ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ

ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛІНУІ
Аннотация
Мақала жазу барысында автор тəуелсіздік кезеңдегі белгілі қазақстандық тарихшылардың ұлт зиялылары қызметтерін көрсететін еңбектерге шолулар жасайды. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым өкілдерінің рухани-мəдени көзқарастарына, ұлт-азаттық жолындағы, мемлекеттік Думадағы, т.б. қызметтеріне байланысты ғылыми зерттеулерге тоқталады. Кейбір зиялылардың қызметіне арналған зерттеу еңбектеріне талдаулар жасайды. Тəуелсіздік кезең тарихнамасының өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Тарихшы ғалымдардың ұлт зиялыларын зерттеу саласындағы жетістіктерін айқындайды.
Түйін сөздер: зиялылар, тарихнама, отаршылдық, идеология.
В научной статье автор делает обзор трудов известных казахстанских историков периода независимости Казахстана, которые исследовали взгляды и деятельность казахской интеллигенции начала ХХ века; останавливается на научных исследованиях, освещающих духовнокультурные взгляды, национально-освободительную деятельность национальной интеллигенции, а также ее работу в ГосДуме. В статье рассмотрены особенности историографии в данный период; определены роль и достижения историков этого периода.
Ключевые слова: интеллигенция, историография, колониализм, идеология.
Annotation
In the given scientifi c article, the author reviews the works of well-known historians of the period of independence of Kazakhstan, who explored the views and activities of Kazakh intellectuals of the early twentieth century, stressing the scientifi c studies highlighting the spiritual and cultural perspectives of the national liberation activities of national intelligentsia, as well as their work in the State Duma . The article examined the features of historiography in this period, the role and achievements historiography of historians of this period, the national intelligentsia.

Keywords: intelligentsia, colonialism, ideology.
Адамзат қоғамында халықтың өзін-өзі тануы, ұлттық сана сезімінің оянуы,
алда тұрған міндеттерді анықтау зиялыла рының қызметі арқылы жүріп отырады. Біз қарастырып отырған ХХ ғасырдың бас тапқы жылдарындағы Қазақстандағы ұлт мəселе сінің, ұлтаралық қатынасының, олар дың саяси, əлеуметтік, экономикалық, мəдени жағдайын жақсарту жолында қазақ интеллигенциясы рухани отарлау мəселесін шешуде маңыз ды рөл атқарды.
Еліміздің тəуелсіздігін нығайту барысында, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көзқарастары мен еңбектері маңызды. Өйткені, қазақ елінің егемендік жолында барынша қызмет еткен жəне осы жолда өздері құрбан болып кеткен ұлт зиялылары болғаны бəрімізге аян.
Тəуелсіздік жылдарында Қазақстанның ға лым дары тарапынан өткен ғасырдың басын дағы қазақ зиялыларының еңбектерін талдап, саяси, тарихи, əдеби жəне философиялық бағыттарда бірталай еңбектер жазылды. Оларда қазақ зиялыларының саяси ұйымдастырушылық қызметі, олардың жекелеген еңбектеріндегі теориялық, методологиялық тұжырымдары, сондай-ақ қазақ зиялыларының ұсынған концепциялары жəне көзқарастары белгілі бір деңгейде талданды.
Ұлт зиялыларын ақтау, олардың еңбектерін жариялау шаралары басталған тұста алғаш болып өз пікірін білдірген ғалымдардың бірі – М.Қ. Қозыбаев. М. Қ. Қозыбаев Алашқа либералды ұлттық интеллигенцияның партиясы деген анықтама бере отырып, оның идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлтшылдық болды деген қорытынды жасады [1, 233 б.]. Сондай-ақ М. Қозыбаев ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметін тарихнамалық тұрғыдан көрсете бастады.
Ғалым Алаш Орда мен алаш өкілдерінің басты идеологиясы, ұлттық отарлауға қарсы екендігін атай отырып, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру еді деп бағалайды. Өзінің осы еңбегінде қазақ халқының рухани дамуында Ахмет Байтұрсыновтың рөлін ерекше атап көрсете отырып, қазақ орфографиясын құрастыруының, қазақ мектептеріне оқулық дайындауын, ұлттық мектеп ашуын, үлттық əдебиет қүрастыруды патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы құрал ретінде пайдаланып ұлттың мəдениетін қалыптастырушы ретінде бағалаған.
Cондай-ақ осы Алаш Орда мəселесімен тікелей айналысқан ғалымдарымыздың бірі − К. Нұрпейісовтың еңбегі тарихнамада өзіндік орынға ие. Кеңес өкіметі кезінде 60 жылдан астам зерттеуге тиым салынған Алаш һəм Алашорда тарихының деректік негіздерін, ұлттық-демократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық мақсатміндеттерін, Алаш автономиясының іс-əрекетін ашып көрсетеді [2].
М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтің бірігуімен жарық көрген «Тарих тағылымы не дейді?» [3] атты еңбектің бірінші бөлімінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында жаңа қалыптаса бастаған тоталитарлық жүйеге қарсы күреске шыққан қазақ зиялыларының тағдыры жайлы көптеген мəліметтер кездеседі.
Сонымен бірге, ұлт зиялылары жайлы зерттеулер сөз болғанда М. Қойгелдиев «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры ( ХVІІІХХ ғғ.)» [4, 41 б.] еңбегін атамай өтуіміз мүмкін емес. Ғалым бұл зерттеуде қазақ саяси басқарушы тобының қалыптасу кезеңдері мен қызметін талдайды жəне ұлт зиялылары: Ə. Бөкейхан, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С. Садуақасов сынды тұлғалардың қызметі мен тағдыры сөз болады.
Т. Омарбеков пен Ш. Омарбековтың «Қазақстан тарихына жəне тарихнамасына ұлттық көзқарас» [5] атты еңбектерінде тарихты жүйелі жазудың теориялық-методологиялық жəне концептуальдық мəселелеріне тоқталып, «тарих таптардың емес, адамдардың қызметі» деген принцип негізінде ұлттық тарихты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуды ұсынды. Аталмыш еңбекте тоталитарлық жүйе тұсында саяси қуғындалған ұлт зиялыларының төл тарихымызға деген тарихи көзқарастары жан-жақты тарихнамалық тұрғыда зерттеліп жазылған.
М. Құл-Мұхамедтің Жақып Ақпаевқа қатысты еңбегінде: мемлекеттік билік орындары қазақтарға білім беру ісіне араласуын тоқтатқан жағдайда, білім берудің ары қарай дамуына қол жеткізуге болатындығы айтыла келе, «Мамания» медресесінде білім беру төртінші сыныптан бастап орыс тілінде жүргізілінгендігі жөнінде де пікірлер білдірілген [6].
ХХ ғасырдың соңына қарай отандық тарих ғылымында тұлғатану саласы бойынша көптеген қазақ зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеу басталды. Осы бағытта Ə. Бөкейханның, А. Байтұрсыновтың, М. Дула тов тың, Ж.Аймауытовтың, М. Шоқай дың, Т. Рысқұ ловтың жəне тағы басқа қайраткерлердің өмірі мен қызметіне арналған кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қор ғалған кандидаттық диссертацияларда зерт теуші ғалымдар аталмыш зиялылардың қоғамдықсаяси қызметі жəне шығармашылық өмірімен қатар олардың рухани-мəдени мəселелерге қатысты көзқарастарына ұлттық көзқарас тұрғысынан жаңаша баға беруге ұмтылады. Ал қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлтазаттық қозғалысы мəселесіне қатысты диссертация қорғаған М. Қойгелдиев, Ө. Озғанбай, Г. Бисенова, Ə. Пірманов, С. Рүстемов, С. Смағұлова, С. Шілдебай, Л.М. Хасанаева сияқты зерттеушілер еңбек терінің де қазақ зиялыларының қызметі мен көзқа растарын зерттеу тарихнамасында алар орны ерекше.
Ресей саяси өмірінің жандануына 1905 жылдың 17 қазанындағы патша манифесінің жариялануы да əсер етті. Онда құқықтар мен бостандықтар (соның ішінде ар-намыс, жиналыс жəне одақтар бостандығы) жарияланды, болашақта ешбір заң Мемлекеттік Думаның құптауынсыз қабылданбайтындығы айтылды.
Осы мемлекеттік Дума жұмысына белсене араласып өздерінің пікірлерін ашық білдіруге тырысқан қазақ зиялыларының қызметтеріне арналған тарих ғылымдары докторлық диссертациясын жазған Озғанбаев Өмірзақ болатын. Ол өз еңбегінде Думаның қызметіне мəніне тоқталып, қазақ зиялыларының Думада ұстанған бағыттарын көрсетті [7].
Ө. Озғанбай Ресей мемлекеттік Думасы туралы жан-жақты талдау жасаса, С.К. Рустемов «XX ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс» атты диссертациясында ұлттың білім беру, діни салалары бойынша мұсылман съезінде отарлау саясатының алдын алу барысына байланысты мəселелердің мəнін ашудың маңызы жөнінде жан-жақтылы деректер негізінде тақырып құжаттарын жүйелеп, жазған [8, 14 б.]. Думаның мұсылмандық фракциясына қатысты тұсына тəн мəліметтерді осы диссертациядан көруге болады. Зертеуші мұсылман фракциясының шынайы қызметін ашып, орыс шовинистерінің бұрмалаушылық саясатын көрсетіп берді.
Қ. Ахметов ХХ ғасырдың басындағы ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілде рінің мəдениет саласындағы қызметі не арнайы тарихи талдау жасаған. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ə. Бөкейхан, Қ. Кемеңгерұлы, Н. Залиев, А. Кенжин, С. Сейфуллин, С. Қожанов, Н. Төреқұлов жəне т.б. зиялылардың мəдениет саласындағы қызметін талдау барысында олардың кейбір мəденирухани мəселелерге қатысты көзқа рас тарын көрсетіп отырған. Сондай-ақ, мəде ниет пен «мəдени революцияның» боль ше виктік концеп циясының мəні жəне қарама-қайшы лы ғы айқындалып, мəдениет тегі идеялық күрес тарихы талданған жəне мəдениеттің большевиктік саясатқа, идеологияға бағындырылуы, оның Қазақстан дағы іске асырылу механизмдері тың тарихи деректер негізінде жүйелі көрсетілген. Сондықтан да, Қ. Ахметовтың еңбегі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы «мəдени революция» тарихын зерттеуде маңызды орынға ие
[9].
С. Иманбаева Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі – Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметіне арналған монографиясында оның ағарту саласындағы қызметін талдай отырып, М. Дулатовтың кеңестік білім беру жүйесінің ізгі жақтарын көрсеткен көзқарастарын, əліпби мен əдебиетке қатысты көзқарастарын талдаған. Ғасырымыздың басында қазақ қоғамының жетекшісі, қол басшысы болған зиялылар шоғырының қатарында М. Дулатов та халқына бостандық əперуге, тұрмыс жағдайын өзгертуге, өрке ниет биігіне көтеруге бар ғұмырын ар на ған деген сипаттағы тұжырымдары М. Дулатовтың мəдени-рухани мəселелерге қа тысты көзқарастарын тəуелсіздік жылдарында жаңаша бағалауға үлкен үлес қосты.
Мұстафа Шоқайдың өмір жолдары, қоғамдық-саяси қызметі мен шығар машылы ғын зерттеген ғалым К. Есмағам бетовтың «Əлем таныған тұлға» атты еңбегінде М. Шоқайдың тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі халықтарының əдебиетіне, мəдениетіне, шаруашылығына аса назар аудара бағалағандығы, оның бұл еңбектері шетел ғалымдары тарапынан үлкен сұранысқа ие болғандығы да кітапта терең түрде ашылған. М. Шоқайдың ғылыми-публицистік еңбектеріне, естеліктеріне қарап оларды тарих саласы үшін таптырмайтын құнды дерек екендігін білуімізге болады. М. Шоқайдың еңбектерінде тарихи зерттеулер əдіснамасына орай біршама құнды пікірлер барлығы, кейбір еуроцентристік тұжырымдамалардың қателігін көрсетіп береді [10].
Əдебиеттанушы ғалым Д. Қамзабекұлы да өз еңбектерінде ұлт зиялыларына тоқталады. Ол «Алаш зиялылары ел мұрасын не үшін жинады?» [11, 13 б.] деген мақаласында: «біріншіден, елдік пен отаншылдық сарын мəдени мұрада ерекше көрініс тапқан. Соны халыққа сіңірту үшін жинады. Екіншіден, мəдени мұра – имандылықтың, тазалықтың, жауапкершіліктің көзі. Осыны дамыту үшін жинады. Үшіншіден, ел əдебиеті мен талғам негізінде жасалған бұйымдары − əсемдіктің, сыршылдықтың, үйлесімділіктің бастауы. Бұл жаңа мəдениетке де, жас ұрпаққа да таптырмас рухани азық. Осыны меңгеру үшін жинады. Төртіншіден, мəдени мұра – мінез бен болмыстың таусылмас қазынасы. Адам да, ел де принципшіл, мінезді болуы тиіс. Мемлекеттік дəстүр осыдан құралады. Осыны жоғалтпау үшін жинады», — деп көрсетеді.
Біздің тақырыпқа арнайы тəн көптеген мəселелерді ашып көрсететін зерттеулердің бірі Азмұханова Айман Махсотқызының «Ұлт зиялылары еңбектеріндегі мəдени құндылықтардың зерттелуі (ХІХ ғасырдың соңы − ХХ ғасырдың басы)» атты кандидаттық диссертациясы болып табылады. Тарихшы ғалым өз диссертациясында қазақ мəдениетінің теориялық ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қазақ зиялыларының еңбектерін жан-жақты талдап, тіл, əдебиет жəне рухани құндылықтарға байланысты қазақ ой шыл дарының еңбектерін талдап, ұлт зиялыларының діни жəне жəдидтік білім беруге көзқарастарына тоқталады. Сонымен қатар ғалым өзінің тарихнамалық еңбегі барысында ұлт зиялыларының тарихи көзқарастары мен ұсыныстарын зерттеуге байланысты бірнеше бағыттарды атап көрсетіп, болашақ тарихшылардың алдындағы міндеттерін айқындап береді [12]. Мəні мен мазмұны жағынан аталмыш еңбек тəуелсіз Қазақстан тарихнамасында алар орны ерекше.
Сонымен қатар ұлт зиялыларының көптеген қызметтерін ХХ ғасыр басындағы оқуағарту, дін, мектеп-медресесіне қатысты еңбек терден де көре аламыз.
Ұлт зиялыларының еңбектері мен қызметтерін көрсететін ресейлік жəне шетел ғалымдары Д.А. Аманжолова, А. Беннигсен, Лемерсье-Келькеже, М. Олкотт, Фирһет-бей Тамыр, Уяма Томохико тағы басқа зерттеушілердің де еңбектері бар екенін атап кеткеніміз жөн. Бұл еңбектерді талдау өз алдына үлкен зерттеулерді қажет етеді.
Жалпы, қорыта айтар болсақ еліміз тəуелсіздік алғалы тарихымыз шынайы түрде жазыла бастады. Қазақ тарихында маңызды орынға ие ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының ерең еңбектерін зерттеу, олардың шынайы бағасын беру, ұлтына таныту бүгінгі тарихшылардың міндеті. Қазақ зия лыларының саяси-қоғамдық қызметі, жеке леген зиялыларымыздың өмірі мен қызметі туралы көптеген тарихи еңбектер жарық көргенімен бұл кезең зиялыларының еңбектеріне талдау жасау барысында əлі де болса қарастырылуы қажет мəселелер бар екендігін атап кеткен жөн. Бұл өз кезегінде тарихи мұрамызды, ұлттық сана сезімізді тағы да байыта түспек.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі: Замана асуы. – Алматы: Ғылым, 1998. – 280 б.
2 Нұрпейіс К. Алаш һəм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.
3 Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? − Алматы: «Ана тілі», 1993. − 205 б.
4 Қойгелдиев М.Қ. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХҮІІІ – ХХ ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: Жалын, 2004. – 400 б.
5 Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына жəне тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.
6.Құл-Мұхаммед, М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. – Алматы: Атамұра, 1998. – 360 б
7.Озғанбаев Ө. Ресейдегі Дума саясаты жəне ХХ ғасыр басындағы Қазақстан: нақтылы тарихи талдау (1905-1917). – Алматы, 1998. − 388 б.
8.Рүстемов С.К. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс: тарих ғыл. канд. дис. – Алматы, 1997. – 179 б.
9.Ахметов Қ.Ə. ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстан мəдениеті («Мəдени революцияның концепциясы, идеологиясы, жүзеге асырылуы): тарих ғыл. д-ра дис. – Алматы, 2002. – 313 б.
10. Есмағамбетов К. Əлем таныған тұлға. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008, 81 б.
11. Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. – Алматы: Ел шежіре, 2008. – 360 б.
12. Азмұханова А.М. Ұлт зиялылары еңбектеріндегі мəдени құндылықтардың зерттелуі (ХІХ ғасырдың соңы — ХХ ғасырдың басы). т.ғ. канд дисс. − Алматы, 2009. – 155 б.

ХАЙ ШУИН, Р.Р.МАСЫРОВА
Центральный университет национальностей Китая
г. Пекин, КНР
Алматинский гуманитарно-технический университет
г. Алматы, Казахстан mr04.04@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *