ОТБАСЫДА ТАТУЛЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР

ОТБАСЫДА ТАТУЛЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР

Мақсаты: отбасы мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасына ықпал ету, өзара сыйластығы мен бірін-бірін құрметтеу, баланың отбасындағы өмір сүру деңгейін жақсарту, отбасы татулығын байыту, отбасына және оның мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек беру.
Отбасы татулығы мен сыйластығы – ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді құруға, жалпы отбасының тұтастығын сақтауға арналған іс-шараларға арналған.
«Отбасылық қатынастар психологиясының» практикалық бөлімі студенттердің келесідей іс-шараларды жүргізе білу дағдыларын қалыптастырады:
Психологиялық диагностика

Психологиялық диагностика отбасы мүшелерінің эмоционалды қалыптарын (қобалжу, мазасыздану, қорқу және қысым), тұлғалық ерекшеліктерін (әлеуметтік-психологиялық дамуға белгілі бір қиындықтар тудыратын бұзылыстарды) анықтауға бағытталған.
Психологиялық диагностика нәтижелері психологтың жоспарлап жүргізетін коррекциялық жұмысын белгілейді, «Баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту» бағытында балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және «ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениеті» бағытында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру, бала тәрбиесінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәрбие үрдісінде қолдана білу дағдаларын қалыптастыру, психологиялық кеңес беру, психологиялық ағарту жұмыстары.

Психологиялық коррекция

Психологиялық коррекция – бала мен ата-ананың тұлғаішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді түзетуге арналған кешенді психологиялық-педагогикалық жұмыс.
Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану, бала мен ата-ана және отбасы жағдайында туындайтын жайсыз психологиялық жағдаяттарды түзету.

Психологиялық ағарту

Балалардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру, ата-анаға психологиялық ағарту, психологиялық мәдениетті дамыту. Тәрбие жұмыстарында, ата-аналар жиналысында психологиялық сауаттылық пен мәдениетті жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар. Бала мен ата-аналардың ішкі әлеміне үңіле отырып, тұлғалық тұтастықты қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптастыруға арналған психологиялық қолдау көрсету.
Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты арттыру, баланың жас және жекелік, жыныстық ерекшеліктері мен психологиялық саулығын сақтау туралы білімдермен таныстыру. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары арқылы отбасылық жауапкершілікті жоғарылату.

Психологиялық кеңес беру

Шағымданып келген бала мен ата-аналардың мәселесін шешуге бағытталған психологиялық кеңес беру, психологиялық көмек көрсету. Баланың жекелік (жас, жыныстық, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, оқу үлгерімі, тәуелділігіне т.б) ықпал ету. Қиын балалардың жан дүниесін түсіну, қиындықты тудыратын себептердің мәнін ашу және ығыстыру. Баланың психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеру.
Психолог, педагогтардың кәсіби этикалық ережелері
— Құзыреттілік – психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді таңдай білу, зерттеу нәтижелерінің қорытындысын шығара білу;
— Нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты болу. Айналасындағыларға құрметпен қарау, әлеуметтік рөлдеріне нақты және соған сәйкес қызмет атқару.
— Адам құқықтары және абыройын құрметтеу. Психологтың клиенттің жеке өмірлік құқығын сақтауы, өзіндік анықтау және автономиясын құрметтеу. Диагностикалық және коррекциялық шараларды жүргізе отырып, бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алу. Психологтың клиенттердің мәдени, жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауы.
— Бала мен ата-аналардың әріптестік, серіктестік қолайлылық орнатуына көмектесу. Туындаған қақтығыстарды жауапты түрде шешу. Адамдардың ерекшелігіне шынайы әрі мұқият қарау.
— Әлеуметтік жауапкершілік. Адамдардың қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосу, әлеуметтік-психологиялық ықпал ету.
Аталған ережелердің балалармен және ата-аналармен педагогикалық-психологиялық жұмыстар кезінде ескерілуі отбасы татулығы мен сыйластығына тиімді ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілетін педагогикалық-психологиялық іс-шаралар келесі әдіс, тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс терапиясы, денеге бағытталған терапия, гештальттерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, психологиялық тренинг, әуентерапия және т.б.
«Баланың жеке басын дамыту мектебі» бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресустарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.

Психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың міндеттері:
— бала мен ата-ана қатынасына психодиагностика және психокоррекция;
— тұлғалық қасиеттердің ауытқуларына психологиялық коррекция жүргізу (агрессивті іс-әрекет, мазасыздық, өзіндік бағалау, қорқыныш және т.б.);
— үйлесімді қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру және дамыту;
— жас ерекшелік дағдарыстар психотерапиясы;
— психологиялық соққыдан кейінгі стресстік бұзылыс психотерапиясы;
— денелік психотерапиясы;
— шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру;
— әдептілік, адамшершілік қасиеттерді қалыптастыру;
— қақтығыстық оқиғаларды болдырмау дағдыларын дамыту;
— шығармашылық қабілет пен өзіне деген сенімділікті дамыту;
— оқу мотивациясын, танымдық қызығушылықты арттыру;
— сыныптағы жолдастарымен достық қарым-қатынас дағдысын дамыту;
— танымдықүрдістерді дамыту (ес, зейін, қиял, ойлаудың барлық түрлері);
— арнайы қабілеттіліктерді дамыту;
— мамандық таңдау және кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу;
— жекелік табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, табысқа жету мотивациясын көтеру.
— жекелік ерекшеліктерге коррекция жүргізу (қорқыныш, мазасыздық, агрессивтілік, өз-өзіне деген сенімсіздік);
— табысты оқу үшін қажетті қасиеттерді дамыту;
— мектепке бейімдеу;
— тұлға ерекшеліктеріне психологиялық диагностика мен коррекция;
— бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция;
— жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу;
— тұлғалық аймаққа психологиялық диагностика және коррекция;
— танымдық қабілеттерді дамыту;
— қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
— тұлға ерекшеліктеріне психологиялық диагностика және коррекция;
— бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция;
— еркін іс-әрекетінің қалыптасуы, шығармашылық қиялды дамыту.
— адамгершілік түсінікті қалыптастыру;
— баланың қоршаған ортасы туралы білімін кеңейту;
— мінез-құлықтың жағымсыз жақтарына коррекция;
— психоэмоционалдық қысым мен агрессивтілікті түсіру;
— түсініспеушілік, өкпелегіштік, еркелікті түзету;
— балалардың бірбеткейлігі, шапшаңдылығы, ашушаңдығын түзету;
— ата-аналармен балалардың біріккен іс-шаралары арқылы отбасылық татулықты, сыйластықты нығайту;
— ата-аналық қабілеттер мен жауапкершілікті дамыту;
— ерлі- зайыптылардың сыйластығы мен өзара түсіністігін кеңейту;
— отбасылық дағдарысты шешу психотерапиясы;
— қақтығыс жағдайында тиімді мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстар:

— Мен қандай ата-анамын?
— Ата-аналық қабілетін өзіндік тану;
— Үлгілі ата-ана бейнесін түзу;
— Ата-ана жауакершілігін арттыру;
— Балалармен өзара тиімді қарым-қатынас жолдарын игеру;
— Мазасыз балаларымен өзара әрекеттесу дағдыларын кеңейту;
— Аса белсенді және агрессивті балаларымен өзара әрекеттесу дағдылары;
— Ауытқуы бар баласымен өзара әрекеттесу;
— Менің ата-аналық тәрбие стилім;
— Бірге ойнаймыз, бірге күлеміз, бірге бақыттымыз;
— Менің отбасымның ұраны;
— Ерлі-зайыптылар қатынасының сыйластығын дамыту
— Біздің Отбасының тарихы;
— Әке мен бала қатынасындағы сыйластық, құрмет;
— Бала мен ана қатынасындағы түсіністік, қолдаушылық;
— Баланың базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
— «Кіршіксіз отбасы» үлгісін отбасы мүшелері болып құру.

Отбасы дағдарыстары

Отбасы өмірінде кездесетін кейбір дағдарыстар қалыпты және өтпелі болып келеді.
Алғашқы некеге тұру – дағдарысы. Әсіресе тойға дейін жастар бір-бірін «қызғылт түсті көзілдірікте көреді», сол кезде бір-бірінің бойынан ешқандай мін таппайды, жарасып жүріп некеге отырады. Неке – өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік жаңа статусқа әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгертіп, басқа үйдің босағасын аттап, енді сол үйдің ішкі заңдылықтарымен жаңа өмір бастайды. Бұл Э.Эриксонның пікірінше «Ұқсастыққа келу дағдарысына» соқтырады, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа әрекеттер пайда болады. Бұл ерлі- зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі, ол отбасын құрған алғашқы жылда болатын құбылыс. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп, бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе ажырасу тілегі пайда болып, некелік одақ сәтсіз болды деп саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Келесі дағдарыс бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуымүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Өйткені балалы болуға «ана», «әке» атануға теориялық жағынан дайындық болса да, бала дүниеге келгеннен кейін туындайтын қиындықтар, практикада мүлде басқа болатынын ұғындырады. Жастардың тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы міндеттер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда жас күйеу, ата-ене т.б. мұны өздеріне назар аударудың жолы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Отбасындағы келесі дағдарыс екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, үлкен бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентай кезіндегідей қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балаға осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік пен шыдамдылық қажет болады.
Келесі дағдарыс – бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес, некелік өмірді тек қаржы жағынан қамтамасыз ету, ал бала тәрбиесі әйел адамның ісі деп түсінетін ер адамдар үшін бұл өзінің бостандығына қол сұққандай сезіледі.
Келесі дағдарыс әке мен баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі мүмкін: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың 40 жастық немесе орта жас дағдарысы қатар келіп үлкен әлеуметтік-психологиялық қиындықтармен жалғасып кетеді. Бұл кезеңде ата-аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке, еркіндікке, ересектікке ұмтылып, араларында түсінбестіктер туындайды. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылықтарын, жас және психофизиологиялық ерекшеліктерінен туындайтын қиындықтарды барлық ата-аналар дұрыс түсіне бермейді, соның себебінен көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарысы – ерлі-зайыптылардың бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезде ересек адам көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс-әрекетте кемелдікте, даналықта ұстап дағдыланған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының ешнәрсеге жарамсыз болып қалғанына қатты қынжылады. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік, жыныстық қарым-қатынаста көрсетуге тырысады, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады.
Келесі дағдарыс – ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл кезде бірге өмір сүру тәжірибелері 15-20 жылға қарағанда, жаңа қатынастар құру, жаңа отбасылық өмірге, басқа адамға бейімделу сияқты сынақтарға әкеледі. Кейбір адамдар отбасында ешқандай сыйластық пен татулық қалмаса да, үйреншікті өмірді бұзуға күш-жігері жетпей қиналса да, отбасында абыройы жоқ болса да, бейтаныс адамдармен бірге тұрғандай селқостық өмір сүру жағдайында жүріп жатады. Бұл отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Өсіп қалған балаларының кәсіп таңдауы, жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты – дағдарыстың жаңа кезеңі пайда болады. Қазіргі экономикалық дамудың нарықтық кезінде ата-ана баласының болашақ қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешегін жақсы мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылады.
Дағдарыстың келесі түрі – ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз-өзіне қол жұмсауға баруы дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата-ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Кейбір ерлі-зайыптылар мұндай жағдайға дайын болмағандықтан, осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы өміріне басқа да құбылыстар ықпал етеді, мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі-зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы ауру, отбасы мүшелерінің бірінің өмірден озуы, тұрмыс жағдайының ушығуы т.б. болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған міндеттерді кез келген отбасы, отбасы мүшесі көтере алмайды, міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.
Балалары ата-аналарының ажырасуына үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар – ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын «әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын» деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер – әкесіз қалу, қайғыру, бойын үрей, қорқыныш билеу, сатқындықты сезіну жеңілген балаларда болады. Отбасында қалған анасының оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар – бұл отбасы өмірінің барлық ауыртпалықтарын басынан өткізген, құр жаны қалған, соққыдан әлсіреп қалғандай сезінетін, жылы эмоционалдық қатынасты қажет ететіндер.

Отбасылық өмірдегі қалыптан тыс дағдарыстар

Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасының өмірлік циклінің кез-келген сәтінде кездесетін дағдарыс, ол жағымсыз эмоциялы қобалжу дағдарысы. Р.Хилл осындай дағдарысқа әкелетін үш факторды бөліп қарастырды:
1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы ).
2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесі жол апатына ұшырау, зорлық-зомбылық көру т.б.).
3. Ішкі отбасы жағдайындағы сыйластық, түсіністіктің бұзылуы немесе ерлі-зайыптылардың бірін-бірі қадірлей алмауынан стресстік күйге түсу (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы).
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының көрсеткіштері:
— Отбасындағы дағдарыс жағдайы.
— Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.
— Отбасы мүшелерінің болған келеңсіз жағдайға көзқарасы, қабылдауы.
— Отбасы мүшелерінің өзгеруі.
— Жеке және отбасылық қиын жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.

Отбасылық психотерапия

Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасы мүшелерінің айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне, отбасындағы тұлғааралық қақтығыстың сипатына, психотерапевтік өзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапия төрт кезеңнен тұрады:
1. Отбасылық келеңсіздіктің себебін анықтау – диагностикалық кезең.
2. Отбасылық қақтығысты жою кезеңі.
3. Отбасылық қатынастарды сыйластық, татулық сезімде қайта құру кезеңі.
4. Отбасы мүшелеріне қолдау көрсету кезеңі.
Диагностикалық кезең. Отбасылық өмірдің диагнозы түсінігінде отбасы мүшелерінің тұлғалық қасиетін анықтау, қатынастағы бұзылысты анықтау. Отбасы қатынасына диагностика жүргізу үрдісіне психологпен бірге психотерапев те қосыла отырып, диагностика нәтижелерін талдау, болжамды ұсыну және тексеру жатады. Отбасылық диагностиканың өзіндік ерекшелігі – ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапиялық техникалар іріктеліп отырылады. Екінші ерекшелігі – отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, отбасы мүшелерін бақылау және сұрау барысындағы «отбасы бала көзімен», «отбасы психолог көзімен», «шын мәнінде қандай» деген мәселелерді анықтау арқылы алынады.
Отбасындағы қақтығысты жою. Екінші кезеңде психолог отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен себебін анықтайды. Отбасы мүшелері арасында тепе-тең қарым-қатынасты орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың теріс эмоционалдық күйлерін төмендету және жоюға көмектесу. Психолог қақтығысқа қатысушылардың бәріне бірдей түсінікті тілде сөйлеуге, жақсы сөздермен қарым-қатынас құруға шақырады.
Қайта құру кезеңі. Бұл кезең отбасы мүшелерінің қақтығысқа дейінгі үйлесімді, түсіністік қарым-қатынастарын, мінез-құлықтарын қалыпқа келтіруге көмектесу, өзара сыйластықтың денсаулыққа, әлеуметтік саулыққа маңызын ашып көрсетіп, жақын адамдардың бір-біріне деген жылы, сыйластықтарын ояту.
Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты рөлдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын әдістер:
1. Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2. Тыңдай білу қабілеті;
3. Сұрақтар қоя білу шеберлігін меңгерту;
4. Қешірімді, қайырымды болу;
5. Кооперация -ерлі-зайыптылардың бір-біріне көмек, бірін-бірі қолдау, қарым-қатынас және мінез-құлықты ізгілендіру.
6. Ролдерде ойнау.
7. «Жанды скульптура» жасау.
8. Видеотүсіруді талдау.

Отбасына психологиялық кеңес беру

Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады. Отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден, отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден, жағдайды талдауға және отбасын рөлдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден, кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.
Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей бірлікте қарастырылады:
1. Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін айтушы арасында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сөйлеу құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады.
2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол: «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?»
3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бөлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы, кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент өз белсенділігіне, өзінің рөлдік мінез-құлқын өзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу кезеңдері (алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып өтеді.
4. Шағымданушыдан мәселені нақтылау және отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?»
5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына сенімін ұялату: «Сіздің өзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет етуіңізге не көмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, шағымданушы транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен шығарады.
6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, өз жағдайыңыз қалай?
7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте көрсету және оларға сенімділік ұялату мен байланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу немесе бірнеше уақыт өткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға шақыру.
8. Бөліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей Хэйли қалай «парадоксалды тапсырма» көмегімен нақты орындату қарама-қарсы нәтижеге әкелетін көрсетті. Жаңа үйленген ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде өз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «өз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде өзіне қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап көріп, кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен бас тартқан. Осылай бөліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа мекемелерде өз қызметін көрсетуде.
Ереже бойынша түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта аралас отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрау өте маңызды- бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.
Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге көмектесуі қажет. Егер де маман көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің солардың көзқарастары бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе көбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесінің өзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегенінің өзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.
Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары өте жақсы байқалады. Көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасыдағы рөлін және оның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеруі қажет. Психотерапияның ең басында отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың өзара қарым-қатынастарын қаншалықты өзгертуге дайындықтарын білдіреді.
Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келуіне алты түрлі негізгі мәселелерді айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.
1. Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, өзін бүтін сезінбеуі.
2. Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата-ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды.
3. Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбылырымен қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.
4. Сиблингтердің өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.
5. Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.
6. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер.
Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше кездесулерге шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапиялық жұмыс барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса, алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасыөзара қарым-қатынастарынақатысты болатын боса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.
Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасы ның қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік үрдіске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бөлісуге көмектеседі.
Егер да ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапиялық үрдіске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен көрініс табады, және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар, Фрименнің пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психолог бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).
Психологтың отбасы мүшелерінің бәрімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелері өздерін ыңғайсыз сезінулері мүмкін. Шын мәнісінде, кейде басқа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер де ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.
Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процесске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың есептеулерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауларынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылатындығында. Жүйелі ыңғайдың принциптерінің бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.

Алғашқы сұхбат жүргізу

Көп жағдайда алғашқы кездесу психологиялық жұмыстың одан арғы жүрісін анықтайды. Бірінші сұхбаттасуда отбасы мүшелері психологиялық жұмысты жалғастыратыны туралы шешім қабылдайды. Жоғарыда айтылғандай, психолог алғашқы әңгіме барысында бірінші кездесуге қатысушылар құрамын анықтайды. Бірінші кездесу барысында оның қатысушылары әсерленулерін дұрыс бағалау өте маңызды. Жұмыстың басында отбасы мүшелерінің көпшілігі, әрқайыссы белгілеген мәселені бүкіл отбасыға тұтастай қатысы бар деп есептемейді. Олар, шақыру себептерін білместен, сессияға елеулі психикалық қысыммен келеді.
Отбасының бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындығы кейбір мөлшерде психологтың қаншалықты отбасы мүшелерін сабырлыққа шақыруы және оларға үрей мен қорқыныш сезімдерін жеңуге көмек көрсетуімен анықталады.
Бірінші кездесу төрт негізгі кезеңдерден тұрады:
1. «қыздыру» және психологиялық жағымды ахуалды тудыру;
2. отбасының жетекші мәселесін анықтау;
3. отбасы мүшелерінің жетекші мәселелерге көзқарастарын өзгерту;
4. бірлескен жұмысты жалғастыруға сенімдерін қалыптастыру.
«Қыздыру» кезеңі алғашқы 5-10 минут уақытты алады. Сол уақыт ішінде отбасы мүшелері оларды қоршаған жағдайдың қаншалықты жайлы екендігін анықтайды. Осы жерде отбасылық келісім байқалады. Үрей күйінен қаншалықты деңгейде шыға алатындарына байланысты отбасының кейбір мүшелері тұйықталып және көп сөйлемеулері, немесе шектен тыс көп сөйлеулері мүмкін. Бұл кезеңде психологиялық қауіпсіздікті және психотерапияға деген сенімділік мәселелері өте маңызды болып табылады.
Кездесудің алғашқы 5-10 минут уақыт аралығында психолог маманның негізгі міндеті – оның қызмет бөлмесі – психологиялық қауіпсіз және сенімді орын екендігіне отбасы мүшелерінің көздерін жеткізу. Егер де олар бір нәрседен қауіптенетін болса, олардың ашылып әңгімеге түсуін күту мүмкін емес. Психолог отбасының барлық мүшелерін не үшін шақырғанын түсіндіріп өтуі мәнді. Сессияны қарапайым, нақты ойластырылған бірнеше сұрақ қоюдан бастап кетуге болады, мысалы, олар өздерін қалай атағанды қалайды. Содан кейін психолог отбасы мүшелерінің жасын және оларға осы кездесу туралы қандай әңгіме айтқандарын анықтап алуына болады. Сұрақтар қоя отырып, психолог бірден бірнеше мақсатты көздейді: отбасы мүшелері үшін жанды мәселелерге қатыспайтындығына түсінуге мүмкіндік береді және олардың әрқайыссын ерекше тұлға ретінде қабылдайтынын көрсетеді. Мұндай сұрақтар белгілі бір түрде сұхбаттасудың алғашқы бөлімін құруға және отбасы мүшелерінің психологиялық жайлылық сезімдерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар сессияға өздеріне ыңғайлы формада қатысу мүмкіндіктерін түйсінеді. Отбасы мүшелеріне бірінші кездесудегі мақсаттары туралы қойылған сұрақ, психологқа жанама түрде отбасы мүшелерінің коммуникациялық ерекшеліктері туралы маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психолог әрі қарай тікелей сұрақтар қойып, анықтауға ұмтылатын болса, онда тек үрейдің күшеюін тудырады. Отбасы мүшелері түсініспеушілік білдіріп, бір-бірлерін қорғауға ұмтылады. «Қыздыру» одан арғы кез-келген кездесудің маңызды кезеңі болып табылады.
Бірінші кездесу қатысушыларға қандай да бір тақырыпты бірлесіп талдау мүмкіндігін ұсынады. Егер де отбасы мүшелері бұған дағдыланбаған болса, психолог конструктивті түрде олардың өзара әрекеттестігіне көмек көрсетуі тиіс. Алғашқы 5-10 минут уақытта маманның өзін-өзі ұстауы, үлкен мәнге ие. Психолог өзінің барлық сұрақтарын оған телефон соққан және өзін сол жағдайдың иесі ретінде сезініп отырған отбасы мүшесіне қояды ма, немесе сұхбатты отбасы мүшелері негізгі мәселе сонымен байланысты деп көрсеткен отбасы мүшесінен бастайда ма? Яғни, психотерапиялық кездесудің осы бөлімін құрастыруы, отбасының келесі кезеңге өтуге дайындығын анықтайды.
Екінші кезеңге өтуде маманның жағдайды бақылауға алғаны дұрыс. Оған келесі түрде қол жеткізуге болады, отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне сын айтуларын, айыптауларын болдырмау, болған жағдайда тоқтату, тікелей қарым-қатынасты шектеу, сонымен қатар маман әр қатысушы тек өз атынан сөйлеп, өз көзқарасынан бүгін не үшін қатысып отырғанын түсіндіруін қадағалау. Егер психолог мұның барлығын табысты орындаса, отбасы мүшелері әрі қарайғы жұмыстардың міндеттерін жаңаша түсіне бастайды.
Осыдан кейін негізгі мәселеге қатысты отбасы мүшелерінің көзқарасын өзгертуге бағытталған кездесудің үшінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде қатысушылар жаңаша ойлай және жүйелей бастайды. Осы жерде маман келесі сәттерге ерекше көңіл бөлуі қажет:
— алғашында негізгі мәселелерді отбасының қай мүшесі құрастырды;
— отбасы мүшелері бір-бірлерімен өзара қалай әрекеттеседі және олар маманға қалай әсерленеді;
— отбасы мәселесін шешу үшін қайсысы көбірек күш салады;
— олардың қайыссы психологқа отбасы ерекшеліктерін нақтырақ сипаттап беруге қабілетті.
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап маман отбасы туралы ақпараттар жинай бастайды. Сұхбаттасудың дәл алғашқы үш кезеңі отбасымен психологиялық жұмысты жалғастыруға дайындығын анықтайды. Бұл төртінші кезеңге өту барысында байқалады.
Отбасы мүшелеріне бірінші кездесуге қатысу тәжірибесі оң нәтиже беретін болса, одан кейінгі кездесулерге келісім береді. Егер осылай болатын болса, онда психолог бірінші кездесудегі негізі міндетті шеше алды деп есептеуге болады. Психолог отбасы мүшелеріне психологиялық жайлы және қауіпсіз хал-ахуалдың жасалуына жауапты. Отбасы мүшелерінің негізгі мәселесін анықтауға кірісе отырып, бір мезгілде олардың көзқарастарын өзгертуге ұмтылады және жанұялық мәселені шешу мақсатында бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезіндіруге көмектеседі.
Психолог отбасы мүшелерінің тығыз әрекеттесулерінің маңыздылығын көрсете отырып, оларға қазіргі жағдайдың өткен жағдайлармен байланыстылығын сезіндіре отырып, мәселенің олармен байланысты екендігін түсіндіреді. Мысалы, ата-аналардың өзінің балалық кезеңдегі тәжірибесі көп жағдайда қазіргі қарым-қатынастарына ықпалын түсіндіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *