Түйсік Жоспар:
1. Түйсік туралы ұғым
2. Түйсіктің түрлері
3. Түйсіктің заңдылықтары
1. Түйсік туралы ұғым
Түйсік деп – қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсік біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедірбұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі ӛзгерістер жӛнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бӛліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Мәселен, жолдасыңнан кӛзін жұмуын ӛтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді.
Түйсік заттың сезім мүшесіне әсер еткен кезде ғана пайда болады. Сезім мүшесі — денснін шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған анатомиялық-физиологиялық аппарат.Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мүшесінің басты бӛлігі болып табылады, ол рецептор деп аталынады. Кӛз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің рецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бӛліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі. Ми қыртысындағы ӛткізгіш нервтер мен учаскелерді И.П.Павлов талдағыш (анализатор) атады. Түйсік тууы үшін талдағыштың барлық бӛлшектерінің сақталуы қажет. Ми қыртысында талдағыштың нерв клеткалары бүлінсе, адамның сезім мүшесі толық сақталса да кӛруден немесе естуден қалады.
Талдағыштар үш бӛліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) мүше — бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) ӛткізгіш бӛлім — рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар.
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың объективік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын ӛзгерістерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды. Беркли, Юм, Мах т.б. оқымыстылардың айтуынша түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштердің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің ӛздерінің жұмыс істеу қасиеттерімен белгіленетін болады деп тұжырымдайды. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер мен иероглифтер, символдар болып шығады.Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз.
2. Түйсіктің түрлері.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: кӛру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, статикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бӛлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай кӛру, есту, сипап сезу, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Түйсік туғызатын тітіркендіргіш пен рецептордың тікелей жанасуының болатындығы немесе болмайтындығына қарай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бӛлінеді. Түйсіктің бұл түрлері жақын ортада бағдар жасауды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік түйсіктері түйісу рецепторларына жатады.
Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бӛлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай
экстерорецептор (керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.) және ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шӛлдегенді, ыссысуықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бӛлінеді.
Ағзаның сыртында орналасқан кӛз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері — экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам ӛз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп айтады. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау түйсіктері мен тепе-теңдік түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, ӛкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интрорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процес болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түсіктерді органикалық түйсіктер деп атайды.
Кӛру түйсіктері. Кӛру мүшесі болып табылатын кӛз — анатомиялық құрылысы күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бӛлімі — кӛз алмасы. Кӛз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді кӛз алмасын қоршап тұрған үш қабығы болады. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы дӛңестеніп қалың қабыққа айналады. Кӛздің торлы қабығына жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы ӛтіп отырады. Сыртқы ақ қабықтың астыңғы екінші қабығы — тамырлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы бӛлігі — нұрлы қабық деп аталады. Кӛздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан.
Кӛз дистанттық рецепторға жатады, ӛйткені ол сезім мүшелерінен біршама қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан кұбылыстар жӛнінде білім береді.
Кӛру түйсіктері біздің кӛзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде кӛзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бӛлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана кӛз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады. Спектрге (спектрум – латын сӛзі, қазақша кӛріну деген мағынаны білдіреді) қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Заттар мен құбылыстардың түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, кӛгілдір, кӛк, күлгін) ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстер) болып екіге бӛлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады.
Заттардың түстерін кӛру «үш түсті кӛру» теориясымен түсіндіріледі. Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, кейіннен оның кӛзқарасын неміс ғалымы Г. Гельмгольц зерттеп жалғастырған. Осы аталған ғалымдар кӛздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы жарық сәулелерінің әсерін түрліше сезетіндігінде деп жорамал жасады. Егер кӛзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірінші жұмыр жасушалар қозу күйінде келеді де, осының нәтижесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр жасушалар қозса — онда жасыл түсті түйсіну пайда болады да, үшінші жұмыр жасушалардың қозуы — күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр жасуша қатар қозатын болса — адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса — аралық түстерді түйсінеді
Заттың түстерін дұрыс айыра алмау кӛздің тор қабығындағы осы аталған үш түрлі жұмыр клеткаларының жұмысына зақым келуден болады. Кейбір адамдардың кӛзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Айналадағы заттардың бәрі ол адамға қоңыр болып кӛрінеді. Кӛздің осындай кемістігін — дальтонизм дейді. Ондай адам, әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4-5 пайызы дальтондық болса, әйелдер 0,5 пайызы ғана. Сонымен кӛру түйсінуі дүниені тану процесінде ӛте маңызды орын алады.Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистері, жүргізушілер мен трамвай жүргізушілер түстерді жақсы ажырата білуі қажет. Ӛйткені светофорда тек қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстерді ажырата алмай қалушылық, транспорттың апатқа ұшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға адам алғанда олардың түсті айыра білу қабілеттерін дәрігерлік комиссия арқылы анықтап отырады..
Есту түйсіктері. Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады. Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Дыбыс толқыны деп — ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық құрылысы ӛте күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын және формасын ажырата аламыз. Ауаның бір секунда ӛтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен тӛменгі жиілікпен ӛтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен тӛменгі дыбыстарды — инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді.
Құлақ — есту рецепторы. Ол үш бӛлімнен тұрады: 1) сыртқы құлақ; 2) орта құлақ; 3) ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. Құлақ қалқаны — дыбыстың бағытын белгілеп отыратын және оны жинауға себепкер мүше. Ондай міндетті қалқанның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің физиологиялық күші ерекше болып келеді.
Сыртқы құлақты орта құлақтан бӛліп тұратын мүше — дабыл жарғағы. Ол нәзік болғанымен, ӛте берік. Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады. Ӛзінің тербелуін дабыл жарғағы орта құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.
Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден, яғни балғашық, тӛс және үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның сарғақта шайқалуын тӛске жеткізіп, тӛс дірілдерді үзеңгіге апарады, үзеңгі сырттан келген дірілдерді ілгері жӛнелтеді.
Есту мүшесінің үшінші бӛлігі ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі ӛте күрделі. Оның ӛзі үш бӛліктен босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақты бойлай корти мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) орналасқан. Оның құрылысы да ӛте күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бӛлігі — ӛте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрадьі, Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады
Есту түйсіктерінің табиғатын Г. Гельмгольцтың резонанс теориясының негізінде түсінуге болады. Г.Гельмгольц корти мүшесіндегі ұзын нерв талшықтары музыка аспабының қылы тәрізді тӛменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал қысқа нерв талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікір айтқан. И.П. Павлов лабораториясында иттің негізгі мембранасының ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, тӛменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған. Мұндай тәжірибе Г. Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын дәлелдейді.
Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту түйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік. Сӛздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың нәзік айырмашылықтарын ажырата алу — есту түйсігі жӛнді жетілмеген адамға қиынға түседі.
Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл процестің екінші жолы — дыбысты сүйек арқылы есту. Мысалы, құлаққа мақта тығып қойып, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіне тақасаң, дыбыс айқын естіледі. Дыбыстың сүйек арқылы берілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарып тұрған зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі.
Есту түйсігін — сӛздік, музыкалық және шуылдық деп үш түрге бӛледі. Түйсінудің бұл түрлерінен есту талдағышы дыбыстың үш сапасын: күшін (қатты жай), жоғарылығын (жоғары — темен), тембрін (дауыстың немесе музыкалық аспаптың ӛзіндік ерекшелігі), ұзақтығын (дыбыстың созылу мерзімі) және бұған қоса үзіліссіз қабылданатын дыбыстардың екпін ырғақ ӛрнегін ерекшелейді.
Сӛз дыбыстарын ажырата естушілік фонематикалық есту деп аталынады. Ол ӛмір барысында бала тәрбиеленген тілдік ортаға қарай қалыптасады. Шет тілін игеру фонематикалық естудің жаңа жүйесінің жасалуына әкеледі. Шетел тілдерін оқып үйрену қабылеті кӛбіне дамыған фонематикалық естумен анықталады. Ол сӛзді қатесіз жазуға (әсіресе бастауыш мектепте) әсерін тигізеді.
Музыкалық естігіштіктің әлеуметтік қажеттілігі сӛзді естігіштіктен кем емес. Музыкадан эстетикалық ләззат алу қажеттілігі болады. Дыбыстық түйсіктің үшінші түрі — шуылдық (және сыбдырдың) адам үшін әлеуметтік мәні аздау. Шуыл белгілі бір эмоциялық күйге түсіреді (жаңбыр шуылы, жел ызыңы), кейде қауіптің хабаршысы болады (жыланның ысылы, жақындап келе жатқан жаудың аяқ тықыры). Мектеп тәжірибесінде шуылдың ұнамсыз әсерімен ұшырасуға тура келеді: ол санадан пайдалы сигналдар — сӛздерді бӛліп шығаруға бӛгет жасайды, нерв жүйесін қалжыратады. Үлкен қалаларда кӛше шуылына қарсы ағаштар отырғызылады.
Иіс түйсіктері. Иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың микроскоптық бӛлшектерінің әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері кӛп (хош иіс, сасық иіс, ӛткір иіс т.б.). Бірақ бұлар әлі күнге дейін белгілі классификацияға түспеген. Ӛйткені оларды дәм түйсіктерінен ажырату кейде қиынға соғады. Сондықтан да біз кӛбінесе белгілі бір иістің атын атаудан гӛрі, иіс шығарып тұрған затты атаймыз (темекі исі, газ исі, шӛп исі т.б.). Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.
Адамның иіс түйсіктерінің қоршаған ортаны бағдарлаумен байланысы аз. Иістің бұл қызметін кӛру мен есту билеп тӛстейді. Иіс түйсігінің дамымағандығы мен тұрақсыздығына тілімізде оларды атайтын арнайы сӛздердің жоқтығы да дәлел, түйсіктер ӛзін тудыратын заттардың абстрактыланбағандықтан «шӛп иісі», «шіріген алма иісі», «гүлдің иісі» деп айтылады.
Иіс сезгіштігі дәм білумен тығыз байланысты, тағамның сапасын ажыратуға жәрдемдеседі. Иіс организм үшін қауіпті ауасы бар ортадан сақтандырады, кейбір жағдайларда заттардың химиялық құрамын анықтауға кӛмектеседі.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Мәселен, олар бӛтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен «таниды». үйге кірген адамдарды да, білетін кӛшесін де, тұрған үйін де олар иісіне қарап оп-оңай айыра алады. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады.
Иіс түйсіктері адамның кӛңіл күйіне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен жұпар иісті гүл — адамның кӛңілін сергітсе, шылымның түтіні — басты ауыртады. Парфюмериялық заттардың сапасын арттырып отыру — адам психикасына қолайлы әсер етудің бір факторы екендігі даусыз. Гипократ пен Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) хош иісті заттарды науқастарды емдеуге пайдаланған. Мысалы: Фитопрофилактика. Фитотерапия әдістері арқылы аурудың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру, сақтау және нығайту мақсатында ӛсімдіктерді пайдалану жолын Ибн Сина ӛзінің «Емдеу ғылымының қағидаларында» осыдан мындаған жылдар бұрын жазған еді.
Американың зерттеушілері кейбір шӛптердің иісі адамның жұмыс қабілетін арттыратынын зерттеп білді. Аромотерапия. Аромопрофилактика әдісі арқылы жүргізуге болады. Эксперимент кезінде олар шағын ғана бӛлмеге бірнеше адамды компьютер экраны алдына отырғызып, экрандағы бейнеге байланысты белгілі бір тетіктерді басуға бұйырды. Жұмыс күрделі болмағанымен, бір сарынды, оның үстіне зейін қоюды керек ететін жұмыс еді. Адамдардың шарғаны байқалған кезде әрқайсысына тыныс алатын маскі арқылы ауамен қоса әр түрлі иістер жіберді. Сонда адамның жұмыс қабілетін жиырма пайыз арттыратын ең тиімдісі жалбыздың иісі болып шықты. Пижма (шетен), камфора иісі ми қызметін жақсартатыны, ал жусанның хош иісі бұлшық еттің жиырылу күшін ӛсіретіні анықталған. Невроз кезінде шырша не валериан сығындысы қосылған ванна қабылданады. Ол кӛңіл кӛтереді, тәбетті жақсартады. Раушан гүлінің иісі әлсіреген, шаршап қажыған кезде адам күшін, әлін қалпына келтіреді.
Мектеп оқушыларының иіс түйсіктерін тәрбиелеу — мұғалімдердің тӛл істерінің бірі. Мұғалім сабақ үстінде де, сабақтан тыс кездерде де баланың айналасындағы заттарды жан-жақты танып білуде, мәселен, ауаның тазалығын дұрыс талғай білуге, орманның, гүлденген бақтың, шабындықтың хош иістерін, қарағай, шырша ағаштары шайырының жұпар иісін, теңіз жағалауындағы ауаның тұзды-сортаң иісін сезетіндей мүмкіндік туғызуы қажет. Оқушылар бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс тигізетін газ, түтін т. б.) айыра білетін болуы қажет.
Кӛптеген жануарлар үшін иіс — негізгі дистанттық рецептор, жануарлар иіс бойынша азығын іздеп табады немесе қауіп-қатерден сақтанады. Адам ӛмірінде иіс рецепторының рӛлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен ӛмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды.
Дәм түйсіктері. Дәм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік, ол сезім мүшесі заттың ӛзімен жанасқанда пайда болады. Дәм білетін мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең кӛп орналасқан жері — тіл аймағы. Дәмдік тітіркендіргіштердің негізгі дәмдік сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды болып тӛртке бӛлінеді. Осы тӛрт түйсіктің араласуынан жәие оларға бұлшық еттік (тілдің қозғалысы) түйсіктің қосылуынан сан алуан дәмдік түйсіктер туады. Тілдін түрлі бӛліктері дәмнің жоғарыда аталған тӛрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам кӛпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Ӛйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.
Дәм түйсіктері иіс түйсіктері тәрізді адамның тәбетін арттырады. Дәмді, иісі жақсы тағам тәбет қоздырады. Тағамның сапасын талдай отырып, дәм түйсіктері сақтандыру қызметін де атқарады. Дәм түйсігінің құбылмалы ерекшелігі оның организмге тамақтың қажеттілігімен тығыз байланыста екендігінде. Ашыққанда дәм сезгіштік артады, тойғанда әлсірейді. Тамақ ішкен адам тек тойынып қана қоймайды. Тағам онда белгілі бір эмоциялық әсер тудырады. Дәмді тұтыну мен тәбетке тағам қабылдайтын орын жағдайы да, стол үстіп жабдықтай білу де әсер етеді. Мәселен, дәмді тағамдар — адамның тәбетін арттырады.
Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің ӛн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің ӛзі бірнешеге бӛлінеді. Олар: тактиль (жанасқанды түйсіну), температура (суық пен жылыны түйсіну) ауырғанды білдіретін түйсіктер.
Тактиль сезгіштігі бүкіл дене бойына біркелкі таралмаған. Тактиль клеткаларынын ӛте күшті шоғырланған жерлері — алақан, саусак ұштары және ерін. Денемен жанасқанда тактильдық түйсіктер оның сыртқы бетінің тегіс, кедір-бұдыр, жабысқақ, сұйық екендігін білдіреді. Егер дене бетіне жанасып, оны қатты жанши басса, ол ауырсыну түйсігін туғызады. Ауру сезгіштігінің рецепторлық ұштары тактильдік рецепторларға қарағанда терінің тереңірек астында орналасады. Тактиль рецепторларының кӛп жерінде ауырсыну рецепторлары аз болады. Тактильдік сезгіштік заттың сапасы жайын білдіреді. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің ӛзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес. Мәселен, денеге заттың тигенін тілдің, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін: арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін: саусақ ұштары мен алақан. Дененің киім жауып тұратын жерлері де ыстық пен суықты ӛте сезгіш келеді. Тері түйсіктерінің қалыптасуына да ми қабығы астындағы нерв құрылымдары елеулі рӛль атқарады. Мәселен, жұлынның бір бӛлегін кесу арқылы тері нүктелерінің біреуінің сезімталдығын жоюға болады. Кейбір аурулар адамды жылылықты, суықтықты, ауырғанды сезбейтін күйге түсіреді. Мұндай жағдайда тіпті адам денесі күйіп қалса да, оның ауырғанын сезбейді, бірақ адамда осы түйсіктің қалған түрлері ӛз қалпында сақталуы мүмкін. Тері түйсіктері арқылы адам заттардың формасын, кедір-бұдырлығын, қатты-жұмсақтығын жақсы айыра алады. Сондықтан да түйсіктің осы түрі, әсіресе, кӛзі кӛрмейтін адамдар үшін ерекше маңызды болады.
Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес, бұл күрделі процес. Оның қызметіне қимыл-қозғалыс рецепторлары да қатысады. Қол — еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүниетану үшін де күшті рӛл атқарады. Заттардың формасын, үлкендігін, майдалығын, бұжырлығын кӛзбен кӛрмей-ақ, қолмен сипау арқылы ажыратамыз. Сезім мүшелері сау адамдардың сипау түйсігі, әдетте, онша кӛп жетілмеген. Түйсіктің бұл түрі, әсіресе, құлағынан айрылған, кӛзі кӛрмейтін адамдарда ерекше дамыған. Мысалы, ӛзі соқыр әрі саңырау, сақау, американдық әйел Елена Келер мен Мәскеудегі Ольга Скороходова тері түйсіктерін жетілдіру нәтижесінде Л. Браиль жүйесімен оқып-жазуды үйреніп, ғылыми атақтар алған. О.И.Скороходова «Мен айналадағы дүниені қалайша танып білемін» деген еңбектер жазып, белгілі дефектолог маман болды.
Тері талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі орналаспаған. Арнайы зерттеулердің мәліметтері бойынша, түйсік ноқаттарының есебін келесі реттегі санмен кӛрсетуге болады: тию нүктелері — 1 млндай, ауру нүктелері — 4 млндай, суықтық нүктелер – 250 млндай, жылылық нүктелері – 30
млндай. Мұндай тактильдік талдағыштардың ең кӛп орналасқан жері ерін, тіл мен саусақтың ұштары. Біз оларды мүшелеріміздің сезгіштігінен байқауымызға болады.
Тері сезгіштігінің үшінші түрі — жылы мен суықты түйсіну температуралық түйсіктер. Температуралық сезгіштік организм мен қоршаған орта арасындағы жылылық алмасуын реттеп отырады. Теріде жылылық пен суықтық рецепторларының орналасуы біркелкі емес. Жота суықты кӛбірек сезінеді тӛс аз сезінеді.
Терідегі температуралық ӛзгерістерді түйсінетін негізгі екі рецептор болады. Біріншісі – жылылықты түйсінетін руффини жасушалары, екіншісі — тӛмендеп, салқындықты түйсінетін краузе колбалары. Қалыпты жағдайдағы адамның денесіне тән температураны шартты түрде — «физиологиялық нӛл» деп атайды. Айналадағы ортаның температурасы осы физиологиялық нӛлден тӛмен түсе бастаса, краузе колбалары тітіркенеді, егер де нӛлден кӛтеріле бастаса, руффини жасушалары қоза бастайды.
Органикалық түйсіктер.Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (ӛңеш, қарын, ішек, тамыр, ӛкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашығу, шӛлдеу, ауырсыну, дененің қызуы, жүрек айну, тұншығу, сусын қанғанды, іш ауырғанды және т. б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И.М.Сеченов сондықтан да түйсіктердің бұл тобын «кӛмескі түйсіктер» деп атаған.
Органикалық түйсінулер адамның материялдық қажеттілігімен және солардың ӛтуімен байланысты. Сонымен қатар, органикалық түйсінулер адамның эмоциялық сезімдерімен байланысып жатады.
Кинестезиялық түйсіктер. Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке бӛлімдерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын түйсінуін айтады. Кинестезиялық түйсіктердің рецепторлары — бұлшық ет, тарамыс, сіңірлерде орналасқан. Мәселен, қозғалыс түйсігінің анализаторына зақым келсе, адам ӛз денесіндегі бір мүшесінің қандай қалыпта тұрғанын сезбейді. Осы түйсіктер адамның сӛйлеу әрекетінде де, жазу, сызу жұмыстарьн атқаруда да зор маңыз атқарады. Кинестезиялық түйсіктер нәтижесінде дене мүшелері қимылдарының күші, жылдамдығы, траекториясы жӛніндегі білім қалыптасады. Қимыл-қозғалыс рецепторларының басым кӛпшілігі саусақ, тіл, еріндерде орналасқан. Бір сӛзбен айтқанда, адамның қозғалысқа түсетін мүшелерінің барлығы да осы түйсікке сүйенеді.
Кинестезиялық түйсіктерді дамыту окыту процесінің басты міндеттерінің бірі екендігі түсінікті. Еңбек, дене шынықтыру, сурет, сызу, оқып жаттығу сабақтары қимыл талдағышының даму мүмкіндіктері мен перспективаларын ескере отырып жоспарлануы тиіс. Оны тәрбиелеу үшін, қимылдың сұлулығы мен жеңілдігін дамытатын би, кӛркем гимнастика, сайыс және спорттың басқа түрлерінде жаттығу қажет.
Кинестезиялық түйсіктің табиғаты күрделі. Ӛйткені ол сапалық жағынан айырмашылығы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда болады. Қимылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі бұлшық еттердің тонусын түйсіндіреді. Тарамыстағы нерв ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын білдіреді. Қозғалу талдағыштары арқылы адам ӛз денесінің және жеке мүшелерінің қозғалуы, олардың тездігі мен күші, бұлшық еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жайында үздіксіз хабар алып отырады. Кинестезиялық талдағыштың шетте не болып жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Денедегі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның кӛздеген мақсатына сай келмесе, бұл процестерді мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді.
Кинестезиялық түйсіктер адамның сӛйлеу әрекетінде де ерекше орын алады. Ӛйткені ерін, тіл, дауыс шымылдығы қатынанасатын қимылдардың дәлдігінсіз сӛйлеу мүмкін емес. Жазудың да негізі кинестезиялық түйсіктер. Адам ӛміріндегі толып жатқан дағдыларды кинестезиялық талдағыштарсыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл қозғалыс дағдыларының барлығына жуығы кинестезиялық түйсікке сүйене отырып жасалады.
Статикалық түйсіктер. Мұндай түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды және денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибұлярлық аппаратында орналасқан. Дене қалпының жер жазықтығына қатысты күрт және жиі ӛзгере беруі (әткеншек тебу, теңіз шайқалысы) теңіз ауруына, бастың айналуына әкеліп соғады. Статикалық түйсік — бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді. Ғарыш әлемін меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігінің сезгіштігін арттырудың маңызы ерекше артып отыр.
Мәселен, ғарышкерлерді даярлауда вестибулярлық аппаратты жаттықтыру, оны кӛру және қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытуға мән беріледі. Мәселен, 30-40 секундқа созылатын артық салмақ түсу мен салмақсыздықтың алмасып отыруын адамдар түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес адамдарды мынандай үш топқа бӛліп қарастыруға болады. Нерв жүйесі неғұрлым тӛзімді адамдар — мұндайға онша қиналмайды, Ал екінші біреулер — тосын тітіркендіргішке кездескенде ыңғайсызданып, тез шаршайды, ӛңі бозарып, терлейді, жүрегі айнып, ӛзін әлсіз сезінеді.Үшінші біреулер — сәл басы айналғанын сезгенімен, кейіннен бұған бейімделіп кетеді. Соңғы топтағы адамдардың да нерв жүйесі күшті, тӛзімді келеді. Олар ӛз денесін ерікжігерімен билейді, эмоциялық тӛзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын қандай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
Вибрациялық түйсіктер. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Негізгі анализаторлары — түйсіну мүшелеріз. Дамуы қалыпты жағдайдағы адамдар бұл түйсікті байқамайды. Ал егер адам есту қабілетінен айырлса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау, керең адамдар музыканы, әнді күшті ынта қойып «тыңдайды».
Кӛзі, құлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың ӛмірі мен шығармашылық әрекеті анализаторлардың адам таң қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің қандай маңыз алатындығын жақсы кӛрсетеді. Ольга Скороходованың ақыл-ойының аса жоғарылығын, дарындылығының күшті екендігін бірнеше шетел тілдеріне аударылған «Как я воспринимаю и представляю окружающий мир» деген кітабы және осы тақырыпта қорғаған диссертациясы тамаша дәлелдейді.
О.Скороходова ӛзінің кітабында соқыр, керең, мылқау адамдардың музыканы қалай «тыңдайтындығын», кітапты қалай «оқитындығын» кӛптеген қызықты мысалдармен түсіндіреді. Мәселен, олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Ӛйткені, музыкалық әуендерді олар терісіндегі нүктелермен түйсінетін кӛрінеді.
3. Түйсіктің заңдылықтары.
Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары, адаптация, ӛзара әсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер.
Сезгіштік және түйсік табалдырықтары. Тітіркендіргіштің барлығы бірдей түйсік туғызуға қабілетті бола бермейді. Мамықтың денеге сәл тигені сезілмейді. Ӛте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде түйсіктің тууы тоқтап калатын сәт те болады. Жиілігі 20 мың герцтен жоғары дыбысты біз ести алмаймыз. Тым күшті тітіркендіргіш түйсік орнына ауру шақырады. Демек, түйсіктер белгілі бір қарқынды тітіркендіргіштер әсер еткенде пайда болады екен. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіштер күші арасындағы психологиялық тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы немесе сезгіштік табалдырығы деген ұғым білдіреді. Түйсіктердің күші немесе сапасында сол ғана айырмашылық туғызатын әсер етуші тітіркендіргіш күшіне қосылған аз ғана қосымша — айыру сезгіштігінің табалдырығы деп аталады.
Психофизиологияда абсолюттік сезгіштік табалдырығы және айыру сезгіштігінің табалдырығы деп табалдырықтың екі түрін бӛліп кӛрсетеді. Айыру табалдырығы, бұл — түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның кӛз рецепторы үшін айыру табалдырығы болып табылады. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса хор аздап артады. Алғашқы рет сәл білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің тӛменгі абсолюттік табалдырығы деп атайды. Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін тағы да туғызатын ең жоғарғы күйін сезгіштіктің жоғарғы абсолюттік табалдырығы дейді.
Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктің тӛменгі табалдырығына жетпесе, онда әсер еткен тітіркендіргішті адам түйсіне алмайды. Абсолюттік табалдырықтың күші адамның абсолюттік сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, ӛткір болады.
Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді тәуелділік бар екені анықталды. Мұны – психофизикалық заңдылық деп атайды. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан неміс физиологі Эрнест Вебер (1795-1878ж.) және неміс физигі Густав Фехнер (1801-1887ж.) Сондықтан бұл заңдылықты Вебер-Фехнер заңы деп атайды. Осы заң бойынша тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен ӛседі.
Адаптация.Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Ӛмірде адаптация кұбылысы әр адамға жақсы таныс. Мысалы, адам суға түскен алғашқы минуттарда оған су суық болып кӛрінеді. Суықты түйсінуден арылған соң, су жылынғандай болып, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез тӛселіп, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Сол сияқты кӛру талдағышы қараңғылыққа және жарыққа адаптациялануды ажыратады. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде кӛз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан ӛтетін жарық мӛлшері де 17 есе кӛбейеді деген сӛз. Қараңғыда кӛздің кӛргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді.
Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде кӛрінеді. Мәселен, камфараның исі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, ал қыша мен нашатр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация ӛте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының ауытқуын, оның биологиялық рӛлін кӛрсетеді. Адаптация — үнемі ӛзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация). Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің кӛрсеткіші болса, ал сенсибилизация — сезгіштіктің тек артуын ғана кӛрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер ӛзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Сыныпта температуралық режим, таза ауа, тәртіп болуын қадағалай отырып, мұғалім осы шаралардың гигиеналық және педагогикалық жағын ғана емес, сол шаралардың оқушылардың сезіштік денгейіне қандай әсері болатынын да есінде сақтауы қажет.
Мысалы, кӛзге түскен жарық мӛлшері оның кӛру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына кӛмектеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде кӛздеріне 20-30 минут бойы қызыл кӛзілдірік киетіндері осыған байланысты. Психологиялық зерттеулердің кӛпшілігінде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, бетіқолын салқын сумен сүртінуі кӛру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бірбірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) кӛру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың ӛзі тәтті болып кӛрінеді. Осындай ӛзара байланыс кӛру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де кӛп байқалады.
Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы). Контраст дегеніміз — ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны, және сапасының ӛзгеруі. Екі тітіркендіргіштің бір мезгілді әрекетінен бір мезгілділік контраст пайда болады. Мұндай контраст кӛру түйсіктерінде жақсы байқалады.Бір кескіннің ӛзі қоңырқай түстің аясында ақшыл, ақшыл түстің аясында қоңырқай болып кӛрінеді.Жасыл зат қызғылт түстің аясында қоюлана түскендей болады. Суықтан соң жай ғана жылы тітіркендіргіштің ӛзі ыстық сияқтанады. Қышқылды түйісіну тәттіге деген сезгіштікті арттырады.
Синестезия. Синестезия дегеніміз — пайда болған бір түйсіктің басқа түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сӛзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен — жылылықты, екіншілері кӛгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, кӛру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс ӛмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің ӛзара байланысының шамадан тыс дамыған бір кӛрінісі.
Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да ӛз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар кӛру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мысалы, адам 2-3 секунд бойы кӛз алмай, шамға қарап отырып, содан кейін кӛзін жұмса, жарықтың ізін айқын кӛре алады. Бір ізді бейненің бұл түрі оң ізді бейнелер деп аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағазды қолға алып, бірін сол ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып қойып, бұдан соң қызыл қағаздан 20-30 секундтай кӛз алмай отырып, кӛзімізді ақ қағазға сәл аударсақ, оның бетінен кӛгілдір түсті кӛруге болады. Бұл теріс бір ізді бейненің мысалы. Бір ізді бейнелер кӛбінесе адамға байқалмайды.
Себебі мұндай тітіркендіргіштің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. Оның байқалмауы — кӛздің тор қабығының ылғи қозғалып тұруынан. Сондықтан адамның кӛзі талмайды. Орталық нерв жүйесінің жоғары бӛліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердің физиологиялық негізі болып табылады.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Түйсік дегеніміз не?
2. Түйсіктің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ілімі қалай түсіндіреді?
3. Сезгіштік пен табалдырық заңдылығының мәнісі неде?
4. Түйсіктердің ӛзара байланысы қалай?
5. Түйсік қандай түрлерге бӛлінеді?
6. Түйсіктің психофизиологиялық заңдылықтары туралы айтқан ғалымдар?
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, — 490с.
2. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.
3. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., 630с.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
5. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
6. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі», 2005ж.,1-5т. 1 т. — 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.,
7. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г., -390с.
8. Хрестоматия по общей психологии: Психология памяти/Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова, М., Изд-во МПИ 1979г., — 295с.