БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА ПƏНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КƏСІБИ ІСКЕРЛІГІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ

БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА ПƏНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КƏСІБИ
ІСКЕРЛІГІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА АРҚЫЛЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Мақалада педагогикалық жоғары оқу орныныдағы математик-студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру мəселелері жайлы айтылады. Болашақ математик-мұғалімнің кəсіби қалыптастыруында педагогикалық практиканың маңыздылығы мен оны сапалы жүргізу механизмдері қарастырылады. Сонымен қатар, практика мазмұны, практика алдындағы жəне практикадан кейінгі жұмыстарға талдау, практика кезіндегі сабақ беру жəне оны талдау мəселесі де айтылады.
Түйін сөздер: жаңа формация мұғалімі, пəндік-бағыттылық, құзіреттілік, құндылық, адамгершілік, тəсілдер.
В статье рассматривается организация педагогической практики в высшем учебном заведении в целях повышения профессиональной компентности будущего учителя математики. Также рассматриваются важность, значимость и механизмы качественного проведения педагогической практики в формировании профессионализма будущего учителя математики. Основной целью является отражение вопросов по содержанию практики и непосредственная работа студентов-математиков до и после прохождения педагогической практики, в том числе обсуждение проблем анализа проведенных уроков.
Ключевые слова: учитель новой формации, предметная-направленность, компетентность, ценность, нравственность, методы.
Annotation
The article speaks about value of right organization of pedagogical practice for higher school students in mathematics with the aim of improving their professional competence as a future teacher. The signifi cance and mechanism of qualitative pedagogical practice in forming the future teacher professionalism in mathematics is touched upon. The main purpose of the article is to refl ect the problems of the content of practice and a direct pre and post pedagogical practice work of students. And there was also discussed the analyses of given by students’ lessons.
Keywords: a teacher of the new formation, object — oriented, competency, value, moral, psychological
preparedness , methods.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Білім берудің негізгі мақ саты білім алып, білік пен дағдыға қол жет кізу ғана емес, солардың негізінде дербес əлеуметтік жəне кəсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау жəне ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру жəне жұмыс істеу болып табылады» — делінген [1]. Ендеше, қоғам талабына сай кəсіби мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формация мұғалімі кəсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» — деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, əр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам. Мұғалімнің өзі құзыреті болмай, мақсатқа жетуі екіталай. Демек, дəстүрлі білім беру жүйесінде мамандар даярлайтын кəсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандық пəндерін игерту ғана болса, ал қазір əлемдік білім кеңістігіне ене отырып бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсынылып отырғаны баршаға аян.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс. Ол: əдіснамалық, жалпы мəдени, пəндік-бағыттылық. Бірінші ден, педагогикалық қызметтің шығармашы лыққа бағытталуы, екіншіден, зияткерлік мəдениетін, мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі, үшіншіден, кіріктіру үрдістерін, əлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алуы міндетті [2].
Болашақ математика-мұғалімдерді бұл бағыттағы жұмыстарға даярлау олардың шеберліктерін шыңдаудан басталады. Ол үшін мынадай нұсқаулықтарды басшылыққа алуымыз керек:
1. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, адамзаттық жауап кершілігі мол, белсенді, əрі жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, коммуникативтік, ақпараттық жəне біліктіліктің басқа түрін меңгерген құзыр лығы жоғары маман.
2. Мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық, саналы түсінуі үшін ғылыми-тəжірибелік əдістермен өзіндік іс-əрекетінің нəтижелерін диагностикалайтын құралдармен қамтама сыз етілуі керек.
3. Мұғалім мектеп пен білім беру саласының алдында тұрған басты мақсаттарды ой елегінен өткізіп, өзін соған бағыттап жұмыс ұйымдастыру тиіс.
4. Мұғалімге пəндік өзіндік озық іс-тəжірибесін үнемі жүйелеп жəне қорытындылап оты руды, сонымен бірге, іс-тəжірибені қажет ететіндерге түсінікті түрде жеткізе білу технологиясын үйретуді үнемі есте ұстағанымыз абзал.
5. Мұғалім əрбір оқушының психологиясына терең үңіліп жəне соған қарай əрекет жасауына қол жеткізу қажет.
Жаңа формациядағы ұстаздық кəсіби мəдениеті келесі түрде сипатталады [3]:
І. Кəсіби қасиеті: ұйымдастыру қабі леті; білімінің тереңдігі; ғылыми білімі; дарын дылығы ; шығармашылығы; интелектуальдық қасиеттері.
ІІ. Моральдық-этикалық қасиеті: адамгершілігі; ақиқатқа құштарлығы; мейірімділігі; қарапайымдылығы.
ІІІ. Психологиялық даярлығы: сыртқы келбеті; киім киісі; сөйлеу мəдениеті; əдептілігі.
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педа гогикалық жəне арнайы ғылымдарды үйре ту білім алушылардың практикалық пе да гогикалық қызметімен үйлестіріле жүргі зі леді, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – педагогикалық практика.
Мұғалімдердің кəсіптік даярлығын арттыруға деген талаптың жылма-жыл күшейтіп отыруына байланысты жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттерінің педагогикалық практикасы ұдайы жетілдіріле түсуде, мұғалімдерді даярлау жүйесінің маңызды ком понентіне айналуда.
Педагогикалық сөздікте: «Іс-тəжірибеадам дардың материалдық, мақсат қоюшы іс-əрекеті; объективті болмысты игеруі жəне түр лен дірілуі; адам қоғамы мен дамытудың жал пыға бірдей негізгі» — деп анықталған.
Мысалы, О.Абдуллина, Ю.Бабанский, Н.Болды рев, И.Кузьмина жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде болашақ маманның алатын теориялық білімі мен іс-тəжірибе үрдісінің үйлесімділігінің бірлікте болуы жайлы сөз болады.
Жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер болашақ мамандардың өсіп-жетілуін жақсартуға ықпал жасайды, бұл тек рухани дамыған жан-жақты мамандарды əзірлеумен қатар, ғылымның жəне техникалық жаңалықтарын шеберлікпен пайдалана алатын мамандар даяр лау. Олай болса, мектепте өткізілетін педагогикалық тəжірибе барысында бүгінгі студент – ертеңгі ұстаздың – белсенділігін көтеру, интеллектуальдылығын қалыптастыру, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру, оқытудың тиімділігін арттыру, тəрбие мəселелерін шешетін əдістерді талдап, керекті жолдарын табу көңіл бөлетін маңызды мəселенің бірі.
Болашақ математик-маманның шығарма шы лық жеке тұлғасын қалыптастыруда пе да го гикалық тəжірибенің рөлі ерекше. Педа го гикалық тəжірибе мазмұны мынадай жағдайларға негізделеді:
● психологиялық, педагогикалық жəне мате матика пəндері бойынша болашақ мұғалімдердің теориялық жəне тəжірибелік дайын дығының өзара байланыстылығы;
● педагогикалық тəжірибені (практиканы) ұйымдастырудың кезеңдері мен жүйелері мате матик-студенттердің іс-əрекеттерін біріз ді лікпен күрделендіруді қарастырады. Кəсіби дайындықтың əр кезеңінде оқыту мақсатының күрделендірілу теориялық білімдермен қамтамасыз ету деңгейіне, іс-əрекет үрдістеріндегі өз бетінше жұмыс жасауына жəне студенттердің жеке ерекшелігін есепке алуға негізделеді;
● педагогикалық практика(тəжірибе) инновациялық педагогикалық, əдістемелік-математикалық ғылым мен тəжірибенің жетістігіне өтуі қажет. Осылай ұйымдастырылған тəжірибеде ғана студенттер білім берудің педа гогикалық технологиялар мен дағдыларды меңгереді;
● педагогикалық практика барысында бола шақ математик-мұғалімдер ғылыми ізде ну жұмыстарымен тереңірек айналысуға мүм кіндік алады.
Педагогикалық практика – жоғары оқу орнындағы кəсіби оқытудың формасы. Ол кəсіби қызметтің заңдылықтары мен қағидаларын, оны ұйымдастырудың тəсіл дерін меңгеруді қамтамасыз ете отырып, кəсібитеориялық білімге негізделеді [4].
О.А. Абдуллинаның «Жоғары педагоги ка лық білім беру жүйесінде мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау» [5]: атты еңбегінде пе да гогикалық практиканы ұйымдастыруда келе сі жағдайлардың ескерілуі қажеттігін айтады:
● педагогикалық практиканың негізгі мін деті – болашақ мұғалімнің жеке шығар машылық қабілеттерін дамыту. Ол үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыруды сара лау жəне жекелік тұрғыдан қарастыру (тап сырмалардың студенттердің жеке ерекшелік теріне қарай вариативтілігі, жұмыс нысанын жəне қызмет түрін таңдаудың еркінділігі, жұмыс тардың жеке, топтық, ұжымдық формаларының сəйкестігі т.б.).
● студенттің топтың мектепке бекітумен қатар жекелеген студенттерді тəжірибелі мұға лім-тəрбиешіге бекіту.
● Практиканың психологиялық-педаго ги калық пəндер циклімен тығыз байланыс тылығы.
● Педагогикалық практиканы ұйымдастыруда студенттердің өзбеттілігі мен белсен ділігінің ескерілуі.
Тəжірибеде теориялық білімді қолдану – күрделі аналитикалық – синтетикалық үрдіс. Педпрактика (педагогикалық практика) кезінде студенттердің теориялық білімдерін жүзеге асыру, біріншіден, практикант алдына қойылған практикалық міндетті шешу үшін бұрынғы меңгерген білімдерін актуа лизациялаудан, екіншіден, оларды синтездеуден тұрады. Актуализация – адамның алған білімін жаңаны танып, оны өзі үшін ашуға пайдалануы. Теориялық білімді қайта жасау жолымен жүзеге асырылатын актуализация теориялық сұрақтарды практикантстуденттердің тəжірибесіне сүйене талдағанда ғана мүмкін болады. Актуализация – математика-студенттердің білімді меңгеру сапасын тексеруге, бекітуге, нақтылауға, тереңдетуге мүмкіндік береді. Студенттердің білімді меңгеру сапасының деңгейін (актуализация) педа го гикалық практика алдында математика пəндері əдіскерлері диагностика арқылы зерт теуге болады.
Математика мамандығының 3-4-курстағы педагогикалық практикасына тоқталып өтейік. 3-курста үш апталық педпрактикаға, ал 4-курста тоғыз апталық педпрактикада болады.
Бірінші аптада-байқау сабақтары мен сабақтан тыс тəрбие жұмыстарына арналған алтыншы семестрде жүргізілетін жұмыс. Болашақ маман оқу-тəрбие үрдісіне бақылау жасап, сабақты, тəрбие жұмыстарын өткізудің əдіс-тəсілдерін игеріп, педагогика, психология жəне математика тəсілдерін игеріп, педагогикалық, психология жəне математика пəндері əдістемелерінен алған теориялық білімдерін жетілдіріп бекітеді, оқушылардың жас жəне дара ерекшеліктерін ескере отырып, оларды танып-білу қызметіне басшылық жасайды.
Екінші аптадан бастап, сабақ береді, оның мақсаты мен міндеттері: оқытушылық қызметінің негізімен таныстыру, оқу құжаттарымен жұмыстың білігі мен дағдысын қалыптастыру, пəн бойынша өз бетімен сабақ өткізу жəне оқу жоспарларын құру.
Іс-əрекет мазмұны: орта арнаулы білім берудің мемлекеттік стандартымен, психиологиялық-педагогикалық білім беру, оқу жоспары, оқу үрдісінің кестесі, типтік оқу жоспарымен, мекептегі сабақтарға қатысу жəне талдау, математика пəні бойынша сабақтарды құру жəне өткізу, оны өзін-өзі талдау. Мектепте математика пəндері бойынша сабақ беруге дағдылану, тұлғалық-бағдарланған оқы туды жүзеге асыра білу, студенттердің шығармашылығын дамыту жəне олардың шығар машылық мүмкіндіктерін дамытуға жол сілтеу.
Студенттердің есеп құжаттары: күн де лік, математика пəндерінен ашық сабақ жос па рлары, тəрбие жұмыс жоспары, диаг нос ти калық зерттеу қорытындылары, таным про цестері, жеке тұлғалық, психотренинг, психо түзету, психологиялық-педагогикалық ағар ту жұмыстары, оқушыға, сыныпқа педаго ги калық-психологиялық мінездеме беру, қатыс қан, өткізген математика сабақта рына, тəр бие сағаттарына талдау жасау, педаго гикалық практика бойынша есеп.
Практика мазмұны:
● математика мұғалімдері мен сынып жетек шілерінің оқу-əдістемелік құжаттарын;
● диагностикалық əдістемелер көмегімен бекітілген сыныптағы біртұтас педагогикалық үрдістің қалыпты жағдайын (үлгерім, оқушы ұжымының даму деңгейі, əлеуметтік белсенділік, тəрбие деңгейі, тұлғаның психикалық үрдістерінің дамуы т.б.);
● отбасының психологиялық ахуалы, педагогикалық үдерісі;
● ата-аналар мен сынып жетекшісінің, мектептің өзара байланысы;
● мектептің дарынды балалармен жұмысы;
● мектептің əдістемелік қызметін ұйымдастыруы;
● мектептің əдістемелік кабинеті мен математика пəні бойынша оқу кабинеттері; инновациялық əдістер мен технологияны
ендіру мен қорыту бойынша мектеп жұмысы.
Құрастыру:
● математика пəнінің мұғалімі мен сынып жетекшісі ретінде студенттің педпрактика кезеңіне арналған жеке жұмыс жоспары;
● тақырыптық жəне сабақ жоспары;
● математика пəні бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспары;
● математика кабинетінің əдістемелік қорын толықтыру жоспары (кесте, схема, дидак тикалық материалдар т.б.);
● сынып оқушыларының ата-аналарын педа гогикалық ағарту жұмыстары үшін
қажет ті психологиялық-педагогикалық əдебиет тер тізімі;
● педпрактика кезеңіне арналған ғылымизерттеу жұмысының жоспары.
Жүзеге асыру:
● математика пəнінің мұғалімі ретінде (сабақ беру, сыныптан тыс математика пəні бой ынша, үлгермеушімен жұмыс т.б.);
● түрлі сабақтарға талдау ( психологиялық, жалпы дидактикалық, жеке əдістемелік, кешен ді) жəне өзіндік талдау жасау;
● жоспар бойынша сынып жетекшісінің қызметін атқару;
● тəрбиелік шараларға психологиялық, педа гогикалық талдау жасау;
● мұғалімдермен байланыс;
● сыныптың біртұтас педагогикалық үрдісіне жаңа білім беруде технология элементтерін енгізу;
● сынып белсенділерімен жұмыс;
● оқушыларға жеке көмек көрсету;
● курстық, дипломдық жұмыстар бойынша ғылыми-зерттеу жүргізу;
● өзін-өзі тəрбиелеу мен кəсіби-тұлғалық өзін дамыту бағдарламасына түзету енгізу. Практикаға дейінгі жəне кейінгі жұмыс тар Практика алдында:
1. Математика пəндерінің оқытушылары өз сабақтарында осы практика мазмұнына сай теориялық-практикалық біліммен қаруландырады.
2.Педконсилиум: студенттің əр пəннен (педа гогикалық, психологиялық, математикадан) дайындық диагностикасын талдау.
3. Педконсилиум қорытындысы бойынша қосымша дайындық жұмыстары.
4. Портфолио дайындау.
5. Студенттердің кəсіби практикасының мақсаттары мен міндеттері, бағыттары талданып конференция өткізеді.
Практикадан кейін:
1. Портфолионы тексеру.
2. Студент-практиканттың жеке есебін тың дау.
3. Педконсилиум: қорытынды жасап, шешім қабылдау.
4.Студенттердің кəсіби-тұлғалық диагностикалары талданып, конференция өткізеді.
Педагогикалық іс-тəжірибе келесі міндеттерді шешеді:
● педагогика, психология жəне математика пəндерінің əдістермелері бойынша алған білімдерін тиянақтау, тереңдету, əрі байыту, оларды оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қолдану;
● болашақ математик-мұғалім қызметіне деген ынтасы мен сүйіспеншілігін, өзіне кəсі би педагогикадық мəдениеті мен кəсіби білімге қажеттілігін, педагогикалық қызметпен қарауға тəрбиелеп қалыптастыру.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын математик-сту денттердің педагогикалық іс-тəжірибесі болашақ математика пəні мұғалімдерінің педа гогикалық іскерлігі мен өзіне тəн кəсіптік сапаларын, оның ішінде, кəсіби педагогикалық мəде ниетін қалыптастыруда өзіндік маңызды рөлге ие екендігі сөзсіз.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы.
2. Кенжағұлова А. Жаңа тұрпатты мұғалім: педагогикалық диагностика. – Ақтөбе, 2011.
3. Ғалымжанов Б. Жаңа формация «мұғалімінің кəсіби мəдениеті. «Қазақстан мектебі», №1, 2012. – 31 б.
4.Иманқұлова Л. Педагогикалық практика жəне кəсіби іскерлікті қалыптастыру// «Қазақстан мектебі», №17, 2012-36 б.
5.Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования: Для пед. спец. высш. учебний заведений –2-е изд., перераб и доп. – М.: Просвещение, 1990. – 210 с.

Р.К. ЕСИМХАНОВА, Г.Н. ЖОЛТАЕВА
Жетысуский государственный университет имени И. Жансугурова
г. Талдыкорган, Казахстан raigul1@mail.ru; gzholtaeva@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *