ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЕРЕСЕКТЕРГЕ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МƏНІ
Бұл мақалада пəнаралық байланыстың ересектерге білім берудегі мəні ашып көрсетіледі. Тақырыптың негізгі ұғымдарына: «андрагогика», «үздіксіз білім беру», «пəнаралық байланыс», «интеграция» анықтамалар беріледі, сонымен қатар пəнаралық байланыс пен ересектер ге білім берудің ерекшеліктері қарастырылады. Осы мəселемен айналысқан ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектерін талдау тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: пəнаралық байланыс, интеграция, ересектерге білім беру, үздіксіз білім беру.
В данной статье раскрывается сущность межпредметных связей в образовании взрослых. Даются определения терминов: «межпредметные связи», «интеграция», «образование взрослых», «непрерывное образование», а также рассматриваются особенности межпредметных связей в образовании взрослых. В результате анализа научно-исследовательских работ ученых по данной проблеме сделаны соответствующие выводы.
Ключевые слова: межпредметные связи, интеграция, образования взрослых, непрерывное образование.
Annotation
This article reveals the essence of interdisciplinary communication in adult education. There have been given a defi nition of the theme: «interdisciplinary communication», «integration», «adult education», «continuing education», and consider particularly interdisciplinary connections and adult education. At the result of scientifi c research works analysis of scholars on the given subject there have been done certain suggestions.
Key words: interdisciplinary communication, integration, adult education, continuing education.
азақстанның нақты өміріндегі динамикалық өзгерістер мен объективті жəне субъективті факторлар ересектердің қосымша білім алуына мүмкіндік туғызуда. Білім беру жүйесінің жалпы əлемдік интеграция жəне жаһандану тенденциялары, бір жағынан, білім беру үрдісін жекелендірудің максималды мүмкіндіктерін ұсынса, екінші жағынан, біртұтас дүниетанымдық көз қарас, ойлаудың интегративті тəсілін, өз бе ті мен шығармашылық ізденіске қабілет тілі гін, құзыреттілігі мен кəсібилігін қалып тастырады.
Бұл мəселелер қазіргі жағдайда ерекше маңызға ие, ол адамнан белсенділікті, жауапкершілікті ғана емес, білім беру кеңістігінде өзінің жолын дұрыс таңдауын жүзеге асыру қабілетін, дамуындағы əлеуметтік мəдени қатынаста өзін-өзі анықтау қабілетін, жоғары интеллектуалды əлеуетін талап етеді.
Пəнаралық байланыс − бүгінгі білім беру маз мұнын түбегейлі өзгертудің жəне оны айқын даудың шарты, əрі қағидасы. Қазақ станның педагогика ғылымында пəнаралық байланыс, оның қалыптасуы мен дамуы мəсе ле сін қарастыру ғасырдан ғасырға адамды өз өмірінің субъектісі ретінде түсінуге, баланың білім алуы өзінің тəжірибесін тірек ете отырып ұйымдастырғанда нəтижелі болатындығына мүмкіндік беретін пəнаралық білімнің жаңа құндылығының туындауына əкеледі.
Ғылыми еңбектерді талдау көрсеткендей, білім беру жүйесінің барлық тарихында пəнаралық байланыс бүгінгі таңдағы қоғам өмірі мен ғылымдағы интеграциялық үрдістердің айқын көрінісі.
Интеграциялық үрдіс əрекеттестіктің өзара байланыс тетігіне сəйкес жалпығылыми, ғы лым аралық жəне ғылымішілік сапалар жүйе сін меңгерген тұтастықтың жаңа түзі лімін, сонымен қатар қайтымды байланыс пен дəлелденген жаңа пайда болған жүйенің құрал дары мен сапалары арқылы зерттеу обьектісінің элементіндегі, функциясындағы өзгеріс терді анықтайды.
Интеграция қазіргі ғылыми білімнің мазмұны мен құрылымын, жеке ғылым дардың интеллектуалды-концептуалды мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертеді. Сондықтан оқытудың интег ративті жүйесі кəсіптік білім берудің мер зімін қысқартып, білім беру қызметінің жəне материалдық шығын көлемін үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі маманды нақты пəндік даярлаудың жоғары деңгейі оның педагогикалық білімді жүйелі меңгеруі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл постиндустриалды қоғамға алмасу жағдайында білім беру кеңістігі мен білім беру саясатын өзгертуді талап етеді.
Бүгінгі қоғамдағы адамның өмір бойы тоқ таусыз білім алып, заман сұранысына сай өзін жетілдіріп отыруы, адамның қай жаста да оқуына жол ашылып, «өмір бойы білім алуына» мүмкіндік беретін ересектер ге білім беру маңызды мəселе болса, интегра ция мазмұндық, құрылымдық, логика лық-гносеологиялық, ғылыми-ұйым дас тыру шы лық, лингвисти калық-семанти ка лық, жалпы жəне жеке əдіснамалық, педаго гикалық аспек тіде білімнің бірлігіне қол жеткізетін маңызды құрал болып табылады.
Білім беру үрдісінің интеграциясы көп жоспарлы жəне күрделі құбылыс, ол тұлға ның жекелігін ашу жəне оның интеллектуалды əлеуетін дамыту құралы ретінде психоло гиялық тұрғыдан; білім беру үрдісінің субьек ті лерінің интеллектуалды əлеуетін тиімді пайда лануға бағытталған оқыту жүйесін құру жəне кəсіби өзін-өзі іске асыру үшін жағдай құру базисі жəне оқу үрдісін арнайы ұйымдастыру ретінде педагогикалық тұрғыдан, əлеуметтік тұрғыдан тұлғаның қоғамда бейімделуіне ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады (Р.Г. Лемберг, А.А. Бейсенбаева, И.Д. Зверев, В.Н. Максимова, М.Г. Чепиков, М.Н. Берулава жəне т.б.) [1-6].
Ересектерге білім беру мəселесімен айналысқан Т. Вуск, А. Капп, М. Ноулз (шетел) жəне Б.Г. Ананьев, А.В. Даринский, К.А. Абульханова-Славская (ресей) жəне т.б ғалымдары еңбектерін талдау нəтижесі оның екі бағытта, атап айтқанда, үздіксіз білім беру (жоғары оқу орнынан кейінгі білім, біліктілігін көтеру, қайта даярлану жəне т.б.) (Ю.Н. Кулюткин, Н.В. Кузьмина жəне т.б.); болашақ маман ретінде студентке білім беру (В.Я. Ляудис, В.А. Сластенин жəне т.б.) тұрғысынан зерттелгенін көрсетеді [7-11].
Сондықтан пəнаралық байланыстың ересектерге білім берудегі мəні «андрагогика», «үздік сіз білім беру», «пəнаралық байланыс», «интеграция» жəне т.б. ұғымдардың мазмұнын ашып көрсетумен тығыз байланысты.
«Андрагогика» ұғымын ғылыми айналымға 1833 неміс ғалымы А. Капп енгізген. Ол (грекше «андрос» − ересек адам, ер адам, агогейн − алып жүру деген мағынаны білдіреді) − оқу əрекетінің субьектісі ретінде ересектердің білім мен білікті меңгеруінің заңдылықтарын, сонымен бірге бұл əрекетті кəсіби педагогтың басқару ерекшеліктерін ашып көрсететін оқыту теориясының бөлімі [7].
М. Ноулздың пікірінше, «андрагогика − авто номды білімалушылар мен оқытушыфаси литаторлардың оқу үрдісінің ізгілік тұ жы рымдамасына негізделген өзіндік ерекше лігі бар теориялық жəне практикалық тəсіл» [8].
Демек андрагогика теориясы педагоги каның бір саласы ретінде ересектер дің білімдік мақсаттары мен сұраныстарын ғылыми негізделген түрде тұжырымдап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыдан ересектерге білім берудің төмендегідей ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады: білімалушыларға оқыту үрдісінде жетекші рөл беріледі; ересек білімалушы өзін іс жүзінде көрсетуге, өздігінен білі алуға, өзін-өзі басқаруға талпынады жəне өзінің ісіне жауап береді; ересек білімалушы оқытудың маңызды көзі ретінде пайдалануға болатын өмірлік тəжірибені (тұрмыстық, əлеуметтік, кəсіби) меңгереді; ересек адам өзінің өмірлік маңызды мəселесін шешу жəне нақты мақсатқа жету үшін білім алады; ересек білімалушылар білім, білік, дағдыны оқыту барысында қолдануды есепке алады; ересек білімалушылардың оқу əрекеті уақыттық, кеңіс тіктік, тұрмыстық, кəсіптік, əлеуметтік факторлар детерминацияланып, оқыту үрдісін шектейді немесе мүмкіндік туғызады; ересек білімалушыларды оқыту үрдісін оның барлық кезеңдерінде білімалушылардың бірлескен іс-əрекеті арқылы ұйымдастырылады.
Сонымен ересектерді оқыту сферасы андро гогика білімінің өзіндік бір саласы үздіксіз білім алу жүйесінен бөлініп шықты. Қоғам ның дамуы тұлғаның өмір бойы үздіксіз білім алып дамуымен тікелей байланысты.
Үздіксіз білім беру — қоғамдық қажеттілік тер мен жеке адамның талап-тілектерін ескере отырып, оларға жалпы білім беріп, кəсіби даярлаудың мүмкіндіктерін қамтама сыз дан дыратын мемлекеттік жəне қоғамдық меке мелердің өзара əрекеттескен жүйесі. Үз дік сіз көпдеңгейлі білім беру жүйесінде маман дардың кəсіби даярлығының сапасын арттыру, оны ғылыми-əдістемемен қамта масыз ету Қазақстандық білім беру жүйесінің əлем дік білім беру кеңістігіне ықпалдасу үдері сіндегі басты мақсаттардың біріне айналып отыр.
С.И. Змееваның пікірінше, үздіксіз білім беру тұжырымдамасы оқыту кезеңдерін ұтым ды бөлуді жəне адамның бүкіл өміріндегі еңбек əрекетін; оқытуды алғашқы немесе базалық, базалық оқудан кейінгі білім фазаларына бөлуді; адамға қажетті білім, білік, дағдыны жəне қажеттілігінің пайда болу мөлшеріне қарай құндылық бағдарын, қасиеттерін меңгеруді қарастырады [12].
Сондықтан үздіксіз білім беру адамның өмір сүру тəсілі, кез келген тұлғаның үздік сіз білім алуы бүкіл өмір сүруі барысында оның талпынысымен, қажеттілігімен, қызығу шылы ғымен жүзеге асырылады. Демек қазіргі кезеңдегі үздіксіз білім берудің басты идеясы – тұлғаның өз өмірінде əрекет субъектісі ретіндегі тұрақты дамуы болып табылады.
Осы орайда пəнаралық байланыстың ересектерге білім берудегі мəнін ашып көрсетуде ЮНЕСКО құжаттарында анықталған ХХІ ғасырдағы білім берудің мақсаты мен міндеттерін: білім алуды үйрету (оқуды үйрену); жұмыс істеу мен табыс кіргізуді үйрету (еңбек ету жəне əрекет ете білу үшін үйрену); өмір сүруге үйрету (мəселені шеше білуді үйрену); бірге өмір сүруге үйрету (бірлесіп өмір сүру үшін үйрену) басшылыққа алдық [13].
«Пəнаралық байланыс» ұғым ретінде құрылысы мен мазмұны бойынша күрделі жəне көпжақты болып табылады. Бүгінгі күнге дейін ғылыми педагогикалық əдебиеттерде «пəнаралық байланыс» ұғымына 60-тан астам анықтамалар берілгені белгілі.
Соның ішінде, педагогикалық сөздікте «пəнаралық байланыс − жалпы ғылымдар жүйесінің дидактикалық мақсаттарынан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланысы» − деген анықтамасы басшылыққа алынады [14].
Пəнаралық байланыс теориясын ғалымдар И.Д. Зверев, В.Н. Максимова, жəне т.б. (ТМД), Қазақстанда Р.Г. Лемберг, А.А. Бейсенбаева, т.б. білім жүйесі мен ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, танымның жалпы əдістерін жəне белгілі бір іс-əрекет түрлерінің негізінде білімді біріктіруді меңгерту болып табыла тындығымен сипатталатындығын көрсетеді.
Демек пəнаралық байланыстың ересектерге білім берудегі мəнін тұлғалық-іс-əрекеттік тұрғыдан қарау субьект-субьект қатынасы арқылы білімалушының белсенділігін, талаптануын, əрекет-қылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Субьектілік адамның ерекше сапасы ретінде тұлғаның тұтастығы мен интегративтілігін дəлелдейді.
1993 жылы ЮНЕСКО-ның сессиясында интеграцияға пəнаралық байланыстың жоғарғы категориясы ретінде «өзара органикалық байланыстағы білімдердің бір-бірімен кірігуі, білім алушының ғылымды біртұтас түсінуіне қол жеткізу» деп дүниетанымдық мақсатта анықтама беріледі [15].
Философиялық сөздікте «Интеграция – əртүрлі əлеуметтік топтардың бірігуі жəне үйлесуі (таптық ықпалдастық), əртүрлі мəдени элементтердің ортақ гомогенді мəдениетте ассимиляциялануы (мəдени ықпалдастық), əртүрлі моральдық нормалардың бірігуі жəне үйлесуі (моральдық ықпалдастық) деп анықталады [16].
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «интеграция – бұл жүйе элементтері арасындағы өзара байланыстың сапалық деңгейін қайта қал пына келтіру немесе арттыру, сонымен бірге бірнеше əр түрлі жүйелерден тұтас жүйені құру» [17].
XXI ғасырдағы жоғары білім беруді сапалы жаңартудың мəні мен мақсаты кез келген мамандықты меңгеруге қабілетті бітіруші түлекті дайындау болып табылады. Білім алушыларда кəсіби міндеттерді тұтастай шешу үшін фундаменталды пəндердің əлеуетін саналы пайдалана білуді дамыту қажет. Бұл пəнаралық интеграция негізінде ЖООда оқу пəндерінің жаңа дидактикалық тұжырымдамасын жасау арқылы мүмкін болады.
Ғылымдар интеграциясы мəселесіне қатысты В.И.Вернадский «ХХ ғасырдағы ғылыми білімінің өсуі жеке пəндер арасындағы шекараны тез жойды. Біздер ғылым бойынша емес, мəселелер бойынша маманданып барамыз. Бұл бір жағынан, зерттейтін құбылысты тереңірек білуге, екінші жағынан, оны барлық көзқарас тұрғысынан кеңірек қамтуға мүмкіндік жасайды» — деп тұжырымдайды
[18].
Интеграция байланыстарды күшейту ғана емес, бұл бастапқы элементтерді өзгерту. Егер мұндай өзгерістер болмаса, байланыстардың күшеюі болмайды, ол механикалық түрде ғана бірігеді.
Ақпараттық ғасыр жеке пəндер шекарасы арқылы «секіруге» жəне пəнаралық тəсіл негізінде түсініктерді дамытуға ынталандырады. Білімді ақпараттандыру интегративті оқытудың əр түрлі технологиясы мен үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді: оқытудың транспəндік үлгісі, бірдей оқу курсындағы пəндер интеграциясын, мемлекеттік стандарт пен талап тардың интеграциясын қарастырады; оқы тудың пəнаралық үлгісі, техника, кəсіптік іс-əрекет саласы бойынша практикалық бағдарды қарастырады.
Бүгінгі таңда ересектерге білім беруді ұйым дастырудың мынадай формалары қалыптасқан: кəсіби білім беру (vocational educat ion); табысты ұйымдардың ересектеріне білім беру жəне өзінің бос уақытын пайдалану (Education for leisure); білім алу əрекеті бос уақытын дұрыс өткізудің түрі (Education for leisure); қосымша тілді үйрену; формальды емес оқыту.
Сонымен қатар ересектердің жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуының дəстүрлі, жаңа, инновациялық тұрғыдағы формалары да кездеседі. Оның ішінде, дəстүрлі формалары − кəсіби білімдік бағдарламаларды жүзеге асыратын ұйымдастырушылық-құқықтық, ғылы ми-ізденушілік мекемелер жəне оларды басқару, ақпараттық қызметтер. Бұл жүйелерде ересектерге білім беру өздігінен білім алу; əдістемелік бірлестіктер; кафедралар; цикл дік жəне бір реттік формалар (курстар, семинар, т.б.); білім беру мекемелері шеңберіндегі орталықтар; білімін көтеру; уни верситеттегі кəсібін көтеру орталықтары жəне т.б. ұйымдастурышылық формада жүзеге асырылады
Ересектерге білім берудің инновациялық фор малары мен əдістері − «кейс-стади» (нақты оқу жағдаятын пайдалану арқылы оқы ту), өзін-өзі тану мен өзін-өзі бағалаудың əдісі ретінде рефлексияны, тренингтік технологияны (іскерлік қарым-қатынас, тұлғалық өсу, т.б.), ойын технологиясы (іскерлік, имитациялық, жобалау, т.б.), проблемалық дəрістер мен тақырыптық дискуссиялар, мастер кластар.
Сонымен пəнаралық байланыстың ересектерге білім берудегі мəні төмендегідей тұжырымдалады:
• ересектерге білім беру саласының мемлекеттік-қоғамдық сипатқа ие болуы жəне пəнаралық байланыстың ересектерді оқытудың түрлері мен формаларын біріктіруі;
• ересектерге білім берудің үздіксіз білім беру жүйесімен байланыста болуы;
• қазіргі уақытта білім беру қызметінің нарқын көтеру үшін қажетті арнайы даярланған мамандардың болуы;
• ересектерге білім беру жүйесінің тұлға лық-көпмəдени аспектісін ескеру, ізгі лік, эко но микалық, саяси жəне мəдени дүние таным ды, аймақтық, демографиялық, əлеу меттік-мəдени, этикалық ерекшеліктерді адитивті жəне комлиментарлы аспектіде жүйелі қалып тастыру;
• жалпыадамзаттық мəдениет негізінде ере сектермен психологиялық-педагогикалық жұмыстың мазмұны өзіне төрт компонентті (когнитивті-ақпараттық, кəсіби іс-əрекет тəжірибесі, эмоционалды-құндылық реттуші лік жəне құндылық бағдар тəжірибесі) енгізеді.
Қорыта келгенде, қазіргі педагогикалық теория мен оқу-тəрбие үрдісінің практикасында өзіндік мəні бар өзгерістер ХХІ ғасырдың білім беру мақсатымен байланысты болатыны мəлім, бірақ та, уақыттың өзі болашақ ұрпақ алдынан қарапайым білімді меңгеруінен де күрделі өлшеусіз жаңа та лаптардың туындағанын көрсетіп отыр. Солардың ішінде ең басымды мақсаттың бірі – əр түрлі пəндік білімді өз бетімен меңгерудің тəсілдерін игеруге жəне оны өмірдің сан алуан жағдаяттарында пайдалана алатын өзінөзі дамытатын, өзін-өзі жетілдіретін жəне өзін-өзі тəрбиелейтін, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда педагогикалық феномен ретін де қоғамның дамуына байланысты өзгеріп, ғылымның дамуында ерекше орын алған пəнаралық байланыс ерекше мəнге ие.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Лемберг Р.Г. О путях формирования научного мировоззрения учащихся // Советская педагогика. – 1963. − №3. – С. 56-59.
2 Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. – Алматы: Ғылым, 1998. − 225с.
3 Зверев И.Д., Максимова В.Н. Межпредметные связи в современной школе – М.: Педагогика,1981. – 195 с.
4 Максимова В.Н. Межпредметные связи в процессе обучения. – М.: Просвещение, 1988. −192 с.
5 Чепиков М.Г. Интеграция науки. − М.:
Мысль, 1981. – 276 с.
6 Берулава М.Н. Теория и практика интеграции содержания общего и профессионального образования в профтехучилщах:
Дисс.д.п.н.13.00.01. -Бийск,1989. -309с.
7 Основы андрагогики.//Под ред. Колесниковой И.А. − М.: «Академия», 2003. − 240 с.
8 Ноулз М.Ш. Современная практика образования взрослых. /Под редакцией С.Г. Вершловского. − М., 1980.
9 Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. СПб.: Питер, 2002. − 288 с.
10 Кулюткин Ю.Н. Психология обучения взрослых. − М., 1985. – 128 с.
11 Сластенин В.А. и др. Педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. пед.учеб.
М.К. АСАНАЛИЕВ, Е.К. ЖАМЕНКЕЕВ, Ж.Ж. ЖУМАГАЛИЕВА
Казахский национальный педагогический университет им.Абая
г.Алматы, Казахстан
melis.kazykeevich@mail.ru; zhumagalieva1976@mail.ru