ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МƏСЕЛЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАРИХИ ШОЛУ


ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МƏСЕЛЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАРИХИ ШОЛУ
Аннотация
Мақалада психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау негізінде, соның ішінде қазақ ойшылдарының еңбектеріне сараптама жасау арқылы «толеранттылық» ұғымының мəні мен мазмұны ашылады.
Түйін сөздер: толеранттылық, мінез – құлық, экстремизм, төзімділік, бірлік.
В статье авторы попытались на основе анализа психолого-педагогической литературы, в частности, трудов казахских мыслителей раскрыть сущность и содержание понятия «толерантность».
Ключевые слова: толерантность, поведение, экстремизм, терпение, единство.
Annotation
In this article the authors made an attempt to defi ne the content and the nature of the notion «tolerance» on the basis of the analysis of psycho-pedagogical literature and works of Kazakh philosophers. Key words: тtolerance, behavior, extremism, patience, solidarity.
азақстан көне заманнан бері сан ал- ңызды негіздерінің бірі. Біз əлемге өзі міздің уан мəдениеттер мен діндердің тоғы- толе ранттығымызбен, ұлтаралық, кон фес-
– 131с.

су мекені болған. Қазіргі қоғамда саяси үде ріс тердің дамуы, сөз бостандығы, адам құқы мəселелері өткір қойылып, билік пен оппо зицияның, діндер мен этностардың, салт-дəстүр мен мəдениеттердің бəсекелестігі мен бейбіт өмір сүруі үнемі назарда болып келеді.
Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап айтқанындай: «…бізге төзімсіздік неме се діни фанатизм жат. Бұл рухани дəстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдай дың Сөзі не деген ашықтық. Бұл − Қазақ стан да ғы конфессияаралық келісімнің ең масия аралық келісім мен диалогты сақтауымыз бен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүние танымдық əлеуеті бұдан əрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс» [1].
Белгілі болғандай, соңғы жылдары əлем де жəне Қазақстанда болып жатқан өзге ріс тер адамдар арасындағы қарым-қатынас мəселесінің өзектілігін алға тартып отыр. Мемлекет жүргізіп отырған ұлтаралық келі сім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға ба ғытталған нақты саясат мұғалім мен оқушы, ата-ана арасындағы бірлікті, аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, оқушылардың ішкі мəдениетінің дамуын ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды. Егер қоғамымыз конфронтация мен таптық күрестен бас тартқысы келсе, онда оқушылар арасын дағы тəрбие жұмыстарын адамдарға ортақ құндылықтарды: түрлі идеологиялық көз қа растарға, қоғамдық-экономикалық жағдайларға, саясатқа, мəдениетке, діни нанымдарға жəне тағы басқа шыдамдылықты қалыптастыруға бағыттау керек. Ізгілікті қоғамда мектеп бір-біріне, ата-анаға деген сыйлы қатынасты, жасы үлкен адамдарға жəне кішкентай балаларға көмек беру, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ниетін тəрбиелеуі тиіс.
Тарихи-эволюциялық үдерісте адамдар мен этностар, діндер мен мəдениеттер арасындағы өзгешеліктер ауқымы тарих пен табиғаттың толеранттылықты түрлі даму мүмкіндігі бар үлкен жəне кіші топтардың өзара өмір сүруінің ерекше эволюциялық механизмі ретінде қарайтындығын көрсетеді, табиғи жəне тарихи тұрғыдан дəлелдейді. БҰҰ-на мүше мемлекеттер білім беру саласындағы саясат пен арнайы бағдарламалар негізінде толеранттылық пен зорлық-зомбылыққа қарсылық идеясын насихаттау бағытында 16 қарашаны жыл сайын Халықаралық Толеранттылық күні деп жариялады [2].
Сонымен, толеранттылық мінез-құлықты қалыптастыру мəселесі, экстремизмнің əр түрі нің алдын-алу жəне оған қарсы əрекет ету шаралары қазіргі көп ұлтты Қазақстанда өзек ті мəселелердің бірі болып отыр.
Толеранттылық ұғымының мазмұндық толық тырылу мəселесі жеке тұлға үшін ғана емес, қоғам мен мемлекет үшін де өзекті болып отыр.
Толеранттылық мəселесі сонау ерте заманнан басталған. Бірақта толеранттылық ұғымы ізгілік, рақым, шыдамдылық, төзімділік, адамгершілік идеялары негізінде көрініс тапқан.
Қазіргі шетел сөздерінің сөздігінде толерант тылық tolerantia деген латын терминінен алынған ұғым, біріншіден, ағзаның кезкелген бір улы заттың қолайсыз жағдайына төзімділігі, екіншіден, біреуге, бір нəрсеге деген шыдамдылық, жұмсақтық деп көрсетілген [4].
Көптеген ғылыми əдебиеттерді талдай келе, біз аталмыш ұғымның төмендегі мағынада қолданылғанын байқадық. Мысалаға, испан тілінде toleranсia – «өз пікіріне қайшы келетін идеялар мен пікірлерді қабылдау қабілеті» деп көрсетілсе, немісше-орысша сөздікте tolerant «біреудің пікіріне шыдау» дегенді білдіреді [5]. Қытай тілінде толеранттылық «басқаларға кеңпейілділікпен қарау» білдірсе, парсы тілінде «шыдам, шыдамдылық, төзім, тату ла суға дайындық», француз тілінде tolerant «шыдамды, мейірбан», ал, tolerare «төзу, қолдау көрсету» дегенді білдіреді [6].
Ларусс сөздігіне сəйкес toleranсе сөзі алғаш рет 1361жылы қолданылған [33, 177 б.]. Ағылшын этимологиясының Оксфорд сөздігінде «toleranсе» ұғымы ХV ғасырға жатқызылады, ал «toleration» түсінігі ХVІ ғасырға пайда болған делінген. Егер ХV ғасырда ол «шыдамдылық» мағынасында қолданылса, ХVІ ғасырда оған «ұстамдылық, шектеу» мағыналары қосылады [7].
Оксфорд сөздігінде: «толеранттылық – тұлғаны немесе затты қарсылықсыз, күштеусіз қабылдауға дайындығы жəне қабілеті», — деген анықтама берілген.
Кеңес энципклопедиялық сөздігінде толеранттылық — басқаның пікіріне, сеніміне, тəр ті біне деген шыдамдылық ретінде түсіндіріледі.
Əртүрлі тілдердегі «толеранттылық» ұғымын салыстырып қарау арқылы толеранттылық адам құқығы мен тұлғаға сыйластыққа негізделген қағидалар жүйесі деген тұжырымға келдік.
Əдебиеттерге сүйінсек, толеранттылық мə се лесі антикалық дəуірден басталады. То ле ранттылық антикалық философтардың зерт теу пəні болмағанымен, сол кезде əрі қарай өз жалғасын тапқан көптеген теориялық қағи далар қалыптасты. Кейінгі ғасырлардағы ойшылдардың өздерінің толеранттылыққа арналған еңбектерінде антикалық саяси қайраткерлер мен философтарға сілтеме беруі жайдан-жай емес.
Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) «Никома ховая этика» атты еңбегінде: өзіне мейірімділік көрсеткен адамға түсіністікпен қарайтын адамды жақсы деп есептеуге болмай ды», «жақсы адам» өзгеге сондай қарым-қатынас көрсеткен адам, ал бұл қиын іс», − деп жазған
[8].
Рим императоры Марк Аврелий Антонионың (121-180 ж.ж.) «К самому себе» немесе «Наедине с собой» деген шығармаларында əңгімелесушіге толеранттылық қарым-қатынасты сипаттайтын жазбалар бар: «Адам дарды сендіруге тырыс. Егер олар көнбесе өзің əділет заңына қарсы келме», «Оларға шын мейірім мен пайданы көрсет, бірақ тітіркенбей, сіл кінбей», «Өзіңе айтылған нəрсені мұқият тың дауға дағдылан жəне өзіңмен сөйлесіп отырған адамның ойын толық қабылдауға ұмтыл. Адамдардың басшылыққа алатын əдет-ғұрпы мен күшін түсіну үшін мінез-құлқы мен əдеттерін жақсы білу керек» [9].
Əбу-Насыр-əл-Фарабидің еңбектері баланың əрбір əрекетінің ізгілікке бағытталған құл қын қалыптастыруды көздейтін, тұлға тəрбие сінің ізгіліктілік идеясымен ерекше. Тұл ғаның бойында алғыр да аңғарымпаздық, білімге құмарлық, қанағатшылдық, шыншылдық, ізгі ниеттілік, əділеттілік, батыл да ер жүректілік қасиеттерді тəрбиелеу «мінсіз адам ды» қалыптастыруға мүмкіндік береді деп тұжырымдайды [10].
Ж. Баласағұнның дидактикалық сарында жазылған «Құтты білік» шығармасында этика, əдептілік, қоғамдағы адамдардың қарымқатынасы, сөйлесуі, жан-жақты сөз болды. Ақын мемлекеттің мықтылығы қалың əскер ге де, қарулы күштердің көптігінде емес, адамдардың татулығына байланысты деп санап, адамдықты сипаттайтын негізгі төрт қасиетті бөліп көрсетті: əділдік, ақыл, бақыт, қанағат деп бөліп көрсетті [11].
М. Қашғари адам бұл өмірге ізгілік жасау үшін келеді деп ойлап, адам бойындағы еңбекқорлық, үлкенді сыйлау, қиыншылыққа төзу сияқты қасиеттерді ерекше атап өтті.
Яссауи Қожа Ахмет тақуалықты, барға қанағат, жоққа төзімділік мұраттарын уағыздай отырып, байлығы асқан, феодалдар мен халыққа жағымсыз діндарлар іс-əрекетін мансұқтап: «Дүниеқор болма, опасыз дүние үшін жамандық жасауға барма. Бір-біріне мейірімді, қайырымды бол! Момынның, жетімнің ақысын жеме, кем-кетік пен кедей-кепшікке жəрдемдесіп жүр», — деген пікір айтқан. Ол ұрлыққа, зорлық-зомбылыққа жаны қас болды. Адамды түзету арқылы қоғамды, қоғамды түзету арқылы заманды түзету, жалпыға бірдей əділетті өмір орнату, оның адамдық мұраты діндарлық мақсаты, ақындық парызы деп түсінген. Адам бойындағы туралық, адалдық, қиындыққа төзу, шыдамдылық қасиет терді жоғары бағалайды [12].
Қазақ хандығын, қазақ елінің бірлігін нығай туға қызмет еткен қайраткер Төле би адамдарды бірлікке, татулыққа шақырған. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалаған.
Тапқырлығымен, шешендігімен, əділдігімен танымал Қазыбек би адам бойындағы шыдамдылық, сыйластық, адалдық қасиеттерді жоғары бағалайтындығын «Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын, Адал болса досың жақын…» − деп айт қан нақыл сөзінен көруге болады
Артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі — Əйтеке əділдік, адалдық, шыдамдылық адам бойындағы маңызды қасиеттер ретінде бағалады [13].
Ы. Алтынсарин дүниеге «дұрыс көзқараспен» тəрбиелеу мəселесін өзінің басты мақсаты етіп қойды. Ол өз шығармаларында жас ұрпақты өнер-білімге, адамгершілікке баулып, біреуге қиянат жасаудан бойын аулақ ұстауға шақырды. Оның бала тəрбиесіне арнаған адамгершілік əңгімелері осы күнге дейін құндылығын жойған жоқ [14].
Абай шығармаларынан оның əділдікке, шы дамдылыққа, зорлық-зомбылыққа деген көз қарастарын көруге болады. Надандықты, білім сіздікті, еріншектікті, қиянатты, əділетсіздікті қатты сынап, адамдарды қанағаттылыққа, шыдамдылыққа, əділдікке, ізгі лікке шақырды. Абай Құнанбаевтың шығарма ларының түйіні – шыдамдылық, бірлік, татулық, сыйластық.
Абайдан кейінгі ойшылдар да оның дəстүрін жалғастырып, ой-өрісін кеңейте түсті. Бұл тұрғыда Шəкəрім Құдайбердіұлы айрықша ізденімпаздық танытты. Шəкəрім Құдайбердіұлы айналасындағы кемшіліктерді, адам дардың мінез-құлқындағы, əлеуметтік өмір дегі кереғарлықты сынағанда, халқын надандықтан, келеңсіздік атаулыдан арылтуға, экономикалық жəне рухани дамудың таза жолына салуға ұмтылды. Болашақ дамудың бірден-бір жолы ғылым мен өнер үйрену, еңбек ету, бірлікті сақтау жəне озық елдерден үлгі алу деген тоқтамға келді. Бұл көзқарас оны Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уəлихановтың идеяларымен сабақтастырады. Халық пен халықты, мəдениет пен мəдениетті жақындастырудағы еңбегі оның шығармашылығының интернационалистік сипатын аша түседі [15].
ХХ ғасыр педагогикалық идеялары да ХІХ ғасырдың ағартушылық дəстүрлеріне сүйеніп, оның озық үлгілерін, идеяларын байыта түсті. Осы кезең ойшылдарының туындыларында халықтық гуманизм идеялары өріс алды. Бұл саладағы табыстарды орнықтыруда Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уəлихановтың еңбектеріне сүйене оты рып, дəстүр сабақтастығын көрсете білген М.Дулатов болды. Оның ағартушылық ой-пікірлері оқулық жасауда, ғылыми мақалаларында, өлеңдері мен əңгімелерінде жанжақты қамтылды. Мысалы, оның «Мұғалімдерге» деген мақаласының үлкен əдістемелік мəні бар. Мұнда түрлі дəстүрде білім алған мұғалімдердің шəкірттерді оқытуда қандай əдіс-тəсілдерді қолдану керектігі сөз болды [16].
Осы кезекте Ы.Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. С.Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тəрбиелік мəні бар мəселелерді көтерді. Біреулерінде С. Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-бірі не көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үнде се, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті əшкере лейді.
Қазақтың ағартушы – ойшылдарының еңбектерін саралай отырып, біздің ойымызша толеранттылық дегеніміз − бөтен деп саналатын өмір салтына, мінез-құлыққа, дəстүрлерге, сезімдерге, идея ларға, нанымдарға, көзқарастарға, қасиеттер ге, əдеттерге деген жағымды қатынас. Толерант ты лық түрлі халықтардың, ұлттардың жəне дін дердің ерекшеліктеріне қатысты қажет болатын қасиет. Бұл ұғым қазақ ойшылдарының еңбектерінде тікелей осы мағынада қарастырылмағанымен, гуманизм, əлеуметтік əріптес тік, мəдени сабақтастық, бірлік, зорлықсыздық идеялары арқылы айқын көрінеді.
Ал толеранттылықтың жалпы зерттелу тарихына жасалған қысқаша шолудан əр дəуірде бұл мəселенің əртүрлі түсіндірілгенін көруге болады. Ғасырлар бойы толеранттылық қоғамдық жəне діни біліктің, дін мен секталардың, дінге сенушілер мен атеистердің өзара қарым-қатынасының қағидасы ретінде түсін діріліп келді.
Антикалық кезең толеранттылықты танудың екі жолын көрсетеді. Біріншісі діни тəжірибенің, философиялық жəне саяси плюрализмнің көп түрлі формаларынан көрін се, екіншісі ұлтты алалаушылық пен сенім үшін шеттетудің жоқтығынан көрінеді.
Орта ғасыр философтары үшін негізгі мəселе сенім шыдамдылығы мен көнбістік болды. ХҮІІ–ХҮІІІ ғғ. толеранттылық негізінен саяси улитаризм тұрғысынан қарастырылды жəне діндер, ұлттар, əлеуметтік топтар арасындағы татулық пен келісімнің негізін салушы компонент, яғни жалпыға ортақ құндылық деп танылды.
ХІХ ғасырда толеранттылық адамның ішкі «мені» мен оның басқаға қарым-қатынасы тұрғысында сипатталды. ХХ ғ. басындағы отандық философияда толеранттылық тұрмыстық диалог ретінде сипатталды.
Сонымен, қорыта келгенде, толеранттылық мінез-құлық басқаның пікіріне сыйластықпен қарап, шыдамдылық танытып, туындаған мəселені келісіп шеше білу, зорлық-зомбылыққа қарсы əрекет ету. Қазіргі заманғы көптеген ғалымдар толеранттылықты өзара сыйластық, өзара түсінушілік, өзара бас тарту сияқтылардан жəне «зиян келтіруден тартынудан (себебі өзгеге келтірген зиян, жалпыға жəне өзіңе де қатысты)» тұратындығын көр сетеді. Толеранттылық қағидаларының біреуі бұзылған жағдайда ол қоғамдағы үйлесімдіктің жойылуы мен зорлық-зомбылыққа əкеліп соғады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.Ə. Қазақстан халқына жолдауынан. – Астана, 2008.
2 Қартбаева Ж.Ж. Оқушыларда толерантты мiнез-құлықты қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негiздерi: Пед. ғ.канд. дис. автореф. – Астана, 2008.
3 Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.
4 Современный словарь иностранных слов: толкование, словоупотребление, словообразование, этимология / Под ред. А.В. Боброва и др. Стереот. – М.: Цитадель, 2001. 5 Словарь иностранных слов. – М: Рус.яз., 1988.
6 La tolerance au risgue de 1 histoire. − Lyon, Aleas, 1995.
7 The Oxford dictionary of English Etymology Oxford, Clarendon Press, 1982. 8 Аристотель. // Соч.: в 4-х т. – М.: АН СССР, 1983 .
9 Марк Аврелий Антонион. Размышления Римского императора Марка Аврелия о том, что важно для самого себя. – М., 1991.
10 Тəрбие хрестоматиясы. / құрастырған
Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001.
11 Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы:
Жазушы, 1986.
12 Яссауи Қожа Ахмет. Хикметтер. – Алматы: Атамұра, 1995.
13. Жақыпов С.М. Межэтнический фактор в условиях формирования познавательной деятельности. Этнопсихология и этнопедагогика. 4 сборник.– Алматы.
14. Сатпаев Ш.К. Шакарим Кудайбердиев, – Алма-Ата: Жазушы, 1993.
15. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тəлімтəрбиесі // Қазақ ұлт педагогикасы мен ұлттық психологиялық тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995.

Тəрбие мəселелері – Вопросы воспитания

УДК 376.2: 37.062.2
Е.В. ФЁДОРОВА
Хмельницкий национальный университет
Кафедра социальной работы и социальной педагогики
г.Хмельницкий, Украина

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *