ТҰЛҒАНЫҢ ƏЛЕУМЕТТЕНУIНЕ ƏЛЕУМЕТТIК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ƏСЕРI


ТҰЛҒАНЫҢ ƏЛЕУМЕТТЕНУIНЕ ƏЛЕУМЕТТIК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ƏСЕРI
Аннотация
Мақалада тұлғаның əлеуметтенуінің факторлары, механизмдері мен құралдары қарастырылған. Тұлғаның əлеуметтенуі − адамда білім мен тəрбие арқылы жинақталып берілетін, қоғам мен қоршаған əлемді ролдік меңгеру барысында өмір сүру кезеңі мен əлеуметтік мінезқұлқын, даму тəжірибесін іске қосу болып табылады. Əлеуметтену – адамның көріп жəне естігінін тікелей қабылдау нəтижесі емес. Əлеуметтену мазмұны біріншіден, белгілі механизмдер арқылы жүзеге асатын барлық əлеуметтік əсерлердің жиынтығы болса, ал екінші жағынан – индивидтің осының барлығына қатынасы болып табылады.
Түйін сөздер: тұлғаның əлеуметтену факторлары, микрофакторлар, мезофакторлар, макрофакторлар, əлеуметтену, əлеуметтенудің əмбебап механизмі, əлеуметтену құралдары, əлеуметтену ерекшеліктері.
В данной статье рассматриваются факторы, механизмы и средства социализации личности. Социализация личности − это аккумулирование ею в процессе жизни и деятельности опыта социального развития и поведения, накопленного человечеством и передаваемого через посредство воспитания и обучения, ролевого освоения окружающего мира и общества. Социализация – не прямой результат того, что человек видит и слышит. Содержание социализации определяется, с одной стороны, всей совокупностью социальных влияний, реализующихся через определенные механизмы, а с другой – отношением индивида ко сему этому.
Ключевые слова: факторы социализации личности, микрофакторы, мезофакторы, макрофакторы, социализация, универсальные механизмы социализации, средства социализации, особенности социализации.
Annotation
In this article factors, mechanisms and means of socialization of the personality are considered. Socialization of the personality is an accumulation by it in the course of life and activity of experience of social development and the behavior which has been saved up by mankind of education transmitted through means and training, role development of world around and society. Socialization – not direct result of that the person sees and hears. The content of socialization decides, on the one hand, by all set of the social infl uences which are realizing through certain mechanisms, and on another – the relation of the individual to this it.
Keywords: factors of socialization of the personality, microfactors, mesofactors, macrofactors, socialization, universal mechanisms of socialization, means of socialization, feature of socialization.
Тұлғаның əлеуметтенуiнiң əлеуметтiк психологиялық факторлары жалпы
түр де екi үлкен топқа бiрiгуi мүмкiн: 1) əлеу мет тенудiң əлеуметтiк-мəдени жағын көрсететiн жəне оның тарихи, мəдени, ұлттық ерек шелiктерiнiң мəселелерiн қарастыратын əлеу меттiк тобы; 2) тұлғаның белгiлi бiр шамада өмiр жолының кезеңiмен анықталатын жеке-тұлғалық тобы. В.Г. Крысько тұлғаның əлеуметтену факторларын былайша талдай отырып, үш факторды (микрофакторлар, мезофакторлар, макрофакторлар), механизмдерi мен құралдарын көрсеттi (1-2 суреттер) [1].
Психологияда əлеуметтену процесiн талдау кезiнде көптеген авторлардың тек объективтi көрсеткiштердi (индивидтiң əлеуметтiк статусының өзгеруi, оның жаңа əлеумет тiк ролдердi игеруi) ғана емес, соны мен, субъективтi көрсеткiштердi, соның iшiн де ұқсастықты да ескеруге ұмтылғаны байқа лады. Бұл ұғымды ғылымға Э.Эриксон енгiзген, ол ұқсастықты субъективтi сезiм ретiнде жəне басқа адамдардан бөлiп ұстайтын, дүние нiң тоғысуы мен үздiксiздiгiне белгiлi бiр сенiммен байланысқан өзiндiк тоғысудың жəне үздiксiздiктiң (тұрақтылығының) қадағалаудағы сапасы ретiнде анықтаған. Ұқсастықты Э.Эриксон екi тұрғыда қарастырады: 1) екi компоненттен − органикалық жəне жеке, яғни адам ның жеке тұрмысының сырт қы физикалық бейнесiнiң, берiлiсiнiң, тоғысуы ның, түп нұсқалығының жəне тұтастығының ауыспас мəлiмдiгiнен тұрады, 2) нəтижесiнде топтық жəне психо-əлеуметтiк ұқсастық ерек ше ленетiн элеуметтiк тұрғыда. Топтық ұқсас тық − бұл тұлғаның iшкi бiрлiк пен өзiнiң əлеуметтiк қоршауымен бiртұтастығын субъек тивтi сезiну арқылы бекiтiлген түрлi қоғам дастыққа (тарихи, географиялық, таптық, ұлттық, т.б.) қосылуы. Психо-əлеумет тiк ұқсастық − адамның өзiнiң қоғам үшiн маңыз дылығын сезiнуi.
Ұқсастықтың əрбiр тұрғысының екi полюсi бар: оң (əлеуметтiк орта көзқарасы бойынша адам қандай болуы тиiс) жəне терiс (ол қандай болмауы керек). Ұқсастықтың қалыптасуы осы екi жақтың үнемi өзара тартысымен қатар жүредi. Дағдарыс сəттерiнде күрес өрши түседi жəне ұқсастықтың терiс жағы үстем болып кетуi де мүмкiн. Тұлғаның позитивтi жəне iлгерiлмелi дамуы үшiн ұқсастықтың оң жағы терiс жағынан басым болуы тиiс. Жалпы алғанда, Э.Эриксонның тұлға дамуының негiзiн қалаушы сəтi ретiнде ұқсастық мəселесiне көзқарасы осындай.
Ұқсастықтың жалпы адами деңгейi өзiңдi биологиялық түрдiң, адамзаттың өкiлi ретiнде сезiну немесе адамзаттың аса ауқымды мəселелерiн, жердегi өмiр үшiн келешек ұрпақ алдындағы жауапкершiлiгiн көру жəне түсiну ретiнде анықталады.

Ұқсастықтың топтық деңгейi өзiңнiң əртүрлi топтарға (жыныс, жас, ұлттық жəне дiни көзқарас жəне т.б. негiзiнде) тиесiлi екендiгiңдi сезiну арқылы байқалады. Орта деңгей (топ) қауымдастығы оппозиция жүйесi ретiнде қалыптасады. Олар əдетте бiр-бiрiне қарсы қойылған жəне «өзiнiң екiншiсiнсiз» анықталына алмайды. Мысалы, əкелерi мен балалар, ерлер мен əйелдер, «оңшылдар» мен «солшылдар» т.б. мiне осындай.
Ұқсастықтың жеке деңгейi өзiнiң қайталан байтындығын сезiну, өзiнiң қабiлеттiлiгiн арттыруға ұмтылу, өзiнiң өмiр жолының қайталанбайтынын түсiну болып табылады [2].
Ғалымдардың арасында ұқсастықтың қай деңгейiнiң дамуы, тұлғаның табысы əлеуметтенуi үшiн маңызды екенi туралы бiртұтас пiкiр əлi жоқ. Тұлғаны белгiлi ұқсастық деңгейiнiң басым болуын айқын көрсету жəне оны əлеуметтендiрудiң табысты болуы уақытпен айқындалады деуге болады. Бұл жағдайда уақыт факторы: қоғамдық уақыт – осы қоғамның тарихи дамуының ерекшелiгi жəне жеке уақыт-тұлғаның өмiрлiк циклiнiң кезеңi ретiн де екiұшты түсiндiрiледi.
Тұлғаның əлеуметтенуiнiң табыстылығына тарихи уақыттың əсер ету мəселесiн қарас тыруда бiршама, мысалы, Л.Н. Гумилев жасаған этногенез теориясы сияқты шешiмдер бар екенiн атап көрсетуге болады. Бұл теорияға сəйкес кез-келген ұлыстың 1200, 1500 жыл уақыт өлшемiн қамтитын өзiндiк «өмiр циклы» бар. Ұлыстың қауырт дамуы кезеңiнде қоғамда жеке табыстың, тəуекел мен қоғамдық өмiрдегi түрлi саладағы жетiстiктердiң мəнiн көрсететiн құндылықтар басым болып, ол соңынан ұлыстың прогресiн ынталандыруға жеткiзедi. Бұл жағдайда, өзiн көрсету қоғам мүддесiмен шартталған, айқын өзiндiк ерекшелiгi бар тұлғалар табыстырақ əлеуметтенедi. Мұндай адамдар өзi мен адамзатты «тiкелей» байланыстырып, осы екi басымдыққа қалыптасқан топтық нормаларды бағындырады, яғни оларда ұқсастықтың жеке жəне жалпыадами деңгейi айқынырақ қалыптасады.
Жеке тұлға мен макроəлеуметтiк құрылым дардың өзара байланыс мəселесi Б.Ф. Поршневтың еңбегiнде басқаша қарас тырылады. Оның пiкiрiнше жоғары деңгейдегi маймылдар мен елiктеуi барынша да мы ған қазiргi адамдардың арасындағы фило ге не тикалық кезең бойында троглодит тер (адамның арғы тегi) басым болды. Өздерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн олар, мысалы, жануарлардың үрку-тежелу əсерiн туғызу үшiн олардың дауыстарын келтiретiн болған. Кейiнiрек антропоидттер бұл механизмдi өзiне ұқсастарға əсер ету үшiн жиiрек қолдана бастады, бұл елiктеу шегiнен шығып кететiн болды.
Тұрақты жағдайда болатын ұлыс өз мүшелерi арасындағы қатынаспен олардың табиғатқа деген қатынасын шектеуге ұмтылады. Жаңа ұлыстық тұтастықты тұғызу кезiнде мiнездiң жаңа тəсiлдерi де алға шығады. Егер ертеректе жеке тұлғаның қоғамдық жағдайы əдет-ғұрыппен қатты шектелiп жəне көбiнесе оның жасына байланысты болса, ендi əртүрлi əлеуметтiк ролдердi (корольдi, жасауылды, күтушiнi, т.б.) айқындайтын «кiм бола аласың, сол бол!» дейтiн талап қалыптасты. Жеке тұлғаның ұжым алдындағы парызы, мiндеттерi бiрiншi кезекке шықты.
Ұлыстың келесi кезектегi дамуы (кей жағ дайда көршiлердi бағындыру арқылы) жеке тұлғаның қажеттiлiгiне («Өзiңмен өзiң бол!») соқтырады, бұл бұрынырақта сырт қы мəселелердi шешуге бағытталған күш тер дi жұтып қоятын тұлғалар арасындағы қақтығыстарды, қатаң бəсекелестi тұдырады.
Уақыт өткен сайын, ұлыстың өздерiнiң даңқ-құмар тайпаластарының өзара қақтығыстарынан əбден шаршаған, қарапайым көпшiлiгi «бiз ұлылардан əбден шаршадық!» деген жаңа талап қояды. Жеңiп шыққан пассионарий (бөлекше тұлға), басқалардың бəрi соған ұқсас жəне өзiне елiктеуге ұмтылатын мiнезқұлықтың жаңа ережелерiн бекiтедi.
Бұдан əрi топтың мүддесi жеке тұлғадан қайтадан артықшылық ала бастайды, ұлыс ландшафқа бейiмделедi. Ең соңында ұлыс не жойылады, не басқалармен бiрiгiп, жаңа ұлыс құрайды. Ұлыс дамуының тұрақты («тыныш») кезеңдерiнде тұлға едəуiр шамада тұрақталатынын, əртүрлi топтық (рулық, кəсiби, конфессиалдық) мүдделер мен ережелерге бағынатынын атап айтқан жөн, яғни адам да жеке ұқсастық пен оның жалпыадами «қабат тарына» зиянды топтық ұқсастық басым дами түседi.
Əрине, айтылғанның бəрi Б.Ф. Поршнев концепциясының құндылығы мен күрде лiлiгiн тауыспайды, бiрақ адамзат тарихын осы қалпына келтiруде келесi сəттердi айқындау аса маңызды. Адамзат эволюциясының тығырықты, өтпелi дəуiрiнiң кезеңiнде тығырықтан шығудың екi механизмi iске қосылғаны байқалды: 1) түр мен тұлға мүдделерi сай болып, белгiлi бiр мезгiлге дейiн қантөгiссiз жолы табылған физикалық тарап орналасу; 2) дамудың бейбiт жолы қалмаған кездегi «өзiмiздiң» жəне «бөгде» топтардың қарамақарсы тұруы. Бұл жағдайда қатыгездiкке, зұ лым дыққа, соғыстарға, т.б. жетелейтiн топ iшiлiк фаворитизм мен агрессияны ынталандыратын ұқсастықтың аралық, топтық деңгейлерiнiң белсендiлiгi артып отырады.
Белгiлi тарихшы, орта ғасырлар бойынша ғалым А.Я. Гуревич орта ғасырда «ерекшелiк, не басқалардан айырмашылық емес, бiрақ керiсiнше топқа, корпорацияға, белгiленген тəртiпке барынша iскерлiкпен қосылу − мiне, жеке тұлғадан талап етiлетiн қоғамдық ерлiк осы» − деп бағалаған. Бұл дəуiрдегi адам тек ұжым шеңберiнде ғана өзiн толықтай сезiнiп, қалыптаса алады. Ресейдегi орта ғасырдағы əлеуметтенудiң осындай ерекшелiктерiн Ю.М. Логман да айтқан [3].
Таптың өзiне тəн əлеуметтiк топқа интеграциялануының бұзылуы капитализмнiң дамуымен ғана басталды. Сонда ғана оның ұқ сас тығының жеке-даралық қабаты көрiне бас тады. Бұл процестi Э. Фромм мейлiнше толық талдаған, оның пiкiрiнше адамның əлеу метпен, таппен, топпен ортағасырлық бай ланыстарының үзiлуi аңсаған азаттыққа жет кiзген жоқ. Соның нəтижесiнде адам аса қуатты экономикалық күштердiң алдында, өзiнiң ертеңгi күшiне деген барлық кепiлiнен айы рылған кiшкентай, əрi əлсiз жан ретiнде болып қалды.
Сонымен, тарихи дəуiрлердiң тұлғаның əлеу меттену табысына əсер ету ерекшелiктерiн қарастырғаннан кейiн, қоғам дамуының тұрақты кезеңдерiнде ұқсастықтың топтық деңгейi басым, адамдар көбiрек əлеуметтi бейiмдiрек болып шықты. Олар жүйенiң сақ талуына ұмтылуын айқындайтын мiнзқұлықтың социотиптi формалары тəн; сол уақытты тарихтың тығырықты, ауыспалы сəттерiнде тұлғаның түрлi типтерiне ұсыныс болуы мүмкiн: ұқсастықтың жалпыадами жəне жеке-тұлғалық деңгейлерiнiң басым болуының бiр мезгiлдiлiгi; əлеумет дамуының тұрақты кезеңдерiне тəн топтық нормалардың əдеттегi қоғамдық боранынан қорғаныста болуы. Қоғамдық тығырық жағдайында тұлғаның осы типiнiң басым болуы «сыртқы» жау ларды iздеуге, «өз топтарының» (ұлттық, кəсiби, ересектiк, аумақтық т.б.) басым болуына соқтырады.
Тұлғаның өмiрлiк кезеңдерiнiң оның əлеуметтену табыстылығына əсер ету мəселесiне ауыса отырып, тұлға əлеуметтенуiнiң ерекше лiктерi мен қоғам дамуындағы тұрақты кезеңдерiнде оның ұқсастық құрылымының қалыптасуын бейнелеп көремiз. Бұл үшiн Л. Кольберг жүргiзген, балалардың моральды дамуының талдауына көңiл бөлуге болады. Оның мəлiметтерi бойынша 7 жасқа дейiнгi балалар көбiнесе моралдық дамудың конвенциальдыға дейiнгi деңгейiнде болады.
Олардың мiнез-құлқы негiзiнен жазалаудан құтылуға немесе мақтау алуға ұмтылумен анықталады, яғни, оларға ұқсастықтың жетiлмеген жеке-тұлғалық деңгейi басым болады. 13 жасқа қарай жəне мектеп бiтiргенге дейiн балалардың көпшiлiгiнде, iстеген iстерiнiң оң, терiсi баланың референттi тобының көзқарасына байланысты бағаланатын, ұқсастықтың топтық деңгейi басымдық танытады, демек, ұқсастықтың осы деңгейi қоғам дамуының тұрақты кезеңдерiнде басым болып қалады. Өйткенi 16 жастан асқан балалардың 10 пайызы ғана ұқсастықтың жеке-тұлғалық жəне жалпыадами деңгейлерiнiң бiр мезгiлде байқа луы мен сипатталатын, моральдық деңгей дiң постконвенциальды деңгейiне жетедi.
Онтогенездiң əртүрлi деңгейiндегi əлеуметтену процесi қоғамдық тығырық жағдайында басқаша жүредi. Əлеуметтiк тығырық (кризис), əдетте қоғамның «идеологиялық құн дылықтарын» қиратумен (Э. Эриксон), оның бұрынғы құндылықтар жүйесiн шайқалтумен, «аномия» жағдайымен (Э. Дюркгейм) сипатталады. Бұл кезде, үш жас ерекшелiк топтары мүлдем басқа жағдайда болады: жеткiншектiк жасқа дейiнгi; жасөспiрiмдер мен жастар; орта жəне егде жастағы адамдар
[4].
Жоғарыда айтылғандай, балалар жеткiншектiк жасқа дейiн моральдық дамудың, жаза лаудан құтылуға жəне мақтау алуға ұмты лумен сипатталатын конвенциалдыққа дей iнгi деңгейiнде болады, яғни өздерiнiң iсəрекетiнде едəуiр шамада «қанағаттану принципiн» басшылыққа алады (З. Фрейд). Осыған байланысты қоғамдық құндылықтардың бұ рын ғы жүйесiнiң қирауы жəне жаңаның құ рылуы жағдайында олар сол принципке бағы на отырып, жаңа əлеуметтiк нормаларды табиғи түрде қабылдайды.
Ересектiк ұқсастықтың қалыптасуының аса маңызды кезеңi жастық шақ болып табылады. Ұқсастықтың жасөспiрiмдiк тығырықтығы ба рысында, тұлға дамуының ертеректегi кезең дерiнде шешiлмеген қақтығыстарды, сəби кездегi жарақаттар мен қорқыныштарды жеңу ге болады. Осымен қатар жастық шақта қа лып тасатын ұқсастықтың құрылымы тұлға дамуының келесi сатыларының бəрiне де əсерiн тигiзедi.
Сонымен бiрге, Э. Эриксонның пiкiрiнше қоғамның «идеологияның тұтастығының» бұзылуы кезiнде қосымша қиындықтар да туындайды. Мысалы, аса талантты жекеленген индивидттер қоғамдық құндылықтар жүйесiн қабылдамаудан жəне өзiнiң жеке жүйесiн қалыптастырудан көрiнетiн, психоəлеуметтiк мораторий күйiне енедi. Мұндай күйдегi жас адамдар континуумның екi полюсiн көрсететiндей, ұқсастықтың позитивтi де, негативтi де түрiн қалыптастыруы мүмкiн. Оның ортасында қазiргi құндылықтар жүйесiн қабылдамайтын жəне дəл осы уақытта онымен ашық қақтығысқа түспейтiн құндылықтар типi жатыр.
Бұл контивуумның негативтi полюсiнде өзiнiң нормалар, дəстүрлер, көзқарастар жүйесi бар. Соларға сəйкес жалпы қабыл данған əлеу меттiк нормаларды қабылдамай қоюмен қатар, оларды бұзатын, əрi қылмыстық субмəдениет құратын жас адамдар болады.
Психоəлеуметтiк мораторий жағдайына тек бiр адам немесе адамдардың қайсы бiр тобы ғана емес, сондай-ақ жастық шағы күштi қоғамдық өзгерiстер кезеңiне дəл келген тұтастай бiр буын өкiлi де түсуi мүмкiн екенiн атап айтқан жөн. Мұндай бiр буын (немесе оның едəуiр бөлiгiнiң) мораторийiнiң мысалы ретiнде ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында елде орын алған жастардың бейресми қозғалысын келтiруге болады.
Сонымен қоғамдық тығырық жағдайла рына балалар мен жеткiншектер тез бейiмделсе, ал жасөспiрiмдiк кезеңде бұл белгiлi бiр қиын дықтармен байланысты. Өйткенi өмiрдiң өз герген жағдайларына жастық шағы өтiп кет кен адамдардың бейiмделуi күрделiрек бо ла ды. Олардың əлеуметтенуi, не жеке терең тығырықты бастан өткiзу арқылы, не мүмкiндiгiнше тек жүредi, егер мұндай адам қоғам дамуының тұрақты кезеңдерiнде əлеуметтiк аутсайдерлер ортасында (немесе өзiнiң мүмкiндiгiн толық көрсете алмаған) болса, бiрақ нақты тығырықтық жағдайда оның ере сектiк ұқсастығы əлеуметке қажет болып шыға ды.
Тұлғаның қай типi тығырықтағы əлеуметтiк жағдайларда ең табысты əлеуметтенген? Бiздiң ойымызша мұның екi варианты бар: бiрiншiден, тұлғаның ұқсастығының топтық деңгейiнiң ол экстремальды көрiнiстерде ай қын далуы (өзiнiң ұлттық, аумақтық, партиялық немесе басқа топтарына басымдық беруi), бұл өздiгiнше «өткенге кету» болып табылады (психоаналитикалық «ауруға кету» тəрiздес) жəне қоғам көлемiнде авторитарлық, дезинтеграциялық құбылыстардың дамуына көмектеседi; екiншiден, ұқсастықтың екi шеткi деңгейлерiнiң − жеке тұлғаның жəне жалпыадами бiр мезгiлде басым болуы.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.Социальная психология в схемах и комментариях: Учебное пособие / В.Крысько. – СПБ.: Питер, 2003. – 286 с.
2 .Андреева Г.М. Учебник для высших учебных заведений /Г.М.Андреева. –5-е изд.,испр.
и доп. – М.: Аспект Пресс, 2002. – 364 с.
3.Социальная психология. Учеб. пособие для студентов высш. учебн.заведений /А.Н.Сухов, А.Н. Казанцев и др.: Под ред. А.Н. Сухова, А.А. Деркача. – М.: Изд. Центр «Академия», 2001. – 600 с.
4.Еникеев М.И. Социальная психология: Учебник для вузов. – М.: «Издательство ПРИОР», 2000. – 160 с.

М. ISKAKOVA, А. ASHIR

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *