Мінез

Мінез
Жоспар:
1. Мінез туралы жалпы ұғым.
2. Мінез бітістері.
3. Мінездің құрылымы.
4. Мінездегі даралық ерекшеліктер мен типтілік.

1. Мінез туралы жалпы ұғым.
Адамның ісі мен қылығынан кӛрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке ӛзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп ӛмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ ӛмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не кӛпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дӛрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адам тіршілігінің ӛрісі тар, ол қоғамдық дамудан оқшау жүріп жатса (отбасынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп ӛмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Мінез ӛзгермейтін тума қасиет емес, ол ӛмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан «еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы ӛмір сүру барысында ӛмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.
Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің, адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез кӛріністерінде, оның жекеленген бітімінің қалыптасуында байқалып отырады. Нерв процестерінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі — бұлардың бәрі адамның ісәрекетіне, мінез-құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі — қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі — байсалды, парасатты болуы ықтимал.
Нерв жүйесінің типінен басқа мінезге организмнің басқа да ерекшеліктері: жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы айтылған жүйелер қызметінін бұзылуы адам мінезінің күрт ӛзгеруіне әсер етеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір түту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, ӛзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-ӛрісі кең, талабы мен мүддесінде қайшылығы жоқ, сӛз бен ісі байланысты адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылығы мен байсалдылығы. Мұндай адамдар қарым-қатынаста ұстамды және құйындай ұйтқып тұрмайды. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның ӛзінің белгілі кӛзқарасы, принципі, ӛзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіпқатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық кӛрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде кӛрінетін адам ұстамдылығының мӛлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез ӛз мәнінде болмайды. «Бойда қайрат, ойда кӛз, болмаган соң айтпа сӛз» деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге кӛзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық кӛрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Ӛйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен кӛзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні ӛте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне ӛзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары ӛзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.
Мінездің мәнерлі белгілері. Мінез тек қылық пен қимыл-қозғалыстардан ғана емес, бет-әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл адамнын жасы ұлғаюының ғана белгісі емес, ол сондай-ақ беттегі бұлшык, еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулер түнеріп жүреді, біреудің бетінен таңданған пішінді, екінші біреуден жаратпаушылықты байқауға болады. Күлімсіреудің ӛзі мінез тұрғысынан түрліше болуы мүмкін, біреу кӛзімен күлімсіресе, екінші біреу мұны бүкіл бет пішінімен байқатады. Адам мінезінің ұлы білгірі Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Кӛзі ғана күліп тұратын адамдар болады, бұлар — қу және эгоист адамдар. Кӛзсіз ауызбен күлетіндер де бар, бұлар — әлсіз, табансыз адамдар, күлкінің осы екі түрі де ұнамсыз». Л.Н. Толстой күлкінің менменсіген, уылжыған, бақытты, жарқын, салқын, қытықты, ыржалақтаған, момақан т. б. түрлерін ажыратып, айырады. Типтік мимика жеке адам ӛмірінің түрлі қалтарыстарына орай рефлекстік сипатта кӛрініп отырады.
«Кӛз — адам жанының айнасы» деген сӛз бар. Шынында да, кӛз мінез бен темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. Мәселен, Л.Н. Толстой кӛзді айлалы, нұрлы, мӛлдір, мұңды, суық, жансыз деп бӛлген.
Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар денесін шалқайта, кеудесін керіп, басын кекірейте ұстайды. Қарапайым адам кӛзге түсуді қаламайды, еңкіштеніп басын мойнына тығып жүреді. Жағымпаз адам иіліп, сӛйлескен адамына жаутаңдай қарап, мүләйімсіп тұрады, кӛз түбінен қуланған күлкі болар-болмас байқалады.
Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы, қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды. Адамның сыртқы түріне карап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе емес, ӛйткені, кейбіреулер ӛзінің жан дүниесін сыртқы жасанды қылығымен жасырғысы келеді. Мәселен, жарамсақтық кейде айлакерлік пен сатқындыкты бүркемелеп тұруы мүмкін. Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде ӛзінің нағыз бет пердесін кӛрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде, оқыс жағдайларда жиі кездеседі. Мінезді танып, білу үшін адамның сӛзі мен ісін салыстырып, оны ӛмірдін сан алуан жағдайларында байқап кӛру қажет.
Табанды, қажыр-кайратты кісі қандай кедергіні болса да жеңіп, ӛзінің кӛздеген мақсатына жете алады, осы жолда ӛз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады. Осындай мінезді адам қоғамға аса пайдалы болады, ӛйткені ол алда тұрған қоғамдық міндеттерді шешуде белсенділік қабілет кӛрсетеді.
Мінез адамның жеке ӛзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет. Кейде мінезі ауыр бір адам бүкіл ұжымға қырсығын тигізетін кездері болады. Осындай адамның әлегінен ұжымда тартыс, қайшылықтар туады, ӛсек ӛріс алады, бұл қалған адамдардың жұмысына, кӛніл күйіне жаман әсер етеді. Мұндай жағдайлар жанұяда да кездеседі. Керісінше, ақ кӛңіл, жайдары адамдар айналасындағылармен сыпайы, жолдастық қарым-қатынаста болады, жұртпен оңай шүйіркелеседі, жұмыста да, тұрмыста да бір-біріне ілтипатпен қарап, әр адамның қызметі мен дем алысына қолайлы жағдай туады.
2. Мінез бітістері.
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс кӛзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т.б. жаткызуға болады. Типтік мінездің кейбіреулері:
1) Отан сүйгіштік кісінің бойындагы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір жуып, кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы — оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сӛздерінің небір дәмді ой түйіндерін осыған бағыштаған. Мәселен М. Әуезов: «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ» десе, Баубек Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш» деген ғой. Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң — отан қымбат… туып ӛскен елің қымбат, кіндік кескен жерін, қымбат» деп келетін аталы сӛздерін де қалай еске алмассың!
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) — бұл адамның ӛз мінезқұлқын кӛздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны ӛзінің ұстаған бағытбағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну — ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік — тек бір іспен ӛнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі ӛзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік кӛрсетеді, әрбір ісін түпкі кӛздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Мақсаткерлік — асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен арманы шындыкқа сәйкес келген адам ғана келешектін құшағында ӛмір сүре алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. «Үміт ӛрге тартады, үмітсіздік кӛрге тартады, үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп кӛрмеген жан»,- дейді, батыр ағамыз Б. Момышұлы.
3) Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үйіші, әке-шеше, туматуысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде ӛзін әлпештеп, адам етіп ӛсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің деңгейі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы — жаман деп бағалау ар мен ұятка келіп тіреледі. Ӛз қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу — адамға үлкен қуаныш, шабытжігер, қанағат әкеледі.
4) Мейірімділік пен ізгілік. Егіз қозыдай осы екі қасиет-басқаларға (әкешеше, ағайын, туыс, таныс т. б.) коңіл болу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен ӛзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. «Мейірімділік,- деп жазды К. Бови,- мылқаулар сӛйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл». Ӛте тауып айтылған сӛз. Әрине, бізде ылғи адамға кӛмектесуге жағдай бола бермейді, уақыт та жетпей жатады. Ал айналаңдағы адамдар, әсіресе, егде тартқандар, ӛзіне коңіл аударғанды ерекше бағалайды. «Ең үлкен сән-салтанат,- деп жазды Экзюпери — адамдардың қарым-қатынасының салтанаты». Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің кӛрінісі. Ізгілік — адам біткенді сүйе беру секілді күйректік, кӛңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды.
5) Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан кісінін жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам — адал. Адалдық – сӛздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық-адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетті болу — еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс кӛзбен қарау, инабатты, тіршілікте тиянақты, принципті болу деген сӛз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық етіп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Кӛзқарас пен мінездегі түрлі жалған кӛріністер (екі жүзділік, жарамсақтық, жалтақтық, күншілдік, іштарлық, мақтаншақтық, тәкаппарлық т. б.) нағыз адалдық, шыншылдықпен еш сыйыса алмайды.
6) Достық. Бұл ортақ кӛзқараспен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан ӛткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға ғана тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі — ӛте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сӛз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, ӛзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, кайғы мен қиыншылықта ӛзара қол ұшын беру, ӛз ара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін. Мәселен, олардың бірінде қызбалық не шабандық, тұйықтық не жігерсіздік т. б. мінез кемшіліктері кездесетіні болады. Бірақ достыққа бұлар кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос бойындағы осындай кемшіліктерден арылуға кӛмектеседі. Әрине, сатқындық, екі жүзділік, ӛтірікшілік, тәкәппарлық, ӛзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдырсалақ адам да бір-бірімен дос болып кӛгермейді. «Дос болма майда тілді күлгенменен, бимағына сырты жылтырап жүргенменен», — дейді Шал ақын.
3. Мінездің құрылымы.
Мінез – бір-бірімен қатынас байланысы бар адамдардың қасиетінің жүйесі, тұтас құрылым болып табылады.
Мінез құрылымындағы сенім. Қалыпқа түскен, адамгершілігі айқындала бастаған мінездің негізгі компонентіне сенімділік жүйесі кіреді. Сенімділік адам мінез-құлқының принциптілігімен, күресте бас имейтіндігімен анықталады.
Мінез құрылымындағы қажеттілік пен мүдде. Қажеттілік пен мүдденің басымдылығына қарай адамның ӛзіндік мінезі қалыптасады. Қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында біреу тек құлқыны үшін ӛмір сүреді, енді біреу ӛмір сүру үшін тамақ ішеді. Дүниеқор адамдар да болады, олар тек дүние жинау үшін ғана ӛмір сүреді, бұл олардың рухани, адамгершілік дүниесін жұрдай етеді: топтастықты, сараңдықты, күншілдікті арттырады.
Мінез құрылымында еңбек ету қажеттілігінің, қоғамдық мүдденің басым болуы — адам мінезінің белсенділігі мен тұтастығын және қоғамға пайдалылығын кӛрсетеді.
Мінез құрылымындағы интеллект. Адамда байқағыш, жазбай танитын қасиеттің болу-болмауы, ӛзгермелі ортаны тез бағдарлауға мүмкіндік беретін орамды ақылдың немесе оған керісінше, оралымсыздық пен баяулықтың тән болуы, адамның құбылыстарды терең талдай алуы, не мәселеге үстірт қарауы — осының бәрі-бәрі жеке адамды сапа жағынан сипаттайды.
Мінез құрылымындағы ерік. Қалыпқа түскен ұнамды мінездің ӛзегі — жеке адамның ерік-жігерлілік сапасы болып табылады. Ерік-жігері күшті адам талаптілектерінің және кылықтарының аныктылығымен, ӛз бетінше әрекет ете алушылығымен кӛзге түседі. Ол кӛздеген мақсатына жетуде табанды және батыл. Адамның жігерсіздігі, әдетте, мінездің ынжықтығымен орайлас келеді. Тіпті білімі мол, жан-жақты қабілетті адамның ӛзі де егер жігерсіз болса, сыртқы жағдайлардағы және ӛзінің ішкі жан дүниесіндегі бар мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алмайды. Ерік-жігердің бекуімен бірге мінез орнығады.
Мінез құрылымындағы сезім. Сезім дегеніміз — әлеуметтік және табиғи ӛмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Мінез туралы сӛз болғанда жеке адамның эмоциялық қасиеттеріне де назар аударылады. Бұлай ету орынды да адам ӛзін сезім арқылы да ашады.Адамның нені сүйіп, нені жек кӛретіндігі, қандай нәрсеге салғырт қарайтындыгы оның шын мәніндегі ӛмірлік позициясын білдіреді.
Әлеуметтік ӛмір жағдайларына байланысты қалыптасқан мінез ерекшеліктеріне орай адам шынайы құрылыстарға жан-тәнімен құмарта немесе талдап селқос қарауы, жоғары дәрежедегі саяси моральдық, эстетикалық, интеллектік сезімге ие болуы немесе керісінше, жұпыны сезімді болып, ұстамсыздық, дӛрекілік, долылық (аффект) кӛрсетуі мүмкін.
Мінез құрылымындағы темперамент. Мінездің табиғи негізі — жоғары нерв қызметінің типтерін кӛрсететін темперамент болып табылады. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының кӛтеріңкі — тӛмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайға жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды.
Бірақ темпераменттер психикалық қасиеттердің басқа жақтарымен де байланысып жататындығын және бір жағының, осы қасиетке — темпераменттің кей кӛріністерін әлсіретіп, бүркемелейтіндігі, екінші жағынан, ӛмір талабына сәйкес оны күшейте алатынын, сондай-ақ бұрын қалыптасқан әлеуметтік бағдармен моральдық ұғым, әдеттерге де тәуелді болатынын есте ұстаған абзал. Қалыптасқан әдетпен дағды, мінез бітістері темпераментке әсер етеді. Мінезқұлықты ӛзгертеді. И.П.Павлов керенау флегматиктерден белсенді флегматиктерді ажыратқанда осы жағдайды ескерген болса керек. Бұл айтылғанның сангвинктерге де қатысы бар, бұлардың бірі істе белсенділік кӛрсетсе, екіншілері әбігер, бос сӛзді, той-даңазаға құмар келеді, флегматикпен сангвиниктердің, осы айтылғандардың мінез-құлықтары бәрінен бұрын олардың мінез бітістеріне тәуелді болып келеді.
4. Мінездегі даралық ерекшеліктер мен типтілік.
Мінез иесі болып табылатын жеке адам — қоғамның мүшесі, ол қоғамда түрлі қарым-қатынасқа түсіп отырады. Қоғамның мүшесі ол таптық қоғамда — таптың ӛкілі бола отырып, жеке адам қоғамның, таптың басқа мүшелері сияқты белгілі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға тәуелді болды. Мұндай жағдайлар мінездің жалпы типтік бітістерін қалыптастырады. Адамдар мен нақты адам мінезіндегі типтік бітістер — дәуір мен таптың әлеуметтік ӛміріндегі маңызды жайттарды бейнелендіреді.
Олай болса, типтік мінезді белгілі адамдар ортақ басты-басты бітістер деп ұғынған дұрыс. Мұндай негізгі бітістер ӛмірдің жалпы жақтарын бейнелендіреді және сол топтағы адамдарда кай-қайсында болмасын азды-кӛпті кӛрініс береді. Сӛйтіп, типтілік бір жағынан, нақты адамның даралығын, екінші жағынан, сол адам экономикалық, саяси және мәдени байланысқа түсетін басқа адамдарды да сипаттайды.
Мәселен белгілі бір ұлттың адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан ӛмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың ӛзіндік ерекшеліктерінен нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды. Сондықтан да бір ұлттың адамдары ӛздерінің түрмыс салты, әдет ғұрпы, мінез бітістері жагынан басқа ұлт ӛкілдерінен ерекшеленіп тұрады.
Бірақ ұлттың ӛмір сүру жағдайлары ӛзгерген кездерде — ұлттық мінездегі типтік бітістер де ӛзгеріске түсіп отырады.
Типтік мінез бітістерінің ұлттық ӛзгешеліктерімен катар тап ӛкілдерінің күресі мен ӛмірін бейнелейтін типтік мінездің ерекшеліктері туралы да айтылуы қажет.
Ӛмір сүрудің жалпы экономикалық, саяси және мәдени жақтарымен қатар адамның мінез-құлқына сәуле түсіретін оның іс-әрекетінің жалпы жақтарын да естен шығармауымыз тиіс. Осы айтылғандармен катар адамның табиғи құрылымында да мәселен, жоғары жүйке қызметінің де типтік ерекшеліктерінде ортақ белгілер кездеседі.
Типтік және мінез типтері. Адам ӛмірінің типтік жағдайларын бейнелейтін ерекше, елеулі типтік бітістердің жиынтығы мінез типін құрайды. Әр әлеуметтік дәуір қоғамдық аренаға белгілі типтік мінезді әкеледі. Мінез типтерінің қай-қайсы да қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына карай ӛзгеріске түсіп отырады
Мінез типі — біршама тұрақты құрылым, бірақ ол сонымең ӛзгермелі де келеді. Адамның ӛзіне-ӛзінің талап қоя білу деңгейі, қоғам қажеті мен тәрбие, ӛмір жағдайларының ықпалымен мінез типтері дамып және ӛзгеріп жатады. Мінез типтерін зерттеу оларды жіктеуге, олардың қалыптасуы мен кӛріністерінің белгілі бір заңды байланыстарына әкеледі. Мұндай жіктеудің болмауы — жеке типтерді сипаттаудың кездейсоқтығына, үстірт кӛзқарасқа соқтырады да оның теориялық және практикалық мәні елеусіз болады.
Психологияда мінезді жіктеуге талай рет талпыныс жасалды. Мәселен, осындай бір жіктеуде мінез типтері адамның ақыл-парасаты, еркі мен эмоциясының басымдығына қарай анықтаған. Жеке адамның ішкі және сыртқы дүниеге деген бағытын негізге алған жіктеу кеңірек тараған. Бұл тұрғыдан мінез екі типке — интраверттелген (тұйық, ӛзімен ӛзі болып жүретін ойшыл), экстраверттелген (аңқылдақ, белсенді, ақжарқын адам) болып бӛлінеді. Бұл типтер де шындықты бейнелендіреді, бірақ бұл жіктеулер де бір жақты.
Ақырында жеке адамның дербестік дәрежесіне орай типтерге бӛлу де бар. Мұнда типтер конформды және дербес болып бӛлінеді. Мұның біріншісіне — басқа біреудің ой-пікірімен санасқыш, жұрттың айтқанына тез иланып, кӛне қоятын, айтқан сӛзді сынамай-ақ қабылдайтын, стресс жағдайларына бейімделе алмайтын адамдар жатады. Екінші типке — ӛзіндік нанымы бар дербес пікір және нақтылы шешімге келе алатын адамдар кіреді. Осы типтің ӛкілдері белсенді, қажырлы, қиын жағдайларда асып-саспайтын, ӛз пікірін басқаларға тыңдата алатын, стрестік жағдайларда еңсесі түспейтін кісілер болып табылады. Жоғарыда аталған жіктеулердің барлығы да бір жақты, бұларда жеке адамның адамгершіліктік қасиеттері ескерілмеген.

Тақырып бойынша пысықтау сұрақтары
1. Мінез дегеніміз не?
2. Мінездің қалыптасуына ықпал етуші факторларды атаңыз?
3. Типтік мінез дегеніміз не?
4. Мінезді тәрбиелеудің жолдары қандай?
5. Жас сатыларына байланысты мінез ӛзгеруін қалай түсіндірер едіңіз

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, — 303б.
2. Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.
3. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., 630с.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том — 491с.
6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
7. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі», 2005ж.,1-5т. 1 т. — 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.,
8. Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері Алматы, «Дәнекер», 2001ж., -293б.
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., -345с.
10. Рувинский Л.И., Хохлов С.И., Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек Алматы, «Мектеп» 1989ж., -150б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *