БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Мақала болашақ математика мұғалімдерінің кəсіби құзіреттілігінің қалыптасу мəселелерінде ар налған. Кəсіби құзіреттіліктің түрлері сараланып, оларды практикада қолдану жолдары көр се тілген. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың мүмкіндіктері қарас тырылады.
Түйін сөздер: Құзіреттілік, кəсіби құзіреттілік, білім сапасы, шығармашылық, пəндік құзіреттілік.
Статья посвящена проблемам формирования профессиональной компетентности у будущих учителей математики. Анализированы виды профессиональной компетентности и показаны примеры их применения на практике. Рассматриваются возможности развития творческих способностей обучающихся.
Ключевые слова: компетентность, профессиональная компетентность, качества знаний, твор чество, предметная компетентность.
Annotation
The article is devoted to the problem of formation of professional competence of future teachers in mathematics. There have been analyzed the types of professional competence, and given examples of their application in practice and the possibilities of developing creative abilities of students.
Keywords: сompetence, professional competence and quality of knowledge, creativity, subject

competence.
Е
ліміздің «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлт-
тық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде же ке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен сала уат ты өмір салтының берік негіздерін қалып тастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жа сау арқылы ой-өрісін дамыту» – деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгі зу жəне тиімді пайдалану мəселелерін анық тап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұста ным ретінде əркімнің өзінің білім алуға деген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің ісəрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алған білімін орынды пайдалана білетін, нəтижеге жету үшін əртүрлі топтардағы адамдармен қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тəрбиелеу мəселе сін қойып отыр.
Сапалы білім алған танымдылығы жоғары, құзіретті, бəсекелестіктің тегеурініне төтеп бере алатын білім алушылар ғана болашақтың кілтін аша алады.
Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзге ріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқа рас мəдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқы тып, тəрбиелейтін педагогикалық кадр ларды дайындаудың сапасын арттыруды та лап етіп отыр. Қазақстан Республикасы мем лекеттік жалпыға міндетті білім беру стан дартында ұлттық деңгейдегі басты мақ саты – еліміздің əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген. Əлемдік тəжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта білімнің мазмұнын меңгеруге бағыт талған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақ сат етілген, олар: өзіндік менеджментке жа татын өмірде кездесетін проблеманың шеші мін табуға құзіреттілігі; ақпараттық құзіреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарымқатынастық, коммуникативтік құзіреттілік. Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қол даныла бастаған «құзіреттілік», «құзірет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. ЖОО-да болашақ мұғалімдерді дайындау үрдісінде олардың кəсіби құзіреттілігін қалыптастыру мəселесі соңғы жылдары қарастырыла бастады.
Құзіреттілік ұғымы «білім», «білік» жəне «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзіреттілік оқыту нəтижесін (білім жəне білік) ғана емес, сонымен бірге ол шығармашылық ісəрекет тəжірибесімен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзіреттілік – бұл алған білімдері мен біліктіліктерін іс-жүзінде, күнделікті өмірде практикалық жəне теория лық мəселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ал, оқытудағы құзіреттілік тəсіл – білім беру нəтижесіндегі оқыту сапасын қамтамасыз ету, ол өз кезегінде кешенді əдістəсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзірет» жəне «құзіреттілік» ұғымдарын педагогикалық тəрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен əдістерін өзгертуді, іс-əрекет түрлерін нақтылауды талап етеді. «Кəсіби құзіреттілік – дамушы тұлғаны əлеумет тендіру, ішкі жағдай жасау, құнды бағыт беру, табиғатта, қоғамда адамның рухани тəжірибесінде əлеуметтік іс-əрекеттер жүргізе білу» – деп, В.М. Соколов сипаттама берген. Кəсіби мамандық игеруде білім алуымен бірге өз білімін жетілдіру, үнемі ізденіспен, шығар машылықпен айналыса отырып, кез келген қиын жағдайларда шешім қабылдай алатын, қойылған мақсатқа жете білетін тұлға қалыптастыру – құзіреттіліктің құралы болып табылады.
ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру ді ақпараттандыру, халықаралық комму ни кациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген, қазіргі кезеңде əрбір оқыту шы ның алдына қойылып отырған басты мін дет тер дің бірі – оқытудың əдіс-тəсіл дерін үнемі жетілдіріп отыру жəне жаңа педаго гикалық технологияны меңгеру [1].
Сонымен, құзіреттілік дегенімізді – қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзінөзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуімізге болады. Болашақ педагогтеріміздің осы ақ параттық қоғамнан қалыспай жедел ойлау шы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Құзіреттілікті қалыптастыру дегеніміз болашақ математик-мұғалім – қазіргі білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуальдық белсенділіктің жоғары деңгейіне жету, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нəтижелер болып табылады. Мұның өзі, қазіргі ұстаздардан шəкіртті оқытуда, білім беруде, тəрбиелеуде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұл ғаны қалыптастыруды талап етеді. Осындай құзырлылықтардың қатарына: бағдарлы құзіреттілік; мəдениеттанымдық құзіреттілік; оқу-танымдық құзіреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; ақпараттық-технологиялық құзі рет тілік; əлеуметтік-еңбек құзіреттілігі; тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі жатады. Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдайында қолдана алатындай дəрежеде ұсыну педагогтің құзіреттілігіне байланысты болады.
Ғалымдар білім берудегі құзіреттілік тəсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін атап көрсетеді:
— түйінді құзыреттер;
— жалпыланған пəндік біліктіліктер;
— қолданбалы пəндік біліктіліктер; — өмірлік дағдылар.
Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік – білім алушының қоршаған ортаны бірдей қабыл дайтын қабілеті, əдептілік, құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу біліктілігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан əлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мəдениеттанымдық құзіреттілік – жалпы адамзаттық мəдениет жетістіктері негізінде ісəрекет тəжірибесін жəне қоғамдағы дəстүрлер мен жеке, отбасылық жəне əлеуметтік өмірдің мəдениет негіздерін, этномəдениеттік құбы лыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлт тық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының мəдениеті мен əлемнің мəдени көптүрлілігін түсінуге жəне бағалауға мүмкіндік беретін мəдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тəсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу [2].
Оқу-танымдық құзіреттілік – білім алушының зерттеу əрекетімен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзірет өзінің білімділік қыз метін ұйымдастыра жəне тиімді жоспарлай білуді, сəйкес функциональдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді иге руде əлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік – зерттеушілік əрекет дағдыларын игеру ге мүмкіндік беретін өзінің əрекетіне тал дау жəне қорытынды жасау тəсілдерін қарас тырады.
Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен өзара əрекет пен қарым-қатынас тəсілдерін білуді, түрлі əлеуметтік топтарда жұ мыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі əле уметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыс тың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарас тырады.
Білім беру жүйесінде білім алушының бойында коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік техно ло гияның орны ерекше [3]. Оны қолдану білім алушылардың қызығушылығы мен белсен ділігін жəне жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспаларуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, тал дай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жет кізуді жүзеге асы ра білу жəне интерпретациялау білігі. Ақпа раттық құзіреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, таңдап (іректеп) алу, ұйымдастыру, түр лендіру, сақтау жəне ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Осы құзіреттілік білім алушының оқу пəндеріндегі жəне білім аймақ тарындағы, сонымен қатар, қоршаған дүние дегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағ дыларын қамтамасыз етеді.
Əлеуметтік-еңбек құзіреттілік – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтыққоғамдық тəжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына жəне қоғам мүддесіне сəйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілік – от басылық, еңбек, экономикалық жəне саяси қоғамдық қатынастар саласындағы бел сенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тəжірибесінің болуын білдіреді. Өзінің мүмкін дігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу жəне қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзі нің өмірі мен ісіне жауапты қарау.
Қазіргі ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп білім алушының қабілеттілігі дамитыны жəне күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мəселелерден бастап, өндірістік жəне əлеуметтік мəселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр. Бүгінгі таңда білім саласының алдына шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Əрине, бұл білім алушылардың шығармашылық əрекетін дамытудағы маңызды мəселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, білім алушының шығармашылығын дамыту да «шығармашылық тапсырмалар» атауы пе да гогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты:
— біріншіден, білім алушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады.
— екіншіден, жағдай тудырушы материал дар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нəтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Шығармашылыққа баулу шəкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор əсерін тигізеді. Мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Білім алушының шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек.

Құзіреттілік біліктіліктен көрінеді, біз ƏДЕБИЕТТЕР
оның қалыптасу дəрежесі жайлы айтып отыр-
1 Сымайылов С. Оқу процесінде студент —
мыз. Олай болса, оқу процесінде құзіреттілікті тердің танымдық ынтасын қалыптастыру, −
қалыптастыратын білім, біліктерге қатты
Ж., 1999.
көңіл бөлуіміз керек. Құзіретттіліктің қалып-
2 Қазақстан Республикасының «Білім ту-
тасуы – ешқашанда аяқталмайтын процесс. ралы» заңы. − Алматы, 2008.
3 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
УДК 811.161.1 (09)
А.Д. МАЙМАКОВА, Г.Р. КАДЫРОВА
Казахский национальный педагогический университет имени Абая Кафедра практических языков
г.Алматы, Казахстан amaimakova@mail.ru;
rabikovna@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *