СТУДЕНТТЕРДІ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТƏРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада жоғары оқу орнындағы тəрбие үдерісі қарастырылады. Жоғары оқу орнында студенттердің рухани-адамгершілік тəрбиесі жөнінде көптеген мəселелер талқылануда. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – студент жастардың тəрбиесінде кездесіп жатқан кемшіліктерді жойып, рухани-адамгершілік қасиетке бай тұлғаны тəрбиелеудің маңыздылығы жайлы айтылады.
Түйін сөздер: рухани-адамгершілік тəрбие, рухани-адамгершілік қасиеттер, жоғары мектептегі оқу-тəрбие үдерісі, студент тұлғасы.
В статье рассматриваются теоретические основы духовно-нравственного воспитания студентов высшей школы, а также раскрываются другие аспекты воспитания. Целью статьи является раскрытие сущности духовно-нравственной личности и пути преодоления проблемы воспитания студентческой молодежи.
Ключевые слова: духовно-нравственное воспитание, духовно-нравственные качества, учебно-воспитательный процесс высшей школы, личность студента.
Annotation
This article discusses the theoretical issues of spiritual and moral education of students as an important aspect of higher education.
Keywords: theoretical issues, spiritual, moral, an important aspect.
шінші мыңжылдыққа қадам басқан егеменді еліміздің білім беру жүйесі қоғам талабына сəйкес қайта құрылып, оқыту мен тəрбиелеу мазмұнын жаңартуда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жас ұрпаққа жаңа оқу құралдары, əдістемелік құралдары жасалынып, білім беру мекемелеріне енгізілуде. Мұн дағы алға қойылған басты мақсат – бүгінгі таңдағы жастардың білімі мен тəрбие сінде кездесіп жатқан кемшіліктерді жойып, тəуелсіз мемлекет құруда еліміздің əрбір аза матын, əсіресе студент жастарды өзінің қоғамдағы орнын саналы түсінетін жəне ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап беретін, жан-жақты дамыған, білімді, сауатты, рухани-адамгершілік қасиеттерге бай, өнегелі тұлға ретінде қалыптастыру.
Бұл мəселелер Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Жеке тұлғаның рухани жəне жан-жақты дамуының қайнар көзі білім мен ғылымды қоғам талабына сай дамыта отырып, жастардың бойында имандылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру» [1], Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіз дерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілігін байыту – қазіргі білім беру жүйесін дегі басты міндеттердің бірі» [2], «Қазақ стан-2030» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетісіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру жəне дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау» [3] деп нақты көр сетілген.
Елбасы Н.Ə. Назарбаев 2012 жылдың 27 қаң тарындағы «Əлеуметтік-экономикалық жаң ғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Адами капиталды сапалы өсіру керек» деген міндетті алға қойды. «Оқыту үде рісінің тəрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тəннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамас тан, барлық оқу орындарында да сіңірілуі тиіс» – деп айқын көрсетті [4].
Президентіміздің осы жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Білім алушы жастарды тəрбиелеудің 2013-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы» мен «Білім алушы жастарды тəрбиелеуде 2013-2020 жыл дар аралығында өтетін іс-шаралар» құжаттары құрастырылды. Аталған мемлекет тік бағдарламаның негізгі тəрбие бағыты – рухани-адамгершілік тəрбиесі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының басты міндеттері ретінде: ұлттық жəне жалпыадамзаттық құнды лықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адам əрекетін ұйымдастыруға, тұлғасын дамытуға жəне кəсіби əрекетін шыңдауға бағытталған сапалы білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани əлеуетін дамыту мен дербес ерекшеліктерін анықтауға қолайлы жағдай туғызу деп көрсетілген [5].
Əлемдік өркениет үлгісінде қарқынды түрде дамыған Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық дағдарыс жағдайының тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, адамгер шілік құндылықтарының құлдырауы, зор лық-зомбылық пен қатыгездіктің белең алуы, ақпарат желісінің ұлғаюы жəне т.б. келеңсіздіктер студент жастардың адамгершілік тəрбиесіне кері ықпалын тигізуде. Сондықтан да қазіргі заман сұранысына сай студенттерді рухани-адамгершілікке тəр бие леуде, тəрбиенің парадигмаларына, мақсатына, мазмұнына, формалары мен əдіс теріне өзгерістер енгізу керек екендігі анықталды . Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін білім берудің мазмұны студенттерге тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, студент тұлғасын дамытып, өмірлік мəселелерді өз бетімен жəне тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, өзінөзі тəрбиелеуіне мүмкіндік беріп, тəрбие мен ғылымды біртұтас бүтіндікте тығыз байланыстыра алуы тиіс. Осыған сəйкес, жоғары оқу орнының негізгі көкейкесті мəселелерінің бірі – білім мен қатар тəрбие беру, яғни студент жастарды рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, жоғары оқу орнында руханиадамгершілік мəдениеті жоғары деңгейдегі білімгерлер тəрбиелеу болып табылады.
Тəрбие – қоғамдық тəжірибені білім, практикалық іскерлік пен дағды, шығармашылық іс-əрекет тəсілдері, əлеуметтік жəне рухани қарым-қатынас меңгерудегі тұлғаның түрлі іс-əрекетін ұйымдастыру жəне ынталандырудың мақсатты, саналы түрде жүргізілетін педагогикалық үрдіс. Сондықтан, тəрбие заңдылықтары оның сипаты мен əдістемелік негіздері тəрбиелік қызме тінің өзінде ғана көрінбей, əлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму жəне қалыптасу заңдылықтарына негізделеді. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмты лысымен ғана адам қоғамдық тəжірибені жəне оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін.
Адамзат қоғамының тарихи даму тəжірибесіне көз жүгіртсек, «рухани-адамгершілік» тəрбиесінің мəні үнемі жаңа адам тəрбиелеу міндеттерін көздегені белгілі. Жастарды рухани-адамгершілікке тəрбиелеу əр кезеңде де маңызды мəселе саналып, педагогиканың тарихы мен теориясында əр қырынан зерттелінген. Қай заманда болмасын адамзат баласы рухани-адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалаған. Бүгінгі таңда да бұл мəселе біздің қоғамымызда алдыңғы қатарда. Мемлекет басшысы жаһандану үрдісінде жастар саясатына ерекше көңіл бөліп, ХХІ ғасыр жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы дамытушы, қозғаушы күш деп айтқан болатын. Тарихпен дəлелденгендей, жастар – кезкелген мемлекеттің болашағы болғандықтан, жастардың ұлттық тұлғалық құндылығын, рухани-адамгершілік қасиеттерін, құзыреттілігін дамытуға баса назар аудару қажеттілігі туындауда.
Рухани-адамгершілік тəрбие адамға туа біт кен қасиет емес. Ол адамның ішкі дүниесінде қалыптасатын ішкі еркінің сезімі. Осы негіздерге сүйене отырып, рухани-адам гершілік тəрбие – тұлғаның бойында мінезқұлықтың белгілі бір сипаттарын қалып тастыру жəне олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту деуге болады.
Жастарды рухани-адамгершілікке тəрбиелеу дің міндеттері: Отанға жəне оның мұраттарына, еңбек іс-əрекеттеріне жəне адамдарға қатысты жоғары адамгершілік сезімдерді тəрбиелеу, өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі жəне болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну жəне өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру. Сонымен қатар
бəсекеге қабілетті, елін сүйетін ұлтжанды азамат, ақпараттық мəдениеті жоғары дамыған шығармашыл құзыретті, эстетикалық сезімі кең, жаны нəзік, сұлу, салауатты, өзін-өзі, басқаны да өрге сүйрейтін қайратты, рухы таза, ертеңгі ата-ана, тəрбиеші, өз елінің, басқа да елдердің салт-дəстүрін, өнерін құрметтейтін толерантты тұлға дайындау.
Зерттеуші ғалым Ə.Табылдиев «Ұлттық тəрбие иірімдері» атты еңбегінде жастарға адам гершілік, имандылық тəлімдерін дарытудың төмендегідей жолдарын көрсеткен:
а) адамгершілік қасиеттерді жеке тұлғаға
үйретіп, оны орындауын талап ету;
ə) əдептілік негіздерін тəрбиеленушіге
үйретіп, оны орындау жолдарын көрсету;
б) имандылық дəстүрін (болашаққа өмір
заңдылықтарына сену, адал, əділетті, шыншыл болу, үлкен-кішімен сыйласу, кісілік жасау, т.б.) тəрбиеленушіге жан-жақты ұғындырып, оны өмір қолданысынан талап ету;
в) визуальдық, аудиовизуальдық (картина, кинофильм, радио, театр) тəрбие тəсілдерін ұйымдастыру арқылы тұлғаның адамгершілік қабілетін қалыптастыру, т.б.[6].
Олай болса жастардың бойына руханиадамгершілік қасиеттерді сіңіру – жоғары мектеп педагогтарының басты міндеті. Студенттерді оқу үдерісінде тəрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Бұл үрдіс оқу уақытында екі жолмен іске асады:
— өзара қарым-қатынас кезінде руханиадам гершілік тəжірибе жинау;
— əлеуметтік-ізгіліктік циклдегі пəндер мазмұны (этика, эстетика, мəдениеттану, т.б.) рухани сезіну жəне меңгеру арқылы.
Білім алушыларды тəрбиелеуге педагог тұлғасының рөлін бағалау қиын. Педагогтің əсер ету қасиеттері: кішіпейілділік, ұқыптылық, сөйлеу мəдениеті, талап етушілігі, жау ап кершілігі, бағалауда əділ болуы, парасаттылығы,т.б. жатады. Оқу үрдісін дегі тəрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі топтағы студенттердің рухани-адамгершілік түсініктерінің əр түрлі болуында жəне де тəрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір дəріс не семинар барысында студентті адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тəрбиелеу мүмкін емес. Алайда, студенттің бойына рухани-адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тəрбиелеуде толық мəнді педагогтар шешуші рөл атқарады. Осыған орай оқытушы-педагог қазіргі жастарды рухани-адамгершілікке тəрбиелеуде өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделту, əлеуметтік-саяси жағдайда, өз көзқарасы мен сеніміне, иделына жəне ізгіліктік құндылықтарға сүйене отырып мақсат қойғызу, ұлттық санасы, отансүйгіштік қасиеттері болып, елінің экономикалық дамыған, əлемдік қоғамда өзіндік орны бар зиялы мем лекет болып қалыптасуына қатысуға тал пынтып, заңды сыйлап, қоғам алдында əлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, азамматық ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы бар жастарды қалыптастыруы қажет. Сонымен қатар студент жастардың тұлға аралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен, ұстаздарымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуі, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабыл дауы, əр адамның құндылығын жəне даралық ерекшелігін жасына, жынысына, ұлтына қара мастан саналы түрде түсіне білуі жəне өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-күйін, атқарған іс-əрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нəтижесіне өзіндік баға беруі – тəрбиедегі басты мəселе болып саналады.
Осыған байланысты бүгінгі студент жастардың бойынан мынадай қасиеттер табылуы тиіс:
— əділеттілік, ар-ұят, адалдық, өтірік пен арамдықты қабылдамау;
— мейірімділік, кішіпейілділік, батырлық, қайсарлық;
— басқа адамдармен қарым-қатынас, оларды құрметтеу, сыйлау;
— белсенді болу, өз күшіне, жетістікке сену.
Қорыта келе, біздің мемлекетіміздің болашағы, еліміздің ертеңі – қазіргі Қазақстан жастары болып табылады. Осы жастардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды.
Елба сымыз Н.Ə.Назарбаев болашақ ұрпағымызды тəрбиелегенде имандылық пен
салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын жастарды өсіре алатындығымызды айтады. Жастардың рухани-адамгершілік тəрбиесіне жауап беретін негізгі тұлға – оқытушылар бол ғандықтан, жоғары оқу орындарында руханиадамгершілік тəрбие беру үрдісі кең көлемде жүргізілуі тиіс.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 8,10-баптары, //«Егемен Қазақстан», 11.06.1999 ж.
3.Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан – 2030». Астана, 1998. − 128 б.
4.«Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты». Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012. – 44 б.
5.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-Образование, − №1, 2004ж. 6 Табылдиев Ə. Ұлттық тəрбие иірімдері. – Алматы.: 2001. – 179 б.
М.И. МАМЫРОВА
Кыргызский государственный технический университет имени И.Раззакова Кафедра инженерной педагогики
г. Бишкек, Кыргызстан