ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ПАРАСАТТЫ ОЙЛАУ
ӨНЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация
Мақалада автор шетел зерттеушілерінің еңбектерін талдап, тұлғаның ойлау жəне іс-əрекет тік қадамдарын айқындайтын тұжырымдарын саралаған. Студенттердің ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негізіне аталған зерттеушілердің еңбектеріндегі басымдық тарға мəн берілген. Ойлау мүмкіндігіне қатысты перцептивтік жəне апперцептивтік өзара байланыстың ерекшелігі ашылып, студенттердің өнімді ойлау алгоритмі жəне ішкі интеллектуалды əлеуеттің жинақтау мен трансформациялауға тигізер ықпалы қарастырылған. Автор Əбу Насыр əл-Фараби еңбегіндегі интеллектінің 4 түрін студенттердің ойлау өнерін қалыптастырудың негізі деп есептейді.
Түйін сөздер: ғалымдар, ойлау өнері, ерекшелік, парасатты.
Аннтотация
В данной статье анализируются труды зарубежных исследователей, которые отражали в своих концепциях проблемы личности. Автор рассматривает педагогические основы формирования искусства мышления у студентов вышего учебного заведения. Раскрываются особенности взаимосвязи перцептивческого, апперцептивческого развития искусства, аллгоритм продуктивного мышления, которое позволяет осуществить и синтезировать, трансформировать внутренний интеллектуальный потенциал студентов. Автор останавливается на четырех видах интеллекта, отмеченных в трудах Абу Насыр Аль-Фараби, которые формируют развитие искусства мышления студента.
Ключевые слова: ученые, искусство мышления, особенность, интеллектуал.
Annotation
This article examines the works of foreign scholars who refl ect in their conceptions the thought and activity of an individual. The author examines the pedagogical foundations of forming the art of thinking in higher school student. The peculiarities of the relationship developing of art, the algorithm of productive thinking that allows synthesizing and transforming the internal intellectual potential of students. The author outlines the four types of intelligence of Abu Nasir al- Farabi, which form the development of students’ skillfulness to thinking.
Keywords: scholars, the art of hinking, peculiarities, intellectual
XXI ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел ретінде танылды.
Джон Локк (1632-1704) 1658 жылдан бастап, Оксфорд университетінде дəріс оқыды. Оған Бэкон мен Декарт шығармаларының үлкен əсері болды.
Ол таным қисынын зерттеп, «Адам ақылы жөніндегі тəжірибе» (1690) атты негізгі философиялық еңбегінде елестетулер мен идея лардың адамның тумысынан емес, санамызға түйсік сезімі арқылы пайда болатынын дəлелдеп, дуалистік мұратты көздеді. Екі дүниенің сырын ашуға бағдар жасады. Себебі оның бейнесі жарық түсуімен бас қаша көрінеді жасардың ойлау өнері түйін жасуға бағдар береді. Адамның көру шегі микроқұрылымдарды қамти алмайды деген ойпікір айтады. Объективтік дүние біздің санамызда елестеуі ақиқат – шыңдық бола алмайды деп түйін жасады. Локк мектепте білім алуға қарсы болып, отбасында аристократиялық білім меңгерудің жақтаушысы болды. Тұжырымдай келсек, Локк ойлау өнерін жинақтау, топшылау, деректермен дəлелдеу, қорыту, бейнелеу, нысананың тұтастығын сақтайтын кіші бөліктерін байланыстыру, біріктіру сияқты парасаттық қимылдарға мəн берген.
Қарап отырсақ, бүгінгі даму бағдарына қозғаушы күш боларлық педагогикалық технологиялардың негізі қаланды деп қабылдаған жөн. Олай болса, ойлану деңгейі, өнері жəне парасат жайлы пікірлердің тууына сонау XVII ғасырда негізі қаланған.
Француз елінде қоғамда білім беру мəселесі 3 сословияға бөлінді: 1) рухани; 2) дворяңдық; 3) шаруалар. Бұндай сословияға жіктелу себебі əлеуметтік жағдай адам санасына, парасатты ойлау деңгейіне əсер етеді де генді меңзейді. Буржуазиялық идеология өз шығармаларында корольдік үкіметті де, феодалдық көзқарасты да, діншіл əдет-ғұрыптарды да батыл əшкереледі. XVIII ғ. 1751 жылынан Дени Дидро редакциясымен «Француз энциклопедиясы» шыға бастады. Ақыл-ой əрекетін дамыту басымдық рольде болды. Кеңестік дəуірде біздер аталған педагогикалық тұжырымдарды тап қайшылығы сыңайында қабылдадық.
Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) «Адам, оның ақыл-ой қабілеттері мен тəрбиесі туралы» еңбегінде адамдар дүниеге кел геңде бірден тең рухани қабілеттілікпен туады деді. Оқыту мен парасатты ойлаудан гөрі тəрбиенің басымдығын мойындады. Француз жазушысы Жан-Жак Руссо (17121778) «Эмиль немесе тəрбие туралы» деген еңбегінде ойлау өнеріне ерекше көңіл бөлді. Ол табиғаттану ғылымына арнап, алғаш рет əдістемелік оқу құралын құрастырды. Руссо парасатты ойлаудың негізін баланың дер бес іс-əрекетін, зеректігін, зейінділігін, бай қағыштығын өркендету бағдарына байланысты деп дəлелдеді. Эмильдің сабақтарын табиғат аясыңда өтуді орынды деп тапты. Əйелдер жайлы «Табиғи жағдайға» тəуелді болғандықтан, оларға білім беру қажет сіз деген тұжырымға келген. Табиғатта өтіл ген сабақ балалардың парасатты ойлау мүмкіндігін жоғары көтереді деп есептейді.
Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1877) еңбектерінде оқу мен еңбекті ұштастыру негізгі рольде болды. «Гертруда балаларын қалай оқытады», «Аналар кітабы», «Бақы лау азбукасы» жəне т.б. еңбектерінде И.Г.Песталоцций бастауыш білім берудің жаңа əдістерін ұсынды. Əдістер балалардың парасатты ойлау деңгейіне түрткі болар өнімдісін саралауға бағыт береді.
Əдістерден бөліп алып қараған, олар: жалпы лау, бақылау, ойлау. Əдістерді жіктеген де «түйсік», «қабылдау», «сезім» сияқты пси хологиялық қасиеттерді қосақтап айтуға, біріктіріп қарастыруға ұмтылды. Əдістердің балалар түсінігіне сəйкесіп келуін басымдықта алған.
Білім ретпен беріліп, бұрынғы дағдылар жүйесін дамытуға бағдар жасау керек деп ой түйеді. Ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деп есептеген. Аталған ойшылдардың еңбектерінен əдістеменің тамырларын іздесек, прасатты ойлау əрекеті мен пер цеп тивтік қабылдау тұтас жүйе ретінде аңғарамыз. Жекелеген əдістер жайлы түсінік, ғылыми тұжырым – ертеден пайда болғанының дəйегі мен дəлелі. Парасатты ойлау өнері жеке тұлғаның жеке мүмкіндіктеріне қатыс ты өркен дейтіні жайлы тұғырлы пікір айтыл ғанын байқаймыз.
Иоганн Гербарт (1776-1841) – Германия перзенті. «Тəрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика» (1806), «Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар» (1831) еңбектерінде тұңғыш рет педагогика ілімінің жүйесі салынды. Мұнда дүниенің шексіздігі, оның мəңгілік сападағы қасиеті, абсолюттік мазмұндардан тұратыны жайлы баян далды. Адамның дүние танымындағы елес теу мен түсініктер алдамшы деген қорытынды жасады. Бұл пікірдің шындыққа жанасымдылығы қабылдау деңгейліктердің əртүрлілігімен түсіндіріледі. Тəрбиені білімнің не гізі деп қарастыра отырып, ізгілік пен жақсы лықты тəрбиенің субстанциясы ретінде алған. Оқыту саласын алдымен ізгілік пен жақ сылыққа негіздейді де, құралы ретінде оқу ды жекелеп көрсеткен.
Иоганн Гербартта да білім жеке алынбай, тəрбиенің бір саласы ретінде берілген. Педагогика тарихында аталған зерттеушілер мен педагогика ғылымына қатысты өздерінің қол таңбалары мен мəдени мұраларын ағарту саласында өшпестей қалдырған əлемдік тұлға лардың əдістемеге қатысты негізгі ойтұжы рымдарына тоқталып өттік. Парасатты ойлау өнерін жайлы сүбелі ғылыми пікірлер мен тұжырымдарды бөліп алу қиын екенін аңғардық. Десек те, «ақыл-ой» ұғымдары барлық ойшылдардың еңбектерінде қамтыл ған.
Педагогика тарихында екі көрнекті тұлға бар. Оның бірі чех педагогы – Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол XVI-XVII ғасыр аралығында жаңа педагогиканың негізін қалады. Ян Амос Коменскийдің өмірі қиынқыстау жағдайда өтті. Мұның өзі оның ғылыми болжамдар мен жаңалықтар ашуына тікелей қатысы бар десек қателеспейміз. Соның ішінде сабақ жүйесі, құрылымы, уақыт межесі Ян Амос Коменскийдің педагогикаға енгізген үлесімен байланысты.
1620 жылы басқыншылармен күресте жеңіске ұшырауына байланысты педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ел үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды. Отанынан айрылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Ол 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулық жазды. Бұл орайда, жаһандық суретші Леонардо да Винчидің Италиядан Францияға қашып келіп, Шамбор атты корольды паналағаны сияқты оқиғаны Ян Амос Коменскийдің басынан кешіргенін байқадық.
Я.А.Коменскийдің атын əлемге мəшһүр еткен, «Ұлы Дидактика» (1632) атты еңбегі. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тəрбиесі, жаңа мектепті ұйымдастыру мəселелері жан-жақты зерттелді. 1641-1654 жылдар аралы ғында ол арнайы шақырумен Англияда, Шве цияда, Венгрияда болып, мектеп реформа ларын əзірлеу ісіне, оқулықтар жəне оқыту əдістемесін жазумен айналысты. «Əлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы мен «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» жəне т.б. еңбектері жарық көрді.
Оқу мен тəрбиелеу танымын ақиқаттың бір саласы – логика, оның көзі діни сапа деген бағытты ұстанды. Табиғат – жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі. Бұл көзді реттеу, иемдену үшін табиғат тілін білу керек деп түсінеді. Ол үшін білім қажеттігін ерекше атап көрсетті. «Жер-Ана» ұғымының басымдық мəні де аталған еңбекте ерекше орын алған. Ақыл – ойлау іс-əрекетінің педагогикалық үдерісте жетекшілік рөлін алғаш түбегейлі зерттеген, оған арнайы тоқталған – Ян Амос Коменский. Педагогтың «Ұлы дидактика» айдарымен жарық көрген еңбегінің негізгі мұраты білім мен тəрбиені демократиялық мүддеге бағындыра меңгерту деген ұғымды білдіреді. Адамның шығу тегіне қабілетінің бағыныштылығы жайлы Ж.Аймауытов ерекше мəн берген: «Тегіне тарту (атавизм). Əрбір сезімнің сыртқа шығуында атадан қалған мұра көп. Ашу кернеген кісі қайтеді? Аяғымен жер тебінеді, қырылдайды, керіледі, ақырады, бажылдайды, жұдырығын түйеді… Адамның осы қылығын ызаланған маймылдың қылығымен салыстырсақ, маймылдың көп мінезі адамда да бар болып шығады». «Тарту» деген сөздің төркіні «Шығу тегі» деген ұғыммен тамырлас келеді. Ж.Аймауытов адамның психологиясында атавизмнің табы нышан беретініне тоқталып өткен. Осы сапаның соқыр сезімге ұласып, саңылау сезімдеріне үлкен кедергі екеніне ерекше мəн берген. Соқыр сезімнің өзі -ойлау өнеріне үлкен кедергі. Ал соқыр сезімнің бастауы – айуандық іс-əрекеттер.
Парасатты ойлау өнерінің мақсаты – адамның өз басындағы атавизмнен қалған ізгілікті іс-əрекетке қайшы қылықтарды бойдан қуа білетін, өзінің періштелігін үнемі сақтайтын, оған қисындық үлгі ретінде ойшылдардың данышпандық, пəлсапалық дүниетанымын бағалайтын, өзінің прагматикалық іскерлігіне айналдыратын адамды сомдау. Оны үлгі ретін де ұсыну. Аталған мақсат-мүддеге сəй кес келмейтін субъектінің ақыл-ой жайлы мəн айтуға құқысы жоқ.
«Интеллект» деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші, қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде колданылады. Екінші, əркім оны өзінше түсініп, мутакаллимдердің үнемі айтысқа түскенде айтатын мағынасында. Олар былай дейді: «Бұл өзі парасат теріске шығарған кезде айтылады». «Интеллект» сөзінің үшінші мағынасы Аристотельдің «Дəлелдеме» деген трактатында айтылған. Төртінші мағынасы тағы да сол Аристотельдің «Этика» деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Бесін ші – «Жан туралы» трактатында. Алтыншысы «Метафизикада» айтылған.
1. Ал енді қарапайым сөзде қолданылатын, ол өзі парасатты адам дейтін кездегі мағынасына келсек, мұны интеллекция актісі деп түсіндіреді. Сонымен, қосымша мысал ретінде кейде оны (адамды) парасатты деп атайды, ал кейде оны бұлай атаудан тартынып қалады дегенді білдіреді. Олар былай дейді: «парасаттыға сенім керек», ал олардың пікірінше, сенім дегеніміз қайырымдылық. Олар «парасатты» деп қайырымды адамды, жақсылыққа жақсылыққа асық, жамандықтан қашық адамды айтады. Бұл тұжырымнан ойлау өнерінің өзі парасатқа бағынбаса, білімді адам зұлым болып шығады дегенді аңғартады.
«Потенциалды интеллект» бұл өзі əлдебір жан, жанның бір бөлшегі, жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр əлде бірдеңе. Заттық емес бұл формалар потенциалды интеллект формаға айналу үшін ғана өздерінің өмір сүруі тəуелді болып отырған субстанциядан абстракцияланады. Солардың субстанцияларынан абстракцияланған формаларына айналған формалар интеллекцияның танып білетін объектілері болып табылады. Бұлардың аты «интеллект» деген сөзден шыққан, өйткені дүниеде бар заттардың фор ма ларын абстракциялағанда, олардың өздері сол заттардың формаларына айналған. Сөйтіп, 1) потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Егерде сіз əлдебір денелі материяны, мысалы, бір кесек балауыз алсаңыз, оған таңба түсірілсе, түсірілгенде ол таңба оның сырт жағы мен тереңдігін алып жатса жəне форма субстанцияны қамтып жатса, қамтығанда субстанция формаға тарап, түгелдей сол формаға айналатын болса жəне сонда бұл парықта заттардың формаларының қалай пайда болғанын түсінуге жақындайсыз. Өйткені парық форма үшін бейнебір субстанциясы өз бойына сыйдырушы болып табылады, бірақ денелі материядан айырмасы ол форманы өзінің тереңімен емес, тек бір қырынан қабылдайды. Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Алғашқы тірегінен бұрын бұлар интел лекцияның əлеуетті нысандары болып еді ғой, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналды, өйткені ескі түрі мен жаңа түрі қайшылықта болады. Сонымен, бұл парық интеллегенцияның актуальды нысаны арқылы актуальды интеллектіге айналады. Демек, интеллекцияның пайымдалғыш актуальды нысаны мен актуальды интеллект, сайып келгенде, бір нəрсе. Сөйтіп, біздің сөздеріміз тек мынаны ғана: (парық) интеллекцияның пайымдалғыш нысанының өзі соның формаларына айналғандығын, өйткені бұл нысандар формамен бара-бар болғанын білдіреді. Демек, актуальды танушы (парық) мен 2) актуальды интеллект жəне интеллекцияның актуальды зерде жетерлік нысаны – бұлар бір нəрсе. Олай болса, өзгеріске түскен нысанды тану үшін ойдың оған сəйкестілігі қажет дегенді аңғарамыз. «Жан туралы» трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан əрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған жəне онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда актуальды интеллект болып табылады жəне жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын. Потенциялда болатын парықты актуальды интеллектіге айналдыратын жəне интеллекцияның пайымдалғыш потенциалды объектілерін тиісті актуальды бейнеге айналдыратын да осы. Олай болса, алғашқыдан айрылған бейненің соңғысы ғана актуальді интеллекцияға ауысады.
Актуальды интеллектінің потенциальды интеллектіге қатысы күннің көзге, қараңғы уақытта тек потенциалды жанары болатын көзге қатынасы сияқты. Қараңғылық дегеннің өзі əрі потенциядағы мөлдірлік те, əрі сонымен бірге актуальды мөлдір еместік қой. Ал мөлдірлік дегеніміз қарама-қарсы тұрған жарық көзінен түскен жарық. Жарық көз жанарында, ауада, сол сияқты бір нəрседе жүзеге асқан кезде, сол кезде көз жарықты қабылдаған бойда ол актуальды көрген жанарға айналады, сондай-ақ түстер де актуальды көрінгіш түстерге айналады. Ол ол ма, біз көздің актуальды көреген болуы жарық пен мөлдірлік көз жанарына актуальды жүзеге асқандықтан емес, көз актуальды мөлдірлікті қабылдап, көздің өзі де көрінетін нəрселердің формаларына ие болды жəне тек осының нəтижесінде ғана актуальды көргіш болды. Жоғарыда актуальды интеллекцияның əлеуеттіге ауысуы жайлы əл-Фарабидің пікірі бүгінгі таңға дейін ғылыми негіз. Біз белгіліден белгісізге қарай жүрегін болғаңдықтан, ал өзіндік кемелді болмыс біз үшін белгісіздеу болмыс болғаңдықтан, басқаша ол туралы біліміміз мейлінше мардымсыз болғандықтан, актуальды интеллектіде бар нəрселердің тəртібі осы нəрселер үшін əрекетшіл ингеллектіде белгіленген тəртіпке қарамастан қарсы болуы қажет . Əрекетшіл интеллект дүниеде бар нəрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал материялық формалар əрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған формалар болып табылады. Мұның себебі олардың бұрын субстанцияда болып, кейін абстракцияланғандығынан емес, олардың əрқашан да осы күйде болып келгендігінен деп түсіндіреді данышпан əл-Фараби..
Ойлау өнерінің интеллекциялық əрекет əдісі біреу, ол – жинау. Интеллект – жинау əдісімен келетін сапа. Олай болса, Əбу Насыр Əл-Фараби əлемдегі бірінші ұстаз Аристотельдің ғылыми тұжырымына тоқталса, ойлаудың пəлсапалық анықтамасын, рухани шығу тарихын біздер түркі жұртының ғана мақтанышы емес, əлемдегі екінші ұстаз Əбу Насыр Əл-Фарабидан іздеуіміз орынды құбылыс. Əбу Насыр Əл-Фараби «интеллект» ұғымына пəлсапалық тұжырым жасап, оның ішінара бөліктерге жіктеліп кету себептерін ашқан. Оған қысқаша интерпретация жасасақ, мынандай түйіндер шығады: əлеуетті интеллект формаларды жүзеге асыратын субстанция; актуальды интеллект – тек осы форма жөнінде актуалды; əрекетшіл интеллект – іс-əрекеттегі интеллект; жүре келе дарыған интеллект бірінші материядан бірте-бірте өрлеп, нəрселердің (иерархиясы) аяқталатын шегі бірінші материядан өзгерген материя болып табылады. Уақыт пен кеңістіктегі жиналған интеллект тұлғаның ойлау өнерін алға ілгерлеуіне бағдарлайды.
Қорыта келгенде, жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері жоға рыда талданған ойшылдардың еңбектеріндегі тұжырымдар екені байқалды.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.Əл-Фараби. О разуме и науке. – Алматы: Наука, 1973. – 425 с.
2.Аймауытов Ж. Психология. – А.: Рауан, 1995. – 308 б.
3.Скаткин М. Проблемы современной дидактики. – М.: Педагогика, 1980. – 344 с.
4.Жұматаева Е. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі. – Алматы: Ғылым, 2001. – 208 б.
К. ƏБІЛҚАСЫМОВА
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ əдебиеті жəне журналистика кафедрасы Алматы қ., Қазақстан