БОЛАШАҚТА ЖАСТАРДЫҢ САЛТ-ДƏСТҮРМЕН ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫМЫЗДЫ МЕҢГЕРУІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


БОЛАШАҚТА ЖАСТАРДЫҢ САЛТ-ДƏСТҮРМЕН
ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫМЫЗДЫ МЕҢГЕРУІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аннотация
Бұл мақалада болашақ жастар тəрбиесіне салт-дəстүріміз бен ұлттық-əдет-ғұрпымызды меңгертуде ең алдымен ұлттық сезімін тəрбиелеу арқылы жоғарыдағы айтылған ұлттық құндылықтарымыз бенхалқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы жинақталған мол тəжірибесі, жастар арасындағы міндеттер мен жауапкершілік қасиеттерін арттыратындығы қарастырылған.
Түйін сөздер: салт-дəстүр, этнос, идея, тайпа, мирас, тəлім, ұрпақ, этнопедагогика, ұлт мəдениеті, рухани байлық, ұлттық тəрбие, мəдени- мұра.
В этой статье рассматривается о том что воспитания современной молодежи в духе национального патротизма и оценивающие национальной ценности своего народа и развитие чувства ответственности и долга перед своим народом нужно осуществить путем освоения народной традиции а также веками накопленные опыты предков и воспитание национального чувства.
Ключевые слова: традиция, обычаи, этнос, идея, племя, воспитание, наследники, этнопедагогическа, культура нации, духовное богатство, национальное воспитание, культурное наследие.
Annotation
This article focuses on educating our contemporary young people in the spirit of national patriotism, evaluating the national values of the people, developing the sense of responsibility and duty to his people and all these must be implemented through learning the folk traditions and accumulated for many centuries the experiences of ancestors and nurturing national sense.
Key words: tradition, customs, ethnicity, idea, tribe, education, ethno psychological, ethno pedagogic, the culture of the nation, the spiritual wealth, national education, cultural heritage.
азақ елі тəуелсіздігін жариялағаннан лім-тəрбие беру қазақ педагогикасы мен кейін, этнопсихология мен этнопеда- психо логиясындағы өміршең тəжірибелерді
го ги каға мəн бере бастады. Жас буынға тə- пай да лану батыл түрде қолға алынды. Ха-
т. – Киів: Радянська школа, 1976. – Т. 2. – 670 с. 
лық педагогикасындағы ақыл-ой, идея сол халықтың тіршілік тынысы мен ұлттық тəрбие дəстүрлерімен тығыз байланыста дамып, өсіп өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда. Халық келер ұрпағына өзіне дейінгі қоғамдағы қолы жеткен тəрбиелік мəні бар салт-дəстүр мен əдет-ғұрпымызды жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тəрбиелеуді мақсат еткен. Жас ұрпаққа тəлім-тəрбие беруде халық педагогикасының озық үлгілерін басшылыққа ала отырып тəрбиелеу. Тəрбие арқылы аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар мұрасы; озық тəжірибесі, үлгі өнегесі, əдетғұрпы, рухани байлығы болса, ал этнопедагогика мен этнопсихология қазақ халқының сан ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мұра болып келе жатқан тəрбие жөніндегі жинақталған тəжірибесі. Қазақ этнопсихологиясы арқылы ақыл-ойы жəне сол халықтың тіршілік тынысы мен ұлттық тəрбие дəстүрі тығыз байланыста өсіп, өркендеп дамып жəне ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамдық тəрбие атаулының тəрбиелік жақсы дəстүрлерін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тəрбиелеуді мақсат еткен.
Ата бабаларымыз өзінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің бай тəжірибесін жинақтап, өзіндік салт-дəстүр мен əдет-ғұрпын, рəсімдерін күні бүгінге дейін болашаққа жеткізуге ат салысуда. Көшпенді халық өзі өмір сүрген қоғам ның əлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мəде ниеті мен тарихына орай болашаққа, жастарға тəлім-тəрбие берудің айрықша та лаптілектерін дүниеге əкелді. Ол талаптар өз ұлтының салт-дəстүрін жете түсіну ар қылы, ел намысын қорғау, қиыншылыққа төзе білу, ата-тегін жадында сақтау, ата салтын бұзбау, сөз асылын қастерлеу, тапқырлық пен алғырлық, адамгершілік, жасы үлкенді силау жəне т.б. халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді жастарға үйрету еді.
Кез-келген халықтың пайда болуы жəне қалыптасу тарихы өте ұзақ əрі күрделі процесс. Халқымыздың экономикалық дамуы мен мəдени аралас-құраластықтың нəтижесінде, белгілі бір аймақтардың тілі ортақ, этникалық салт-дəстүрі, тұрмыс тіршілігі мен өзіндік ортақ материалдық жəне рухани мəдениеті бар көптеген ұлттар мен бір елде бір аспанның астында бірге өмір сүріп келеміз, себебі біздің жерімізде бірнеше ұлттардың өкілдері өмір сүруде. Қазақ халқы да негізінен сонау көне дəуірден бастау алады, оған себеп қазіргі таңда археолог ғалымдарымыздың зерт теулеріне сүйенсек, сол көне дəуір ескерт кіштері мен қазақтың ою-өрнектерінде көпте ген ұқсастықтар бар екенін оқып, көріп жүрміз. Осындай Мемлекетімізді мекендеген халықтардың өз ұрпақтарына беретін өзіндік салтдəстүрлерін, ұрпағының жас кезінен бойына қалыптастырып тəрбиелейді, дəл осындай ұрпақ тəрбиесі қазақ халқының бойынанда табылып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатыр, əлі жалғасын табады да, себебі тұңғыш президентіміздің биылғы жолдауындағы 2050 стратегиясын бекітуі Жаңа əлемдегі Жаңа Қазақстанның болашағын жалғастырушы жас тарға аманат ету біздің міндетіміз: С.Қалиев [1] қазақ халқында да ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тəлім-тəрбиенің бел гілі жүйесі бар. Бұларды өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің жадына біртіндеп сіңіріп өз ұлтының салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпын, ұлттық тілін, мəдениетін бүгінгі күннің талаптілегімен байланыстыра отырып тəрбие беру. Болашақты жалғастырушы жастарды əдептілікке, имандылыққа, қайрымдылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, үлкеннің айтқан ақылын тыңдап, өз халқына қызмет ететін ер жүрек етіп тəрбиелеу, əрбір ата-ана мен əрбір ұстаздың, қоғамның алдында тұрған үлкен мəселе. Əр халықтың сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы ой пікір қорытындысы бар. Ол жазу-сызудан, оқу құра лынан, ауыз əдебиетінен, халықтың дəстүрі мен салт-санасынан, əдет-ғұрпынан бір сөзбен айтқанда, мəдени мұраларынан тұрады. Озық өнегелі дəстүрсіз тарихи процесті елестету мүмкін емес, қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі өзіндік психологиялық ой-өрісі бай еңбек сүйгіш, қайрымды жастарды тəрбиелеу болып ке леді. Əрбір халық өзінің жас ұрпағының адал, үлкенді құрметтейтін əділ, ержүрек, ар ож даны мол болып өссін деп армандайды. Со ны мен қатар ұлттық салт-дəстүрді жете білуін, оларды іскерлікпен қолдануын көздей ді.
Этнопедагогика ғылымы ұлттық салтдəс түрлердің тəлімдік мəн-мағынасын зерттейтін саласы болса, ал этнопсихология халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлері мен салттарындағы ұлттық сана сезімін, өмірге деген көзқарасын, өзіндік ойлау ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Сон дықтан этнопедагогика мен этно психологияның даму процесінде ортақ заңдылықтар бар. Қоғамдағы қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті фак тор лары болуы заңды нəрсе: қоғамдағы адам дардың материалдық тұрмыс жағдайы, тілі мен мəдениеті, өз отаны, өз елі, өз жері жəне сол ұлтқа тəн кейбір этникалық ерекшеліктерінің ұлттар арасында тығыз байланыстың бар екенін білеміз, ол əсіресе, əр ұлттың ұлттық психикалық құрылымы мен ұлттық мəдениетінен жəне ұлттық психикалық ерекшеліктері. Мысалы: қазақ халқы ның өзіндік ұлттық психикалық құрылымы мен ұлттық мəдениеті жəне ұлттық ерекшелігі; қазақ халқының өзіне тəн ұлттық мəдениетіндегі ерекше ерекшеленетін домбырасы мен айтыс өнерін айтуға болады. Сонымен қатар, салт-дəстүрлеріміздің де өзін дік ерекшеліктеріненде көреміз, олар: құ да түсу, қыз ұзату, жол-жоралғы жасау, келін түсіру, кəде, ырым, қонақ күту, ұлт тық тағам, үлкенді силау жəне т.б. ұлт тық ерекшеліктеріміз бен ұлттық салт-дəстүрлерімізбен де ерекшеленеміз. Бала тəрбиесін қалыптас тыруда ең əуелі ұлттық сезімін дұрыс тəр биелеу арқылы жоғарыдағы айтылған ұлттық құрылым мен ұлттық мəдениетіміздің дұрыс қалыптасуына қол жеткізуге мүмкіндік туады.
Қ.Б. Жарықбаев [2] ұлттық сезім арқылы елін сүюі, жерін сүйюі, халқының мəдениеті мен тілін, дінін сүюі, ұлттық салт-дəстүрге деген сүйіспеншілігі артатындығын айтқан. Этнопсихология мен этнопедагогиканың негізгі мақсаты бабаларымыздың тəрбиелік мұра-мирастары негізінде жас ұрпақты адал өнер-білімге баулу, өмірге бейімдеу, ауылаймақ, отанның намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыра отырып тəрбиелеу. Бала тəрбиесінің алғашқы қадамы туған жан ұясы, өз Отанының адал азаматы болуы атаана тəрбиесінен бастау алады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиеттерге баулуды үнемі негізгі мəселе деп қараған.
«Тəрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ» деген шығыстың ұлы ойшылыдары, соған орай баланы жастайынан жақсы қасиеттерге баулу жағын қарастыру отбасынан басталады, ол ұшқан ұясының міндетіне айналуы керек. Əке-шешесінен алған тəрбие қандай болса, көп жағдайда баланың алдағы өмірі де соларға ұқсас жанұядан алған тəлімтəр биенің маңайында болатынын естен шығар маған тиімді. Көреген халқымыз өз тенте гін түзеп дұрыс жолға салып отырған, сондықтан бала тəрбиесінде кеткен кемшіліктерді дер кезінде түзеп, салихалы азамат етіп тəрбиелеу жолдарында халықтық педагогика мен этнопсихологияның тигізер көмегі көп. От басының тəрбиесінен басталатын, əрбір баланың жан дүниесін дұрыс түсініп жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тəн санасы, өзіндік еркі, əрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп отыру қазіргі күннің өзекті мəселесіне айналуда, себебі кейбір ата-аналар есейген соң өзі-ақ үйренеді деп баласына тұлға ретінде қарамай тəрбиенің негізгі қырларына мəн бермейді. Қазақ психологиясының бала тəрбиесінде төмендегі мына бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыруы көзделеді: қазақ ұлтының төл мəдениеті, салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрпы арқылы жеткіншектің сана сезіміне, өмірге деген көзқарасына дұрыс бағыт бере отырып, имандылықтың қадірқасиетін қастерлейтін ұлт жанды азамат етіп қалыптастыру. Балалар мен жастардың білімге, ғылымға деген ынта-ықыласын арттыру. Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсаты мен дарынды жас тарды анықтау, олар дың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Ұлттық мəдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тəрбие беру, сұлу ыққа, тазалыққа үйрету. Жастардың ішім дікке, есірткіге əуестенуіне жол бермеу, салауатты өмір сүруге баулу. Сонымен қатар, жастарды ерте балалық кезден болашақта үй болуға, шаңырақ құруға, ұл баланы қыз балаларды құрметтеуге, қыз балаларды ұл балалардың алдында тəртіп сақтауға, келешекте от басының берекесін сақтайтын əйел, келін, ана ретінде имандылыққа, əдептілікке, кішпейілділікке, жан сұлулығы мен тəн сұлулығының жарасымды қасиеттеріне жастайынан тəрбиелеу. Қыз балаларды от басына қажетті əйел өнеріне үйрету; ас пісіру, үй шаруасына арласу, үй ішін тазалау, өзін-өзі таза ұстау, үнемдеу, бала тəрбиелеу жəне т.б. осы сияқты мəселелерді білуін осы кезден үйрету. Өнегелі халқының ерлік, жауынгерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгі сін қалдырған қас батырлардың өмір өне гесімен таныстыру, өз елін, өз жерін қорғай алатын жігерлі азамат етіп тəрбиелеу. Жас кезеңдегі тəлім-тəрбие мəселесі бала дамуының, өз ана тілін меңгеруден басталады, ұлттық сана-сезімі мен дүниетанымдық көзқарасын дұрыс қалыптастыратын да − тіл екенін естен шығармау керектігі, мысалы: көркем сөз зергері, академик жазушы Ғ. Мүсіреповтың «Ана тілін ұмытқан адам − өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді», − деп ұлт мəдениетінің басты белгісі тіл екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының да бала тəрбиесі жөнінен атам заманнан жиып-терген мол тəжірибесі бар, оны халқымыз ең жақсы деген қасиеттермен байытып, ұл-қыздарының бойына сіңіріп отырған. Халықтық тəрбие бұл ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой арманы мен тіршілік тынысы мен шаруашылықкəсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тəлім-тəрбиемен тығыз байланыста өмірге келіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи жəне мəдени мұра. Сондықтан балаға осындай асыл қасиеттерімізге құрметпен қарауын ерте кезден айтып, тəрбиелеудің үлкен маңызы бар. Қазіргі кезде оқу-тəрбие процесінде этнопсихология мен этнопедагогиканы пайдалану жан-жақты өріс алып келеді. Ұлтымыздың атадан балаға ғасырлар бойы жинақталған мол тəжірибесі, жастар арасындағы міндеттер мен жауапкершілік қасиеттерінің бір-бірімен байланыстырылуында. Бұрын қазақ халқы бала тəрбиесінде атаанасы ғана тəрбиелеп қоймаған, бүкіл ауыл болып тəрбиелеген, мысалы; үлкен кісілерге сəлем бермей, алдын кесіп өтуші болма деген сияқты сөздерді айтып отырған. Тəрбие туралы айтатын мəселе өте көп, кемшіліктерімізде жетерлік яғни тəрбие саласындағы ұнамсыз қылықтардың тамырын жою. Бүгінгі қоғамдағы жағымсыз əрекеттерден, əсіресе ұлтымыз дың менталитетіне жатпайтын көптеген оқиғалардың орын алуы, өз баласынан безу, ата-анасын кəрілер үйіне өткізу, жəне т.с.с. мəселелер көбейіп барады, осы айтылған келеңсіз жағдайлар бүкіл қазақстандықтарды толғандыруда, осындай мəселелердің ары қарай өсуіне жол бермеу керек, осы айтылған дардың бəрі тəрбиенің отбасында мардымсыз берілуінен жол алып отыр десек қателеспейміз.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Қалиев С. Этнопедагогика, Оқулық. – Алматы, 2006.
2 Жарықбаев Қ.Б., Нүкежанов Ж. Қазақ этно психологиясының əдіснамалық негіз дерін жасау көкейкесті мəселе. − Алматы: Қаз.
ҰУ, 1996.

3.  Қалиев С. Халық педагогикасында ауыз əдебиетінің көрінуі. − Алматы: Мектеп, 1987.

Г.М. ОЖАРОВА
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Педагогика жəне психология кафедрасы Талдықорған қаласы, Қазақстан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *