Ми және психика, сана. Жануарлар психикасының даму сатысы.
Жоспар:
1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.
2. Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты
3. Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері
4. Жануарлар психикасының даму жолдары
1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.
Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, ӛсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша ӛсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Нерв жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер нерв жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, ӛзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, әрекеті, ӛте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі – мына тӛмендегілер:
1)Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.
2)Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.
3)Медициналық клиника фактілерін зерттеу.
4)Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің ӛсіп-дамуын зерттеу.
Міне, осы жоғары да айтылған әдістермен адамның нерв жүйесі қалайша ӛсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады.
Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі — адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі кӛріністегі психикалық ӛмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның әрқайсысының 2 тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейронның тармақтала келіп, ӛзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің ӛнебойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2-ші тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Орталық нерв жүйесінің 2-ші бӛлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.
Сопақша ми — жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бap. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады. Адам ӛмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, кӛптеген анализаторлардан тұрады. Мида кӛру, есту, қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының нерв орталықтары бар. Егер, ми салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай бӛлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының тӛменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында «Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның сӛйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сӛйлей алмайды. Қаншама сӛйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды аграфия дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сӛйлей алмай қалса, оны афазия деп аталады.Мидың тӛбе бӛлігі адамның қимыл әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны апракция деп атайды. Мидың желке бӛлігі кӛрумен, самай бӛлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы есінде қалдыра алмайды, естіген сӛзін ұқпайды.
2. Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты.
Адам анатомиясын зерттейтін шынайылықты сынаушылар мен дәрігерлер ертеде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды — ми қызметінің бұзылуының нәтижесі деп қарастырған. Зақымдалу, жаралану немесе аурулар салдарынан болатан бас миындағы ӛзгерістері бар ауру адамдарды бақылау бұл кӛзқарастар сүйенетін тіректер болды. Мұндай ауру адамдарда кӛру, есту, ойлау, еске сақтау, және сӛйлеу қабілеттерінің зақымдалып, қозғалысының бұзылуы және т.б. сияқты психикалық әрекеттің кенеттен ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің байланысын анықтау — психиканың ғылыми зерттеуі жолындағы алғашқы қадамы ғана болды. Бұл айғақтар психикалық әрекет негізіне жататын физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді.
Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасыңда уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы — бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін нервінің уақытша байланысы болып – негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық процес миға тітіркендіргіштер әсер етпесе ӛздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі — сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнеленуінің механизмін айқындайды. Сонымен жоғарғы нерв әрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болды.
Ағзаның психикалық әрекеті кӛптеген арнайы дене құрылымдарының кӛмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері — әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері — оларды сигналдарға түрлендіреді, Мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды қадағалайды, үшіншілері — бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада ӛзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.
Барлық психикалық әрекеттердің рефлекторлық табиғатын табиғиғылыми жасаудағы және негіздеудегі орыс физиологтары — И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың еңбегі зор. И. М. Сеченов ӛзінің атақты «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде рефлекторлық принципті бас миының барлық қызметіне тарата отырып, осылайша адамның барлық психикалық әрекеттеріне таратты. Ол «саналы және санадан тыс ӛмірдің барлық актілері ӛздерінің шығу тегі бойынша рефлекстің мәні» деп кӛрсетті. Бұл психиканы рефлекторлық тұрғыдан түсінудің алғашқы ұмтылысы болды. И.М.Сеченов бас миының рефлекстерін толық талдай отырып, олардағы үш басты қатарды атап кӛрсетті: бастапқы қатар — оның сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргішті миға беретін нервні қоздырғыш процесіне айналдыруы; ортаңғы қатар — мида қоздырғыш және тежегіш процестерінің және осының салдарынан психикалық күйлердің (сезімдердің, ойлардың, сезінулердің және т.б.) пайда болуы; соңғы қатар — сыртқы қозғалыс. Осымен бірге И. М. Сеченов рефлекстің ортаңғы қатары ӛзінің психикалық элементтімен бірге оның табиғи бастауы мен соңы болып табылатын қалған екі қатардан (сыртқы тітіркендірі іш пен жауап қайтару әрекетінен) оқшаулануы мүмкін емес, сондықтан барлық психикалық құбылыстар — жалпы рефлекторлық процестің бӛлігі, — деп санайды. Рефлекстің барлық қатарлары арасындағы үздіксіз байланыстар туралы И. М.Сеченовтың тұжырымы психикалық әрекетті ғылыми түсіну үшін маңызды. Психикалық әрекет сыртқы ықпалдардан, адамның әрекеттерінен бӛлек қаралуы мүмкін емес. Ол тек субъективтік уайым ғана бола алмайды: егер бұлай болатын болса, онда психикалық құбылыстар ешқандай шынайы ӛмірлік мағынаға ие болмас еді.
И. М. Сеченов психикалық құбылыстарды қалыпты талдай отырып, олардың барлығы біртұтас рефлекторлық актіге, қоршаған ортаның ықпалына, адамның бас миы басқаратын ағзаның біртұтас реакциясына енетінін атап кӛрсетті. Психикалық әрекеттің рефлекторлық принципі И. М. Сеченовқа адамның барлық әрекеттері мен қылықтары сыртқы әсерлер салдарынан болатыны жайында, детерминациялану жайлы психология ғылымы үшін маңызды қорытындыны жасауға мүмкіндік берді. Ол былай деп жазды: «Кезкелген қылықтың бастапқы себебі әрқашанда сыртқы сезімтал қоздырғышта болады, ӛйткені онсыз ешқандай ойдың болуы мүмкін емес». Сонымен бірге И.М.Сеченов сыртқы жағдайлардың әрекеттерін жай ғана түсінуге қарсы ескертулер айтты. Мұнда сыртқы әсерлердің болуы ғана емес, сондай-ақ адамның басынан ӛткен барлық әсерлердің жиынтығы да, оның ӛткен тәжірибесінің барлығы да маңызды болатынын И.М.Сеченов бірнеше рет кӛрсеткен. Сонымен, И.М.Сеченов рефлекстің ми қатарын, оның табиғи бастауы (сезім мүшелеріне әсер етуден) мен соңынан (жауап қайтару қозғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін кӛрсетті.
И.П.Павловтың еңбектері мен оның мектебінде әрекеттің рефлекторлық принципі ӛзінің дамуына және эксперименттік негізіне ие болды. И.П.Павлов пен И.М.Сеченовтың психикалық әрекетті мидың рефлекторлық әрекеті түрінде түсінуінің дұрыстығын дәлелдеді, оның негізгі физиологиялық заңдарын ашты ғылымның жаңа саласын — шартты рефлекстер туралы ілім жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын қалыптастырды. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың тӛменгі бӛліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі кӛрініп отырады.
Қозу – әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй болса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін тыныштандыратын процесс больш табылады. Қозу және тежелу процестері ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір зандылықтары да зерттелген. И.М.Сеченовтің мидың тежелуі жӛнінде пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл ӛмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, ӛйткені кітапқа қадалған кезде мидың алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын кӛрсететін мысалдарды кӛптеп келтіре беруге болады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол тежелуді сыртқы — шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі — шартты (ӛмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бӛлді.
Сыртқы тежелудің ӛзі бірнешеге бӛлінеді. Соның бірі -жай тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жаткан бӛлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса (мәселен, бӛлмеге бӛтен кісінің кіруі), ит сілекей бӛлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендірііш шартты рефлекстің пайда болуына бӛгет жасап, оны тежеп тастайды.
Тежелудің бір түрі организмнің ӛмірі үшін аса маңызды Егер, организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштеді сезе алмаса, ол жауынан қорғана да, тамағын тауып жей де алмас еді.
Сырткы тежелудің екінші түрі — шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркендіргіштер әсер ете беретін болса, нерв клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осыңдай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.
Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі — сӛне тежелу. Егер шартты тітіркеңдіргіш (мысалы, қоңырау), бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай сӛне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уакытша тежелгенін кӛрсетеді. Мұндай тежелулсрдің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша ӛшіріп отыратындығында.
Ішкі тежелудің бір түрі — ажырату (дифференциациялық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мсн құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін кӛрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 per тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққаңда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне ӛте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез ажырата алады.
3. Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері.
Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да кӛп айырмашылықтар да бар. Адамның психикасының айрықша ӛзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың ӛздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.
Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша ӛзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың ӛзін қайта құрып ӛзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда ӛмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалын да болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің ӛзгеруімен бірге адамның санасы да ӛзгеріп отырады.
Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, ӛзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сӛзімен айтқанда, «болмысты және ӛз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, ӛнер, мәдениет (сӛздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара кӛпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да кӛрініп отырады. Демек, адам ӛзін табиғаттан бӛліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, ӛшпенділік, жек кӛру, жирену түрінде кӛрінеді) сипатта болуы мүмкін. Кӛп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен кӛрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды».
Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол ӛзі мекендеген жердің жағдайын ӛзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде ӛзгертуге талаптанады, оны ӛз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам ӛзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы ӛзіне-ӛзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, ӛзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана ӛзіндік сана-сезім түрінде де кӛрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында ӛз күшін реттей алады, ӛзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мӛлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол ӛткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам ӛзін-ӛзі бақылайды және ӛз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.
Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол ӛзін танитын және білетін, ӛзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ӛзіндік сана-сезім — сананың ӛзіңді білу мен ӛзіңе қатынастың бірлігі ретінде кӛрінетін бір түрі. Ӛзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және ӛзіңді ӛзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы ӛзіңді тану. Жас бала бастапқыда ӛзін қоршаған ортадан бӛліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол ӛзін, ӛзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бӛле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен ӛзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (ӛз мүшелерінің қалыпты жайы мен қимыл қозғалысын сӛзіну) ӛтеді. «Баланың ӛзін-ӛзі аңғаруынан кейін, есейген соң ӛз санасының актілеріне сын кӛзбен қарауға, яғни ӛзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бӛліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен салыстыруға, бір сӛзбен айтқанда, ӛз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін ӛзіндік сана-сезім туады» — деп, И.М.Сеченев дәріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе ӛз басының қасиеттерін танып білу — іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде ӛтеді. Қарымқатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Ӛзгенің осындай бағалауы әр адамның ӛзін-ӛзі бағалауынан кӛрініс танытатын болады.
Адамның ӛзін-ӛзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам ӛзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады. Ӛзін-ӛзі тану ӛзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рӛл атқарады. Ӛзін-ӛзі тану — адамның ӛз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам ӛзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі.
Ӛз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның ӛзін-ӛзі тани алуы. Ӛзін жанама тану ӛз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, ӛз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы ӛз мінез-құлқын бағалау арқылы адам ӛз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда ӛзін-ӛзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың ӛзі жайындағы кӛзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы ӛзіңді тереңірек танып білуіңе кӛмектеседі.
Ӛз басының қасиеттеріне берген ӛз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол ӛз танымының ӛзгелердің ойымен бірдей шығушықпауын, ӛзін-ӛзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.
Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарымқатынаста болу ӛз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге комектеседі екен.
Ӛзін-ӛзі байқау арқылы ӛзін-ӛзі тану. Тікелей ӛзін-ӛзі тану, ӛзін-ӛзі байқау формасында кӛрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет объектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды. Ӛзін-ӛзі бақылау осыған негізделген. Адамның ӛзін-ӛзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады. Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы ӛзін-ӛзі тану мен ӛзін-ӛзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Жүрек алып-ұшып, тым ӛрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра кӛру кезінде ӛзін-ӛзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның ӛзінің кӛңіл-күйі туралы ӛзіне-ӛзі есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан ӛзін-ӛзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады. Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай ӛз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.
Ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу. Ӛзін-ӛзі тану — адамға ӛз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ ӛмір және еңбек жоспарларына сәйкес ӛз ісәрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам ӛз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол ӛзінің қимылы мен әрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады. Адам ӛзін-ӛзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады. Ӛзін-ӛзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте ӛтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, ол ӛз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ ӛмір жолыңды құруына кӛмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса, онда адам ӛз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Ӛзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды, ол ӛзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.
4. Жануарлар психикасының даму жолдары.
Психиканың қарапайым түрі — нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, ӛрмекші ӛрмек пен тамақтың (ӛрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейне-лендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар ӛз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б.
Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді. Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғары бӛлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық ісәрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.
Барлық сүт қоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін, бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән. Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады. Мәселен, ит ӛз иесін даусы, киімі, иісі тағы басқа кӛптеген белгілері арқылы тани алады. Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің кӛрсеткеніндей объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін ӛте маңызды болса, (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін. Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі осыдан.
Инстинкт, кӛбінесе, дамудың тӛменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Инстинкттер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт — организмнің белгілі тіршілік жағдайына, ӛскен ортасына әбден кӛніккенін кӛрсететін мінез құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, кӛртышқанның іні, т.б. ӛте «шеберлікпен», «ептілікпен» жасалынады. Бірақ, осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, ӛйткені, инстинктік амалдардын бәрі — тұқым қуалау жолымен жасалынады.
Жануарлардың биологиялық дамуы мен нерв жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез-құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін ӛтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы ӛзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.
Жоғары сатыдағы сүт қоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қасиеті тән. Бұлардың ішінен, әсіресе маймылдар, бәрінен бұрын антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдарды айту керек. Олардың миы мейлінше дамыған, ӛзінің құрылысы жағынан адам миына ӛте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі. Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды. Маймылдар тек қана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей ӛзін, синтездеу арқылы бейнелеп қоймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады.
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, делфиндер) «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық кӛріністерін байқауға болады. Мінезқұлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттен сан peт байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның кӛзі қасында жатқан жәшікке түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып кӛреді де, әліде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін, бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас кӛрініс бар.
Маймыл интеллектісінің ӛрісі тар, олардың интеллектісі, кӛбінесе, кӛзге кӛрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты «құрал» есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген «мақсатпен» сақтап қоюды да білмейді. Майылдарда кездесетін осындай интеллект оның мандай бӛлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бӛлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып ештеңе істей алмайды. Сонымен, жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы отаның жағдайына бейімделуді қамтамасыз етеді. Бұлардың бәрі биологиялық сипатта болады.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Нерв жүйесінің атқаратын қызметі қандай?
2. Орталық нерв жүйесінің құрылымы және оның жеке бӛліктерінің атқаратын қызметі қандай?
3. Шартты рефлекстер қалай жасалады?
4. Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы не білесіз?
Пайданылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
4. Сеченов и.М. Физиология нервных центров: из лекций, чит. В собрании врачей в Москве в 1889-1890 гг. – М Изд. АМН СССР, 1952
5. Симонов П.В. Мотивированный мозг: Высшая нервная деятельность и естественно – научные основы общей психологии / Отв.Ред. В.С.Русинов – М Наука, 1987
6. Чуприкова А. Психика, сознания как функция мозга. М. 1994г.