БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ
Аннотация
Мақалада болашақ маманның толеранттылығын қалыптастыру мəселесіне психологиялық тұрғыдан талдау жасалынады. Ізденуші толеранттылықтың психологиялық жəне іс əрекеттік деңгейлерін анықтаған. Яғни, психологиялық теориялары жете қарастырылған. Автор ғалым психологтардың пікірлеріне талдау жасаған. Жəне де болашақ маманның толеранттылығын қалып тастарудың аспектілері айқындалған.
Түйін сөздер: толеранттылық, интеграция, интолеранттылық, болашақ маман, психологиялық теория.
Психологический аспект исследования проблемы формирования толерантности предполагает раскрытие специфики толерантности как особого явления человеческой психики, направленного на саморегулирование личностью своих действий в сфере поведения и деятельности на основе эмоционально-ценностного отношения к себе и другим. В статье рассматриваются психологические теории в формировании толерантности у студентов, а также обсуждаются некоторые психологические аспекты и критерии толерантности.
Ключевые слова: толерантность, интеграция, интолерантность, будущий специалист, психологические теории.
Annotation
The psychological aspect of the tolerance formation problem involves the disclosure of specifi c tolerance as a special phenomenon of the human psyche, aimed at self-regulation of personality and their actions in the fi eld of behavior and activities on the basis of emotional and value relationship to yourself and others. The article is devoted to the psychological theory of the tolerance formation among students. And also some of the psychological aspects and criteria of tolerance have been discussed. Keywords: tolerance, intergration, intolerance, future specialists, psychological theories.

Қ
азіргі қоғам өмірінің бар саласындағы қарқынды динамика мен ғаламды бет-
бұрыстар сипаты жастардың іс-əрекетіне, қарым-қатынасына жаңаша талаптар қоя бас та ды. Оларға осы заман ағымына лайық тұл ға жəне маман болу үшін бейімделу емес, алдымен өзін өзгерту жəне дамыту, сол арқылы жасампаздық, түрлендірушілік əре кет терді жүзеге асыру өзекті мəселе болып отыр. Сондықтан жастардың зор мүмкіндіктері мен шектерінің, тағдырын өз ырқы мен билеуге жəне қоғамға ықпал етуге қабі леттерінің психологиялық механизмдерін, алғышарттарын анықтау, дамыту қажеттігі шығады. Бұл контексте жоғары мектепте кəсіби білім берудің маңызды бір құрау шысы болып табылатын психологиялық дайындау дың жəне адам бойындағы əлеуеттерді, қабілет терді ықпалдастықпен танытуға, дамы туға деген белсенді əрекетті түсіндіретін субъект психологиясының маңызы мен мəнділігі артады. Арнайы ұйымдастырылатын психологиялық дайындау іс-əрекеттің, қарымқаты настың жəне өзіндік дамудың нəтижелі болуын, олардың игілікті, ізгілікті сипатын қамтамасыз етеді əрі тұлғаның кез келген психологиялық проблеманы дəлме-дəл шешуі не мүмкіндік береді. Бірақ мұндай əлеуеттің өзекті болуын бəрінен бұрын тұлға ның өзіндік əрекеті – ішкі ахуалдың өзін-өзі өзгер туге, өзін-өзі жетілдіруге бағытталуы анық тайды. Осыған орай, жоғары мектепте студенттерді психологиялық дайындаудың мазмұнын, əдіс-тəсілдерін, құралдары мен формаларын жаңаша құру қажеттігі шығады.
Толеранттылық – бұл адам іс-əрекетін рет тейтін, «адам-адам» өзара қарым-қатынасы əрекетіне басшылық жасайтын адамгершілік қағида, бұл пікірлерде, мінез-құлықта ұқсамайтын жəне бірыңғай еместікті өт кі зуге дайындық, бұл өзіңнің əлеміңді бас қа ның əлемімен өсу жəне бірге күйзелту, бұл əлеуметтік жəне зияткерлік қалыптасқан тұлға ның қасиеті. Философиялық, саяси жəне этникалық теориялар толеранттылық түсінігін психология жəне педагогика сияқты аралас ғылымдарда толеранттылықты қалыптастыру мен тəрбиелеу мəселесіне қызығушылықтың туындауымен түсіндіреді.
Психология мен педагогикада мəселе толе рантты тұлғаны қалыптастыру, дамыту жəне тəрбиелеу сұрақтарымен байла нысты. Педагогикалық жəне аралас ғы лым дарда қоршаған əлемді диалогтық қабыл дауға мақсатталған тұлғаның əлеу меттік жетілуін маңызды құрайтын жəне жағымды тұлғалық сипаттама ретінде, жасөспірімдер мен жастардың арасында агрессивтіктің өсуімен байланысты толерантты тұлғаға қызығушылық шектен тыс өсті. Білім берудің заманауи философиясы білім берудің басты мақсатын – əрбір тұлғаның өіндік дамуы мен ашылуы үшін жағдай туғызу деп есептейді. Бұның мүмкіндігі əрбіреудің даралық ерекшеліктерін мойындау жəне құрметтеу, тұлғаның өзгешілігі мен қайталанбастығын мойындауға негіз деледі. Ғылыми педагогикалық жəне психологиялық əдебиеттерде соңғы уақытқа дейін «толеранттылық» термині сирек кездесті. Тұлғааралық қарым-қатынасты қатынас тың бір түрі ретінде қарастыра келе, пси хо логия қатынастың эмоциональдық жағының айрықша ерекшелігін ескере отырып адам дар арасындағы қарым-қатынаста толерант тылықтың көріну қажеттілігі жөнін де айтты.
Басынан бастап, психологияда көбірек қарастырылған түсінік, дұрыс талқыланған мəселе, «эмпатия» түсінігі болып табылады, оны пайымдауды К.Роджерс түсіндіре келе, эмпатия «басқаның феноменальдық аймағын көруге» ұмтылу деп ескертті [2]. Осы қорытындыға сүйене келе, толеранттылық мəселесі бойынша заманауи зерттеулерде ғалымпси хологтар толеранттылықты «адамдық өз ара əрекет кеңістігі» деген көзқараста қарастырады. Басқаша айтатын болсақ, əңгіме іскерлік жəне тұлғааралық өзара əрекетке, тұлғаның əлеуметтік-психологиялық құзіретті лігіне сапалы жаңаша тұғыр туралы болып отыр.
Ғалым психологтар толеранттылықты ерек ше психологиялық категорияға қосады (А.Г. Асмолов, С.К. Бондырева, Г.У. Солдатова, И.Б. Гриншпун, В.В. Глебкин, О.Д. Шарова, В.С. Магун, Г. Оллпорт). Жеке қарастырсақ, психолог А.П. Садохин толеранттылықты адамзат мəдениетінің көп қырлылығын мойын дау , өзара құрмет, тілектестік ретінде қарастырады [1, б.4]. Crumell, F. толеранттылық басқаға қызығушылықтың пайда болуымен, оны түсінуге ұмтылумен сипатталады деп есептейді. Автор бірінші кезекте толерантты тұлғадан эмпатияға қабілеттілікті, ал екіншісінен нақтылыққа, құрметке қажеттілікті бөледі [6]. Көріп отырғанымыздай, ғылыми жұмыстардан келтірілген барлық тезистер, толеранттылықты тұлғаның əлеуметтік мінез-құлқы жəне оның қоршаған əлеммен тепе-теңдікте өзара əрекеті негізі ретінде түсіндіретін философиялық категорияларға ұқсас.
Жоғарыда келтірілгендерді жинақтайтын толеранттылықтың жалпы критерийлері топ ғалымдар А. Асмолов, В. Глебкин, В.В. Бойко, В.М. Магунпен бөлініп көрсетіледі. Толеранттылықты олар: басқаны тұлға ретінде өзінің əлемімен бірге қабылдау шеберлігі, бірге сезіну жəне бірге күйзелудің (бұл толеранттылықты ізгілік пен альтруизмге жақындатады) пайда болуы, тұлғаның ашық диалогқа дайындығы деп түсіндіреді. Бұл кезде, психологияда қалыптасқан толеранттылықтың негізгі аспектілерін бөлеміз:
— өзін реттеуге қабілеттіліктен тұратын тұлғаның даралық қасиетін білдіруші ретінде; — ашықтық негізінде басқаға қарым-қатынас бойынша агрессивті емес мінез-құлық қа дайындықты білдіруші ретінде;
— əртүрлі əлеуметтік жағдайларда өзара əрекетке дайындық ретінде;
— жанжалға тұрақтылық ретінде.
Осыған сай толеранттылық жалпы түрде (А. Асмолов) «психологиялық категория» ретінде тұлғаның кейбір сипаттамасы ретінде болуы мүмкін. Психологтар толеранттылық категорияларын – мəселені əрекет ретінде түсіну жəне қабылдауға, ашық өзара əрекетке тұлғаның дайындығына бөледі. Толеранттылық екі негізгі деңгейде өзінің көріні сін: психологиялық деңгейде – тұлға мен ұжымның ішкі құрылым мен қарым-қатынасы ретінде, іс-əрекеттік деңгейде – қоғамдық мінез-құлық нормасының заңдары жəне дəстүрі арқылы жүзеге асатын немесе əрекет ретінде.
Осының ізімен, толеранттылық құрылым ретінде өз еркімен даралық таңдау сипатында болуы тиіс: ол таңылмайды, тəрбие, ақпарат жəне жеке өмірлік тəжірибе арқылы игеріледі. Əрекет ретінде – бұл өзін шектеу жəне əдейі араласпаудың белсенді тұғыры, бұл субъектілердің келіспеушілігінде əртүрлі жəне қарсы тұратын өз еркімен келісім.
Қарастырылған бағыттар бізді толеранттылық тұлғаны адамгершілікті, игілікті: серіктестік рухы, басқалардың пікірімен келі су ге дайын болу, басқалардың құқығын құр меттеу,
адамдық абыройды құрметтеу, бір ге күйзелудің пайда болуы деп анықтауы мүмкін тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде көрінетін адамгершілік категориясы ретінде қарастырылуы мүмкін деген қорытындыға келеміз. Толеранттылықты «тұлға бостандығына төзімділіктің пайда болуы, адамның адамды түсінуі жəне қабылдауы» деп қарастыра келе, ол адамдар мен социумның өзара қарым-қатынасында пайда болады деп айтуға болады. Мұнда толеранттылық адамдардың өзара қарым-қатынасында əлеуметтік жəне адамгершілік деңгейде бола тұрып, адамдардың қоршаған ортамен қатынасы ісəрекеті арқылы көрінеді деп əділ айтуға болады. Сонымен, толеранттылық тұлғаның қасиеті ретінде сана деңгейінде, мінез-құлық деңгейінде көрінеді, Ананьевтің пікірі бой ынша «сана мінез-құлықты қалыптас тыра ды». Егер біз толеранттылықты сəйкес келетін сипаттамасымен берік психо ло гия лық жəне мінез-құлықтық феномен ретінде қарастыратын болсақ, онда А.В. Петровскийдің пікіріне сүйене отырып, атал ған құбылыстың психологиялық беріктігі сананы орындауға бағыттаумен, индивид сана сында қалыптасқан фрустраторларды қамта масыз етеді.
Толеранттылық – бұл төзімділік сезімі, келісім жəне сенім, басқа адамдардың пікіріне құрмет. Аталған қасиеттің болуын анықтайтын негізгі көрсеткіштер басқаның тұлғасына бағытталған тұлғаның жағымды мінез-құлқы болып табылады. Бұл келісім мен компромисс жолымен тұлғаның абыройын таптамай жанжалдық жағдайдан шығудың шынайы құрылғысы. Басқаша сөзбен – бұл тұлғаның өзіне жəне қоршаған əлемге деген қарым-қатынасын анықтайтын тұлғаның адамгершілігі мен ізгілігі жасалатын кешенді феномен. Мұқият əдебиеттерді талдау негізінде біз бұл көп факторлы құбылыстың мəнді аспектілерін бөле аламыз.
Толеранттылық – бұл шығу тегі бойынша əлеуметтік категория (адамның адаммен жəне адамның социуммен өзара əрекеті үрдісінде туындайды жəне көрінеді).
Ол адамның социуммен өзара қарымқатынасының ерекше (зорлықсыз, татулық, жанжалсыз) түрін тіркейді.
Феноменнің сипаттық нышаны оның көрінуіінң беріктігі болып табылады.
Ол екі деңгейде: тұлғаның қарым-қатынас түрінде сана деңгейінде, саналы əрекет немесе қимыл ретінде мінез-құлық деңгейінде пайда болады.
«Толеранттылық» түсінігінің негізгі мазмұны қоғамдық тұрмыстың көп қырлылығын түсіну, адамдық тұлғаны құрметтеу, басқа адамдардың даралық ерекшеліктеріне, олардың көзқарастарына, сенімдеріне, діни сенімдеріне төзімділікпен қарым-қатынас, агрессияны, өшпенділікті жəне зорлауды белсенді жоққа шығару болып табылады.
Толеранттылық əмбебап категория болып табылмайды, оның мазмұны мен шегі тек қана тарихи аспектіде ғана емес, сонымен бірге, мəдени дəстүрге, қоғам байлығына жəне көптеген басқа факторларға байланысты ажыратылады.
Саясаттанушы зерттеушілер тобы толеранттылық мүмкін жəне тəрбиеленуі тиіс шығар, бірақ та бұл үшін арнайы педагогикалық жағдай мен білім беру кеңістігін жасау қажет деп тұжырымдайды.
«Толеранттылық» түсінігі жеткілікті кең дəрежеде түсіндірілгеніне қарамастан, бұл құбылыстың жалпы қабылданған сипаттамасы жоқ, сонда да болса толеранттылық сияқты жеке тұлғалық жаңа жасалулар – тұлғаның əлеуметтік, адамгершілік жетілуінің көрсеткіші болып табылады. Əдебиеттік қайнар көздерге жасалған талдау, толерантты тұлға – негізіне адамдық қарым-қатынастың маңызды психологиялық-этикалық линиясы: ізгіліктік, рефлексивтік, еркіндік, қорғалғандық, ептілік, өзіне сенімділік, эмпатия жəне т.б., қасиеттері салынған, өзін дұрыс бағалау, қоршаған əлемді белсенді игеруші жəне қайта жасаушы, ашық жəне еркін, өзін негіздеу шеберлігінің жоғары дамуы, нақты рухани жəне мəдени-тарихи құндылықтары көрінетін əлеуметтік-белсенді тұлға деп дəлелдейді. Қоғам дамуының заманауи кезеңінде мұндай тұлға өте қажет, толеранттылық «адам-адам», «адам жəне социум» өзара əрекетінің барлық деңгейінде адам мінез-құлқы мен санасын жағымды реттеуші болады [4]. Егер толеранттылықты өзара əрекет түрінің татулығына бағытталған адамның адамгершілік қасиеті деп есептесек, онда бұл біз жоғарыда айтып кеткендей, адамның адаммен қарым-қатынасында жəне біріккен іс-əрекетінде көрінеді.
Қатынастың маңызды жағы құндылық бо лып табылады. Олармен алмасу бірлікте күте тін жəне құрылымдар үрдісінде нақтыланатын диалогта жүреді. Қатынас арқылы толеранттылық болып табылатын нақты құнды лықтық жəне ізгіліктік идеяларды адам дардың игеруі жүреді. Бұрын байқалған дай қатынасқа қажеттілік тек адамдық қана болып табылады. Ол адамдардың бірігуге жəне серіктестікке ұмтылуының іргелі негіздемесінде құрылады. Біздің қоры тынды мыздың сенімділігі адамға нақты идеяларды игерту арқылы жүретін қатынас үрдісі қарым-қатынасты қалыптастырудың негізі деп есептейтін Villegas A.M. бірнеше еңбектерінде бекітілді [8].
Бірақ та бұл бағыттағы алғашқы жұмыстар бар. Біз өзіміздің жұмысымызда біздің зерттеуі міздің тақырыбына сай келетіндеріне ғана тоқталамыз.
80-ші жылдардың ортасында педагог-психолог А.Н. Лутошкин жоғары сыныптықкөшбасшы тұлғасының параметрлері жөнінде тұжырымдаманы жасап шығарды. Оның еңбектерінде жоғары сыныптық-көшбасшы, ұжымда өзара əрекетте қарқын алатын біріккен іс-əрекетте жоғары адамгершілікті, өзінің жолдастарын құрметтейтін, əлсіздік пен кемшіліктерге төзімділік жасайтын тұл ға ретінде сипатталады [3]. Кейінірек, бұл көзқарасты дамытқан оның ізінен еруші Л.И. Уманский өзінің «Оқушының ұйымдастырушылық іс-əрекетінің психологиясы» атты еңбегінде «ұйымдастырушының психологиялық тактісі» түсінігін жасады жəне негіздеді [5], А.Н. Лутошкиннің жоғары сыныптық-көшбасшы сипаттамасына көрсеткіштері бойынша өте жақын.
Жоғары сыныптық-көшбасшыны айрықша лайтын əртүрлі критерийлер арасында Л.И. Уманскийдің негізгі параметрлері ұйым дастырушымен өзара қарым-қатынас та сыйластық сезімін сақтауға, олардың жəне өзінің психологиялық ерекшеліктеріне дұрыс тықты сақтауға қабілеттілік болып табылады.
Аталған қасиет мінез-құлықтық деңгейде көрінеді жəне ұйымдастырушының даралық қасиеттеріне жəне сыртқы ықпалдарға байланысты қойылған қарым-қатынастың дұрыстығын, қарым-қатынастың қажетті шегі мен формасын табу қиындық туғызғанда ұйымдастырушы мен ұйымдасқанның аффектілік қалпын, күйзелістік жағдайларда ол өте маңызды болады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Асмолов А.Г. Культурно-историческая психология и конструирование миров. – М.: Институт практической психологии, Воронеж: НПО МОДЭК, 1996. – 768 с.
2 Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека / К.Роджерс. – М.: Прогресс, 1994. – 532 с.
3 Лутошкин А.Н. Как вести за собой. – М., 1986.
4 Садохин, А.П. Межкультурная коммуникация: учеб. пособие / А.П. Садохин. − М.:
Альфа-М: ИНФРА, − 2004. − 288 с.
5 Уманский, Л.И. Психология организаторской деятельности школьников: Учеб. пособие для студ. пед. ин-тов / Л.И. Уманский. − М.: Просвещение, 1980. − 160 с.
6 Crumell, F. (1999, Fall). A focus on the black experience. Teaching Tolerance Magazine, 16, 63.
7 Heller C., Hawrins J.A. Teaching tolerance: notes from the front line // Teachers college records. 1994. − Vol. 95. − № 3. − p. 337-368.
8 Villegas, A.M., & Lucas, T. (2002). Educating Culturally Responsive Teachers: A Coherent Approach. − Albany: Suny Press.

О.Ф. ФЕДОРЕНКО
Лаборатория сурдопедагогики института специальной педагогики
НАПН Украины
г. Киев, Украина

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *