ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ЖƏНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ЖƏНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

А.А.Нурашева –
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс магистрі, А.С.Косшыгулова —
Абай атындағы ҚазҰПУ Психология ҒЗИ психология магистрі

Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжы- рымдамасында, қоғамды ізгілендіру мұның өзі əлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысаналарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр, əрі бұл қатынастарда алдымен əлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялылыққа қалыптастыруды сезім, көңіл-күй мəдениетін тəрбиелеуді өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтің сан қырлы процесс-гуманитарландыру болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мəдениетті, бүгінгі білім, тəрбие берудің аясын да өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатынымыз айқын» -делінген .
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты- мемлекеттің əлеуметтік жəне кəсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс-жүзінде шеше алатын жоғары білімді əрі бəсенеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Қазақстанның мəдени жəне эканомикалық өміріндегі жетістіктерді, көп жағдайда адамгершілік мəдениеті биік, сонымен бірге, бəсекеге қабілеті жоғары техналогиялық экономиканы ғана емес, асқақ рухани құндылықтарды да қамтамасыз етуге бағытталған жоғары білім беру жүйесін түбегейлі қайта құрумен тығыз байланысты. Бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа əлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде, оқу бағдарламаларын өзгертуді, сондай-ақ оқушылардың алатын білім сапасын көтеру, бүгінгі күнге сай кəсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейтіндігі Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілген. Бұл білім беру жүйесінің негізіне алынған шығармашылық əрекетінің басқаша методологиясы жəне ол өзгеше адамгершілік жəне ерік қасиеттерін қалыптастыруды, адамның рухани дамуын талап етеді, ал мұнда білім беру жүйесің өзі инновациялық жүйеге айналады.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл теория мен оқу- тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды:
— білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық жəне нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байи түсуде;
— ақпараттық дəстүрлі əдістері-ауызша жəне жазбаша, телефон жəне радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
— баланың жеке басын тəрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
— жоғарғы оқу орындарында, отбасы мен қоршаған əлеуметтік ортаның тəрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
— қоғамдық біліммен бара бар технологияның кеңінен қолданылуына жəне ғылымның роліне мəн берілуде;
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық жəне психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі, жаңа білім беру философиясы жəне жаңа білім үлгісі сай келуі тиіс.
Оқу процесі көп уақыттан бері техникалық жəне технологиялық мəселелерді қамтиды. Оқушы еңбегін жетілдіріп, оның тиімділігін арттыратын көрнекілікке ұмтылу, əр түрлі құралдарды қолдану білім жүйесі пайда болғаннан бері іске асып келеді. Дегенмен қазір ғылыми-техникалық заманда технология мəселелері өте үлкен мəнге ие болуда.
Оқыту технологиясының əдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық үлгі-оқытуды жобалау, ұйымдастыру жəне жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады. Оқыту бағдарламасы оқыту қызметінің жобасы ретінде төмендегі арнайы ерекшелігіне ие:
— əлі пайда болмаған обьектілерді бейнелейді,
— ең болмағанда нормативті түрде жүзеге асырылған болуы мүмкін,
— сəйкес іс-əрекеттің орындалуының қолайлы деңгейін белгілеп отыратындықтан нормативті болып табылады.
Бұл ерекшеліктерді оқыту технологиясының дамытушылық қызметі сияқты өзіндік ерекшелігімен толықтыруға болады. Технологияның бұл сипаты оқыту барысында жеткілікті дəрежеде көрінбейді, бірақ жаңа технологияның маңызды белгісі болып табылады.
Оқыту мен тəрбиелеуді технологияландырудың келесі бір əдіснамалық бағдары іс-əрекеттік ықпал болып табылады, себебі білім беру процесінің негізі — іс-əрекет. Соңғы кезде білім беру жүйесі бөліктерінің-мақсаты, мазмұны, əдіс түрлері мен оқу құралдарының бірлігі туралы түсінік берік қалыптасқан. Қазіргі уақытта жалпы білім қоғамдық қажеттілік қана емес, сонымен қатар, жеке адамның өзіне де қажет, оның қоғамдық мəдени өмірге, кəсіптік еңбекке қатысып, білімін одан əрі жетілдірудің мөлшері болып табылады. Сондықтан да, білім беретін білім мазмұнын жаңарту үшін нақты əлеуметтік жағдайларда дамитын əрбір оқушының талғам тілегін, оның табиғи биологиялық-генетикалық негіздерін, қабілетін, денсаулығы мен психологиялық ерекшеліктерін барынша ескере отырып, жеке тұлғаның шығармашылықпен іс-əрекет ету білу мақсаты басшылыққа алынады.
Оқу процесіндегі мұғалім əрекетінің психикалық əрекет жəне іс-əрекет тұрғысынан алғандағы сипаты, жұмыс əдісі, ұстанымдары оқытудың мақсаты мен мазмұнына қарай əр алуан болып өзгеретіні белгілі. Бұл дамыта оқыту мен дəртүрлі оқытуды салыстырғанда өте айқын білінеді. Мұғалімнің басты міндеті-оқу материалы мазмұнын оқушыға дайын күйде жеткізу, түсіндіру, іс-əрекет үлгісін дайын түрде көрсету емес, оқушымен бірлесе жалпы ісəрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіну, оларды шешудің тəсілдерін, жолдарын іздестіру. Жалпы алғанда, оқу мазмұнының мақсаты оқушының қабілеттілігі мен табиғи алғырлығын, ынтасын дамыту, мүддесі мен қызығушылығын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, шығармашылық ойын қалыптастыруға қажетті білім, білік жəне дағдылармен қаруландыру арқылы кез-келген салада қызмет етуге жəне тез өзгеріп отыратын заман талабына бейімделе алатын түлекті тəрбиелеу.
Оқыту технологиясы деңгейінде оқыту процесінің компоненті айқындалады. Жеке қарым-қатынас жасау кезінде бір теорияға негізделген бірнеше технология ойлап табылуы мүмкін. Өзіндік бағыт дамытушы технологиялардың негізгі тиімділігі интелектуалдық жəне эмоционалдылғын –таландылық даму білімді жəне кəсіптік біліктілікті қалыптастыру білім беру процесінің құндылығын бағалауды қамтамасыз ету, белсенділікті арттыру болып табылады /1/.
Кез келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады. Дамудың негізгі жетекші факторларына байланысты технологияларды төменгіше бөлуге болады:
— Психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратын биогендік технологиялар.
— Жеке тұлғаны қалыптасуы адамның əлеуметтік тəжірибесіне,оқыпүйрену нəтижесіне байланысты деп қарастыратын социогендік технологиялар.
— Даму нəтижесі адамның өзіне, тəжірибесіне, өзін-өзі психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысты анықталады дегенді жақтайтын психогендік технологиялар.
— Жеке тұлға жəне оның қасиеттері материя емес деп ұғындыратын идеалистік технологиялар.
Бүгінгі күні оқытуды ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық-техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тəжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз /2/.
Компьютер білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, əлі толық зерттелмеген əдіс-тəсілдерін ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары — ақпаратты оқушыға компьютер арқылы əзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады. Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу-тəрбие үрдісіне білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттык технология дегеніміз— оқу мен оқу-тəрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны.
Мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен əдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екіге бөлінеді.
Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті мəселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісі тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі оқытудың мазмұны, əдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технология мүмкүндіктерін пайдаланудың сəйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың жəне оқыту əдістерінің өзгеруіне əкеледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:
— «тереңдетілген» технология ретінде (компъютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);
— негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде қолдану);
— монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
— ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;
— «ақпараттық қоғамның «жеке тұлғасын дайындау;
— берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын
деңгейге дейін өсіру;
— зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Концептуалды ұстанымдар төмендегідей:
— оқыту- бұл оқушылар компьютермен қарым-қатынасы;
— компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;
— оқытудың диалог түрінде болуы;
— басқарылуы: мұғалімнің кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер
енгізе алуы;
— оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы:
субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект;
— жеке жəне топпен жұмыстардың үйлесуі;
— компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Мектеп оқушыларының білімін жетілдіру мен дамытудағы басты мəселе жаңа ақпараттық технологияны қолдануды қалыптастыру болып табылады. Ол жаңа педагогикалық тұжырымдар мен технологияларды, зертханалалық-зерттеулер практикумдарын, пəнаралық ғылыми-зерттеу жəне ғылыми-əдістемелік курстық жұмыстарды педагогика жəне психология кафедраларының ғылыми топтарынан іздестіріп, байланыстыруға бағытталған. Ақпараттық технология ғасыры — өзінің маңыздылығы жөнініде өте əділ, шындыққа негізделген процесс. Демек, бұл əрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқын технология құралдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызған ғасыр болды. Бұған қоса ақпарат технологиясын пайдалану – қоғам прогресін дамытуға əрбір адамның ақпараттық технология құралдарын меңгеріп, оның əлеуметтік, мəдени жəне өркениеттілік құрылымын мəдениеттілігі, жете түсінуіне əсері қандай деген заңды сұрақ туады. Бұл жаңа технология негізінде ақпарат құралдарын жете меңгерген жас кадрлардың қолынан келетін жəне оны іске асыра алатын жаңа технологиялық процесс/3/.
Ақпараттың – компьютерлік революция басталғаннан кейін заман талабы күрт өзгереді. Алайда революция – компьютердің технологиялық механизімімен қазіргі комуникациялық құралдардың толық жарақтандырылған техникасна тікелей байланысты. Демек, бұл технологизациялау компьютерлік дамудың ең алғашқы даму кезеңіне тəн құбылыс. Қазір бұл мүлде басқаша көрініс тауып отыр. Ақпараттық технологияда білім факторы ғылым б. табылады. Өз кезегінде ол ақпарат технологиясы арқылы өндіргіш күштердің, оған қатысты өндірістік қатынастардың түбегейлі өзгерісіне түсінуі əсер етеді.
Электрондық оқулықтарды қолдану кезіндегі ой-əрекеттер мен операциялар жасау жұмыстары оқушылардың ақылының даму дəрежесін анықтайды. Оқушылар алған білімдерінің негізінде өз бетінше компьютермен қарым-қатынасына болуғы, қалаған нəтижесін жолын тауып орындауға жаңа білім алудың көзін іздеуге икемделеді. Электрондық оқулықтарды оқыту процесіне енгізу қажетті жаттығу жұмысының ауқымын кеңейтеді жəне ол оқушылардың дербес, өз бетінше жұмыс жасау барысында өтіледі, сондай-ақ рецептивтік дағдының қалып-тасуына, жазбаша қарым-қатынас жасау дағдысы қамтуға мүмкіндік береді.
Ақпараттың-коммуникациялық технологияны қолдану кезінде мынандай диалог қолданылады – «Адам – компьютерлік орта». Осы түсінікке қарап біз ақпараттандыру, компьютер жəне интернет технологиясының барлығы байланысты екенін көреміз.

1. Донской М. Интернет и пользовательский интерфейс // Мир Интернет. – 1999. — №8.
2. Иванова В.Г. Основы положений теории интереса в свете проблемы отношений человека. – М.,1980.
3. Уваров А.Ю. Новые информационные технологии и реформа образования // Информатика и образование. – 1994. — №1.

Кілттік сөздер: гуманитарлық, мəдениет, қабілет, ақпараттық жəне оқыту технологиясы, коммуникациялық, компьютер. Резюме
Обучение школьников через использование информационнокоммуникативных средств и новых технологий. Summary
Training of pupils through use of information-communicative means and new technologies.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *