БАЛАНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҢА ОРТАҒА ЕНУІ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТ ҚАЛАЙТЫН МІНЕЗ -ҚҰЛҚЫ

БАЛАНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҢА ОРТАҒА ЕНУІ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТ ҚАЛАЙТЫН МІНЕЗ -ҚҰЛҚЫ

Н.А.Кудушева-
Абай атындағы ҚазҰПУ, «Жалпы жəне қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы

Баланың əлеуметтік қатынастағы субьект ретінде құрылуы, оның жаңа əлеуметтік ортада белгілі бір орынды иеленуіне саналы түрде өз мінез- құлқын басқара алу, қоршаған адамдарымен, құрбыларымен қалыпты қарым -қатынас жасау мəселесі оқушылардың ішкі ұстанымын зерттеу жұмыстарында талқыланылуда [1,2]. Көптеген зерттеу жұмыстарын саралап отырсақ, баланың əлеуметтік жағдайы мектеп жасына дейінгі балалықтан мектепке өту кезеңінде күрт өзгеріске түседі екен[2,3,4], осы кезеңнің көрінісі баланың үлкендердің назарында болған кезде өзінің мінез- құлқын үлкендердің талаптарына сəйкес көрсетуге тырысуы, ал олар жоқ кезде мүлдем басқаша көрсетуінде байқалады. Міне, осындай мектепке дейінгі балалықтан мектепке өту кезеңіндегі мінез-құлқы оқушының жаңа əлеуметтік рөлді меңгеруге деген қалауын байқатады. Бұл жағдайлар зерттеу еңбектерінде оқушының ішкі ұстанымы (ОІҰ) деген контексте қарастырылады. Басқалардың талаптарын орындау мақсатында ыңғайланатын осындай мінез — құлықты қазіргі психологияда əлеумет қалайтын (ƏҚ) деген атаумен теңеп сипаттау орын алуда.
Əлеумет қалайтын мінез-құлықты зерттеу барысы А.Л.Эдвард, Д.П. Краун, Д.Марлоу сынды зиялы оқымыстылардың еңбектерінен бастау алған. Оқымыстылардың зерттеу жұмыстары барысында əлеумет қалайтын мінез- құлық адамның мотивациялық жəне мінезділік ерекшеліктерінің арасында үлкен байланыс бар екендігі анықталынды. Д.П.Краун жəне Д.Марлоу өздерінің зерттеу жұмыстарында əлеумет қалайтын мінез құлыққа ие болу оқушының жалпы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына жəне əлеуметтік жағдайлардың əсер етуіне тікелей қатысты екендігіне көз жеткізді[6].
Отандық жəне кеңес зерттеулерінде əлеумет қалайтын мінез -құлық мəселесі əлі де болса орын алмай келе жатқанын айтуға болады. Олар көбінесе баланың жалпы əлеуметтегі мəнді орны туралы, социумға қалыпты кіруі, басқалармен жағымды қарым- қатынас құрулары жөніндегі мəселелерді қарастырған. Л.И.Божович зерттеулерінде мектепке дейінгі балалықтың соңғы кезеңінде балада оқушының ішкі ұстанымы, яғни əлеуметтік жаңа ортада өз орнын иеленуге деген талпынысы, оқушы болуға ниеттенуі пайда болатынын анықтаған. Мұндай талаптану əлеуметтік жəне маңызды іс- əрекеттік сипат алады. Л.И.Божович концепциясын дамытушы зерттеулер қатарында оқушының ішкі ұстанымының құрылымы көрсетіліп, соған сəйкес əдістемелер талданылып, ересек балалықтан мектеп оқушысына өту кезеңіне бағытталынған диагностикалаулар орын алды[1]. Мұндай құрылымдарға мынандай компоненттер қатары жатқызылды; мектепке түсуге баланың жағымды қарым-қатынасы, мұғалім беделіне бас июі, мектептегі белгілі бір тəртіп мөлшеріне бағынуы, ұжымды өзінің жеке тұлғасына үлгі тұтуы, оқудағы жетістіктеріне берілетін қалыптасқан мақтаулар, бағалар.Бұдан байқайтынымыз мектептің ішкі ұстанымдары бұл көп компонентті білім екендігі, ал осы білім бір уақытта туып, бір ортада тоғысып жатады ма? деген сұрақ туындайды. Бұл ретте ғалым психологтар өз зерттеулерін жүргізу нəтижесінде əр түрлі ой пікірлер айтқан. Мысалы, Л.И.Божович баланың мектептің ішкі ұстанымына қатынасы оның мектепке келген күнінен емес, келмей тұрып, яғни бала бақшада қалыптасып қойғаны дұрыс деп санайды[2 ]. Т.Д. Нежнова балада бірінші мектеп əрекеттерінің əлеуметтік аспектісіне бағытталуы туындайтынын жəне содан кейін ғана оқуға деген бағыттылығы байқалады деп тұжырымдайды [5] Бұл екі қарама- қарсы пікірден ортақ ой шығаратын болсақ, ересек бала кезеңінде мектеп ішкі ұстанымы əлеуметтік ұстанымды ауыстырып оқушы болуға деген талпыныс сияқты көрінеді, бұл жердегі олардың əрекеттері мағыналы əрекетті емес, тек əлеуметті сипатты құрайды. Бастауыш сынып оқушыларының алғаш мектепке келіп білім алуға ұмтылуы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ішкі ұстанымының өзгеруіне əкеліп соғады. Ішкі ұстаным – баланы оқуға ынталандыратын, мектепке деген оң эмоциясын тудыратын үгіттеуші орталық. Оқушы ішкі ұстанымының қалыптасуы, көбінесе оның оқу іс -əрекетінің белгілі мөлшерде нəтижеге жетуіне байланысты болып жатады. Жоғары деңгейде білімді жүйелі түрде меңгерудің қажеттілігі психикалық үрдістердің дамуын, баладағы еркін мінез- құлық актісі қалыптасуын күшейте түседі. Бірақ та бұл үлкендер тарапынан аталған үрдістерге басшылық жасауын тоқтатып тастамайды. Мұғалімдер, атааналар дəл осы кезеңде бала психикасында қандай өзгерістер болып жатқанынан хабардар болып отыруы керек. Бастауыш сынып оқушыларының бір біріне деген өзара қатынасты жүйелері, əсіресе мектеп табалдырығын аттаған алғаш күннен бастп, негізінен мұғалімі арқылы құрылатыны белгілі. Ұжымшылдықтың алғашқы нышаны, осы кезеңдегі оқушы ішкі ұстанымының бастапқыдағы «Мен» деген нысаны, уақыт өте келе «біз» деген нысанға ауысуы нəтижесінде пайда болады. Баланың мектеп өміріндегі жаңа əлеуметтік ортаға енуі, онда өз орнын таба білуі ол үшін өте маңызды мəселе болып табылады. Жаңа ортада бала оқу əрекетінің нормаларын орындауы, оны түсінуі, меңгеруі қажет, сондай ақ өз құрбы- құрдастарымен, мұғалімдерімен, ата — анасымен, үлкендермен жағымды қатынас құра білуі керек. Міне, осы жағдайлардың барлығын бір мезетте меңгеріп, оларды орындау керек болғанда баланың басына қиындық туғандай көрінеді. Мұнымен қатар балада жағдайды бағалау сипаты артады. Мектепке жаңа келе салып, бала мектеп оқушысы бірден бола қоймайды. В.В. Давыдов пікіріне сай, бұл қалыптасу, яғни мектеп өміріне ену бүкіл бастауыш кезеңі барысында жүзеге асады. Балада мектепке дейінгі балалық шақтың сипат ерекшеліктері бүкіл бастауыш мектеп кезеңін сипаттайтын болады. Баланың психологиялық қиындықтарға тап болуының алғы шарттарының бірі, оның « əлеуметтік жаңа даму жағдайына» енуі, яғни ішкі жаңа бағыт бағдарының өзгеруі. Мұның барлығы баладан күрделі психологиялық қайта — құрылуды талап етеді. Ал келесі бір қиындықтар түрі субьективті алғышарттар арқылы туындайды. Ол алғышарттар; бала- бақша мекемелеріне барып жүріп, барғысы келмеу ниеттерінің орнығуы; мектеп оқушысы болып қалыптасуды кешеуілдететін бірқатар жеке — дара ерекшеліктер. Бұр тұрғыда əйгілі психолог Л.С. Выготский 1930-шы жылдары былай деген болатын; «Бала əлеуметтік ситуацияның бір бөлігі, баланың қоршаған ортаға жəне ортаның балаға деген қарым қатынасы бастан кешулер жəне баланың өз іс əрекеті арқылы беріледі. Қоршаған ортаның күші баланың бастан кешулері арқылы бағыттаушы мəнге ие болады. Бұл дегеніміз, баланың бастан кешу жағдайларын терең іштей талдауға міндеттейді [3]. Бастауыш мектеп кезеңіне тəн белгі мынада; бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл балада өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер бала мінез- құлқында, оның санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі шақ сияқты бұл шақ көзң ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады жəне əдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу жəне еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді. Баланың мектеп өміріндегі жаңа ортаға енуі сəтінен байқалатын мінез құлқыының сипаты оның əлеуметті психологиялық бейімделуінің өлшеміне қызмет етеді.
Сондай өлшемдер төмендегілер болуы мүмкін:
• Оқу əрекетінің нəтижелілігі.
• Мінез құлықтың мектептік мөлшерін меңгеру.
• Əлеуметтік байланыстың табыстылығы.
• Оқушы көңіл күйінің сəттілігі.
Адамның мінез-құлқының өзгеріп отыруына əлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық жəне обьекті фактор, ал сол мінездің қалыптасуына ең негізгі əсер ететін обьективті факторлар қоғамдық орта, тəрбиелеу, оқыту екендігі белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тəлім-тəрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата- аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.Жас ұрпақтың жан -жақты дамуын, олардың бойында қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға,өнерге ұмтылысын, ұлттық дəстүрге деген құштарлық сезімін қалыптастыру арқылы қоғамдық өмірге даярлау мектептің оқу — тəрбие үрдісінің басты міндеті болып табылады. Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген əлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мəнін жас ұрпақтың тəртіпсізденуінің себебі мен салдарларын бағымдаған ғалымдар оның алдын алудың, жастар арасынан мүлдем аластатудың, жас ұрпаққа тəлім- тəрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен амалдарын іздестіре бастайды. Бұл ретте əр баланың əлеумет қалайтын мінез-құлыққа ие болуына жол тауып, соған қатысты іс- əрекеттер жасалынуы тиіс. Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл əлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына əсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тəлім-тəрбиесіне тікелей байланысты екендігін ескерсек, болашағымыздың бастауы болып отырған ұрпағымызды дұрыс тəрбиелеп, олардың бойында əлеумет қалайтын мінез- құлық қалыптастыру ең өзекті мəселе болуы тиіс деп санаймыз жəне де бұл мəселелер тəрбиенің бастау алатын балалық шағына қатысты аса мəн беріліп жүргізілуі керек деп ойымызды тұжырымдаймыз.

1. Божович Л.И. Избр.психол.труды. — М.: Международная педагогическая академия, 1995.
2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.- М.: Просвещение, 1968.
3. Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. Собр.соч.: В 6 т. Т.4. — М.: Педагогика, 1982.
4. Гуткина Н.И. Психологическая готовность к школе. -М.: НПО «Образование», 1996.
5. Нежнова Т.Д. Динамика « внутренней позиции » при переходе от дошкольного к младшему школьному возрасту // Вестн. МГУ. Сер 14. Психология. — 1968. — № 1. — С. 22-31.
6. Ханин Ю.Л. Шкала Марлоу-Крауна для исследования мотивации одобрения. -Л.; НИИ физической культуры, 1976. Резюме
В статье рассматривается проблема освоения способов социального действия, позволяющих включиться в новую социальную ситуацию, выстроить отношения со значимыми участниками. Summary
In this article the problem of development of ways of the social action is considered, allowing to join in a new social situation, to build relations with significant participants.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *