ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ-КƏСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ АУМАҒЫ РЕТІНДЕ


ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ-КƏСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫТУ АУМАҒЫ РЕТІНДЕ

И.Қ.Аманова —
психол.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
жалпы жəне қолданбалы психология кафедрасының доцент м.а.

Адам потенциалын жетілдіру адамзат прогресі мен болашағының, тұлға жəне қоғам дамуының факторы болып табылады. Сондықтан қоғамның болашағын анықтайтын жастардың дербестілігі, белсенділігі, мақсаткерлігі мен шығармашылығы жоғары қалыптасқан, өзін-өзі еркін жүзеге асырып, өзін-өзі танытатын тұлға болып шығуы жоғары оқу орындарында жүзеге асатын оқыту-тəрбие үрдісінен көптен-көп байланысты.
Субъектінің өзіне қатысты шығармашылық бастамасының болуы маңызды мəнге ие екенін В.Ф. Сафин атап көрсеткен [1]. Сондықтан адам жөніндегі ғылымдарда, əсіресе психологияда тұлғаның өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі танытуы мəселесі үлкен қызығушылық тудырады.
Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі таныту идеясы адам жөніндегі көптеген тұжырымдамаларда айтылып кеткен.
А.А. Реанның пікірінше, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі танытуға деген қажеттілік жетілген, кемелденген тұлғаның негіз құраушы қасиеті, оның жалпы ұзақ өмір сүруіне, соның ішінде, кəсіби өмірі ұзақтығына елеулі əсер ететін бастапқы қайнар көзі [2].
Өзін-өзі танытуға арналған зерттеулерді біз төрт бағытқа бөліп, қарастырамыз:
1) Бірінші бағыт шеңберінде тұлғаның өзін-өзі таныту ерекшеліктері кəсіби өзін-өзі жүзеге асыру мен кəсіби өзін-өзі бекіту контекстінде зерттеледі.
2) Екінші бағыт тұлғаның өзін-өзі таныту феноменінің ерекшеліктерін тұлғаның онтогенездегі қалыптасуы барысында, оның жастық ерекшеліктерін сипаттайды.
3) Үшінші бағыт əр түрлі мəдениет өкілдері болып табылатын субъектілердің өзін-өзі танытудағы өзіндік айырмашылықтары мен өзгешеліктері салыстырыла, қарастырылады. Мысалы, біздің бастапқы зерттеуімізде қазақ, орыс, еврей этнос өкілдері болып табылатын студенттердің өзін-өзі таныту ерекшеліктері зерттелініп, олардың тұлғада қалыптасқан этномəдени сəйкестілік типіне тəуелділігі анықталған [3].
4) Төртінші бағыттағы зерттеулер өзін-өзі танытудың тұлғаның басқа да қасиеттерімен өзара байланысын тауып, талдауға тырысады. Бұл бағыт əсіресе интегралды жеке даралық тұжырымдамасында жақсы негізделген.
Өзін-өзі таныту тұлғаның өзін-өзі дамытуының үздіксіз үрдісі ретінде бұл феноменнің динамикада зерттелуін қажет етеді.
Біз осы мақала шеңберінде өзімізбен студенттердің полимəдени білім беру ортасында өзін-өзі таныту ерекшеліктері мəселесіне байланысты жүргізілген зерттеуіміздің жоғары оқу орнында қалыптасатын тұлғаның өзінөзі дамытуы мен өзін-өзі таныту ерекшеліктері бойынша анықталған кейбір нəтижелермен таныстырмақпыз. Біз студенттердің жоғары оқу орнында тұлғалық-кəсіби қалыптасуы адамның өзін-өзі таныту аумағы болып табылады деп тұжырымдаймыз.
Жалпы, кез-келген санасы бар адамға тəн тұлғалық-кəсіби қалыптасуды прогрессивті бағыттылықпен (конструктивті интенция), қарқындылықпен (қарқынды динамизм) жəне принципті түрдегі аяқталмағандығымен (дамудың келесі өрлеу кезеңіне ашықтық) сипатталатын өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде түсініп, Н.В. Козлова оларды адам табиғатына тəн имманентті, инвариантты белгі ретінде анықтаған [4, 28-29 бб.].
Қоғам тарапынан болашақ мамандарға қойылатын талаптар күнненкүнге өсуде. Сондықтан жоғары кəсіби білім беру жағдайында тұлғалықкəсіби қалыптасу мəселесінің қойылымы жүйелік талдауды қажет етеді.
Тұлғалы-кəсіби қалыптасу ұйымдасқан-нормативті, əлеуметтікпсихологиялық шарттармен қамтамасыз етілген білім беру ортасында жүзеге асады. Осы ерекшеліктердің есепке алынуы жоғарғы оқу орнындағы даярлану процесін ұйымдастырудың мəні мен мазмұнын ашады.
Психологиялық жүйелер теориясы білім беру ортасын адамның өз субъективтілігінен тұратын, яғни өзіндік мəн-мағынаға, құндылыққа ие оның ақиқат шындығы ретінде қарастырады. Мұндай ғылыми-əдіснамалық ұстаным қазіргі білім берумен шешілетін негізгі міндеттерге сəйкес келеді. Студент, сондай-ақ ЖОО оқытушысы тұлғасының өмір кейпі мен өздері əрекет ететін білім беру ортасының сапалары арасында туындайтын қарамақайшылық – адам дамуының бастапқы қайнар көзі мен дамудың қозғаушы күші болып табылады. Мұндай қарама-қайшылықтар адам санасын да, оның көпөлшемді дүниесін де жоғары деңгейге көтереді. Демек, психикалық үрдістер жүйесі емес, жүйе ретіндегі іс-əрекет емес, психикалық үрдістер, қасиеттер жəне күйлер жүйесі ретіндегі психика емес, ал тұтас психологиялық жүйе болып табылатын адам дамиды. Дəл осы үрдіс тұлғалық-кəсіби қалыптасудың, кəсіби шеберлік шыңына жетудің, тұлғалық кемелділіктің ерекшеліктерін анықтайды. Нағыз іс-əрекет (білім алу, кəсіби жəне т.б.) тек адамның өзімен саналанғанда ғана шын мəнінде жүзеге асады.
«Дүниені құрылымдау» тұжырымдамасы педагогикалық проблемаға айналғанда, білім беру, даму, адамды оқыту мен тəрбиелеу жөнінде дəстүрлі көзқарастарды түрлендіреді. Себебі өз тегі бойынша құндылықтар мəдениетте бекітілген жəне онда идеалды түрде көрініс табатын тұлғаүстіндегі құрылымдар болып табылады. Құндылықтардың нақты адамның өмірлік тəжірибесінің аффективті-мағыналық, жекедара-тұлғалық аумақтарына енуі білім беру үрдісінің мəнін құрайды. Психологиялық жүйелер теориясы шеңберінде құндылықтар игерілмейді, ал адамның көпөлшемді дүние əлемінің ерекше бір өлшемдерінің біріне айналады жəне олар адамның актуалды қажеттіліктері мен мүмкіншіліктерін жүзеге асыру кеңістігі ретінде адамның өмірлік, яғни тіршілік ету əлеміне айналдырады
[5].
Сонымен, психологиялық жүйелер теориясы:
1) тұлғалық-кəсіби қалыптасуды мағына мен құндылықтардан көрініс табатын тұтастылық категориясы негізінде жəне тұлғаның өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде зерттеуге мүмкіндік береді;
2) тұлғалық-кəсіби қалыптасу категориясын тұлғаның түбегейлі қайта құрылуы, яғни оның өз ішкі жан дүниесін сапалы түрлендіру ретінде жəне оның өнімді өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі толымды танытуын қамтамасыз ететін адамның тіршілік ету кейпін жаңа қалыпқа келтіру ретінде негіздеуге мүмкіндік жасайды.
Бұл контекстіде тұлғалық-кəсіби қалыптасу үрдісі адамның ойлауының біртіндеп кəсіби ойлауға, дүниетанымын кəсіби əлем суретіне айналуы тұрғысында түсініліп, тұлғаның кəсіби əлемде өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі танытуын қамтамасыз етеді.
Ал адамның кəсіби іс-əрекеті оның жалпы өмірлік жолының елеулі бөлігін алатын болғандықтан, бұл əрекеттің гуманистік сипатта болуы маңызды.
Е.А.Климов тұлғаның кəсіби қалыптасуы мəселесінде тұлғаның кəсіптегі, еңбек əрекетіндегі белсенділігі жайлы мəнді ой айтып кеткен [6]. Демек, студенттерді ЖОО қабырғасында дайындау кезеңінің өзінде олардың тұлғалық, қоғамдық, мамандануға байланысты дамуына жағдайлар тудыруымыз қажет. Бұл жерде оқыту, тəрбиелеу, қалыптастыру көбінесе сырттан күштеп əсер ету ретінде қарастырылады. Ал қалыптасу дегеніміз адамның өзін-өзі дамыту ретінде түсініледі. Бұл жерде адамның субъектілік белсенділігі жөнінде сөз болады. Ал өзін-өзі дамытатын жүйе ретіндегі адамның интегралды сипаттамасы болып табылатын ол – кəсіби өзіндік сана.
Тұлғалық-кəсіби қалыптасу деңгейін адамның өзі анықтайды.
Адамның тұлғалық-кəсіби қалыптасуы оның іс-əрекетінің өзі үшін жəне қоғам үшін маңыздылығын саналауға негізделген кəсіби əлем бейнесін құру жəне соның нəтижесінде өзінің жекедара ойлауын кəсіби ойлауға бағыттауда көрініс табады. Осы айтылғандар тұлғаның кəсіби бейнесінің тұтастығы мен жүйелілігін, оның кəсіби аумақта өзін-өзі дамытуы мен танытуын қамтамасыз етеді.
Тұлғалық-кəсіби өзін-өзі танытудың ерекшеліктері, сипаты жəне деңгейлері құндылықтар жəне мағыналар сияқты психологиялық жаңақұрылымдар негізінде қамтамасыз етіледі. Тұлға санасында қалыптасатын құндылықтар мен мағыналар оның өзін-өзі таныту мен жүзеге асыру ортасын анықтайды. Тұлға құндылықтары белсенді іс-əрекет кезінде, яғни мотивті, эмоциялық, қатынастық, когнитивті, бағалаушы көрсеткіштер арқылы анықталады.
Сонымен қатар, кəсіби құндылықтардың дамуы бойынша зерттеулердің талдауы нəтижесінде студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынандай ерекшеліктер қатары əсер ететіні белгілі болды:
— өмірдегі өз орнын табу жəне болашаққа жоспар құру қажеттілігі;
— азаматтық борышқа байланысты əлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;
— өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;
— қоршаған адамдардың пікіріне тəуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;
— мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;
— тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;
— мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;
— əлеуметтік жəне танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын түсінудің адекватты болуы.
Студенттердің əлеуметтік жəне танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда таным қызығушылықтарының дамуы олардың кəсіби қабілеттерінің əрі қарай дамуының негізі екенін көреміз.
Айналадағы қоршаған адамдармен қарым-қатынас негізінде пайда болатын əлеуметтік позиционды мотивтер де өзгеріске ұшырайды. Студент үшін өз қатарластарымен, оқытушылармен жасаған қарым-қатынас өте маңызды рөл атқарады. Бұл студенттердің оқытушымен іскерлік əрекеттерін тығыздандыра түседі.
Басқа жас ерекшеліктері сияқты студенттік кезде де мотивацияны тəрбиелеудің өз резервтері бар. Келесі кезектегі мотивтерді тəрбиелеу қазіргі кездегі педагогикалық психологияның көкейтесті мəселелері болып табылады:
— формасына қарамастан білімділікті жетілдіру (өзіндік дербес жұмыстар, кəсіби іс-əрекет барысында өзін-өзі тəрбиелеу, білім алу т.б.);
— компетенттілікке жету – жеке тұлғаның жалпы кəсіби қасиеттері мен кəсіби іс-əрекет талаптарының сəйкес келуі;
— қоғамның түрлі салаларында еңбек ету жəне əлеуметтік тəжірибеге белсенді түрде қатысу, өзін-өзі бесленді өмір позициясына тəрбиелеу.
Осындай мотивтер студенттердің жан-жақты, толық дамуының перспективасын қамтамасыз етеді жəне болашақ кəсіби іс-əрекетке, əлеуметтік өмірге деген дайындығын күшейтеді.
Мотивацияның бұл кезеңдегі негізгі мазмұны оқу жəне өзін-өзі дамыту əдістерін меңгеру, болашақ мамандығына дайындық ретінде басқа адаммен қарым-қатынасқа түсу формаларын игеру болып табылады.
Жалпы, тұлға əлеуметтік ортада жүре қалыптасатын жəне дамитын құрылым болғандықтан, оның кəсіби қалыптасуы да динамикалық түрде өзгеретін үрдіс болып табылады. Сондықтан біз жоғары оқу орнында оқитын студенттердің тұлғалық-кəсіби қалыптасуы мен өзін-өзі таныту ерекшеліктерін зерттеуде бірінші курстан бастап төртінші курсқа дейінгі өзгеру динамикасын эксперименттік-эмпирикалық түрде зерттеп, қарастыруды маңызды санадық.

Бастапқы курстан тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі таныту бойынша алынған төмен нəтижелер бірінші курста кəсіби мамандану пəндер мөлшері аздығымен жəне бұл кезеңдегі бұрынғы мектеп оқушысы, талапкердің студенттік өмірге, жаңа əлеуметтік ортаға (университет, факультет, кафедра бөлімі, тікелей студенттік əлеуметтік тобы жəне мектептігінен өзгеше оқу ісəрекетіне, оқу-тəрбие жүйесі мен үрдісіне) бейімделу қиындықтарымен байланысты деп тұжырымдауға болады. Бірінші курс студенттерінің мінезқұлқында конформизм деңгейі жоғары болады. Бірінші курстың соңына таман студенттер негізгі базалық пəндерді меңгеріп, кəсіби көзқарастар, пікірлер туындай бастайды.
II курс – студенттердің белсенді оқу кезеңі. Оқыту мен тəрбиелеудің барлық формалары интенсивті түрде жүреді, студенттердің бейімделу процесі аяқталады. Екінші курста кəсіби мамандану пəндер мөлшері артқанымен, осы пəндерді меңгеруге байланысты қиындықтар, яғни мамандану қиындықтары пайда болады. Бұл академиялық қиындықтар студенттердің тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі танытуға көп мүмкіндіктер туғызбайды.
Келесі үшінші курс студенттері мамандануды одан əрі терең жалғастырып, кəсіби қалыптасу мен өзін-өзі танытуға мүмкіндік алады. Бұл курста арнайы пəндер көбейіп, ғылыми жұмысқа қызығушылық күшейе түседі. Үшінші курста тұрақты кəсіби қабілеттер, əлеуеттер көрініс бере бастайды. Себебі олардың бірінші курстан бастап алған білімдері, мамандықтың түрлі салаларынан жинаған ақпараттары оларда өзіне-өзі сенімділік, кəсіби өзіндік сана-сезім, кəсіби бағыттылық пен кəсіби ойлауды қалыптастырады. Бұл кезеңде кездесетін қиындықтар көбінесе мамандану пəндері бойынша оқу үлгеріміне, тұлғалық-кəсіби өзін-өзі танытуға жəне қоғамдық жұмыстардағы жетістіктерге байланысты болады.
Төртінші курс студенттерінде мамандану арнайы педагогикалық жəне өндірістік тəжірибелерден өту түрінде іске асып, студенттер өз мамандықтарымен тəжірибе жүзінде жақынырақ танысады. Оқу процесінде практикалық сипаттағы пəндер басым болады. Болашаққа байланысты практикалық мақсаттары айқындалып, жұмыс орнын анықтаумен сипатталады. Бұл жерде студенттер өз болашақтары жөнінде ойлармен, ондағы өзінің орнын анықтау, өзінің қаншалықты таңдаған мамандығына сай тұлғалық-кəсіби қалыптасқандығын санамен аңғарып, жəне жоғары оқу орнында жеткен жетістіктерін, алған білімдері мен біліктерін тек сырттай емес, сондай-ақ іштей бағалап, рефлексиялай бастайды. Жоғары оқу орнын аяқтарда, студенттік шақта жас дағдарысы орын алады. Ол оқу бітіргеннен кейінгі еңбек орнын табумен байланысты қиыншылықтар мен мазасызданудан көрініс табады.
Психология ғылымында кəсіби бейімделу процесін, кəсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мəнге ие бола тұрса да, бұл мəселе əлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген.
Біздің зерттеулеріміздің негізгі бағыты студенттердің таңдаған мамандықтары бойынша тұлғасының қаншалықты кəсіпке сай қалыптасып, кəсіби бағытта өз-өздерін таныта алу деңгейін анықтау болды. Сондықтан зерттеудің келесі кезеңінде біз студенттердің тұлғалық-кəсіби қалыптасу мен өзін-өзі таныту деңгейін жəне ерекшеліктерін анықтау мақсатында жоғарғы оқу орындарындағы гуманитарлық жəне техникалық факультеттерде оқитын студент-зерттелушілерге эксперименттік-эмпирикалық зерттеу жүргіздік. Зерттеудің нəтижесінде келесі мəліметтер алынды.
Психологиялық факультеттердегі зерттеулерден алынған мəліметтер бойынша берілетін білімдердің «адамға жақындатылуы» студенттердің өз ісəрекетін саналау дəрежесін, мақсаттарға жетудегі мотивтер мен тəсілдерде жауапкершілік таныту, басқа адамдарды қабылдау деңгейін жоғарылатуға, консерватизм мен тұйықтықты төмендетіп, тұлғалық ашықтық пен қарымқатынас икемділігін, шығармашылық ынтаны арттыруға ықпал жасайтынын көрсетті.
Қоғамдық-гуманитарлық факультеттердегі (тарих, филология, экономика, саясаттану) білім негізінен тіл ұстарту, сөйлеу мəдениеті мен шеберлігі, іскерлік қабілеттерді қалыптастырылатын болғандықтан, студенттерде өзін-өзі тіл көмегімен, яғни вербалдық түрде көрсете білу, пікір-сайыстарда өз пікірін білдірудегі батылдық пен қоғамдық жұмыстардағы белсенділік жоғары көрсеткішке ие болды. Алайда, психологиялық бөлімдермен салыстырғанда, бұл факультеттердегі студентзерттелушілердің өзін-өзі тану, яғни өзіндік сана деңгейі, басқа адамның позициясында болу, адамды сезіну дəрежесі ретіндегі эмпатиялық, мінезқұлық икемділігі, өзін көрсетудегі ашықтық, шығармашылық түрде өзін-өзі көрсете білу, рефлексивтілік орташа деңгейде көрініс тапты.
Педагогикалық мамандықтарда творчестволық қабілеттер, өз ісін жоспарлай алу, іс-əрекеттегі ұқыптылық пен жауапкершілік, педагогикалық шығармашылық дəрежесі басқа мамандықтарға қарағанда, жоғары болды. Студенттердің кəсіби құндылықтарының дамуы болашақ мамандардың кəсібіне деген қызығушылықтарын, кəсіби құзіреттіліктерін негіздейтін бірден бір көрсеткіш болып табылатындықтан, теориялық талдау нəтижесінде біз кəсіби құндылықтардың даму критерийлері мен көрсеткіштерін көрсетуге тырыстық.

Сонымен, студенттердің кəсіби құндылықтарының дамуы ерекшеліктерінің мотивтік, қатынастық, когнитивтік, эмоциялық жəне бағалаушы критерийлері анықталды. Осы критерийлер бойынша бірнеше көрсеткіштер сипатталды. Əрине, бұл көрсеткіштерді болашақ мамандарды дайындауда тиімді пайдалана отырып, іс-əрекетті ұйымдастыру кəсіби құндылықтық бағдарлар дамуын қамтамасыз етеді деп санаймыз.
Студенттердің кəсіби құндылықтары болашақ мамандардың үйлесімді тұлғалық дамуын анықтауға мүмкіндік берді.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, жаңа заман талаптарына сай инновациялық саясатты ұстанған жоғары оқу орындарының шығармашыл, белсенді, өзін-өзі танытатын тұлғаны қалыптастырудағы потенциалын тиімді пайдалану жас мамандардың сапалы білім алумен қатар, əлеуметтік, кəсіби құзырлылықтарын, еңбек нарығында олардың бəсекеге түсу қабілетін қалыптастырады. Ал жоғары оқу орнында қол жеткен жетістіктер болашақ жас маманның негізгі өмірлік табысы да болып табылады.

1. Сафин В.Ф. Психология самоопределения. — Свердловск, 1986. — 186 б.
2. Реан А.А. Самоактуализация и самотрансценденция личности // Психология личности в трудах отечественных психологов. — Спб., 2000. — 480 с.
3. Аманова И.Қ. Этномəдени сəйкестіліктің тұлғаның өзін өзі таныту ерекшеліктеріне əсерін кроссмəдени зерттеу нəтижелері // ҚазҰУ хабаршысы. Психология жəне социология сериясы. – 2003.- 2 (11).- 44-48 бб.
4. Козлова Н.В. Личностно-профессиональное становление студентов как форма проявления самоорганизации человека // Психология обучения. — №4. – 2009. – С. 28-40.
5. Клочко В.Е., Галажинский Э.В. Самореализация личности: системный взгляд. – Томск: Изд-во ТГУ, 2000.
6. Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения. Ростов на /Д., 1996.

Резюме
В статье анализируются концептуальные составляющие личностнопрофессионального становления и самоактуализации студентов в условиях современного высшего образования с опорой на теоретико-методологические основания стратегий инновационного развития и теорию психологических систем.
Summary
Conceptual parts of personal and professional achievement and selfactualization of students under the conditions of modern higher education based on theoretic and methodic fundamentals of strategies of innovative development and a theory of psychological systems are analyzed in the article.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *