ЗИЯТЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ƏРЕКЕТТЕРІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

ЗИЯТЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ƏРЕКЕТТЕРІН
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Аннотация
Мақалада зиятынды ауытқуы бар балалардың таным əрекеттерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту тиімділігін арттыру. Тақырыптың негізгі өзекті мəселесі. Дидактикалық ойындарды қолдануда педагоктардың шығармашылық ізденістерін шыңдау, зерттеу теорияларына сүйене отырып, жаңа техналогияларды өңдеп, сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану. Жалпы зиятында ауытқуы бар балалардың таным əрекеттерінің ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Əр пəн өзгешелігіне қарай қолданылатын ойын түрлері мақсат, міндеті, мазмұны көрсетілген
Түйін сөздер: дидактикалық ойындар, таным əрекеттері, зиятында ауытқушылығы бар балалар.
В статье рассматривается проблема повышения эффективности развития познавательнойй деятельности детей с отклонениями в развитии посредством дидактических игр. Во время урока, пользуясь дидактическими играми педагог должен быть постоянно в творческом поиске. Он может внедрять новые технологи использования дидактических игр, начиная разработку с цели, задачи, структуры игры при использовании на уроке. Здесь также рассматриваются виды, теория игр.
Ключевые слова: дидактические игры, позновательная деятельность, умственно отсталые дети.
Summary
This article considers the problem of increasing the effi ciency of development of cognitive activity of disabled children through didactic games. During the class and using didactic games the teacher should be in creative search all the time, he should introduce new technologies at using didactic games. There is also given a general description of cognitive activity of disabled children in their development. There are objectives, aims and the structure of the games used at each class. At the same time the teacher should connect the study and games activities together. Different types of games and the theory of games are given in this article. Thus, every game should be applied with the certain purpose. As a result, use of didactic games in theoretic and practical sense increases the effi ciency of the development of cognitive activity of disabled children.
Key words: didactic games, cognitive activity. mentally retarded children.

Зиятында ауытқуы бар балалардың таным əрекеттеріне сипаттама беретін болсақ. Олардың таным əрекеттері біршама тежелген болып келеді. Зиятында ауытқуы бар балалардың таным əрекеттерін психологтар 19 ғасырдан бастап зерттей бастаған. Бұл кемістік жан ауруы емес, ол белгілі бір органикалық себептермен пайда болатын бала дамуындағы ерекшелік деген көзқарас қалыптасып. Мұндай балаларды оқыту тəрбиелеу жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болса, оларды қоғамға қосуға болатынын зерттеуші ғалымдар айтқан. Кеңес одағының дəуірі кезіндегі ғылымда, яғни 20 ғасырдың 20 жылдарында пайда болған дефектология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Л.С. Выготский басқа сала ғалымдарымен біріге отырып, зиятында ауытқуы бар балалардың таным əрекеттерін кеңінен зерттеп. Мынандай теориялық ережелерді тұжырымдайды:
— адам психикасы құрлымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның бұзылуы, барлық жүйенің қызметін өзгертетіні туралы;
— бала дамуының өзекті жəне жақын даму аймағы туралы;
— қалыпты жəне дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлардың бірдейлігі туралы;
— ауытқыған дамудағы бірінші жəне екінші кемістік туралы, дамуы ауытқаған балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы;
— баланың психикалық жоғарғы қызметтері нің дамуындағы ұжымның фактор ретінде қарастырылуы туралы [1].
Ақыл – ойдың кемістігі (олигофрения) – орта лық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы нəтижесінде, танымдық іс-əрекетердің түбегейлі бұзылуы. Таным əрекеттерінің барлығына жеке – жеке тоқталсақ:
Түйсік пен қабылдау – қоршаған ортаны танудың алғашқы сатысы. Бұл саты барлық өмір жолында маңызды болып қала береді. Зияты дамымаған балалардың тежелген, шектелген қабылдау қабілеттері оның психикалық даму барысына, орасан зор əсер етеді. Зияты дамымаған балалардың қабылдау жəне сезіну қабілеттерін, белгілі психологтар И.М. Соловьев, [2] М.М. Нудельмандар зерттеген.
М.М. Нудельманның зерттеулері, көру ар қылы қабылдаудың көлемінің тарлығын дəлел дейді. Мысалы, терезеден көрінген қала көрі нісінің, зияты дамымаған балалардың бай қағандары, сау балаларға қарағанда, анағұрлым аз болған. Бұндай балалар кез-келген затты бүтіндей қабылдап, оның бөлшектерін байқамайды [3].
Зейін бұл кісінің сезімдік – ақыл – ес жəне қи мылдық белсенділігін көтеруге қажет, өмір лік жəне идеалды нысанға, сананың бағыт талуы жəне шоғырлануы, жалпы психикалық жетілмеген балаларға сигналды тану үшін, көбірек уақыт керек, ал танудың өзі тұ рақты болмайтыны белгілі. Зерттеуші − ғалымдардың барлығы, зейінің, оның ішін де ырықты зейінің жеткіліксіздігі туралы айтады. Зияты дамымаған балалардың ырық ты зейініне енжарлық тəн, көңілдері бө лін гіш. Кейбір балаларда, 10-15 минут жұ мыс істегеннен кейін, қимыл – қозғалыс, мазасыздық басталады. Ал енді біреулері сел соқ, енжар күйге ауысады. Ырықты зейін деңгейінің төмендігіне байланысты, бұндай балалар тым шыдамсыз болып келеді.
Есте сақтау − зияты дамымаған балаларды оқыту, негізінен есте сақтау үдерістеріне сүйенеді. Ес адамның басынан кешіргенін, алған тəжірибесін ойда сақ таумен, келесі тəжірибеде оны танумен жəне қайта жаңғыртумен жүзеге асады. Зия ты дамымаған балалардың есте сақтау үде ріс тері өзіндік ерекшеліктермен сипаталады. Арнайы мек теп оқушыларының есте сақ тай тын материял дарының көлемі, олардың қа лып ты құбы лыстарымен салыстырғанда ана ғұр лым аз. Есте сақталу қажетті материял, қан шалықты абстрактілі болса, оқушылар оны соншалықты аз көлемде есте сақтайды.
Ойлау − бұл шынайы өмірді қорытындылау мен бейнелеп көрсететін танымдық үдеріс [4]. Зияты дамымаған балалардың ойлау операцияларының кемістігін, көптеген эксперимент нəтижелері дəлелдейді. Мысалы, зияты дамымаған балалар, заттарды салыстыруда, олардың ұқсастықтарынан көрі, айырмашылықтарына назар аударатынын айтады. Бұндай балалардың ойлауындағы негізгі кемшілік − қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу үдерісіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді [5]. И.М. Соловьев зияты дамымаған балалардың ойлау қабілеттерін зерттеуде, стереотиптік үрдістерді анықтайды. Бұл үрдіс балаладың арифметикалық есептерді шешуде əрбір жаңа есепті, өзі білетін бір ғана жолмен шешуге, тырысатынан көрінеді [2].
Зияты дамымаған балалардың осындай танымдық ерекшеліктерін ескере отырып, əрбір дефектолог маман өз сабақтарында дидак тикалық ойындарды тиімді пайдалану қажет. Дидактикалық ойындар − бұл зияты дамымаған балалардың танымдық əрекеттерін дамуының негізгі тəсілі. Адам бойындағы адамгершілік қасиетті ерте балалық шақтан қалыптастыру қажет. Сол себепті бала бойына мейірімділік, ізгілік, инабаттылық сезімдерін ата-аналармен ұстаздар сəби бойына жас кезінен бастап қалыптастыруға міндетті.
Жас баланың жан-жақты дамуы үшін ойының рөлі ерекше. Ұстаз бағдарламада көрсетілген қимыл-қозғалысты, рөлдік, шығарма шылық жəне дидактикалық ойын түрлерін қолдана отырып, баланың ойындық іс-əрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын арқылы баланың оқуға, еңбекке деген ынтасы артады. Ойын мəселесін көрнекті ғалым Т.А. Маркова зерттеулерінің қорытындысы бойынша бала көріністік, рөлдік ойындар ойнау үшін білім-білік дағдыларының болуы ғана жеткіліксіз. Игерген білімдерін балалар ойын іс-əрекетінде пайдалана алулары керек. Ойын іс-əрекетін білім алу барысында балалар танымдық іс-əрекетте орындай алуға бейімделуі керек. Сабақ барысында қолданылатын іс-тəжірибелік ойындар жəне қызықты тапсырмалар тиімді пайдаланылуы қажет [6].
Дидактикалық ойындар белгілі бір мақсатқа сай құрылып нақты міндеттерді шешеді. Ойындардың негізгі мақсаты – бағдарламада көрсетілген білім-білік дағдылары жайында анықтама беріп, соларды тиянақтап, бекітіп, қай талап жəне пысықтап, сонымен қатар қалып тастырып тексеру сипатында болып келеді.
Мұғалімдердің іс-тəжірибесінде əдістеме лік əдебиеттерде қолданылып жүрген ди дак тикалық ойындар өте көп. Бірақ олар дың барлығы бүгінгі талаптардан туындап отырған білім берудің мазмұнының өзгерістеріне, сонымен қатар балалардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне сəйкес келе бермейді.
Оқу үдерісі мен ойын үдерісін бір-біріне сəйкестендіріп ұйымдастырған дұрыс. Бала білім игеріп жатқан кезде қолданылған ойын үдерісі, оқу үдерісіндегі ойынға ұласып кеткенін байқамай қалуы қажет. Осыдан кейін ғана оқу жəне ойын əрекеттері шынайы бірлікте болып өзіндік білім – білік дағдыларды меңгеруге толық ықпал жасайды. Осы мақсат орындалған кезде ғана дидактикалық ойын оқыту əдісі деңгейіне дейін көтеріледі. Кезкелген ойынды ұйымдастыру қандайда бір дидактикалық мақсат, міндетке сай болуы керек. Сабақтың əр кезеңінде дидактикалық ойындарды мақсат жəне міндетке сай анықтау, оны мұғалім теория мен іс-тəжірибеде жетік меңгеруі, шеберлікпен ойынға қажетті материял дардың жиынтығын алдын-ала дайындап оқыту үдерісінде өз орнымен пайдалануы тиіс. Əртүрлі ойындарды ұйымдастырумен басқарудың сипатымен жолдары жан-жақты қарастырылуы тиіс. Мысалы, ойынды баланың жас ерекшелгіне жəне ауытқуының сипатына қарай нəтижелер алу үшін белгілік қима суреттер, əртүрлі шартты белгілер кеспе сандармен таңбалар, заттар пайдаланады. Сонымен қатар көрнекі құралдармен ойын түрлері сабақтың өту кезеңіне қарай өзгертіліп отыруы қажет.
Дидактикалық ойындардың негізі қазақтың ұлттық ойындарымен мазмұндас.
Математика, ана тілі, қазақ тілі тағыда басқа сабақтарда ойын түрлерін сабақ мақсатына сай іріктеп алуға болады.
Ойын түрлерін келесі топтарға бөлуге болады:
1. Орындаушылық қабілетті талап ететін ойын.
2. Өзгерісті, түрленуді, енгізуді қажет ететін ойын.
3. Танымдық іс-əрекеттік қабілеттерді талап ететін ойын.
4. Ізденіспен шығармашылыққа толы ойындар.
Бала еңбегі ойын. Ұстаз ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың үнемі ойынға деген белсенділіктерін арттырып отыруы тиіс. Ойын ешқашанда дамудың белгілі бір сатысына жеткенде тоқтап қалмай жетіле береді.
Дидактикалық ойындар зияты дамымаған балалардың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады. Тіл дамыту сабақтарында мақал-мəтелдер, жаңылтпаштар айту, жұмбақтар шешу. Оқушыларға бағдарламаның мате риялдарын меңгерту. Меңгерген білім-білік дағдыларын бекіту жұмыстары осы дидак тикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Онсыз зияты дамымаған балаларға білім-білік дағдыларын үйрету тəрбиелеу жұмыстарын жүргізу, олардың есту, көру, қабылдау, сөйлеу деңгейін дамытып жаттықтыру қиындыққа соғады. Сондықтан оларға мынандай ойындар көбірек ойнатылады. Не жетіспейді? Н.С.Немовтың əдістемесі бойынша, таяқша ларды құра, ғажайып дорба. Бұл ойындар бала ның танымдық іс-əрекетін дамыту үшін жүргізіледі. Дидактикалық ойындардың тиім ділігі əр сабақтың мақсат міндетінде іске асады. Демек ойын барысында орындалатын негізгі іс-əрекеттер анықталып, олардың түр лері қажеттілігіне қарай алмасып отыру қажет [7].
Қимыл-қозғалыстық ойындар баланың дене тұрқын жетілдіреді, ақыл-ойын дамытуға үлкен əсер етеді. Дидактикалық ойындар − көп қырлы күрделі педагогикалық үрдіс. Ол балаларды оқытумен тəрбиелеу əдістерінің бірі. Дидактикалық ойын оқыту үдерісінде мынандай екі түрлі мақсатта қолданылады, оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Ойын əрекетіне мұғалім өзі қатыса отырып балаларды үйретеді. Ал бала болса ойнай отырып үйренеді. Дидакти калық ойындарды ойнату барысында белгілі бір нəтижеге жету үшін мұғалім үне мі шығармашылық ізденісте болу керек. Ойының мазмұны нақты сабақтың мақсатына негізделіп құрылады. Мысалы, «Дүкен ойыны» бұл балаларға таныс ойындардың бірі болып табылады. Ойының мақсаты балаларды қарым-қатынасқа үйрету, математикалық амалдарды меңгерту. Мұғалім балалардан дүкен жайлы не білетіндерін сұрайды? Оқушыларды рөлге бөліп, сатушы жəне сатып алушыларға бөледі. Арнайы орын бөліп дүкенде сатылатын тауарларды қояды. Балаларға арнайы қағаздарды үлестіріп ақша ретінде қолдануды ұсынады. Оқушылар қателескен жағдайда көмек көрсетеді. Балаларда қанша? қалай? қандай? деген ұғымдар қалыптасады. Бұл ойынды математика сабағында есептеу амалдарын бекіту үшін қолдануға болады. Дидактикалық ойындарды бастауыш сыныптарда мұғалім жиі пайдалануы керек. Себебі бұл жастағы балалар əлі де ойын баласы болып есептелінеді. Барлық дефектолог мамандар кез-келген сабақта дидактикалық ойындарды жүйелі мақсатты түрде пайдаланса, зиятында ауытқуы бар балаларды танымдық əрекеттерін түзету жұмыстары нақты нəтиже беретіні белгілі.
Қорыта айтқанда зияты дамымаған балалардың таным əрекеттерін дидактикалық ой ын дар негізінде дамыту өте тиімді екені дəлел деніп отыр. Қазіргі техналогиялардың дамы ған заманында, кез-келген дидактикалық материалды табу қиынға соқпасы анық. Бірақта сол дидактикалық материалдарды зияты дамы маған балалардың таным əрекеттерінің ерекшеліктеріне сай пайдаланған жөн.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Выготский Л. С. Основы дефектологии. − М., 1995.
УДК 372.8
2 Соловьев И.М. Психология познавательной деятельности нормальных и аномальных детей. – М., 1960 .
3 Нудельман М.М. Особенности психического развития глухого ребёнка. − М., 1975. 4 Сəбет Бап — Баба. Жантану негіздері. – Алматы: Заң əдебиеті, 2007. – Б. 143.
5 Тебенова Қ.С. Рымханова А.Р. Арнайы психалогия. – А. 2011. – Б. 264. 6 Маркова Т.А. Дошкольная педагогика − М., 1970.
7 Немов Н.С. Психология − М.: АСТ: Астрель, 2002.

М.К. АСАНАЛИЕВ, Е.М. БАЙЗАКОВА, Ж.М.ОМИРЖАНОВА
Казахский национальный педагогический университет им. Абая
г.Алматы, Казахстан
melis.kazykeevich@mail.ru;
BEM.63@mail.ru; jadraom77@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *