Психологиядағы қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар Жоспар:
1. Психологиядағы бихевиоризм бағыты
2. Гештальтпсихология
3. Фрейдизм бағыты
4. Генетикалық психология
5. Когнитивтік және гуманистік психология
1. Психологиядағы бихевиоризм бағыты.
ХХ ғасырдың басынан психология ғылымы екі жолмен дами бастады:
1) механистік материализм; 2) субъективтік идеализм. Америкада механистік материализммен байланысты бихевиористік яғни қылық психологиясы дамыды. Психологияның бұл ағымына негіз салған белгілі Америка психологтары Торндаик, Уотсон, т.б. субъективтік психологияға қарсы шығып объективтік психологияны дамытты. Олар жаратылыстану ғылымдары заттарды, болмыстарды қалай зерттесе психология ғылымы да, адамдардың қылығын сондай объективті түрде зерттеу керегін айтты.
Психология ғылымын табиғи ғылым деп біліп, олар адамның қылығын, сана әрекеттерінен бӛліп қарады. Қылық психологиясы адамдардың «қылығын басқаруды» ойлады. Олардың ойынша: адамның қылығы бүтіндей сыртқы дүниедегі стимулдердің әсерінен пайда болды; адам әсер етуші заттардың құлы, сыртқы әсерлер қандай болса, адамның қылығы да сондай болады. Адам машина. Егер машинаны біреу жүргізсе ғана, ол әрекет етеді, ал ӛздігінен ешбір әрекет ете алмайды, міне адамды да сондай деп білді. Адамның санасы бар екенін, ол саналы түрде әрекет ететінін, сананың жалғыз ғана әсер етуші заттардың қорытындысы емес екендігін, адамның санасының белсенді болып, айналасындағы дүниені ӛзгерте алатындығын, оны меңгеріп ӛзіне бағындырып, билей алатын қылық психологиясы ескермейді. Адамның әрекеттерін зерттеуге оның қылығын санадан ажыратып алып, қылықты санасыз деп білу – сананы психологиялық зерттеуден шығарып тастаумен бірге адамның әрекеттерін механистік түрде түсіну болып табылады. Қылық психологиясы эмпирикалық психологиясының сананы қате түсінуіне дұрыс қарсы тұрумен бірге, психиканы типтен алып шығарып тастауы, адамның қылығын санасыз, белсенсіз қылық деп білуі орасан қателік болды.
Бихевиоризмнің пайда болуына американ зерттеушісі Э. Торндайктің енбектері елеулі ыкпал етті. Оның ӛзі бихевиорист болмағанымен, ол ашқан бір қатар мінез-кұлық принциптері кейіннен бихевиоризмнің ӛзгермес заңына айналды. Торндайктің негізгі тәжірибелері «проблемалық жәшік» деп аталатын орындарда ұсталған жануарларға жүргізілді. Жануарлардың одан шығып, азықтануы үшін белгілі бір тақтайшаны басулары тиіс болды. Торндайк «Проблемалық жәшіктердегі» жануарлардың мінез-кұлқын байқай отырып, жануарлар байқап кӛру — қателесу әдісі бойынша әрекет ету арқылы табысқа кездейсоқ жететіндігі туралы корытындыға келді. Үйрету, яғни бейімделу реакциясына дағдыландыру бірнеше рет қайталау (жаттығу заңы) арқылы ӛтеді. Егер реакциядан кейінгі жағдай организм үшін тиімді болса, ол біржола бекіп, стимул мен реакция арасында нактылы байланыс (эффект заңы) орнығады.
Жаттығу және эффект заңдары кейіннен дамытылды әрі толықтырылды. Американдық психолог Дж.Уотсонның 1913 жылы психологияны, мінезқұлық туралы ғылым түрінде кӛрсетті. Бихевиористер мақсаты — психологияны «мінез-құлықты басқаратын және оны болжайтын» ғылым саласына айналдыру. Дж.Уотсон адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген кӛрінісі — сырттан ынталандырудың ӛнімі деп айтты. Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді. Ол ағзаның ортаға қатынасын «ынта-реакция» формуласымен анықтады. Осылайша бихевиористер психологиялық ғылымды «жансыз психологияға» айналдырды.
Дж. Уотсонның 1925 жылы шыққан «Бихевиоризм» кітабының мағынасы мынандай еді: сыртқы тіртіркендіргіштерге әсер ете отырып, кез келген қалыптағы кез келген мінез-құлқы бар адамды «жасап шығуға» болады. Адамның ӛзіндік және туа біткен сенімдері ғана емес, оның қатынастары мен кӛзқарастары да теріске шығарылды. Бихевиоризмнің бұл бағдарламасы адамның ешқандай ерекшеліктерін ескермегендіктен антигуманды болды.
Алайда, 30-шы жылдары Америкада кезекті экономикалық дағдарыс басталып, бихевиоризм идеялары шайқала бастады, жұмыссыздық, қайыршылық пайда болды. Атақты американдық психолог Роберт Вудвортс мотивация туралы ілімді жасай отырып, бихевиоризм ұсынған «ынта-реакция» схемасын ығыстырып, оған аралық бӛлімді — ағза және оның бағыттарын енгізді. Осылайша «қатаң» бихевиоризм шайқалып, мінез-құлық психологиясын қайта құру басталды. Оны Эдвард Толмен және Кларк Халл басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деген атауға ие болды. Олар психологиядан дәстүрлі ұғымдарды — бейне, мотив және т.б. шығарып тастауға болмайды деп санап, олар реакция мен ынтаны ң арасында болады деп болжады. Осы мақсатпен олар «уақытша-айнымалылар» ұғымын енгізді. Бұл ұғым ретінде, тікелей ынталандырулар мен жауапты мінез-құлық арасында болатын, танымдық және себептік факторлар жиынтығы түсінілді. Бірақ мұның бәрі адамның үйренуінің психологиялық механизмдерін түсіндіре алмады.
2.Гештальтпсихология.
Эмпирикалық психологиядан кейін ХХ ғасырдың басынан психология ғылымында бірнеше механистік қылық психологиясымен бірге идеалистік буржуазиялық ағымдар пайда болып, дами бастады. Олардың бірі –гештальт психология ( гешьталь- немістің бейне, кӛрініс, форма деген сӛзі).
Гештальт психологиясы алдымен ӛзінің тұтастық туралы идеясын қабылдау жӛнінде жасалған тәжірибелерге сүйеніп дамытты, онан соң бұл идеяны психофизикалық проблемеға, одан да әрі психологияның барлық басқа проблемаларына таратты. Оның ӛкілдері: М.Вертхеймер, В.Келлер, К.Коффка, Д.Катц, Е.Рубин және т.б.
Ұзақ уақыт бойы жас экспериментальдық психологияның зерттеу объектісі болып — түйсік саналды. Осы уақытта психикалық ӛмірдің бейнелік аспектісі психологиялық лабораторияларда ашылмай, керісінше, жоғала бастады. Оны идеалистік философия үстем етуші кезде қалыптасқан гештальтпсихологиясы жүзеге асыруға тырысты.
Бұл мектеп кӛп жағдайда бихевиоризмге және бұрыннан ӛмір сүріп келген психологиялық бағыттарға қарсы шықты. Гештальтпсихология бихевиоризмді мінез-кұлықтың оқшау сегменттерін зерттегені үшін сынады. Гештальтпсихология бойынша, мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры емес, күрделірек кұбылыс. Ол тұтас нәрсе. Сӛйтіп психпкаға тұтас нәрсе ретінде қарауды гештальтистер басқа барлық бағыттардағы атомизмге қарсы қойды.
Гештальтпсихологияны жақтаушылар қабылдау саласында да кӛптеген зерттеулер жүргізді. Қабылдаудың түйсіктен сапалық айырмашылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екенін кӛрсетті
Гештальтпсихологтар ӛздерінің интеллект туралы теориясын бихевиоризм теориясына қарсы қойды, олар интеллекті стимул-реакция схемасы бойынша түсіндіру соқыр практикалық соқыр әрекетке әкеліп ұрындырады деп санады. Келер интеллекті зерттеу объектісі етіп шимпанзені таңдап алды. Оларды жабық орындарда, Торндайк мысықтарының жағдайларына ұқсас күйде ұстады. Мәселен, тордың ішінде таяқ, сыртында банан жатты. Маймыл бананды бірнеше рет ұмтылып, ала алмағаннан кейін бос әурешелікті кояды, бір сәт ойланып қалғандай болады, содан соң таяқты алып, соның кӛмегімен жемісті алып жейді.
Келер жануарлар мәселені жағдайды сәтінде ӛзгерту арқылы шешеді деп санады.Соның нәтижесінде жағдай элементттері басқа, жаңа ӛзара байланысқа түседі, жаңа мағынаға ие болады (тақтайша мақсатқа жету құралы ретінде қызмет атқара бастайды). Бұл кұбылыс инсайт (инсайт — ұстау, түсіну, «ә, солай екен-ау» деген шешім) деп аталды және байқап кӛру қателесу әдісіне қарсы қойылды. Келер, «инсайттық» мінез-құлықтың кӛріп қабылдаумен тығыз байланыстылығын және кӛп ретте «жағдайды оптикалық түсінумен» анықталатындығын атап кӛрсетті.
Гештальтпсихологиясының құлдырауының себебі мынада: ол ӛзінің теоретикалық тұжырымдамаларында бейне мен әрекетті бӛліп қарастырды. Гештальтистер бейнені ӛз заңдылықтарына бағынатын ерекше мағына ретінде кӛрсетті. Оның шынайы зат әрекетімен байланысы жұмбақ болып қалды. Осы екі маңызды дәрежелерді біріктіре алмай, психикалық талдаудың біртұтас схемасын жасай алмағандықтан гештальтпсихологиясының мектебі құлдырады.
3. Фрейдизм бағыты.
Психологиялық бұл бағыттың осылайша аталуы австриялық психиатор Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) есімімен байланысты. Оның концепцияларының қалыптасуы XX ғасырдың басына жатады.
Зигмунд Фрейд Австрияның Фрайберг қаласыңда дүниеге келген.
З.Фрейдтің «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. Оның «Түс жору» (1900ж.), «Күнделікті ӛмір психопотологиясы» (1904ж.), «Тапқырлық және оның бейсанаға қатынасы» (1904ж.), «Сексуалдылық теориясы бойынша үш очерк» (1905ж.) және т.б. еңбектері басылып шыққан.
«Психоанализ» терминінің үш мағынасы бар: 1)тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға кӛңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.
Ұзақ мерзім психоанализдің дамуында 3.Фрейд тұлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық ӛмірдің үш деңгейін бӛлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі — бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.
Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді кӛрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы кӛпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар: психикалық қуат, ояту және инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, ӛлімге ұмтылу. 20-жылдардың басында 3.Фрейд ӛзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі үш компонентке бӛлді: ид, эго, жоғарғы эго.
«Ид» латынның «Ол» сӛзінен шығады. 3.Фрейд бойынша «Ол» тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта ӛмір сүреді және инстинктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид — ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді кӛрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.
«Эго» (латын. «Эго» — «Мен») — шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі — ағзаның тұтастығы мен тепе-тендігін сақтау.
«Жоғарғы Эго» (латын. «super» — «жоғарғы» және «ego» — «мен»). Адам қоғамда ӛмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы «әлеуметтену» процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша «жоғарғы эгоның» қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд «жоғарғы эгоны» екі жүйеге бӛледі: ар-ұят және «эго-идеал». Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі — бұл эго-идеал.
З.Фрейд инстинктің екі негізгі тобын мойындады: ӛмір және ӛлім инстинктері. Бірінші топ (Әрос) ӛмірге маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. 3.Фрейд ӛмір инстинктерінің индивидиумның физикалық құрылымына үлкен маңыздылығын мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстинктердің орнын айқындайды. Сексуалды инстинктердің қуаттарын либидо (лат. «қалау», «тілеу») деп атайды.
Екінші топ — ӛлім инстинктері, яғни танатос — қатігездік, агрессия, суицид және біреуді ӛлтірудің барлық кӛріністері. 3.Фрейд «ӛлім инстинктері — ӛмір инстинктері секілді адам мінез-құлқын реттеуші биологиялық түрде шартталған» деп есептейді.
Тұлғаның дамуы үшін 3.Фрейд психосексуалды деңгейлерді анықтаған, дамудың психоаналитикалық теориясы екі алғышартқа сүйенеді. Бірінші немесе генетикалық алғышарт бойынша, ерте балалық шақта болған уайымдар ересек тұлғаның қалыптасуында үлкен рол атқарады. З.Фрейдтің ойынша, индивидиум тұлғасының негізі ӛте ерте жаста, яғни бес жасқа дейін қалыптасады. Екінші алғышарт бойынша, адам сексуалды қуатпен (либидо) дүниеге келеді. Бұл қуаттар ӛзінің дамуында бірнеше психосексуалды деңгейден ӛтеді.
З.Фрейд ӛзінің ғылымдағы жолын физиологиялық институтта бастады, сондықтан ағзаға энергетикалық шама ретінде қарау оның санасына терең бойлады: ағза мінездің қозғалыс күшін ерекше энергия түрінде білдіреді. Зигмунд Фрейд невропатолог-дәрігер болды. Оның пациенттері психикалық нерв ауруларына шалдыққандар еді. Бірақ олардың нерв жүйесінің құрылысынан аурудың себебін түсіну мүмкін болмады, ол ӛз тәжірибесінде, анатомо-физиологиялық ұғымдар түсіндірмейтін айғақтарды жиі кездестірді. Зигмунд Фрейд алдында мынандай дилемма пайда болды: мотивация механизмдерін анатомо-физиологиялық схема тұрғысынан қарау керек пе, әлде белгілі бір психологиялық айғақтарға жүгіну керек пе?
З.Фрейд дәстүрлі психологияға қарсы шықты. Бұрынғы түсініктеме схемаларын ығыстырып, жаңаларын ұсынды. Ол ӛзінің емдеу тәжірибесінде ерікті ассоциациялар әдісін кең қолданды. Әрбір ассоциация қандай да бір себептің салдарынан басталады деп санады. Ассоциация арқылы ол ӛзінің пациенттерінің ойын білуге тырысты.
Психоанализдің негізгі дәрежесі болып мотив дәрежесі саналады. Психоанализ адамның мінез-құлқынын серіппелері мен қуат қоры туралы адамның ӛзі жайлы ұғымдарынан кӛбірек айтуға тырысты. Бірақ З.Фрейд мотивацияны санаға қарсы қойды. 3.Фрейдтегі психикалық қуаттылық биологиялықты алмастырды және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күшінің рӛлін атқарды. Ағза да, қоғам да пішінделетін материал түрінде қарастырылды.
4. Генетикалық психология.
Швейцария ғалымы Ж.Пиаже — психология ғылымындағы генетикалық бағыттың ірі ӛкілдерінің бірі. Ж.Пиаже жүйелі құрылымдық талдауды пайдалана отырып, ол ӛздігінен, қандайда бір құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндірудің жеткілікті құралы бола алмайтынын айтты. Құрылымдардың даму заңдары мен құбылыс шарттарын зерттеу арқылы ғана олардың табиғатын және қызметінің заңдылықтарын түсінуге болады. Ол ӛз психологиялық зерттеудің әдістемелік ұстанымы ретінде генетикалық әдіс ережесін пайдалануды ұсынды. Ж.Пиаженің пікірі бойынша, жекелеген ғылымдар ғана емес, танымдық теория да генетикалық негіз бойынша жасалуы керек.
Ж. Пиаже ӛз талдауының бастапқы пункті ретінде біртұтас тұлғаның — психиканың немесе сананың емес — қоршаған әлеммен арақатынасын қарастырды.
Ж.Пиаженің басты мақсаты – тұлғаның ақыл-ойын зерттеу болды. Ол оны эволюция барысындағы тӛмен ұйымдасқан органикалық құрылымдардың табиғи дамуы ретінде қарастырады. Ж.Пиаженің алғашқы еңбектері 20-шы жылдары жарыққа шықты: «Баланың ойлауы және сӛйлеуі» (1923), «Баланың талдауы және ойды қорытындылауы» (1924), «Баланың әлем туралы түсінігі» (1926). Ж.Пиаженің осы алғашқы кӛзқарастарын сипаттай отырып, былай деп айтуға болады: «Сәби кезінен ересек кезге дейінгі жол бойында ой бірқатар сапалық ӛзгерістерге ұшырайды. Оларды ашып кӛсету үшін, Ж. Пиаже алдымен балалардың түсініктеріне тоқталды. Ол баламен еркін әңгімелесу әдісін қолданды. Кішкентай бала ӛз әлемінің санадан тыс орталығы болды. Ол басқаның орнына ӛзін қоя алмайды, ӛзіне-ӛзі сырттай қарамай, басқа адамдар заттарды басқаша ұғынатынын түсінбейді. Сондықтан ол объективтілік пен субъективтілікті, ӛзіің басынан ӛтіп жатқанды ақиқатпен араластырып алады. Ӛмір баланы ортаға бейімделуге кӛндіреді. Осы кезде баланың ойы бастапқы қалпынан айырылып ӛзгереді және басқа, әлеуметтік ортадан алынған «ересек адам» логикасына бағына бастайды».
Ж.Пиаже ақыл-ойды зерттеу кезінде кескін әдісін пайдаланады: ол әр түрлі жастағы балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижесін салыстырады. Бұл әдіс баланың ақыл-ой әрекетіндегі кейбір ӛзгерістерді кӛрсетті. Бірақ бұл әдіс баладағы жаңа ақыл-ой амалының, ұғымының, білімінің, психологиясының қалыптасуын ашып кӛрсетеді.
Ж.Пиаже концепциясының басты кемшілігі: баланың толық тұлғалық дамуын ескермей, ол ақыл-ой дамуының басты қозғаушы күші ретінде ақылойдың ӛзін кӛреді. Ақыл-ойдың даму факторларының арасында іс-әрекет сияқты фактор болған жоқ.
Ж.Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің кӛзі ӛткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі басты кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен 2-шісіне ӛтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік қоғамдық факторлардың тұлға қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылады. Кӛптеген зерттеушілер баланың ойлау қабілетінің дамуы дұрыс ұйымдастырылған үйрету жүйесіне байланысты болатынын кӛрсетті.
5. Когнитивтік және гуманистік психология.
Когнитивтік психология бағыты 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық процестерді ескермеуіне қарсылық білдіруімен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивтік психолгия небихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болды. Оның ӛкілдері — Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найссер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Қазіргі кездегі бұл бағыт бірқатар нұсқалар түрінде беріледі. Танымдық процестер механистік түрде сипатталатын, психика сигналдары ӛзгертуші қабілеттілігі бар аппарат ретінде болады.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласын танымдық процестер — ес, тіл мен сӛздің психологиялық аспектілері, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму құрайды. Алайда, когнитивтік психологияда танымдық процестерді түсіндіретін тұтас бір теория қалыптаспаған.
Бихевиоризм мен психоанализге тікелей қарсылығымен танылған бағыттардың бірі гуманистік психология болып саналады. Гуманистік психологияның негізін салушылар бихевиоризм мен психоанализдің адамды сипаттауындағы қисынсыздығын түзетіп, шындыққа жақындау, ӛміршең психологияны таңдауды мақсат етті. Дені сау, шығармашыл тұлғаны — зерттеудің обьектісі болып белгіленді. Мұндай міндетті осыған дейін ешбір ғылыми теория алдына қоймаған еді.
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық психолог — К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде ӛзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген «клиентке бағытталатын терапиясын» қалыптастырды.
К.Роджерс бойынша, адам — табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен ӛзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда кӛрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субъективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рӛл атқарады. К.Роджерс бойынша, әp адам әр құбылысты субъективті қабылдайды және әр құбылысқа субъективті реакция кӛрсетеді, яғни осы субъективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
Гуманистік психологияның тағы бір кӛрнекті ӛкілдерінің бірі — Абрахам Маслоу болды. А. Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Нью-Йоркте дүниеге келген. Оның ата-анасы сауатсыз, анасы діндар адам болған. А.Маслоуға ол: «әрбір істеген ісің үшін құдай алдында жауап бересің», — деп ылғи ұрсып отыратын. Осының нәтижесінде А.Маслоу дінді жек кӛріп, құдайға сенбей, оған күмән келтіретін болған.
Ол Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жұмыс істейді.
А.Маслоу ғылымға критикалық кӛзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық ғылым (оның ӛкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатива емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді.
Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі ӛзін-ӛзі таныту болып табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бӛлімін cay бӛліммен толықтыру керектігіне тоқталған. Сондықтан А. Маслоу ӛзінің зерттеу жұмысын жаны сау, шығармашылық қабілеттері те жоғары дамыған, әйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, Бұл тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған. А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын және сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған.
А.Маслоу ӛзін-ӛзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және ӛзін жетілдіруге қабілетті, адамдар — саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің ӛзі оны тұлғалық ӛсуге, шығармашылық пен ӛзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді.
А.Маслоу бойынша психоанализ психологиялық бұзылуларды, невроздарды зерттеу барысында қалыптасқан. Неғұрлым әмбебап психология ғылымдарының негізі ретінде психологиялық cay, ӛзін-ӛзі танытушы адамдарды зерттеу керек.
Оның пікірі бойынша, ӛзін-ӛзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның ӛзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды.
А.Маслоу адам қажеттіліктерін бірнеше түрге бӛлді: а) физиологиялық қажеттіліктер; ә) қауіпсіздікті қажет ету; б) қорғанысты қажет ету; в) ақиқатты, адамгершілікті, әділеттілікті қажет ету. Ӛзін-ӛзі таныту туа бітсе, қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылса ғана ӛзін кеңірек кӛрсете алады. Міне осы, А.Маслоу ілімінің негізгі ақауы — қажеттіліктердің бастапқы үш тобы қанағаттандырылмаған адамдардың әділеттілікті, сыйқұрметті және т.б. қажет етуінің қалай қалыптасатыны түсініксіз. А. Маслоу антропологиялық ұстанымда қалып, қажеттіліктің әлеуметтік жағын аша алмады.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Психология дамуында «бихевиоризм» бағытының мәнін ашып кӛрсетіңіз?
2. Адамның интеллект құрылымын зерттеген генетикалық психологияның кемшіліктері қандай?
3. Қоғам мен сана арасындағы қатынасты фрейдизм қалай түсіндіреді?
4. Когнитивтік психологияның мәні не? 5. Гуманистік психология адамның ӛз мүмкіндіктерін қалай кӛрсетеді?
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б.
2. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения: в 2-х т. Т.1/Под ред. А.В.Петровского – М., Педагогика, 1979г.,-222с.
3. Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
5. Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.
6. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
7. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
8. Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері Алматы, «Дәнекер», 2001ж.,293б.
9. Фресс П., Пиаже Ж. Зкспериментальная психология./СБ.статей Пер. С фр.Вып.6-М: Прогресс 1978г., 262с.