ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ПСИХОЛОГТЫҢ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ПСИХОЛОГТЫҢ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

А.С.Косшыгулова —
психология магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ Психология ҒЗИ аға ғылыми қызметкері

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз.
«ҚР білім туралы» Заңына сəйкес «Əр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мəселе болып отырғаны белгілі. Қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуге көмектесетінін біліммен, икемділікпен жəне дағдымен қамтамасыз ету.
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.
Мектеп психологының жауапты əрі көп жоспарлы қызметі оның кəсіби сапасы мен біліктілігіне белгілі бір талаптар қояды дедік. Мектеп жəне педагогикалық психологиядан білім болуы, баланы зерттеудің түрлі психологиялық əдістерін жоғары деңгейде меңгеруі жəне сонымен қатар интеллектуалды өте жоғары деңгейде меңгеруі жəне сонымен қатар интеллектуалды өте жоғары дамыған болуы қажет. Психология қорытындылардың дұрыстығы-дұрыс таңдап алынған психодиагностикалық əдістердің нəтижесі ғана емес, психолог пен баланың өзара жақсы қарымқатынастарының нəтижесі де.
Мектеп психологының жауапты əрі көпжоспарлы қызметі оның кəсіби сапасы мен біліктілігіне белгілі бір талаптар қояды. Психологиялық қорытындылардың дұрыстығы-дұрыс таңдап алынған психодиагностикалық əдістердің нəтижелі ғана емес, психолог пен баланың өзара жақсы қарымқатынастарының нəтижесі де.
Мектеп психологы тек бүгінгі мектептің оқу жəне тəрбие жүйесіне бейімделе алған жағдайында ғана өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады..
Баланы психологиялық зерттеу тек лабораториялық сипатта болмауы қажет. Жеке қарым-қатынас орнату психологтан шыдамдылықты, тапқырлықты талап етеді, əсіресе жасы кіші балалармен немесе қиын балалармен жұмыс кезінде.
Адамдар арасындағы қайшылықтарды шешу, олардың қателерін түзету мектеп психологы қызметінің ажырамас бөлігі болғандықтан, бұл оның тұлғалық қасиеттеріне үлкен талаптар қояды. Себебі, ол берген кеңесіне, қабылдаған шешіміне əрдайым жауапты.
Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын төрт категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тəрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. «Баланы жан-жақты етіп тəрбиелеу үшін оны жанжақты білу керек»/3/ деген белгілі педогог К.Д.Ушинский көрегендігі педогогикалық іс-əрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарымқатынаста екендігінің дəлелі.
Психология – педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі оқу жəне тəрбие мəселесі. Бұл еңбек қажеттілігінде жəне оқу танымдық қызығушылықтың артуымен байланысты.
Оқу процесіндегі оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру қазіргі кездегі басты мəселелердің бірі болып табылады.
Қызығушылық бұл – адамның белгілі бір мақсатқа сай іс-əрекетке құштарлығы. Қызығушылық бұл адамның іс-əрекетіндегі мықты стимул беруші. Ол белгілі – бір мақсатқа бағытталған шығармашылық мінез-құлыққа ие. Қызығушылық – формасы танымдылық қажеттіліктен көрінеді, тұлғаның саналы түрде мақсатты іс-əрекетін бағыттап, қамтамасыз етеді. Жаңа дəйектермен танысу, іс-əрекетті толық жəне терең түсіну /1/.
Қызығушылықтың ерекше түрі ол танымдық қызығушылық. Кезкелген іс-əрекетіне байланысты жəне адамның танымдық қызығушылық объектісін терең зерттеу, заңдылықтарын анықтау, өзара байланысу. Оқу процесінде тұлғаның жалпы дамуы жүзеге асады. Адамдар алған білімін келесі зерттелмеген нəрсені, жаңаны танып білуге апаратын баспалдақ ретінде көреді. Бұл процесс оқушының танымдық қызығушылығының дамуымен тығыз байланысты. Психология – педагогикалық зерттеулерде танымдық қызығушылықтың пайда болуы жəне оны зерттеумен айналысқан атақты ғалымдардың еңбектері туралы айтылған. Ең алдымен оқу құралының мазмұнымен (Б.Г.Ананьев, В.Г.Иванов), оқушының оқу іс-əрекетімен (Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев жəне т.б.) сабақтан тыс өзіндік жұмыстарды (Б.Г.Ананьев, Г.И.Щукина) зерттеген. Осы ғалымдардың бəрі бір – бірімен өзара байланыста жəне бір – бірімен тығыз тəуелді /2/.
Танымдылық қызығушылықтың маңызды белгілерінің бірі тұрақтылық болып табылады. Қызығушылық кейбір жағдайда өте ұзақ мерзімде болады, бірақ жағдайларға байланысты ол тез жоғалып та кетеді. Сондықтан мұғалім оқушының қызығушылығын арттыра білу керек. Танымдық қызығушылық ол өздігінен дамуы мүмкін емес.
А.Н.Леонтьев қызығушылықты екі топқа бөліп көрсетеді: уақытша жəне тұрақты. Оқушының бойындағы танымдық қызығушылықтың қалыптасуына педагогтың рөлі ерекше. Ол оқушының дүниетанымын, білім құмарлығын, тұрақтылығын қалыптастыруға əсер етеді.
Мұғалім өзін-өзі тəрбиелеп, оқушының танымдық қызығушылығын арттыруға талаптану керек. Мұғалімнің басты міндеті білім сапасы мен білім деңгейін бағалау. Оқушының ақыл-ой іс-əрекетінің əдіс – тəсілдерін қалыптастыру, танымдық процеске тəуелді. Белгілі – бір уақыт аралығындағы нақты бір тақырып қызығушылықтың дамуына түрткі болу мүмкін. Мұғалімдердің өзара тəжірибе алмасуы, оқушыларға кішкене болсада жаңа нəрсе үйретуге көмегін тигізеді.
Оқушының қабілеттілік деңгейін, зеректілігін, зейінінің қасиетін анықтау нəтижесінде психолог мұғалім қолына оқушының мүмкіндігі туралы құнды деректер береді; білім берудің бала танымына лайық жолдарын анықтап, оқушылардың белседілігін арттыруға жағдай жасайды.
Педогогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін :
мұғалім оқушы оқушы оқушы оқушы басшы
басшы мұғалім
реттейді; топтағы психологиялық ахуалдың ауанын байқап, бірқалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік болады.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты- жеке тұлғаның ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу диапазоны дұрыс дамуы мен қалыптасуына, жеке тұлғаның дарындылық-
шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру, мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, атааналар үшін психологиялық сауаттандыру жолдарын арастыру, жеке тұлға ерекшелігін ескеріп, жан-жақты, терең зерттеу болып табылады.
Мектептегі психологқа қойылатын талап өте көп жəне оны орындау психолог шеберлігіне, біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты.
Мектеп жағдайына ыңғайлы сараптамалық бақылау, əңгімелесу, оқушының іс-əрекет өнімдері, тест, анкеталық сауалнама жүргізу қолайлы болып келеді. Бұл əдістер тəжірибеде кеңінен қолданылып, нақты нəтижесін көрсетуі керек.
Мектепте психолог жеке тұлғаны зерттеуде үнемі тиімді əдістемелік жүйені іздестірумен қатар, жеке тұлғаның физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана-сезімінің психологиялық дамуына ерекше назар аудару қажет.
Əрі ғалым, əрі ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам əуелі балаларға үйрететін нəрселерін өзі жақсы білу керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болу керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тəнімен қатар, ақылы қалай кіретінінің жолын білуге болады», деген психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескере отырып, сондай-ақ, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аудару қажет.
Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуына білім берудің мазмұны, оқыту əдістері, ұйымдастыру формалары, оқыту процесінің мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас зор ықпал етеді /3/. Мұғалімнің басты мақсатының бірі – адамды тұлға етіп қалыптастыру. Қазіргі қоғамда – біздің экономикамызды, мəдениетімізді əлеуметтік жəне рухани қоғам өмірімізді дамытатын, жағдай жасайтын білімді адам.

1. Мұханбетчина А.Г. Даму ортасы – мектепалды балалардың танымдық белсенділігін бейімдеу.// 12 жылдық білім журналы.- 2006. -№ 3., 15 -17 бет.
2. Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. – Алматы: Мектеп, 2000.
3. Көмекбаева Л.К. Мектептегі психологиялық қызмет. — Алматы:
2001.

Резюме
Обучение школьников через использование информационно- коммуникативных средств и новых технологий.

Summary
Training of pupils through use of information-communicative means and new technologies.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *