдайға iшкi дүниенi қиыстырып келтiру – мұндай адамдардың бейiмделу тəсiлi болып табылады [3].
Əрбiр қоғамдық-тарихи дəуiр өзiнiң тұлға типтерiн ұсынады. Əрбiр индивид өз дəуiрiнiң ұлттық жəне əлеуметтiк ерекшелiктер кешенiн көрсетедi. Бiрақ та, əлеуметтiк жағдайлар айнымалы болып келедi. Бiр адамның бойында өмiр бойы олар өзгеруi мүмкiн. Осыған байланысты тұлғаның негiзгi қасиетi, əлеуметтiк бiлiктiлiк (компетенттiлiк) – ол негiзгi тұлғалық құндылықтарды сақтауда өзгермелi əлеуметтiк жағдайларға тəуелдi жеке мiнезқұлықтың икемдiлiк стратегиясы, жеке жəне күнделiктi əлеуметтiк тəжiрибенiң оптималды сценариiн қалыптастыру қабiлетi болып табылады. Тұлғаның мiнез-құлқы барлық жағдайларда əлеуметтiк нормаланған мiнезқұлық болады.
Индивидтiң қоғам қызығушылықтарын сақтау жəне сақтамауға байланысты оның мiнез-құлқы əлеуметтiк-жағымды, асоциалды немесе антиəлеуметтiк ретiнде бағаланады.
Адамдардың мiнез-құлқын, əлеуметтiк топтарды реттеу əлеуметтiк нормалар негiзiнде жəне əлеуметтiк бақылау арқылы жүзеге асады.
Əлеуметтiк норма – жалпы мақұлдаған фор мадағы жарлық, əлеуметтiк мəндi жағдайлардағы мiнез-құлық тəсiлi.
Əлеуметтiк нормалар микро- жəне макротоптарда жəне қоғамда толық қалыптасады. Қоғамдық жəне макротоптық нормалар қоғам дық-тарихи жағдайлармен қамтамасыз етiлген, олар адамды қоғамның əлеуметтiк құрылымына енгiзу болып табылады. Əлеуметтiк нормалардың негiзiнде сол əлеуметтiк қауымдастықтағы адамдардың өзара əрекет типiн қалыптастырады, қолдайды жəне суреттейдi.
Əлеуметтiк топтардың нормалары – топ мүшелерiнiң мiнез-құлқына жалпыланған талаптар.
Кодекстерге бекiтiлген кəдiмгi сана мен норманың мөлшерлерi ерекшелiнедi. Вербалды нормалармен бiрге бейнелi нормалар да болады (мысалы, этикет нормалары, модалар жəне т.б.).
Қоғамдық қатынастардың əртүрлi сфераларында əлеуметтiк нормаларының өзiне тəн ерекшелiгi болады. Нормалар моралды, саяси, құқықтық, мəдени, этикалық жəне т.б. деп бөлiнедi.
Əлеуметтiк-экономикалық қатынастар құқық тық нормалармен, ал адамдар арасындағы өзара қатынас, олардың мiнез-құлық стилi мəдени, мораль, этика нормаларымен рет теледi.
Əлеуметтiк нормалар негiзiнде мiнез-құлық тар бөлiнедi: нормалы (əлеуметтiк бейiмделген), ауытқыған (девиантты) жəне нормаға қарама-қарсы (құқыққа қарсы) мiнез-құлық.
Əлеуметтiк нормаларды меңгеру, оларды тұлғаның iшкi дүниесiне енгiзу – бұл сырт қы үлгiлермен ұқсастыру процесi емес, тұлға санасының құрылу процесi деп аталады. Əлеуметтiк нормалар жеке сананы қа лып тастыра отырып, оның құрылымын ұйым дастырады. Интернализмдi əлеуметтiк нор малар тұлға мiнез-құлқын реттеушiсi болады. Бiрақ олар мiнез-құлықты тiкелей емес, сананың сəйкес ұйымдасуы, тұлғалық мəндер мен бағалар жүйесiнiң қалыптасуы арқылы реттейдi.
Тұлға қабылдаған нормалық жүйелер мiнезқұлық сферасының барлық мотивациялығын, мағыналылығын анықтайды. Əлеуметтiк норма тұлғаның құндылықтық жүйесiн ескермеген кезде, адамның мiнез-құлқы асоциалды мiнезге айналады.
Ауытқыған, девиантты, сонымен бiрге қоғам ның антиəлеуметтiк мiнез-құлқы əсерленудiң сəйкес жүйесiне əсер етедi. Əлеуметтiк талаптарды орындау үшiн əлеуметтiк əсер ету шараларын əлеуметтiк бақылау деп атайды.
Əлеуметтiк бақылау – бұл тұлғаға қоғамдық əсер етушi тұрақты əлеуметтiк қатынастарды қамтамасыз етушi, тұлғаның əлеуметтiк нормаларына бағыну жүйесi.
Əлеуметтiк бақылау санкция жүйесiмен жүзеге асады. Санкция – сол əлеуметтiк топ үшiн қажеттi мiнез-құлыққа жағдай жасау кезiндегi тұлғаның əлеуметтiк мəндi iсiне топтардың реакциясы.
Санкциялар формальды жəне формальды емес болуы мүмкiн. Формальды санкция ға құқықтық, формальды емеске – мораль ды-этикалық санкциялар жатады. Бiрақ əлеуметтенген адам əдетте өзi жалпы əлеумет тiк нормалар мен топ нормаларын басқарады − əлеуметтiк бақылау интериоризациясы болады. Егер əлеуметтiк нормаларды адам өз еркiмен қабылдаса, онда олар оның бостандығынан айырмайды. Ерiктi адам — өзiнiң əлеуметтiк талаптарын ешқандай сыртқы күшсiз-ақ орындайды.
Адамның психологиясына жүйелi ықпал ету тұлға туралы түсiнiктi психологияның процестер, жағдайлар жəне қасиеттердiң сый ым дылығы ретiнде көрсетедi. Тұлға – бұл бiр тұтас, əлеуметтiк қамтамасыз етiлген бiлiм [4].
Тұлғаның психикалық қасиеттерi жүйелi, олар əлеуметтiк шындықтың түрлi сфераларында əртүрлi көрiнедi. Тұлға қасиетiн таным, еңбек iс-əрекетi, əлеуметтiк қарым-қатынас, эстетикалық жəне адамгершiлiк iс-əрекетiнiң субъектiсi ретiнде бөлiп көрсетуге болады.
Əртүрлi əлеуметтiк сфералар (орталар) əлеуметтену процесiнде мақсатқа бағытталып қалыптасатын тұлғаның психикалық қасиеттерiнiң дамығандығын талап етедi.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.Андреева Г.М. Учебник для высших учебных заведений /Г.М.Андреева. –5-е изд.,испр.
и доп. – М.: Аспект Пресс, 2002. – 364 с.
2.Социальная психология. Учеб. пособие для студентов высш. учебн.заведений /А.Н.Сухов, А.Н.Казанцев и др.: Под ред. А.Н.Сухова, А.А.Деркача. – М.: Изд. Центр «Академия», 2001. – 600 с.

3. Еникеев М.И. Социальная психология: 4 Социальная психология в схемах и комУчебник для вузов. – М.: «Издательство ПРИ- ментариях: Учебное пособие / В.Г.Крысько. –
ОР», 2000. – 160 с. СПБ.: Питер, 2003. – 286 с.
Р.А. ДЖАНАБАЕВА, С. Ə. КАСЕНОВА
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Магистратура жəне (РhD) докторантура институты Алматы қ., Қазақстан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *