Қиял

Қиял. Жоспар:
1.Қиял туралы жалпы ұғым.
2.Қиял түрлері.
3.Қиялдың жасалу жолдары. 4.Қиялды дамыту.

1.Қиял туралы жалпы ұғым.
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, ӛңдеп, ӛзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ ӛмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау. Мәселен, ӛткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып, отырғанды не ӛзіміз кӛрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда немесе кітап оқығанда (алыстағы Африка, Австралия, Индия т.б.) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлаумен қатар қиял керек. Кісі әрекетке кіріспес бұрын ӛз еңбегінің нәтижесін қандай болатынын кӛз алдына елестетіп отырады. Бұл жӛнінде К.Маркс: Нашар сәулетшіні еңбекқор арамен салыстыра келіп, сәулетші нашар болса да, оның арадан ілгері тұратындығын, егер ара омарта салғанда оның қандай болатынын, ерте бастан кӛз алдына елестете алмай, тек соқыр сезімдері арқылы әрекет етсе, қандай нашар сәулетші болғанымен ол ерте бастан салатын үйінің қандай болатынын кӛз алдына елестете алады-, дейді. К.Маркс бұл жерде қиялдың адам ӛміріндегі маңызы туралы айтып отыр. Қиялдың механизмі күрделі. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонард да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Кӛкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламыз, оған басқа мысықтың кӛзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің ӛзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың ӛзін кӛре білу үшін адамға ең күшті, ӛрен жүйрік киял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың ӛзі осы әрекет арқылы ӛзгеріп, дамып отырады.
2.Қиял түрлері.
Қиял актив және пассив болып екіге бӛлінеді. Пассив қиялға түс кӛру жатады Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бӛлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бӛліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттерде» біздің бұрын қабылдаған, кӛрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Ӛйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті ӛте тӛмен болады. Сӛздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдагы «кереметтер» кіреді. И.М.Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып кӛрмеген қиысулары»-, деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де ӛмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негіз і- адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естігенкӛргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т.б. ұйқыдағы адамның түс кӛруіне себепші болатын фактілер ӛте кӛп. Мәселен, ми клеткаларына кӛшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ, түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс кӛреді. Ӛзін қуған біреуден қашады, бұдан ол ентігіп, бұлығады да.
Түс кӛрудің мазмұны адамның, кӛбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отырады. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Ӛмірде ешбір естімеген, кӛрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне кӛзге кӛрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын кӛзімен кӛрген заттарының бейнелері кіре береді. Түс кӛруді ұйқыдағы мидың фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс кӛру қиялдың ең пассивтік түрі болып табылады.
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де болып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның кӛз алдынан елестер тізбектеліп ӛтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі кӛлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо да Винчи: қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат кӛріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың бәрі — ырықсыз қиялдың мысалдары.
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Ол актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бӛлінеді.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы — кӛркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял ӛспейді. Мәселен, үстіртін, тек «қызық» жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды ӛсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны кӛргендей, естігендей болып отыру қажет. Мәселен, оқырмандар Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін кӛз алдарына елестетеді. Бұл — қайта жасау киялының кӛрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын кӛз алдында тұрғандай кӛріп, тіпті сӛйлеген сӛздерін есіткендей де болады.
Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің екінші жолы — географиялық карталарды оқып үйрену. Картаның бетінде саяхат жасау бала қиялына планетаның түрлі түпкірлерін елестетеді, балаға талай алыс жерлерді кӛргізіп отырады.
Қиялдың ең жоғары түрі — творчестволық қиял. Творчестволық қиял деп ӛзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде кӛрінетін қиялды айтады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар — қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Творчестволық қиял — қоғамдық мәні бар жаңа, соны ӛнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс.Қиялдын бұл түрі арқылы жаңа бейнелер жасалады Жазушының, суретшінің, ғалымның, сазгердің т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің т.б. осы секілді ӛнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Ӛнер қайраткерлері ӛздерінің идеясын кӛркем бейне арқылы береді.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы ӛзінің келешек кейіпкерлерін «кӛреді», олардың мінез-құлықтарын «елесетеді», сӛзін «естиді». Сонымен қатар, ақынжазушылар ӛз кейіпкерлерімен бірге ӛмір сүреді, олардың ойын, кӛңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады.
Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет. Творчестволық қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым ӛз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жұмыс кӛп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, ӛнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К.Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып ӛрлей беретін адам ғана шыға алады».
Творчестволық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайдаға келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А.С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.
Творчестволық қиял бейнелерінің тағы да бір түрі — фантастикалық бейнелер. Бұларға діни-мистикалық, ертегі-фантастикалық, ғылымифантастикалық бейнелер жатады. Фантастикалық бейнелердің бұл түрлері ӛздерінің мазмұны мен манызы жағынан әр тектес болып келгенімен, бәріне ортақ негізгі белгі — оларда табиғатта жоқ объектілердің болатындығы.
Діни-мистикалық және ертегі-фантастикалық бейнелердің жеке компоненттері ақиқат дүниеден алынғанымен, мазмұны мен түрі жағынан ӛмірде бола алмайды. Діни-мистикалық фантастика бейнелері ӛмір шындыгынан аулақ жатады. Оларда табиғат күштері де және адамның ӛзі де бұрмаланып бейнеленеді.
Халықтың батырлар жырлаіры, қисса-дастандарында болатын ертегіфантастикалық бейнелердің негізінде ӛмірдің ақиқат кӛріністері жатады. Ұшқыш кілем мен ӛздігінен жүретін етік бейнелері қанша ғажайып болғанымен, олар біздің кезімізде жүзеге асып отырған қатынас құралдарының халық қиялынан туған бейнелері.
Ғылыми-фантастикалық бейнелер ең алдымен, оны жасаушының шындықтан тым шырқап аулақ кетіп, алыс болашаққа немесе ӛткенге үңілуімен сипатталады. Ғылыми-фантастикалық шығармаларға адамзаттың қазіргі кезде бар ұғым мен білімнің шеңберінен шығып кетушілік тән.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз ӛз қалауымызша жаңа образдар жасау. Адам армандағанда алдына мақсат қояды, тілегіме жетсем екен деп ойлайды. Арман адамға күш қуат беріп алға итермелейді. Сондықтан халық «Арманы жоқ жігіттің, дәрмені жоқ», «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», «Қыран жетпеген жерге, қиял жетеді» -, деп дұрыс айтқан. Арманы жоқ адам ӛмірінің бір күні бір күнінен аумайтын, күн сайын белгілі бір істі бір сарынмен қайталайтын, күйкі тіршіліктің қамымен шектелетін адам.
Адам қиялы ерік-жігермен, нақты шындықпен байланыспаса, ӛз мұқтажы мен тілегін ой арқылы ғана қиялдайтын болады. Әрине, мұндай ой адамға қиял бітірмейді, қайта оны басып-жаншып отырады, мақсатына демеу бола алмайды. Құрғақ қиялға, мұңға шомған адам салдыр — салақ, жалқау, еріншек, болбыр болып келеді. Мұндай қиял еңбекті сүймейтін, одан қашқақтайтын адамдарда жиі кездеседі.
3.Қиялдың жасалу жолдары.
Қиялда анализ, синтез, агглютинация, схематизация, акцентировка немесе әсірелеу, кеміте кӛрсету, гипербола, литота тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, жезтырнақ, су перісінің бейнесі) жасалады.
Жазушы ӛзінің шығармаларындағы кейіпкерлерді жағымсыз етіп кӛрсететін болса, оған жағымсыз қылықты кӛбірек тағады. Мұндай тәсілді акцентировка дейді. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп кәрсетілуін айтады.Ертегілерде, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола кӛп қолданылады. Мәселен, «жел аяқ», «тау соғар», «кӛл тауысар» т.б. Ал, кеміте кӛрсету әдісімен бармақтай бала», «қаңбақ шал» т.б. бейнелер жасалған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей кӛрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалады. Егер, заттың айырмашылығын ескермей, оның ұқсастықтарына кӛбірек кӛңіл бӛлінетін болса схематизация әдісі қолданылады. Суретшілер ӛсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
4.Қиялды дамыту.
Қиял бейнелерінің пайда болуы елестеудің пайда болуымен, оларды еске түсіре алумен байланысты. Мәселен, 6-7 айлық бала анасы бір жаққа кетіп қалса, жан-жағына қарап іздей бастайды. Бұл факт балада қиял элементтерінің бар екендігін кӛрсетеді.
Балада сӛйлеудің пайда болуы, онын түрлі әрекетпен айналысуы, сурет салуы, балшықтан түрлі заттардың пішінін жасай бастауы бала қиялын дамытуға қажетті шарттар болып табылады. Балада ең алдымен еске түсіру, кейінірек қайта жасау қиялы пайда болады. Алғашкыда қиялдың ырықсыз түрі, кейіннен ырықтың белсенді түрлері жиі ұшырасады. Мектеп жасына дейінгілердің қиялының дамуында халық ертегілерінің алатын орны ерекше. Бала ертегі тыңдауға, оны айтуға ӛте әуес келеді. Осы тұста бала қиялы ерекше кӛрінеді. Мектеп оқушыларының қиялында оның барлық түрлері жаңа мазмұнға ие болады.
Қиялдың дамуы үш жасар бӛбектерде жақсы байқалады. Мұны бӛбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертедегі оқиғаны шын кӛріп, бар ынтасымен берілуінен кӛреміз.
Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан ӛтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын — бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәнін түсіну қиялсыз мүмкін емес.Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын ӛзін қарастырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет.Тӛменгі класс оқушыларының қиялын дамыту – олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мысалы кӛркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен кӛрмелерге бару, кино кӛру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі.
Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім ӛзі қиялының аз немесе кӛп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жӛн. Мұны кӛптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест арқылы анықтауға болады. Мына кестедегі сан рет тексерістен ӛткен сұрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек. Мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, ӛсімдік түрлерін кӛздерімен кӛріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне мұғалім оқу сабағында балалардан кӛрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге кӛп пайдасын тигізеді.
Ӛмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып кӛреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жаткандығын байқатады.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын ӛзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай кӛрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, ӛндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т. б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Бала қиялын тәрбиелеу және дамытуда олардың дүниетанымын, қызығуы мен мүдделерін, мақсат-тілектерін, армандарын ескеріп отыру маңызды. Адамның білімі мол болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемістіде бай болып келетініне баланың кӛзін жеткізу – ата-ана мен тәрбиеші ұстаздарының міндеті. Мектептегі, үйдегі кӛркемдік, эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер етеді.
Шәкірт қиялын сабақ үстінде тәрбиелеуге болады. Бала қиялын дамытуда сыныптан және мектептен тыс жұмыстар үлкен орын алады. Бұл үшін түрлі үйірме жұмыстарын жақсы жолға қою қажет. Қиялды дамытуда театр мен киноның орны да айрықша.
Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескере отыру, қиялы күшті дамыған балалар мен дербес жұмыс жүргізу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Қиял дегеніміз не?
2. Қиялдың қандай түрлрі бар?
3. Шығармашылық қиялға сипаттама беріңіз?
4. Қиялдың жасалу жолдарын атаңыз?
5. Түс кӛру қандай қиялға жатады?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б. 2. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, -490с.
3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.
4. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., 630с.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.
8. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г., -390с.
9. Страхов И.В. Психология творчества: Лекция для студентов пед. Институтов. – Саратов, 1968г., — 235с.
10. Якобсон П.М. Психология художественного творчества. М: Знание,
1971г.,-286с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *