Ес және елестер

Ес және елестер Жоспар:
1. Ес туралы ұғым
2. Ес туралы теориялар
3. Естің түрлері
4. Естің процестері
5. Естің дара және типтік ерекшеліктері
6. Елестер және оның түрлері

1. Ес туралы ұғым.
Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі.
Ӛмірге келген күннен бастап әрбір адамның бойына біткен кӛптеген қабілеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі – қажет кезінде алған әсерлерін есте сақтау мен қайтадан айтып бере алу мүмкіндігі болып табылады. Бұл қабілет есте сақтаудың қызметін құрайды. Есте сақтау, қабілетінен, айрылған адамның кім болып шығатынын білу үшін, есте сақтаудың орасан зор, ешнәрсемен салыстыруға болмайтын мәнін елестетсек те жеткілікті. Себебі есте сақтау қабілеті жоқ адам (мұндай жайлар кездеседі, бірақ олар аурулар деп есептелінеді) ӛзіне басқа адамдар арқылы берілген, кітаптарда, ӛнер мен мәдениет туындыларында жинақталған қоғамдық тәжірибені игере алмаған болар еді. Ӛл ӛзінің жеке тәжірибесін де жинақтай алмас еді. Ол әрбір жаңа күнді «ақ қағаздай» мӛлдір жанымен қарсы алған болар еді. Ол ешнәрсеге үйрене де, ешнәрсені игере де алмаған болар еді. Ол күнделікті кездесетін заттарды, айтылған сӛздерді, табиғат құбылыстарын, жаңа туған нәрестеге тән бейқамдықпен, ешқандай әсерленіп, ойланбастан қабылдап, оларға кӛңіл қоймаған болар еді. Ойда сақтап қалудың, қабылданған материалды сақтау мен қайтадан калыбына келтіру процестері есте сақтап қалу процесінің үш бӛлімін құрайды. Адамның есінде нені және қалай сақтап қалуы мен нені айтып бере алуы нені және қалай есте ұстап қалуына байланысты болғандықтан, бұл бӛлімдер ӛзара байланысты және ӛзара шарттас болады.
Адам ӛмірінде естің маңызы орасан зор, ӛйткені онсыз ешбір іс-әрекет болмаған болар еді. И. М. Сеченов ес болмаса, біздің түйсіктеріміз бен қабылдауларымыз пайда болған бетте ізсіз жоғалып, адам мәңгі бақи жас нәресте қалпында қалар еді деп кӛрсетті. Ес болмаса, адам кім болар еді? Онда адам оқи да, еңбек те ете алмай, тіпті қарапайым дағдылардың ӛзін игеруге шамасы келмес еді. Қейбір психикалық ауруларға ұшырағанда естің терең зақымдануы байқалады. Мұндай аурулылар ӛздерінің қай жерде тұрғанын есінде сақтай алмайды, немен шұғылданғанын білмейді, олар кітап бетін оның мазмұнын есте қалдырмастан қайта-қайта оқи береді.
Есте сақтаудың табиғаты мен механизмін білуге құштарлық ӛте ерте кезде пайда болған. Ежелгі Грецияның біздің эрамыздан 4 ғасыр бұрын ӛмір сүрген ұлы философы – Аристотель есту жұмысы туралы арнайы еңбек жазған болатын. Осыдан бері ғалымдар адамның осы бір таңғажайып қабілетін түсіндіруге сан рет ат салысты. Алайда оны нағыз ғылыми тұрғыдан түсіндірудің мүмкіндігі басқа — ғылымдардың, атап айтқанда, жоғары нерв қызметі физиологиясының – адам миы мен оның қызметі туралы ілімінің дамуына байланысты туды. Бірақ біз жауап бере алмайтын сұрақтар күні бүгінге дейін кӛп.
И.П.Павловтың адамдар мен жануарлардың ми қыртысында уақытша нерв байланыстарының – ассоциациялардың пайда болу заңдары туралы ілімі биология ғылымының, атап айтқанда, жоғары нерв жүйесінің қызметінің физиологиясының аса маңызды табысы болды.
Естің негізінде ассоциациялар немесе байланыстар жатады. Ақиқат дүниедегі бір-бірімен байланысты зат немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Бір нәрсені еске сақтау — оны байланыстыру деген сӛз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетесек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бӛлегін тудыруға себеп болады.
Ассоциациялардың іргелестік, ұқсастық және қарама-қарсылық деген үш түрі бар.
1) Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жӛніндегі елес ӛзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады. Мәселен, Республика алаңы Желтоқсан оқиғасын қоса туғызады.
2)Ұқсастық жӛніндегі ассоциация ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді, оның біреуінің аталуы екіншісін еске түсіреді. Мысалы, мұғалім география сабағында оқушыларды Австралия порттарының аттарымен таныстырып тұрып олардың біреуінің аты Аделаида деген әйел атына ұқсас екенін айтады, сӛйтіп есте сақтауды жеңілдететін ұқсастық ассоциациясын жасайды.
3)Қарама-қарсылық ассоциациясы қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады. Мәселен, шӛлейт аймақ ерекшелігі орманды аймақпен қарама-қарсылықта есте қалады. Сол сияқты қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не құбылысты еске түсіреді. (Ақ пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тымтырыс т. б.).
Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекстер теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу үрдісінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім – естің физиологиялық теориясы деп аталады. Осы теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша нервлік серпілістер нейрон арқылы ӛткенде ӛзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп аталады. Қазіргі кезеңдегі нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі нерв қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде.
2. Ес туралы теориялар.
Психология есті органикалық функция ретінде ӛте ертеден бастап қарастырған және бұл функцияның физиологиялық негіздерінің ашылуына ерте қол жеткізді. Э.Мейманның айтуынша дәстүрлі психологияда ес кӛп жағдайда физиологиялық функция ретінде зерттеледі және психологтар есті ӛте ерте кезден бастап органикалық материяның жалпы қасиеттеріне жақындата бастады.
А.Семон естің органикалық негіздерін белгілеу үшін ерекше «мнема» терминін енгізді, бірақ психологиялық және физиологиялық түсініктердің жақындауы кезінде әдеттегідей, ол ӛзі сол түсінікті бір рухани функция немесе идеалистік түсінік ретінде қарастыра бастады. Бірақ «мнема» сӛзімен бәрінен де жақсы мидың және нерв ұлпаларының түрлі қасиеттеріне байланысты кӛрініс беретін, естің органикалық функцияларының бірлігін атау. Бұл мағынада қазіргі кездегі кӛптеген психологтар мнема немесе мнемикалық функция дегенде естің жаратылыстық жағын бӛліп кӛрсетеді.
А.Берсон атақты материя мен ес жайлы зерттеуінде екі түрлі ес бар деген тұжырымға келді: олар – ми есі және жан есі, бұлардың әрқайсысы ӛз заңдылықтарына ие.
Есті іс — әрекет ретінде зерттеудің негізін француз ғалымдары, жекеше айтқанда Жан Пиаже қалаған. Ол алғашқылардың бірі болып, есті материалды еске сақтау, ӛңдеу мен сақтауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіре бастаған. Психологияның франциялық мектебімен барлық ес үрдістерінің әлеуметтік шарттанғандығы және естің адамның практикалық іс — әрекетіне тәуелді болатындығы дәлелденді.
Кеңес психологиясында бұл концепция жоғары психикалық функциялардың пайда болуының мәдени – тарихи теориясында жалғасын тауып, дамыды. Ес дамуының фило және онтогенездік кезеңдері бӛлініп кӛрсетілді. Естің іс — әрекеттік теориясы бойынша әр түрлі елестер арасындағы ассоцияциялар – байланыстардың түзілуі, сондай – ақ материалдың еске сақталынуы және қайта жаңғыртылуы адамның осы мнемикалық ӛңдеу үрдісінде, ол материалмен не жасайтындығымен түсіндіріледі.
Естің филогенетикалық дамуын түсінуге П.П. Блонский айтарлықтай үлес қосты. Ол ересек адамда бар естің түрлері оның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлері болып табылады және оларды соған сәйкес ес кемелденуінің филогенетикалық деңгейлері деп санауға болады деген ойды айтып әрі қарай дамытты. Бұл естің келесі кезектілігіне қатысты: қозғалыстық, аффективтік, бейнелі, логикалық. П.П. Блонскийдің айтып негіздеген ойы — адамзаттың даму тарихында айтылған ес түрлері бірінен кейін бірі пайда болған.
Бейнелі естің бастауы адам ӛмірінің екінші жылымен байланыстырылып, бұл естің түрі ӛз дамуының жоғары нүктесіне жастық шақта жетеді деп саналады. Барлығынан ерте – 6 ай шамасында аффективті ес кӛрініс бере бастайды, бірақ уақыт бойынша ең біріншісі моторлы немесе қозғалыстық ес, генетикалық жоспарда ол барлық естен тұрады.
Адам есінің тарихи дамуын Л.С. Выготскийдің қарастырған кӛзқарасы басқаша болды. Оның пікірінше, филогенездегі адам есінің кемелденуі басты түрде еске сақтау құрамдарын жақсарту мен мнемикалық функциялардың адамның басқа да күйлері мен психикалық үрдістерімен байланысын ӛзгерту жолымен жүреді. Сӛйлеудің әр түрлі формаларының арқасында (ауызша, жазбаша, сыртқы, ішкі) адам ӛз есін еркіне қабілетті етіп, есте сақтауды саналы түрде басқарып, материалды сақтау мен қайта жаңғырту үрдісін басқара алатын болады.
А.Н. Леонтьев балалық жасындағы тікелей және жанама еске арнайы зерттеулер жүргізген. Ол тікелей есте сақтау – мнемикалық үрдісінің уақыт ӛте келе жанамаланғанмен ауысатындығын экспериментальды түрде кӛрсеткен. Бұл баланың кемелдендірілген ынталар – материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды меңгеруге байланысты орын алады. Ынталардың дамуының ӛзі келесі заңдылыққа тәуелді болып табылады: олар алғашында сыртқы болса (мысалы: есте сақтау үшін әр түрлі заттарды қолдану, қол саусақтарын т.б.), кейіннен ішкіге айналады (мысалы: сезім ассоцациясы, елестеу, бейне, ой). Мағыналанған материалды еске сақтауды зерттеген кеңестік және шетел зерттеушілерінің еңбектерін салыстырып талдағанда шығатыны – шетелдік зерттеулерде материал сипаттамасына кӛп зейін бӛлінсе, кеңес зерттеулерінде сол материалдың ӛңделу сипаттамасына кӛп кӛңіл аударылады, соған байланысты логикалық ес мәселелері кеңестік психологияда тереңірек зерттелген.
Есті бүгінгі таңдағы психология ғылымы тұрғысындағы зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған – есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер болып саналады.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеле отырып, осы тұрғыдағы зерттеулер мен кӛзқарастар кӛптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдаудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы кӛптеген теориялар басты мәселе етіп сол күйінде объектіні немесе субъектіні алады.
3. Естің түрлері.
Ес мынадай түрге бӛлінеді.
1) Қимыл — қозғалыс есі дегеніміз — адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, машина жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады.
2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: «Сіз бастан ӛткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда ӛтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды.
3) Сӛздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сӛз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі кӛбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сӛздіклогикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Ӛткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.
4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға кӛмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніпақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған.
Іс жүзінде естің әр түрі ӛзара байланысты болып келіп, кез-келген әрекет проңесінде белгілі бір материал екі және одан да кӛп ес түрінің кӛмегімен есте сақталады.
Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік ес. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығын кӛрсетіп отыр. Қажетті материаалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, оны қалайда жадында қалдыруды мақсат етеді. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді. Қысқа мерзімдік естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты кӛрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдына қойған мақсатымен айқындалады. Естің бұл түрі қысқа мерзімдік еспен ұзақ мерзімдік естің аралығындағы уақытты алады. Мәселен, оқушы тексті кӛшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сӛздер, сӛз тіркестерін кӛшіру) орындайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып табылады.
Қысқа мерзімдік ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда кӛрініс береді. Мысалы, кей оқушы материалды сабақта немесе емтиханда қайта жаңғырту мақсатында ғана оқиды да жауап беріп болған соң бірден ұмытады. Ұзақ, мерзімдік ес жаңа материал ұзақ уақыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда кӛрініс береді.
Есті қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік деп бӛлудің дұрыстығы күнделікті ӛмірден де байқалады. Бір-ақ рет сӛйлесуге қажетті телефон нӛмірін біз бірнеше минут қана есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкің. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген телефонның нӛмірі есте берік сақталып қалады.
Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам кӛп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады.
Генетикалық есте хабар генотипте сақталып, тұқым қуалау арқылы беріліп, қайта жаңғыртылады. Бұл ес түрінде мутациялармен, солармен байланысты гендік құрылымдардағы ӛзгерістер хабарды есте сақтаудың негізгі биологиялық механизмі болып табылады. Біз оқыту мен тәрбиелеу арқылы әсер ете алмайтын адам есінің жалғыз түрі – бұл генетикалық ес.
Кӛру есі кӛрген бейнелерді сақтау мен қайта жаңғыртумен байланысты. Бұл естің түрі қандай болмасын маманданған адамдар үшін және инженерлер мен суретшілер үшін ерекше қажет болып табылады. Бұл естің түрі қиялға қабілеттілікпен байланысты. Бұл жерде есте сақтау мен қайта жаңғырту осыған байланысты; адам нені кӛру арқылы елестете алса, әдетте соны жақсы есте сақтап қайта жаңғыртады.
Есту есі – алуан түрлі дыбыстарды, мысалы: музыкалық, сӛздік жақсы есте сақтау және тура қайта жаңғырту. Ол филологтар, шет тілімен айналысатындар, акустиктер мен музыканттар үшін ӛте маңызды.
4. Естің поцестері.
Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат ӛзінен-ӛзі есте сақталғандай болады. Жеке ӛмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бӛлінеді.
Механикалық есте сақтау кӛп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бӛлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген. Мағыналық есте сақтау тезірек және тұрақтырақ болып табылады. Кейде тек қана мағыналық есте сақтау жеткіліксіз болып, мағыналылық та, механикалық та есте сақтауды пайдалану, яғни мағлұматты түсінген соң оны кеп рет қайталау (ӛлеңді, шет ел сӛздерін, белгілі күндерді т. б. есте сақтағанда) қажеттілігі туады. Оқыту процесінде механикалық есте сақтауға сүйенбей ӛту мүмкін емес.
Оқу материалын есте жақсы сақтау үшін мағыналы есте сақтау тәсілдерін пайдаланады. Бұл тәсілдсрді мектеп оқушыларына үйрете отырып, материалды қалай топтастыру, қалай бӛлшектеу, бӛлшектердің арасын қалай байланыстыру, мәтін бӛлімдеріне тақырып бере отырып, мағыналы тірек пункттерін қалай ерекшелеу қажет екенін кӛрсету керек.
Есте сақтауды схема, кесте, диаграммалар (әсіресе оларды оқушылардың ӛздері құрастырған болса) жеңілдете түседі. Формулалар, даталар, есімдср, шет тіл сӛздері т. б, жаттауды басқаша үймыдастырған жӛн. Шет тіл сӛзін жаттағанда оның мәнін түсініп қана қоймай, оның ана тіліндегі қай сӛзге сай келетінін де, белгілі тәртіппен орналасқан дыбыстар мен әріптердң үйлесімі екенін де есте сақтау керек.
Есте сақтауды жеңілдету үшін сездерді мазмұнына, ортақ түбіріне немесе дыбыстық жағынан ұқсастығына қарап топтастыруға болады. Жаңа сӛзді бұрыннан таныс сӛзбен салыстырып, олардың маңызы, дыбыстық жәнс әріптік құрамы жағынан болатын ұқсастығын, айырмашылықтарын тауып отыру да мақсатқа сияды. Кейде сездің қай әріптен басталып, қандай буынмен аякталатынын, кітап немесе сӛздіктің қай жерінде басылғанын есте сақтау сияқты сыртқы ассоциациялар жасауға да болады.
Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бӛлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің ӛздігінен, кӛбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын — ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз — бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту — әдейілеп еске түсіру. Оған адам ӛзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі — ми қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздердің жандануы. Қайта жаңғырту кезінде іздерді жандандыру ассоциациялар негізінде ӛте алады.
Тану. Қайта жаңғыртуды тану процесін ажырату керек. Тану – қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану — бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде кӛрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде кӛрінеді. Мәселен, біреулер бұрынғы кӛргенін бірден қиналмай толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды үшінші біреу шала таниды, ал тӛртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамның кӛзі тӛселіп үйренген, ӛмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателердің кӛбі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың ӛзі алғашкыда зер салып, жӛнді қабылдай алмаудан болады. Мәселен, адам алғашқы рет бір жерге келгенде (бұрын кӛрмесе де) оған кӛп нәрсе таныс, ӛзі бұрын осында болғандай кӛрінеді. Мұндайда ол ертеде ұшырасқан нақты бір жағдайды қазіргі кездескен жағдайға ұқсатады.
Ұмыту процесі — есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Ӛмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына кӛп кӛмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді.
Ұмыту түрліше жағдайларда кӛрінуі мүмкін. Бірде ұмыту объектіні әдейілеп еске түсіруге, не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде объектіні қате тану, не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Егер біз бұрын есте қалған нәрселерді есімізге түсіре алмасақ, бұрынғы қабылдағандарды тани алмасақ бізде ұмытудың болғаны. Ұмыту бірнеше себептерге байланысты.
1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады.
2.Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез ұмытылады.
3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу.
4. Қайталау мен жаттығудың болмауынан және кеш ұйымдастырылуынан болады.
5. Материалдың керексіз болуы.
6. Адамның миына зақым келсе оңың ойлау қабілеті бұзылып, тез ұмытады.
Ұмыту нерв қызметінің күйіне байланысты. Нерв жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық күшті болады. Нерв жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездеседі. Мәселен, белгілі жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В. Скотт ӛз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Адам миына зақым келуден еске түсіре алмауды ғылымда амнезия құбылысы деп атайды. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, ӛшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған құбылыстар бір кезде жаңғырып, еске түседі. Материалды оқыған бойда (кӛлемді, күрделі түрлерін) бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ бұлар екі-үш күннен кейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды.
Мәселен, адам ӛзінің жақсы меңгерген тілін, аурудың салдарынан мүлдем ұмытып қалып, кейін жазылған соң қайта сол тілде сӛйлей алады. Осы орайда уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту – нерв жасушаларындағы тежелу үрдістерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бӛгет болса, оқу процесінде яғни ӛткен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының тӛмендеуіне әсер етеді, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бӛгет болса ретроактивті тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір – біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі.
Айтылған құбылыстардың табиғатын білудің үлкен педагогикалық мәні бар. Ӛткен шығармадан кӛлемді, мазмұны ұқсас шығарманы жаттағанда, олардың басы мен аяғы есте жақсы сақталып, орта жері тежелуге ұшырайтындығы кӛрініп отыр. Мұғалімдер мұндай тежелулерді оқушыларда болдырмау үшін, сабақ кестелерінде ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қадағалап, әр жастағы оқушылардың үй тапсырмаларының нормасы қатаң сақталынып, оқу әрекетін үнемі түрлендіріп отырулары керек.
5. Естің дара және типтік ерекшеліктері.
Ӛмір сүру қызмет атқару барысында нерв жүйесінің ерекшеліктеріне қарай адамда естің даралық және типологиялық ерекшелігі қалыптасады
Естің даралық ерекшеліктері. Естің даралық ерекшеліктері біріншіден, жеке адам ерекшеліктерімен байланысты болады. Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Естің жақсы сапаларының бірі — даярлығы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді. Сондай-ақ кӛп нәрсені миына тоқи алатын, есінің ӛрісі кең адамдар да болады. Біреулер кӛзбен кӛргенді, енді біреулер құлағымен естігенді жақсы қалдырады.
Тіпті есі жақсы адамдар да бәрін бірдей есте сақтамайды да, есі нашарлар бәрін бірдей ұмыта қоймайды. Бұл естің таңдампаз сипатымен түсіндіріледі. Адамның мүддесі мен қажеттілігіне сай нәрселерді ес тез де берік ұстайды. Екіншіден, даралық айырмашылық ес сапасынан кӛрінеді. Ес сапасы есте ұстау шапшаңдығы, сақтау беріктігі және қайта жаңғырту жеңілдігімен сипатталады. Егер жақсы ес бірден есте сақтау және баяу ұмытудан кӛрінсе, нашар ес, керісінше, самарқау сақтау және тез ұмытумен айрықшаланады.
Бірақ ес бір жағынан жақсы, екінші жағынан нашар бола береді. Естің жеке сапалары түрлі үйлесім табуы мүмкін.
1. Ең тәуірі – бірден есте сақтау мен бірте – бірте ұмытудың үйлесуі. Ес ерекшелігі осындай адамдар материалды бірден есте сақтайды; бір рет тыңдалып немесе оқылған материал берік және ұзақ сақталады, қажет кезінде оңай да толық және қатесіз қайта жаңғыртылады.
2. Есте самарқау сақтау бірте – бірте ұмытумен үйлеседі. Есінің сапасы мұндай адам бір нәрсені жаттауға кӛп уақыт жұмсауы – бірнеше рет оқуы, кесте жасауы, ӛзіне — ӛзі әңгімелеуі керек. Бірақ олар есте ұстаған соң материал ұзақ уақыт берік сақталады және дәл жаңғыртылады.
3. Бірден есте сақтау тез ұмытумен үйлеседі. Ес сапасы осындай адамдар материалды «тез қағып алып», есте сақтайды. Мұндай адамдар тыңдай салып немесе бір – ақ рет оқып шығып, мысалы, сабақ соңында материалды толық және қатесіз қайта жаңғырта алады. Бірақ, аз уақыттан соң, тіпті екі күннен кейін – ақ оның кӛбін ұмытып, жобалап, қате араластырып жаңғыртады. Бұлай болу себебі мұндай адамдар есте бірден сақтайтындығын қанағат тұтып, қайталауға уақыт бӛлмейді, бәрін білемін деп есептеп үйде ауызша тапсырмаларды әзірлемейді. Тез ұмыту салдарынан ес жеміссізденеді. Ес сапасының мұндай үйлесімі жағдайында материал қайталаусыз – ақ жаңғыртылса да қайталап жаттау қажет. Қосымша қайталаулар есте ұзақ және берік сақтауға жеткізеді.
4. Ең жеміссіз ес самарқау сақтап, тез ұмытумен сипатталады. Есі осындай адамдар жаттауға кӛп уақыт жұмсайды, бірақ қажетті нәтижеге жете алмайды. Олар толық және дәл жаңғырта алмайды, материалды тез ұмытып қалады. Бұл білімдері үзік – үзік оқушыларға тән (үзілістер ауруға байланысты, ұзақ уақыт сабаққа келмеуден немесе басқа себептен болуы мүмкін), ӛйткені жүйелі білімнің жоқтығы қажетті бірлестіктердің орнауына бӛгет болады. Кей жағдайларда ес мидың ауруға шалдығуының нәтижесінде де нашарлап кетеді.
Ес ерекшеліктері осындай оқушылар тиянақты кӛмекті қажет етеді. Оларды жаттау мен қайталауды дұрыс ұйымдастыра отырып, естегі кемшіліктерді жоя білуге үйрету керек. Балаларға мұны қалай атқаруды тікелей жаттау үстінде нақты кӛрсетіп отыру қажет. Естің тӛмен нәтижелілігі кейде жаттауды тиімді ұйымдастыра алмаудан, ой елегінен ӛткізбей тек механикалық есте сақтауды қолданудан да болады. Мұның тез ұмытуға әкелетіндігі белгілі. Материалды есте сақтауға үйрете отырып, ес әрекетін едәуір жақсартуға, соның нәтижесінде оқу үшін маңызды қабілеттің бірін дамытуға болады.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. Оларды тӛмендегіше жіктеуге болады:
1)Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын кӛпке дейін ұмытпайтын оқушылар.
2)Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар.
3)Есінде қалдыруы тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар.
4)Есіне киналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар.
Бала есінің сапасы тӛмен болуы кӛптеген себептерге байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабақтан кӛп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі орындап отырмайды,
Естің даралық айырмашылығы кейбіреулердің тарихи материалды енді біреулердің физика немесе химия жӛніндегі материалды есте жақсы сақтайтындығынан кӛрінеді. Сондықтан естің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін мектеп оқушыларының әр пәнге деген ынтасын қалыптастыру қажет.
Адам ұмытылып кеткен бір оқиғаны, басқа еске түсіру кұралдары болмаса да, тіпті сол оқиғаға байланысы жоқ сәттер мен бӛлшектерді арнайы қайтадан жаңартып, есіне алу арқылы ойына біртіндеп түсіретіндігі жиі кездеседі: «Мен ӛзіміздің досымызды қашан кездестіріп едім? Бұл таңертең болатын, есімде мен жұмысқа кетіп бара жатқанмын; демек, бұл жексенбі күні емес, сейсенбі де емес, ӛйткені мен сейсенбі күні жұмысты кешкісін істедім демек, бұл дүйсенбі күні болатын. Есімде, оның сырт киімі жоқ, қостюмшең болатын, демек, күн жылы болған. Ал күн ӛткен аптадан бастап қана жылынды…».
Естің типологиялық ерекшеліктері. Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның әрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, әртістерде – эмоциялық ес жақсы дамыған болса, композиторларда – есту, суретшілерде – кӛру, философтарда – сӛздік – логикалық ес жақсы дамиды.
Естің дамуы, сол тәрізді, адамның мамандық әрекетіне де тәуелді, ӛйткені психика әрекет үстінде кӛрініс берумен бірге қалыптасады да. Композитор немесе пианино ойнаушы бәрінен де әнді есте жақсы қалдырса, суретші заттардың түсін, математик есептердің түрін, спортшы қимылдарды есте тәуір сақтайды.
Естің таза түрлері ӛте сирек кездеседі. Кӛру – есту, кӛру – қимыл және қимыл – есту тәрізді аралық түрлер кӛбірек тараған.
6. Елестер және оның түрлері
Елестер дегеніміз — қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы.
Елестердің физиологиялық негізі үлкен ми сыңарлары қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздер болып табылады. Тітіркендіргіш әсерімен ми кыртысындағы ескі нервтік байланыстар жанданады да, бейне пайда болады.
Елестер — бұл бұрынғы қабылдауларды қайта ӛңдеу мен жалпылаудың нәтижесі. Қабылдаусыз елестер құрастырылмас еді, ӛйткені соқыр боп туғандардың түрлі түс пен бояулар жӛнінде, ал тумысынан саңыраулардың есту елестері болмайды.
Елестердің қабылдаулардан айырмашылығы — елестің затты
жалпыланқырап бейнелендіретіндігінде. Ол заттар мен құбылыстардың ӛзіне ғана тән, кӛрнекі белгілерін бейнелендіреді.
Біздің елестеріміз — жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына қарай жалпы және дара болып екіге бӛлінеді. Арнаулы бір затты қабылдауға негізделген елес дара болады, ӛйткені ол дара затты бейнелендіреді. Бірнеше ұқсас заттарды жалпылап бейнелейтін елес жалпы болады. Мәселен, теңіз елесі — жалпы елес. «Каспий» теңізі — дара елес болады.
Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер оқушыда әріптердің жазылуы жӛнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза алмайды. Кӛру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жӛніндегі елестері анық болса ғана, ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы толық болса ғана елестері де толық болады.
Елестің түрлері. Елестеулерді айрықша ӛзгешіліктеріне және сипаттарына қарай оларды үлкен екі топқа бӛлуге болады.
1. Ес елестеулері.
2. Қиял елестеулері.
Егер адам бұрын қабылдаған, сезген заттарын, құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестетсе, мұнда елестеулер ес елестеулері деп аталады. Ал бұрынғы елестеулерге сүйеніп, бірнеше елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, ӛзгертіп және жаңадан елестеулер жасаса, бұл қиял елестеуі болады. Мысалы, егер мен кеше кӛрген концертті кӛз алдыма елестетсем, бұл ес елестеуі, ал бұрын еш уақытта кӛрмеген, сезбеген, қабылдамаған болмыстарды кӛз алдымызға елестетсек онда қиял елестеуі болады.
Елестерді оларға негіз болатын қабылдау түрлеріне қарай айырады. Елестерді кӛру (адам, зат, пейзаж), есту (музыкалық әуенді елестету), иіс (эфир исін елестету), дәм (лимонның дәмін елестету), сипап сезу-қозғалыс (секірген кездегі дене қалпын елестету) елестері деген түрлерге бӛледі. Елестер түрге шартты негізде бӛлінеді. Бӛлу кезінде заттарға басқа да қасиет белгілері тән болса да оның бір белгісі ғана басшылыққа алынады. Қӛпшілік жағдайда елестер екі немесе бірнеше талдағыштардың қызметі негізінде туады да жинақылық сипатқа ие болады:
Елестер адамның қызметі процесінде қалыптасады, сондықтан мамандыққа байланысты елестің белгілі бір түрі, айталық, суретшіде — кӛру, композиторда — есту, спортшы мен бишіде — қимыл, химикте — иіс, дегустаторда — дәм елесі күштірек жетіледі.
Қимыл-қозғалыс елестеулері арқылы адам барлық денесінің не болмаса дене мүшелерінің жекелік қимылдарын және әрбір сӛзді айтудағы пайда болатын артикуляциялық қимылдарын елестетеді. Мысалы, іштен сӛйлегенде біздің тамағымыз, тіліміз қимылдайды, не болмаса бір жерге отырып қолымызбен бір нәрсе жазатын болсақ аяғымыз қимылдайды. Мұндай елестеулер арқылы пайда болатын қимылдарды идеамоторлық қозғалыстар дейді. Кӛру не есту елестеулерінен басқа елестер таза түрде ұшырамай бірбіріне араласып, қосылып отырады. Олардың ӛзі де кейде басқа елестеулер мен қосылып кетеді. Күнбе-күнгі тіршілікте кӛру, есту, қимыл-қозғалыс елестері кӛбірек орын алады. Әр адамның елестерінде ӛзіндік ерекшеліктері де болады. Мәселен, бір адамның елесі ӛте бай болып, кӛрнекті, толық ашық, анық болып келсе, енді біреулердің елестері солғын, бұлыңғыр, күңгірт болады. Кейбір адамдар кӛру елестері күрделі орын алса, басқаларда есту елестері жақсы дамыған болады.
Елестеу туралы әр түрлі бағыттағы психологтардың түрліше теориялары бар. Гербарт деген психологтың айтуынша, елестер сана табалдырығынан тұрады, адамның психикалық әрекеттерінде екі түрлі ағымдар болады, бірі – саналы, екіншісі – санасыз ағымдар дейді. Енді бір теория елестеулердің белсенділігін жоққа шығарады, адам санасының онша белсенді емес екендігін айтады. Шындығында елес белсенді келеді, олар бір-бірімен байланысып, тоғысып қосылады, сӛйтіп ӛзара әрекет етіп отырады. Сондықтан адамның елестеулерін, адамның ойынан, санасынан бӛлек ӛз алдына әрекет ететін құбылыс деп түсіну шындықпен үйлеспейді.
Елестер бірінші жылдың ӛзінде-ақ кӛріне бастайды. Бала үй ішіндегі ата-анасын, не болмаса отбасы мүшелерін, үйдегі кейбір заттарды, ойыншықтарды тани алады. Ал екінші жылға аяқ басқанда ол бұрынғы қабылдауында болған заттары, суреттері арқылы да тани алады. Екінші жылдың аяқ кезіндегі кӛру, елестеулері кӛбірек орын алады. Себебі кӛбінесе, бала үй ішіндегі, айналасындағы заттармен кӛбірек айналысады.
Ересек адамның елестеулері мен салыстырғанда, бала елестері, кӛбінесе, еріксіз пайда болып отырады. Олардың осынау бейнелері әрі де ӛсіп, дамып естімегендіктен қажетті елестерді дер кезінде тудыртып, олармен тиісті әрекет жасай алмайтын кездері жие кездеседі. Ӛйткені, бала елестеткен уақытта жеке заттардың, жеке құбылыстардың бейнелерін еске түсіреді де жалпылама елестерге шамасы келмейді. Ал нақты мұндай елестер терең ойлауға жӛндеп жәрдемдемесе алмайды. Сондықтан балалардың жалпылама елестеулерін дамытып отыру аса маңызды іс. Бұл үшін, біріншіден, мектеп жағдайында оқушы елестеулерінің бай, толық, кӛрнекті болуы жағын дамытып ойластыру қажет. Ол үшін балаларды оқытқанда, сабақты кӛрнекті етіп жүргізген дұрыс. Кӛрнекті оқу құралдары мұғалім мейлінше мол пайдаланса, балалардың қабылдауы мен елестетуі қатар дамитын болады. Екіншіден, балаларды ӛз бетімен бейнелерді жасауға үйретіп дағдыландыру керек, олардың әсіресе жалпылама елетеулерін дамытуға ерекше кӛңіл бӛлу керек, үшіншіден, елестерді дамытуда эстетикалық тәрбиенің маңызын да естен шығармаған дұрыс.


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Естің адам ӛмірінде алатын маңызы қандай?
2. Ассоциация дегеніміз не?
3. Естің түрлерін, процестерін атаңыз?
4. Механикалық есте қалдыру дегеніміз не?
5. Елес дегеніміз не, қандай түрлері бар?
6. Елестің қаблдаудан айырмашылығы неде және оның маңызы қандай?
7. Бала есі қандай жолмен дамиды?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аткинсон Р. Человеческая память и процесс обучения/ Пер.с англ. Под общ.ред. Ю.М.Зобродина, Б.Ф.Ломова-М: Прогресс, 1980г., -320с.
2. Вейн А.М.,Каменцская Б.И. Память человека. – М. Наука. 1973г.,- 234с.
3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.
4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
5. Немов Р. С. Психология. «Просвешение». М.,1995,235-241с.
6. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996,94-
106с.
7. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
8. Лурия А.Р. Внимание и память. – М. Изд-во МГУ, 1975г., -265с.
9. Смирнов А.А. Проблемы психологии памяти– М.Прсвещение, 1966г., 340с.
10. Хрестоматия по общей психологии: Психология памяти/Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова, М., Изд-во МПИ 1979г., — 295с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *