ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ РӨЛІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ РӨЛІ

Мақалада қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды белсенді әдістер арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Белсенді әдістердің шығармашыл тұлғаны қалыптастырудағы рөлі зор екені мәлім. Оқытудың белсенді әдістері беріліп, оларды қолдану барысы сипатталған. Қай әдіс сабақтың қай кезеңінде пайдаланылатыны, қолданылатын стратегияның ұтымды жақтары жазылған. Оқушыларға пәнаралық байланысты іске асыруға мүмкіндік беретін пікір түрлері келтіріледі, олардың ерекшелігі көрсетіледі. Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушылар өз қиялы, ойына ерік береді. Тіл дамытуды тұлғаға бағыттай жүргізу үрдісі де жүзеге асады.
Кілтті сөздер: жаңарту, заман талабы, шығармашыл, ақпарат көлемі, қолдану, талдау

КІРІСПЕ

Қазіргі білім беру жүйесінде оқу мазмұнының жаңартылуына байланысты мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылымиәдістемелік білімі жеткілікті, ізденімпаз, шығармашыл мұғалім керек. Білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі ұстаз: әрі әдіскер, әрі менеджер, әрі ата-ана, әрі тәлімгер, әрі көшбасшы, әрі ғалым.
Уақыттың орнында тұрмайтыны, соған сай ақпараттың көлемі, сапасы және мектеп бағдарламасының мазмұны, оқулықтар мен әдістемелердің де өзгеріп отыратыны ешкімге құпия емес. Сондықтан да қазіргі өзгермелі кезеңде мұғалімге әлдеқайда жоғары талап қойылып отыр. Ол оқушыны құр оқытып қана қоймауы керек, қалай оқу керектігін, яғни ақпарат алудың, оны қолдану мен талдаудың, оған баға берудің неғұрлым тиімді жолдарын көрсете алуы тиіс.
Әрине, бұл балама түрде алынған өте сәтті ұғым. Дегенмен, конструктивті деп қалдыру да орынды сияқты. Себебі, оқытудың бұл түрінде соңғы жетістікке жетуге дейін оқушы мұғалім ұсынған әртүрлі стратегиялар арқылы бірнеше әрекеттер негізінде біртіндеп құрастыра отырып, білімнің тұтас картинасын шығарады Философ Джон Дьюи, психологтар Жан Пиаже мен Лев Выготский, математик және логик Алфред Уайтхэд, педагог Т.Лешкевич, философ Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өз қасиеттері бойынша бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген. Соңғы кездері конструктивті білім беруді «сындарлы» деп те атап жүр. [1, 20]. Білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты сындарлы оқыту белсенді және интербелсенді әдістер арқылы жүзеге асырылып, тұлғаны белсендендіреді, білімді саналы меңгеруге бағыттайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сондай әдістердің бірнешеуін қазақ әдебиеті мен қазақ тілін кіріктіре оқыту негізінде қарастырып көрейік.
Пікір-болжам білімді қайталау, жинақтау кезеңдерінде жазылады.
Пәнаралық байланысқа негізделген пікір-болжамның екі түрі бар. Бірі – тақырыпқа байланысты бір нәрсенің суретіне немесе адам портретіне байланысты жазылады. Ол үшін:
— пікір әдебиет пәнімен байланыста жазылатын себепті, оқылып жатқан тақырыпқа сәйкес тақтаға бір нәрсенің суреті ілінеді немесе оны салуға болады не электронды түрін көрсетуге болады. Мысалы, аттың, адамның, қасқырдың т.б. Бірақ ол сурет тақырыпқа жанама түрде қатысты болуы шарт.
— сызба-нобайды немесе сызба-суретті оқушы қалай қабылдайды, ненің суреті деп түсінеді, пікір-болжам сол негізде жазылады;
— егер оны «жайлау» десе, әдебиеттен өтіп кеткен қай пікірда ол бар, соны негізге алады;
— оқушылар белгісіз жұмбақ нобайға, сұлбаға қызығып, тез табуға талпынада.
Осы шағын пікірлердің қай түрінде болмасын қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өтіліп жатқан тақырыптар қарастырылады. Пікір-болжамның ұтымдылығы мынадан көрінеді:
— сөздерді тұжырымды түрде нақты, өз мағынасында пайдалана білуге, сол арқылы аз сөзге көп мағына сыйғызуға үйренеді;
— пәнаралық байланыс негізінде тілдік материалдарды, мұғалім ұсынған сөздерді орнына қоя білу дағдылары қалыптасады.
Оны жүзеге асыру әдістемесі:
Қазақ тілі: Сын есімді тіркестер.
Әдебиет: Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз».
Ары қарай пікір-болжам жазуға дайындық жүреді.
І кезеңде. Тақтаға «Кроссенс» әдісі бойынша бірнеше суретті ілуге не нобайын сызуға болады. Мысалы, поэма тақырыбына сәйкес онда айтылатын негізгі ойды қамтитындай: орман, қару, өрт, гүл т.б. Осы суреттердің әдебиеттен өткен пікірлеррді негізге ала берілгенін ескерткен жөн. Бірақ нақты түрде түсіндірмеу керек.
ІІ кезеңде: Оқушылар оның не екенін айта бастайды. Бәрі бірігіп тапқаннан кейін, әдебиеттен осы сөз бар қандай туынды оқып жатқандарын саралайды.
ІІІ кезеңде: Оқушылар толықтырылған нобай бойынша шағын пікір-суреттеме жазады.
ІV кезеңде: пікірларын оқиды, бір-бірінің жұмысын талдайды, пікір айтады.
Болжамдарының тура келгенін білу үшін поэма жолдары оқушы назарларына ұсынылады:
Майдан етіп дүние төрін,
Темір, болат қақтап отқа,
Жекпе-жек кеп өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па?
Арқалап сол майдан жүгін,
Қырғын соғыс ортасында,
Жүрді ұлан. Кекті зілін Қоса түйіп қорғасынға,— Ырғып бұлттан түсер жайдай,
Өзі оқ боп атылғандай,
Ерегіске жанын тігіп,
Күтті жауын, Тас бекініп.
Өмір гүлін жаншып, таптап,
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай қаптап,
Найзаға іліп ар-ұятты, – Келе жатты сұм жендеттер, Жиіркеніп, жиырылды жер[2].
Осы поэзия жолындағы ойлар мен ұсынылғын суреттер арасындағы байланысты оқушылар сезе білулері қажет.
Пікір-болжам оқушылардың таным іс-әрекетін белсендіреді, оның ұтымдылығы:
— оқушылар өз қиялы, ойына ерік береді;
— әңгімедегі суреттемесін өздерінше толықтырды;
— мұғалім ұсынған сын есімді тіркестерден басқа тіркестерді пайдаланды;
— оқушылардың қызығушылығын туғызып, барлығы тапсырманы берілген уақытта жазып шығуға тырысады. Уақытты тиімді пайдалануға дағдыланады;
— оқушылардың пікіршылық ойлауына әсер етеді;
— өткен білімдерін еске түсіреді, оны жаңа мақсатқа пайдалану айналасында ізденеді;
— пікіршылық еңбекке төселеді;
— тіл дамытуды тұлғаға бағыттай жүргізу үрдісі жүзеге асады.
Пікір-болжамда оқушылар өз қиялы, ойына ерік береді. Әңгімедегі суреттерді өздерінше толықтырады. Мұғалім ұсынған сын есімді тіркестерден басқа тіркестерді пайдаланады.
Пікір-болжамның екінші түрін «Ақылдың алты қалпағы» белсенді әдісі арқылы жүргізуге болады.
Мысалы, 7-сынып
Қазақ тілі: Етістік.
Әдебиет: О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» Бұл жерде «жасыл қалпаққа» көбірек көңіл бөлініп, пікіршылыққа көбірек мүмкіндік беріледі:
-оқушылар көркем туындының соңын өз қалауынша, болжауынша аяқтайды. Мысалы,
О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз атының» соңын өз ойы, тілегі, болжамы бойынша аяқтайды;
-бас кейіпкерлер тағдырына өзіндік болжам жасайды. Тортайдың, Ораштың тағдырын болжайды.
Пікірде оқушылар міндетті түрде жазушы тіліндегі етістіктерді пайдаланулары шарт, пікір-болжамдарының соңында пайдаланған етістіктерді теріп, жазады.
Пікір-болжамды үйде жаздыру да тиімді болып келеді. Уақыт шектелмейді, әрі бала еркіндікте отырып жазады.
Оқушыларға төмендегідей көмек-нұсқау ұсынылып, бағыт-бағдар беруге болады: — Әңгіменің соңын қайталап еске түсіріңдер.
— «Ораш Тортаймен кезігуден жасқанды…»
— Ораштың мына сөзіне назар аударыңдар. «Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда
кеткен еді…»
— Пікірлеріңде екеуін кезіктіріңдер. Олар не туралы айтады деп ойлайсыңдар, болжам жасаңдар.
— Мүмкіндігінше, жазушы пайдаланған етістіктерге назар аударыңдар.
— Қаласаңдар әңгіменің ішіне өздерің де қатысыңдар.
Оқушылар пікір-болжамның қай түрі болмасын ынтамен, белсенділікпен жазады. Толық еркіндік беріледі. Бірақ болжамның шындыққа жақын болуы, нанымдылығы ескертілуі тиіс.
Пікірдің басқа да түрлері бар. Атап айтатын болсақ:
1. Пікір-сыр. Пікір иесі- оқушы қаламгер немесе автормен, достарымен де сырласу үлгісінде жазады. Пікір-сырда оқушының болжамы, қиялы бірінші орында тұрады.
2. Пікір-болжам. Пікір- болжамда оқушы кейіпкерлер тағдырын өзіндік болжамының негізінде шешеді, олардың тағдырын өздері қалай көреді, солай өрбітеді.
3. Пікір-толғау.Толғау поэзиялық пікірлерге негізделсе, оны мәтінге жуық қара сөзге айналдырып жазу тапсырылады, көтеріңкі леп, шабыт пікір жазудың басты белгілері.
Шығармашылықты дамытудың тағы бір жолы – эссе-толғау жаздыру. Эссе-толғау жаздыру әдісі
Оқушыларды эссе-толғау жазар алдында мұғалім тақырыппен таныстырып мақсатын түсіндіруі тиіс. Егер эссе-толғау поэзиялық туындыларға негізделсе, олар мынадай жұмыстар орындайды:
— өлеңді немесе поэманы қайталап, мәнерлеп оқып шығады. Оның негізінде жатқан ойды, өлеңнің не туралы жазылғанын еске түсіреді;
— тыныс белгілерінің қойылу ережелерін қайталайды. Қазақ тілінен ұсынылатын тапсырмаларды орындайды;
— өлеңнің әр шумағына дәйектемелі тақырыпша іздейді. Өлеңдегі басты ойды мәтінге жуық тұжырымды түрде қара сөзбен мазмұндайды. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:
Жазылымды жүргізудегі іс-әрекеттің бір түрі. Мен «өзімді-өзім түзетемін», «оқырман бұл мәтінді қалай қабылдайды», «менің айтқым келген пікірім, ойым оған түсінікті ме?» «оқырманның орнына өзімді қойып көруім тиіс» ұстанымы негізінде жүзеге асырылады. Ол мына ретпен орындалады:
— оқушылар жазба жұмысын аяқтайды;
— өзіне ұнаған жерден бос қабырғаны таңдап алуы керек. Бір-біріне бөгет жасамау үшін аралары алшақ болуы қажет және кейбір оқушылардың дауыстап оқуы үшін де бос орын қалдырылуы тиіс;
— оқырман рөліне еніп, соның көзқарасымен оқиды, егер түсініксіз немесе анық жазылмаса, онда оқуды тоқтатып, түзетулер енгізеді.
1 – қадам: арнайы жазбаша тапсырма беріледі. «Өлеңмен танысқанан кейінгі менің әсерім» тақырыбында эссе жазу.
2- қадам: Жазба жұмысы аяқталған соң, олар өзіне ұнаған жерден қабырғаны таңдап алулары керек. Бірақ онда ештеңе ілінбеуі тиіс.
3- қадам: Өз жұмысын бөгде адамның жұмысы ретінде тексеруі керек.
4- қадам: Бұл үшін арнайы кесте құрып алуға да болады


Өлеңді мәтінге жуық қара сөзге айналдырып жазу эссе-толғау жазудың алғашқы әліппесі деуге болады. оның өзіндік ерекшелігі бар, оқушылар өлеңге талдау жасап, өз эмоциясы, пікіріне, түсінігі, қабылдауына ерік береді. Бірақ толғау өзі жазып отырған өлеңнен ауытқымай, соның аясында қарастырылады. Толғау болған себепті, көтеріңкі леп, толғап сөйлеуге еліктеу басым болып келеді. Осы жұмыстардан соң, шағын пікір-толғау жазылады.
Пікір-толғау арқылы тіл дамыту мынадай әдіс-тәсілдермен жүргізілді:
Олар төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
— өлеңді қайталап, мәнерлеп оқып шығып, оның негізінде жатқан ойды, өлеңнің не туралы жазылғанын еске түсіреді;
— тыныс белгілерінің қойылу ережелерін қайталайды;
— өлеңнің әр шумағына тақырыпша іздейді. Өлеңдегі басты ойды мәтінге жуық тұжырымды түрде қара сөзбен мазмұндайды.
Өлеңді мәтінге жуық қара сөзге айналдырып жазу эссе-толғау жазудың алғашқы әліппесі деуге болады. Эссе-толғаудың өзіндік ерекшелігі: оқушылар өлеңге талдау жасап, өз эмоциясы, пікіріне, түсінігі, қабылдауына ерік береді. Бірақ толғау өзі жазып отырған өлеңнен ауытқымай, соның аясын қарастырады. Толғау болған себепті, көтеріңкі леп, толғап сөйлеуге еліктеу басым болып келеді.
Мұнда салыстыру, қатар ала отырып, үндестіктері мен ерекшеліктерін саралай жазу негізге алынады.
Пікір түрлерінде оқушылар қазақ тілінен алған білімдерін әдебиетпен байланыстырды.
Қазақ тілінен берілген тапсырмаларды орындайды.
Қорыта келгенде, пікір түрлері арқылы тіл дамытудың төмендегідей тиімділігі анықталды. Олар:
— көркем туындыға деген оқырмандық пікірлерін білдіруге дағдыландырады, сыни көзқарастарын, эстетикалық талаптарын дамытты;
— сөз өнеріне деген қызығушылығы мен ынтасы артады;
— көркем, жатық және авторларға еліктей отырып жазуға ынталандырады.
Жұмыстарын ортаға салу, қорытынды шығару кезеңінде оқушылардың сөздерді дұрыс қолданулары, тіл байлығына ерекше көңіл бөлінеді. Бірін-бірі тексеру, талдау жасау бұл жұмыста өте тиімді болады.
Пікір-сыр. Пікір-сыр жаздыру үрдісінде алдымен оқушыларға еске түсіру мақсатында қайталау жүреді. Мұғалім талдау кезеңінде ең басты мәселелерді еске түсіреді. Қайталау кезінде өткен білімді тек еске түсіріп қана қоймайды, оқушылар бұрын назарға алмаған мәселелерге жаңаша қарап, білімдерін толықтыра түседі

ҚОРЫТЫНДЫ

Мұғалім жұмыстың алдымен мақсатын айтады, оны орындаудың жолдарын түсіндіріп, нұсқау береді. Оқушылар ойларын жинақтап, тақырып бойынша пікір-сыр жазуға талаптанады. Пікір айтқызу, пікір жаздыру қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту тарихында бұрыннан бар. Оны тәжірибеге сүйене отырып, шығармашылық бағытпен жаңа мақсатқа сай жаңғырту айналасында пікір жаздырудың жаңа түрлері енгізіліп, тапсырма түрлері жасалынып отырады. Мұғалім алдымен тапсырманың мақсатын түсіндіріп, оны орындау жолдарымен көмек-нұсқаулар береді.
Қалай болғанда да әдебиет пен тіл байланыстыра оқытылып, білім берудің белсенді әдіс-тәсілдері арқылы оқушыны белсенді әрекетке жұмылдыру негізге алынады.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Әлімов А. Жоғары оқу орындарында интербелсенді сабақ құрылымы. //«Білім әлемінде» журналы, 2012. – №6. – 15 б.
2 Аманжолов Қ. Ақын өлімі туралы аңыз. – А., 1998
3 Симбаева С. Белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер. – Нұр-Сұлтан, 2019. – 133 б.

C.О.Симбаева , Н.Н. Кайдарова2
Роль активных методов в развитии творчества учащихся на уроках казахского языка и литератур
заданий учащиеся дают волю своей фантазии. А также осуществляется процесс развития языка через личность.

S.O.Simbayeva1, N. N. Kaidarova2
Роль активных методов в развитии творчества учащихся на уроках казахского языка и литератур
1,2 The University «Turan-Astana», Nur-Sultan, Kazakhstan The article provides for the implementation of active methods of teaching the Kazakh language and literature. It is known that active methods play an important role in the formation of a creative personality. Active methods of training are given, the course of their application is described. What methods are used at the stage of the lesson, the rational sides of the applied strategy. The forms of opinion that allow students to implement inter-subject communication are given, their features are indicated. When performing these tasks, students have their own imagination and will. The process of directed development of language on the person is carried out.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *