БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада қоғамда жаңашылдық пен өзгерістерді қажет етіп отырған саланың бірі – ғылым мен білім десек, білімнің сапасын көтеру, білім жүйесін жаңарту, инновациялық технологияларды қолдану арқылы əлемдік білім жүйесіне көшу. Үздіксіз білім алудың нəтижесі – білімді де, білікті маман даярлау, «Қазақстан – 2050» стратегиясы, жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер, модульдік оқыту технологиясы жəне оны қолданудың артықшылығы, міндеті, мақсаты туралы мəселелер қарастырылады.
Түйін сөздер: ғылым, білім, сапа, модульдік оқыту, инновациялық технологиялар.
В этой статье рассматриваются вопросы повышения качества знаний, модернизации системы образоваия, перехода на мировой уровень системы образования с помощью использования инновационных технологий, стратегия «Казахстан – 2050», созданные условия для молодежи, а также преимущества, цели и задачи технологии модульного обучения.
Ключевые слова: наука, образование, модульное обучение, инновационные технологии.
This article discusses the issues of improving the quality of knowledge, modernizing the system of education, getting to the international level of the education system using the innovative technologies, fulfi lling the strategy «Kazakhstan — 2050», creating the conditions for young people, as well as the benefi ts, goals and objectives of technologies of module education.
Keywords: the module teaching technology, modernizing, innovative.

Елбасының саясатындағы мақсатты қамтамасыз ету сияқты идеялар қазіргі əлембағыттардың бірі – қоғамның барлық дік мəселенің біріне айналып отыр. асында білім беру жүйесін дамыту үшін əлемдік, үздік заманауи технологияларды енгізу арқылы заман талабына сай білімді де, білікті мамандар даярлау жүйесін іске қосу, білім берудің жаңа ғылыми əдістемесін енгізу, жастардың жаңа саясатқа ұмтылуын дент адамзаттың даму сатысын жетілдіруде ғылым мен білімді жаңа жетістіктермен толық тыра отырып, оның дүниежүзі халықтарының арасындағы əлемдік ролін насихаттау барысында,ғылымды жүйелі дамытудың 2 бағытын: отандық ғылымды халықаралық зерттеу деңгейіне жеткізу жəне ғылымды инновациялық үдерістерді дамыту жолында пайдалану керектігін ұсынды [1]. Өндірістің қай саласында болсын қоғамның қозғаушы күші адам − өзінің даму жолында өз білімін үздіксіз жетілдіру,дамыту, іздену, оны ғылыми тұрғыдан терең талдау, салыстыру, оған ғылыми болжам жасау, озат тəжірибені, өз тəжірибесінде жинақтау, оған практикалық, теориялық жағынан ғылыми дəлелдер келтіру, əрбір қоғам мүшесін ғылымға апарар алғашқы баспалдақ десек артық айтқандық болмас.
Қазіргі білім беру саласында білім беруші білім берумен ғана шектеліп қалмай өздерінің ғылыми – зерттеу қызметін барынша дамыту керектігі талап етілуде, осыған байланысты сапалы білімге қол жеткізу үшін сабақ беруде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тақырыпты теориялық, практикалық жағынан ғылыми негізде байланыстыра отырып өткізу керектігі көзделіп отыр. Инновациялық технологияларды пайда ланудың нəтижесінде кейінгі жылдары білім сапасының біршама артқанын байқауға болады. Атап айтар болсақ, Кембриж университетінің бағдарламасына енгізілген əлемдік, үздік заманауи технологияларды пайдалануға негізделіп ашылған курстардан өткен мұғалімдердің білімдерінің артуы осыған дəлел. Осының арқасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шетелдік іргелі оқу орындарында оқып жатқан студенттер санының кейінгі жылдарда артуы да осы көрсеткіштерді айғақтай түседі. Кез келген атаана баласының болашағына алаңдаушылық білдіріп, олардың кемел білім, келісті келешекке қадам басуына жол көрсету өздерінің парызы деп санайды. Осыған орай ата – аналарға көмек ретінде, жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктердің бірі- Президенттің 2011жылғы халыққа жолдауына сəйкес əзірленген ғылыми жоба. Бұл Мемлекеттік білім бағдарламасына енгізілген 2011-2020 жылдарға арналған «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасы[2]. Бұл заң жобасының артықшылығы, ол біріншіден − ата-анаға балаларын оқыту үшін қаржы жинауға жеңілдік жасайды, екіншіден − осы жүйеге сай жұмсалатын шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады. Мұндай қажеттіліктердің жүзеге асуы жастардың толықтай білім алуына, оларды жұмыспен қамтылуына қарай жасалып жатқан шаралар жастардың жаңа саясатты алға апарушы қозғаушы күшке айналуына зор мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасының Президенті биылғы «Қазақстан — 2050» Стратегиясындағы Жолдауында 20 жыл ішінде егемендігіміз бен саяси бағыттарымызды қалыптастыруға арналған жұмыстарға шолу жасай отырып, қалыптасу кезеңінің табысты аяқталғанын атап өтті. Бұл жетістіктер біздің халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында келгені баса айтылды. Қазақстанның ары қарай даму келешегіне сараптама жасалды. Алдағы уақытта орын алатын ауыртпалықтар мен қауіптердің болатынына мəн берілді. Əрқайсысы назарда ұстауға тиісті бұл қатерлердің тек бір Қазақстанның ғана емес əлем халықтарының басынан өтетіні ескеріле отырып, бұл қиыншылықты жеңуге жол беретін мүмкіндіктер де аталып өтілді. Қазақстанға тəн ашықтық, тұрақтылық, жасампаздық, еңбек сүйгіштіктің арқасында Қазақ елі Елбасының бастамасымен өзін-өзі жан-жақты дамыта отырып, əлемдегі үлкен өзгерістерге ілесу, ең жоғарғы деңгейдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын көздейді. Қазақстан болашағының жарқын болатынына, Қазақстанда тұратын барша халықтардың ұлы бірлігі мен бірлестігінің арқасында келген тəуелсіздігіміздің тұрақтылығын бекемдей түсетін елімізге, оның ішінде жастарға сенім артып, зор міндеттер жүктеді. Жолдауда жастарға қарата… «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де, тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» — деді [2]. Өзі атап өткендей жастардың жан-жақты білім алуына толық мүмкіндік жасалып келеді.Əлем жастарының деңгейінде ғылыми дəрежеде білімін толықтыруға, өз елінің гүлденуі мен дамуы жолында аянбай еңбек ететін, кəсіби шеберлікке ие қазақ жастарын тəрбиелеудегі мақсаттарды жүзеге асыруды Елбасы үнемі назарда ұстап келді.
Жастардың терең білім алып, кəсіби шебер лігін арттыруға баулитын тұлғаның бірі − мұғалім. Білім беруде, мұғалім өз өмірінің өзекті мəніне айналған кəсіби мамандығының қасиетін терең түсіне отырып,оны нағыз өзінің өмірлік, сүйікті, маңызды ісім деп түсінуі керек. Кез келген адам өз кəсібінің шебе рі. Сол шеберлікті шыңдағанда ғана ол зор мүмкіндіктерге ие болады. Өмірден өз орнын таба отырып, қоғамды дамытады, құндылықтарды қалыптастырады, өзін-өзі таниды, өзін-өзі тəрбиелейді. Сондықтан кəсіп иесі өз мамандығына толық берілгенде ғана оның ішкі жандүниесінде, оны ары қарай дамытуға, жетілдіруге деген талпыныс пайда болады. Қай пəннің маманы болмасын кəсіби тұрғыда білімін жетілдіре отырып, іздену, күнделікті əлем жаңалықтарынан хабардар болу негізгі мақсатқа айналуы керек. Өйткені қазақ елі əлем кеңістігіндегі халықтармен бір достық мақсатта болғандықтан білім мен ғылымға негізделген шаралар өзгермелі жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан өзгермелі өмір жағдайына бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, білімді, əлемдік сұранысқа ие тұлға қалыптастыру.
Қазіргі таңда елдердің бір-бірінен артықшылығы − барлық салада кəсіби мамандар даярлаумен, білім, ғылым мен инновациялық технологияларды, ақпарат ағымдарын ұтымды пайдаланумен өлшенуде. Кəсіби мамандық тың теориялық-практикалық жағын ғылы ми негізге сала отырып, оны жүйелі түр де дамыту үшін инновациялық техноло гия ларды пайдалану өмір талабы. Білім сапа сын арттыруға арналған бұл заманауи тех нологиялардың əдіс-тəсілдерін меңгеру барысында балалардың қызығушылығын арттыру арқылы сабақты түрлендіріп өткізудің маңы зы зор. Бұлардың түрлері көп. Мысалы: «Сыни ойлауды жазу мен оқу арқылы дамыту» (СТО) технологиясы, «Модульдік оқыту» технологиясы, «Проблемалық оқыту» техн., «Деңгейлеп оқыту» техн., «Кейс» техн., т.б.
Бұлтехнологиялардың өзіне тəн ерекшеліктері болумен қатар артықшылықтары да бар. Бұлардың сабаққа қолданудағы əдіс-тəсілдері əртүрлі. Мұндай сабақ беруге арналған технологияларды қолданудағы бірақ мақсат – сабақты жеңіл түрде ұғындыру,тақырыпқа қатысты туындаған проблемалы сұрақтарды оқушы өзі шешу арқылы ой-өрісін дамыту. Осылардың ішінде модульдік оқыту тех нологиясына тоқталатын болсақ, Педа гогика ғылымында модульдік оқыту технологиясының негізін салушы ғалым АҚШтағы Падуа университетінің профессоры С.Н. Постлезвейт болды. Бұл технологияны жоғарғы оқу орындарында пайдаланудағы шетел профессорларының пікірлері əртүрлі болды. Біразы модульдік оқыту – пəндерді практикалық тұрғыда оқыту үшін пайдалы десе, енді біразы: студенттердің білімді меңгеру мүмкіншіліктерін өздері анықтауға көмектеседі деп топшылады,тағы біраз тобы — «оқытудың қалыптасқан біліктеріне оқу мазмұнын икемді етіп құру», деген пікірде болса, П.Юцявичене сияқты ғалымның пікіріне сүйенсек «Модульмен оқыту, арқылы болашақ мамандардың кəсіби білімін жетілдіру арқылы жоғарғы деңгейге жетуге болады деген ойын ұсынса, Ал К.Вазинаның айтуынша, модульмен оқыту – «адамның жалпы өзіндік даму моделі» деп анықтама береді. Модульдік оқыту əдісін білім беру жүйесінде АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің колледждері мен ЖО орындарында, ТМД елдерінің ЖОО кеңінен қолданылып келеді. Қазақстанда ЖО орындарында модульдік оқыту мəселесін өз тəжірибелерінде əр қырынан зерттеп жүрген ғалымдар – Г.Қ. Нұрғалиева, Р. Масырова, Қ.С. Мусин, К. Сариева, М. Жанпейісова,
З. Бейсенбаева, т.б.[3].
Модуль жайында С.И. Ожеговтың «Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйым ның нықталатын біршама дербес бөлігі» деген анықтамасы орынды айтылған [3]. Тақырыпты жүйелеп өткізудің маңызы зор, өйткені жүйе дегеніміз – реттілік деген мағынаны білдіреді. Қандай іс-əрекет ретімен орындалса, оның ішінде сабақ нақты тəсілмен үй ле сімді өткізілсе оның берер мүмкіндігі маңызды болмақ. Баланың тақырыпты тез мең ге руіне жеңіл болады, əр деңгей өз шамасына қарай алған тапсырмаларын топпен орындайды, пікірлесе отырып, бірінің пікірін бірі толықтырады, араларында тығыз тəртіп орын алады. Тарауға бөлінген сабақ белгілі кезеңмен өтеді. Əр топ бір-бірінен қалғысы келмейді, жауап беруге тырысады.
Модульдік оқытудың мақсаты: оқушылардың жаңа білімді өзінің танымдық ізденісі арқылы өздігінен меңгеруіне бағыт беру.
Міндеті: оқушының ой-өрісін жетілдіру, өз бетімен жəне топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқыту технологиясының негізгі сатылары: 1.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2.Төменнен жоғары қарай деңгейлік тапсырмалар беру.
3.Оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.
4.Оқушылардың білімдеріне сай үлестірме тарату, яғни, «5», «4», «3»-тік біліміне сай.
5.Оқушының білімін қолма-қол бағалау.
Негізінен модульдік оқыту технологиясы 3 бөлімнен тұрады — кіріспе, сөйлесу, қорытынды.
Кіріспе бөлімінде: Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру барысында əртүрлі кесте, сызба үлгілерін, тірек сөздер, таблицаларды пайдалана отырып баяндауға болады. Сөйлесу бөлімінде: балалар кіріспедегі алған білімін толықтыру үшін талқылай отырып, топқа бөлініп, деңгейлік тапсырмаларға жауап береді. 1-ші деңгейдегілер күрделі тапсырмаларды, 2-ші деңгейдегілер орташа тапсырмаларды, 3-ші деңгейдегілер жеңіл тапсырмаларды орындайды.Мұнда балалардың өз ойларын қағаз бетіне түсіруге,бір-бірінің пікірін тыңдауға, өз сөзімен əңгімелеуге мүмкіндік беріледі. Қорытынды бөлімде: Бұл соңғы бөлім Балалардың тақырып бойынша алған білімін бақылауға арналады.Өткен тақырыпты қаншалықты дəрежеде меңгергенін тексеру барысында тест, мазмұндама, шығарма, нəтиже сабақтары (сайыс, əртүрлі əдіс-тəсілдер) арқылы тексеруге болады. Бұл технологияны пайдалану барысында біраз мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады екен. Балалардың ой-өрісі дамиды, өзін-өзі жетілдіреді, сөйлеу мəдениеті қалыптасады. Мұғалімнің жан-жақты дамуына көмектеседі.
Қорыта келгенде, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым сияқты əрекеттерді балалар өз бетімен атқара отырып,оны ары қарай дамытуға, ізденуге, тиянақты білім алуына маңызы зор.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 // «Егемен қазақстан» газеті, 06. 2012.
2 Н.Ə.Назарбаевтің «Қазақстан-2050» жолдауы // «Алматы ақшамы», желтоқсан, 2013.
3 Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». − Алматы, 2006.
4 // Қазақстан мектебіндегі басқарушы. − 2006. − №4.
5 // Қазақстан мектебіндегі басқарушы. − 2006. − №3.
6 //Оқыту-тəрбиелеу технологиясы. − 2007. − №4.
Р.К. ОМАРОВА
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
г. Алматы, Казахстан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *