ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

С.М.Төрениязова –
п.ғ.к., Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Қазіргі кезде жаңа типті оқытуды құрастыру мен модернизациялау өзекті мəселе болумен қатар, мұғалімдерді қайта дайындауда алғашқы мəнділігін сақтап қалады. Себебі өмір талаптарына сай, жаңаша көзқарастар мен жаңа серпін, əлемдік жаңаша оқыту тəжірибелері, сайып келгенде жеке басты жан-жақты дамытуға бағытталады. Олай болса, мұғалімнің жеке басынның шығармашылық ізденісі мен білімінің тереңдігі, педагогикалықпсихологиялық жаңалықтарды орынды пайдалана білуімен тікелей байланысты болмақ.
Атақты ғалымдардың еңбектеріне талдау жасайтын болсақ В.П.Беспалько, И.П.Волков, Л.В.Занков, В.А.Онищук, М.И.Махмутов, В.М.Монахов, Н.Д.Хмель, И.А.Зимней, А.А.Кандыбович, Е.А.Климова,
А.К.Маркова, Э.В.Маруга, Л.М.Митина, А.Б.Орлова, М.Ж.Жадрина, Т.С.Сабыров, Ж.А.Караев, Ж.У.Кобдикова т.б. мұғалімдердің кəсіби біліктілігін жетілдіру жүйесіне жəне олардың педагогтік еңбектеріне қойылатын талаптар мен жеке бастарының үлгілеріне баса назар аударады. Олардың ішінен жүзеге асыруға ең негізгілері деп, төменде көрсетілген бағыттарды белгілеуге болады:
— негізгі пəндік білімдерін жетілдіру;
— мұғалімдердің тілдік-коммуникативтік қабілетін дамыту;
-өз еңбегіндегі кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді бағалай білу қабілеттерін дамыту;
-мұғалімнің мамандығына байланысты терең педагогикалық, психологиялық дайындығы болуы.
Мұғалімдердің мамандық дайындықтарына байланысты, авторлар əртүрлі психологиялық тұжырымдар береді. Мысалы, Е.А.Климов «педагогикалық қабілеттіліктің» кешенді жүйесін бере отырып, мынандай ой-тұжырым жасайды:
-ойлау қабілеттері жоғары деңгейлі;
-ойлау идеясы мен моральдық тұлғасы жоғары;
-ұйымдастыру қабілеті жоғары;
-басқа адамның ішкі жандүниесі мен жағдайын тез жəне дұрыс түсіне білу қабілеті жоғары;
-өзін-өзі жеңе білу қабілеті жоғары;
-адамдарға əсер етуде сөзді дұрыс пайдалана білу қабілеті жоғары;
-бір уақытта бірнеше заттарға бірдей көңіл бөле білу қабілеті жоғары;
-оқушының келешектегі мінез жетістіктері мен дамуын көре білу қабілеті жоғары; [1.,297]
И.А.Зимняя мұғалімнің бойындағы төмендегі игі қасиеттерді басшылыққа алуды ұсынады:
-адамның жеке қасиеттерін ескеру, яғни оның «жеке индивид»
темперамент, тектік, т.б.;
-оның тұлғалық қасиеттері — əлеуметтік ортадағы адами қасиеттері;
-ортадағы тілдік-коммуникативтік қарым-қатынас (интерактивтік)
қабілеті;
-ұжымдағы орны мен ролі жəне маңызды атқаратын қызметі, шені
(статустық-позициясы);
-қызметтік (мамандық, пəндік, сабақ өту) қабілеті;
-сытқы-мінездік, əдептілік көрінісі [2.,480]
Дегенмен, жоғарыда көрсетілген бағыттардағы нақты сұрақтар əлі күнге толық іске аспай отыр.Оның себебі, қазіргі таңда баланы мектепке жанжақты дайындаудың орнына, мұғалімдерді жаңа технология мен жаңа оқыту əдістеріне дайындау, оқу-əдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, əлемдік оқыту жүйесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту жүйесі мұғалімдерден үлкен дайындықты қажет етеді. Бұрынғыдай сыныптағы барлық оқушыны теңестіру, оларға біріңғай талаптар қою, жеке қабілеттерінің дамуын сабақ үстінде шектеу т. б. жаңа типті оқыту жүйесімен үйлеспейді. Баланы шығармашылыққа, ой тұжырымды өздігінен жасауға, авторлық идеяға жетелеу, жаңашыл мұғалімнің міндеті болып қала береді.
Білім беру жүйесіне енгізіліп отырған өзгерістерге сай, оқу-тəрбие үрдісінде тəрбиені ұлттық психологияға бейімдеу, кəсіби бағдар беру, оқушының жеке қабілеттерін жан-жақты дамыту жəне талап-талғамын ескеру қарастырылған. Демек, оқушыға берілетін білім негіздері теориялық жəне практикалық жағынан тереңдетіліп берілуі тиіс. Олай болса, оқу-тəрбие жүйесіне тың əдіс- тəсілдер мен тиімді технологиялардың енуі бүгінгі күннің талабы. Бұл күнде еліміздің мектептерінде жаңа заманның білгір де білімді азаматтарын тəрбиелеуге мүмкіндіктер іздестірілуде. Осы аталған өзекті мəселелердің шешімін табу мұғалімдер қауымымен тікелей байланысты.
Мектеп оқушыларын жеке тұлғаға бағыттап оқыту жүйесі бастауыш мектептен басталатыны белгілі жағдай. Мұғалімдердің баланың бойындағы жеке қасиеттерді зерделеп көре білуі, олардың психологиялықпедагогикалық дайындықтарымен сол білімдер жүйесін дұрыс пайдалана алуларына байланысты. Олай болса, мұғалімдер біліктілігін арттыру институттарында ұйымдастырылатын курстар мазмұны да жаңа педагогикалық технологиялар мен жеке тұлғаға бағытталған оқыту механиздері негізінде ұйымдастырылуы шарт. Осыған орай, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстары, ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтарымен қамтамасыз етіліп жүргізіледі.
Облыс мектептерінде институт директоры И.Т.Жұмағалиеваның жетекшілік етуімен «Нəтижеге бағытталған мектеп» атты ғылымиэксперимент жұмысы жүргізіледі. Бұл эксперимент И.С.Якиманскийдің «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту жағдайында оқушыларды дамыту» атты
Халықаралық бағдарламасы жəне Қазақстандық ғалымдар Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикованың «Оқытуды технологиялау жəне орта мектеп оқушыларының даму мониторингі», Н.А.Оразахынованың «Тілдік материалдарды сатылай комплексті талдай оқыту» ғылыми жобалары негізінде сынақтан өткізілуде.
Институттағы «Оқыту теориясы мен əдістемесі» кафедрасында пəн мұғалімдері мен əдіскерлер ізденіс жұмыстарын, жеке тұлғаға бағытталған оқыту негізінде нəтижеге жетуге болатынын дəлелдеуге арнауда. Кафедрада құрылған шығармашылық топтың алдына қойған негізгі мақсаты ғалымдармен бірлесе отырып, мектептегі білім беру жүйесін жетілдіру, оқытушылар мен оқушылардың қазіргі заман талаптарына сай жан-жақты дұрыс дамуын қамтамасыз ету, ақпараттық цивилизация мен əлемдік мəдениет негізінде азаматтық қасиеттерін қалыптастыру.
Осы мəселені жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институты жанында ұйымдастырылған курстарда С.М. Төрениязованың «Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаға бағытталған оқыту негізінде рухани тəрбие беру» атты авторлық бағдарламасы ұсынылды. 2007 жылдан бері 150-ге тарта бастауыш сынып мұғалімдері осы бағдарламаға сай дайындықтан өтті. Осы бағдарлама аясында жаңа педагогикалық əдіс-тəсілдермен қоса, жаңа ақпараттық жүйені пайдалану, интериативтік тақтада жұмыс жасау тəсілдерін, өздік жұмыс дəптерлерін пайдаланып жеке ой-қорытынды жасау сияқты тұға дамуына байланысты тапсырмалар орындалды. Курстық кері байланыс ретінде теориялық білім алған мұғалімдер, мектептерде осы проблемаға байланысты ашық сабақтар беріп, тақырыптық семинарлар өткізді. Бастауыш сынып оқушыларына, жеке жұмыс жасауға арналған «Өзіндік жұмыс» дəптерлері жасалып, байқаудан өткізілді. (Қазақ тілі-2-4 сыныптар, математика-1-4 сыныптарға арналған)

Курстық жұмыстарды ұйымдастырғанда дəстүрлі дəрістік, практикалық, семинар сабақтар түрлерімен қоса «шебер-сынып», «мұғалімшығармашылығы» т.б. алған теориялық білімдерін практикалықшығармашылық жұмыстармен жалғастырылады. Курс тыңдаушылары жаңа педагогикалық технология, жаңа оқыту бағдарламалары, жаңа оқулықтармен жұмыс жасады. Сабақ барысында мұғалімдер өздеріне ғылыми-ізденіс жұмыстар жүргізу үшін тақырыптар таңдады. Тақырыпты ашу мақсатында ізденіс жұмыс мазмұны, жаңаша оқыту проблемасына байланысты жеке тұлғаға бағытталған пəндік оқыту жүйесі пайда болды. Оны сынақтан өткізу мектепте жалғасын табады.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту бағдарламасын таңдаған оқытушылар,
«Біздің əртүрлі жəне біркелкі əлем» Халықаралық білім беру жүйесі бойынша практикалық жұмысты (апробацияны) түрлі оқу мекемелерінде жүргізді. Бұл ғылыми бағдарламаға п.ғ.к., доцент М.А.Кусаинова мен п.ғ.к.
доцент С.М.Төрениязова жетекшілік етеді.Олар:
-жалпыбілім беретін орта мектеп оқушылары;
-балабақшалар;
-дарынды балалар сыныптары;
-коррекциялық топтар мен сыныптар;
-білім жетілдіру институт тыңдаушыларымен; -мектеп оқушыларының ата-аналарымен.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту жүйесі «Шебер-сынып» жағдайында, тек таныстырып қана қоймайды, оның психологиялық негізі — мұғалімдерге шығармашылық жұмыс жасауға, жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндіктер берді. Мұндай жұмыстар мұғалімдерге жеке тұлғаға бағытталған оқытуға байланысты іс-тəжірибе жинақтауға жəне шығармашылық, ынтымақтастық жұмыстар ұйымдастыруға жол ашады. [3.,80]
Бастауыш сынып мұғалімдері жəне бастауыш сынып оқушыларына арналған «Біздің əртүрлі жəне бірлікті əлем» Халықаралық білім беру бағдарламасына мұғалімдерді дайындағанда, ата-аналар мен балалар арасындағы тығыз биологиялық байланысты ескеру, ынтымақтастық педогогикасы принциптерін басшылыққа алу жəне ұлтаралық қарымқатынасты (толеранттық) дұрыс үйрету, қоғамдағы əлеуметтік өзгерістерге өзіндік қөзқараста болу, дүниетанымы дұрыс даму т.б. жеке қасиеттері қарастырылды.
Оқушыларды осы бағдарлама төңірегінде əлемдік білім беру кеңістігіне шығарып, жалпыадамзаттық жəне əртүрлі ұлттық мəдени құндылықтар негізінде білім негіздерін беріп, жан-жақты дамытуға мүмкіндік болады. Онда, жеке тұғаға бағытталған оқыту мен тəрбиелеу принциптері жүзеге асырылады. Əлемдік жаһандану жағдайында, білім беру жүйесіне де елеулі өзгерістер мен жаңалықтар енгізілуде. Оның негізгі бір айғағы 12-жылдық оқыту жүйесіне көшу болып отыр. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар, оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендер жеке тұлғаны жан-жақты дамытатындай бағытта деуге болады.

1. Климов Е.А. Основы психологии: Учебник для вузов. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997. – 295 с.
2. Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учеб. пособие. — Ростов н/Д: Изд-во «Феникс», 1997. — 480 с.
3. Кусаинова М.А Личностно-ориентированное обучение: история, теория, технология. – М.: МГУ, 2004.

Резюме
Статья освещает пути улучшения условий личностноориентированного обучения.

Summary
The article elucidates the ways of improving the student-centered teaching conditions.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *