БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация
Еліміздің ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі білімді ақпараттандыру – білім беру сферасын əдістемелік жəне техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тəрбие берудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды оңтайлы пайдалану жайлы сөз болады. Бұл үдерісті іске асырушы əрекеттер қоса айтылады.
Түйін сөздер: құзыреттілік, ақпараттық технология, оқуға арналған медиа, компьютерлік технология.
В статье рассматривается использование информационно-коммуникационных технологий для развития профессиональной компетентности в сфере образования нашей страны. Приведены методы и приемы использования инновационных технологий.
Ключевые словы: компетентность, информационная технология, медиа для обучения, компьютерная технология.
Annotation
The article discusses the use of information and communication technologies for the development of professional competence in the fi eld of education in our country. There have been given the ways of using of innovative technologies.
Keywords: competence, information technology and media for learning  computer technology     Ғылым мен техниканың  жедел дамыған, ақпа раттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалып тастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту, білім беру мекемелерінің бас ты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас талантын дамыту, білім беру мекемелерінің бас ты міндеті болып отыр.
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негі зі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі əлемдік өрке ниет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етіліп келеді [1].
Сондықтан əрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаз дыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге улкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
«Ақпараттық технология» термині ғылымда ХХғ.-дың 40 – 50 жылдары пайда болған. Оны Америкада ХХғ.-дың басында дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instruction media), «оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған.
Ресейде алғаш «ақпараттық технология» терминін зерттеген ғалымдар В.М. Монахов, В.В. Попов, А.В. Соловьев жəне т.б.
Оқу-тəрбие үрдісін компьтерлендіру, оқы ту дың жаңа ақпаратық технологияларын оқу-тəрбие үрдісінде пайдалану мəселе лері бой ынша қазақстандық ғалымдар Д.М. Джу суба лиева, К.Т. Искакова, Ж.А. Қараев, Г.Қ. Нұрғалиева т.б ғалым дардың еңбектерінде жазылған [2].
Ақпараттық технология – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мəліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тəсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология.
Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:
— қоғам мүшелері əрекеттерінің тұрақты кеңейетін баспа түрінде жинақталған ғылыми, өндірістік интеллектуалдық потенциалын бел сенді пайдалану;
— қоғамдық өндірістің барлық сфералары ның дамуын іске асыратын ғылыми жəне өндірістік ақпараттық технологияларды интеграциялау;
— пайдаланылатын мəліметтердің нақты лығын, бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің се нім ді ақпарат көздерін пайдалануын, ақпарат тық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қам тамасыз ету [3].
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдері сінің басым бағыттарының бірі білімді ақпараттандыру – білім беру сферасын əдістемелік жəне техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тəрбие берудің психологиялықпедагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды оңтайлы пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс төмендегі əрекеттерді іске асырады:
— білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған ғылыми-педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде жетілдіру;
— қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны дамыту міндеттеріне сəйкес оқыту, тəрбиелеудің ұйымдастырылған формаларын əдістерін, сұрыптау стратегиялары мен əдістемесін жетілдіру;
— студенттердің интеллектуалдық дамуы на, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға, ақпараттық-оқу, тəжірибелік-зерттеу əрекеттерін іске асыруға, ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік жұмыстардың əртүрлілігіне бағдарланған оқытудың əдістемелік жүйеле рін құру;
— студенттердің білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы компьютерлік тестілік бағдарлама жасау əдістемесін құру жəне қолдану.
Жоғары оқу орындарында ақпараттықкомпью терлік технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын төмендегідей етіп бөлуге болады:
— практикалық, семинар жəне дəріс сабақтарында автоматтандырылған оқу жүйесін қолдану;
Педагогикалық технология кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығариашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне əкеледі.
Білім беруді ақпараттандырудың мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық білім беру кеңістігін əлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру.
Білім беруді ақпараттандырудың міндеттері:
— ақпараттық жəне телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
— бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтау;
— оқу-тəрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк жəне оқу-əдiстемелiк
жұмыстарын жүргiзу;
— пəндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының жəне оқуəдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда
ақпа раттық жүйенi құру;
— білім беруді ақпараттандыру бойынша тəжірибелік шараларды анықтап, жүзеге асыру;
— оқу- тəрбие үрдісіне АКТ-ны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми – ізденушілік жəне оқу əдістемелік жұмыстарын жүргізу;
— жалпыға міндетті білім беру стандарттарының жəне оқу – əдістемелік кешенде рінің мазмұнын АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;
— білім беру сапасын арттыру мақсатында программалық – техникалық құралдармен қамтамасыз ету жəне мультимедиялық про граммалар мен электрондық оқулықтарды жасақтау;
— оқытушылардың АКТ-ны өз қызметтерінде еркін пайдалана білуге дайындау жəне жүйелі түрде біліктіліктерін арттыру.
— педагог кадрларды жаңа ақпараттық тех нологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау жəне жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру [4].
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың бі ліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажет тілікті шешу барысында педагог маман дардың біліктілігін ақпараттық техноло гия ны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мəдениетін жəне ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мəселесі бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып отыр.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі қағидалары:
— оқыту мен тəрбиелеудің жылдамдылығы
(интенсификация)
— білім мен тəрбиенің бірізділігі;
— қоғамның əрбір мүшесі үшін алынытын білімдер мен мəліметтердің түсініктілігі;
— жеке тұлғаның интеллектуалдық жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту;
— жалпы ақпараттық сауаттылық;
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында күтілетін нəтижелер:
— АКТ-ны қолдану арқылы білімнің сапасын арттыру;
— АКТ -ны енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
— АКТ- ны қолдану саласы бойынша студенттерді мамандыққа баулу механизмін құру;
— біздің елімізде жəне шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
— мультимедиялық электрондық оқулықтар ды, виртуальдық лабораторияларды жəне бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету.
— отандық білім беру жүйесін біртұтас əлем дік ақпараттық білімдік кеңістікке ену ар қылы сабақтастыру;
Білім саясатының басты бағыты ре тін де кəсіптік білім сапасын арттыруда педагогикалық пəндерді оқытуда, студенттер дің ақпараттық кəсіби құзырет тілігін қалыптастыру мəселесі басым бағыт алады. Бұл мəселенің нəтижелі жүзеге асуы студенттердің педагогикалық пəндерге қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттыруды, алған білімдерін тəжірибеде пайдалану, яғни семинар, өзіндік жұмыстар, практика барысында практикалық сабақтардағы біліктілігі мен кəсіби құзыреттілігінің жүзеге асырылуынан көрінеді [5].
ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру сала сында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, теле коммуникациялық желі, электрондық жəне интереактивті технология құралдарын, муль тимедиалық-электрондық оқулықтарды оқыту үдерісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеруге қолжетімді болмақ. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуы ның негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
— вариативтiлiк – əрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сəйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
— болашаққа негiзделген – күтiлетiн нəтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағы тын орнықтырады жəне жеке тұлғаға бағыт талған курстың жалпылама мақсатын
анық тайды;
— рефлексивтi-креативтi – жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағыт талуы қажет;
— эргономикалық – нақтылы мəселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
— iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нəтижесiн анықтау;
— тəжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тəжiрибесi қолдану ой-пікірі жүзеге асырылады жəне нақытылы iс-əрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
— жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: Əрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нəтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мəселе лердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi əдiстəсiлдер.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған: «Педагогтың ақпараттық құзырлығы» жəне «Оқы тудағы ақпараттық технологиялар» [6].
Ақпараттық мəдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiлəлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақ параттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды талдау-синтетикалық тұрғыдан өңдеу əдiстерiн меңгерту).
2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-əдiстемелiк, озық тəжi рибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нəтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қол дану əдiстерiн меңгерту; қолданбалы бағдар ламалық құралдарды меңгерту; жаңа бағдар ламалық құралдарды меңгерту.
3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану; жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру үдерісінің ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану жəне олар ды өз қызметтерiмiзге сəйкес бейiмдеп пайдалану.
Яғни, білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технология ны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интеграл ды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология əрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дəл осы ақпараттық технология мен əрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы жəне өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты; Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi əлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2011ж. www.vvmvd.kz сайты.
2.Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного и информационного профиля в Республике Казахстан. − Алматы: АГУ им. Абая, 1998. – 123 с.
3.Пидкасистый И.И. Педагогика: Учебное пособие / И.И. Пидкасистый. – Москва: Российское педагогическое агенство, 1995 – С.
49-54.
4.Кенжебеков Б.Т. Маманның кəсіби құзыреттілігінің теориялық негізі //Бастауыш университет. – 2005, №3. – Б. 3-7.
5.Краевский В.В. мен Лернер И.Я.Теоретические основы содержания общего и среднего образования. – М., Педагогика, 1983. − 214 с.
6.Беркінбаев К.М., Сыдықов Б.Д. Информа тикалық пəндерді оқытудың педагогикалық технологиясы. // Қазақстан мектебі. 2006, − №11, 33-35 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *